Зерттеулер

Киіз басу өнері

Мұхамед Д.Д.

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы
өнер мұражайының қолданбалы өнерін зерттеу орталығының
 сектор меңгерушісі

 
Қазақ қол өнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі болып киіз басу өнері саналады.
Киізден тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар жасаумен қатар оған оюлап, өрнек салудың табиғи ыңғайлылығын пайдалана отырып, сәндік қасиетін көне заманнан бері кеңінен қолданғанын Пазырық (б.д.д.V ғ.) қорғанынан табылған дүниелер айғақтайды.
Археологиялық материалдарға сүйене отырып, адамзат тарихында Пазырыққа дейінгі аралықта киіз басу өнерінің кәсіби қалыптасып, дамығанына көз жеткіземіз, оларды көркемдік шешімі жоғары өнер туындысы ретінде қабылдаймыз.
Жүннен әртүрлі киіз басып, киіз үйге туырлық, үзік, түңлік, дөдеге және тұрмысқа қажетті еденге төсейтін текемет, сырмақтар, тұсқа ілінетін тұскиіздер мен қап түрлерін жасаған. Киізден жасаған бұйымдар қазіргі заманда халықтың генетикалық мәдени қарым-қатынасындағы байланысты көрсететін дерек ретінде қабылданады. Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы қорында сақтаулы 267 киізден жасалынған бұйымдар – қайталанбас өнер туындысы ғана емес, әлі сыры ашылмаған, толығынан зерттелмеген асыл мұра.
Киізден жасаған бұйымдар 1970-1980 жылдары жан-жақты жүргізілген экспедициялық жұмыстар кезінде молынан толықтырылды.
 Әрине, киізден жасалған бұйымдардың ішінде өзінің қанық, ашық түсімен оюлы текеметтер ерекше көз тартады. Мұражай қорындағы текеметтер топтамасы қазақ халқының ертеден келе жатқан киіз басу тәсілінің бар сырын кеңінен меңгеріп, текемет басудағы көркемдік қасиетін толығынан аша білгенін дәлелдейді.
Жалпы алғанда киіз басу барлық жерде бір тәсілмен орындалады. Киіз басуға арналған ши бетіне бірыңғай түсті жүн қалың етіп тартылып, басқа түске боялған жүннен ою түседі. Сонан соң бетіне ыстық су себіліп, шиге еппен оралады да, әрі-бері домалатып теуіп, нығыздалады. Бұдан әрі киіз әбден «піскенше» бірнеше тәсіл қолданылып, толық біткен кезде текеметті жарқыратып күнге жайып қояды. Киіз бетіне ою жүргізетін шебер ел арасында аса құрметке ие. Текеметті бір күн ішінде басып бітеді. Текемет басу барысында ауыл әйелдерінің басы қосылып, әңгіме-дүкен құрады, сөз алмасып, қазан көтереді, көңіл шалқып, соңы той-думанға айналады. Көне заманнан келе жатқан әр ұлттың өз ғұрпына мән-мағына беріп, өмірдің әр күніне сән бере білген заңдылығы осы жерде айқын көрініс береді. Киіз басу тәсілі бір болғанымен текемет бетіне ою салу әр жерде әртүрлі болады да, жергілікті көркемдік ерекшіліктері анық көрініп тұрады.
Басқаға ұқсамайтын ою салу тәсілімен Шығыс Қазақстан текеметтері бірден көзге түседі. Шығыс Қазақстан жерінде тәжірибелі шебердің қолынан шыққан текемет бетіне ою бірыңғай жүйелі түрде жіңішке сужиекпен шілтерленіп түсіп, өз шешімін табады.
Сондай жұмыстардың бірі – Семей облысындағы Сәулебекова Қарлығаның туындысы (35-кз). Жалпы оюдың сары түсі текемет бетінің қоңырқай түсімен өте жылы үндестік тауып, үйлесіп жатса, қызыл түсті шаршының жіңішке жолақтары көтеріңкі көңіл лебін сезіндіреді. Жиекке түскен иелерінің аты-жөні жазылған жазулар ою-өрнекпен астасып, бір ырғаққа түседі.
Ал, Әбділдинова Бипан керісінше, өз текеметінде бояуы өте қанық, ашық түстерді пайдалану арқылы көркемдік құрылымын күрделендіре түскен (27-кз). Киіз басу кезінде орнынан жылжып сәл қисық кеткен ою жолдары текеметтің әдемілігін арттырып, бар ою сызықтарын қимыл-қозғалысқа келтіріп жандандырып жібереді.
Қазіргі замандағы витраж жасау тәсіліне ұқсас құрылымдағы Есергенова Қалиманың текеметі – жеке-дара туынды (9-кз). Қанық түстерден құрылған ашық реңдер әуені күнделікті өмірдің өтіп жатқан сұрғылт күндерінде адамды өзіне еріксіз көз тартқызып, көңілін сергітетін қуат құйғандай болады.
Музей қорында көркемдік дәрежесі биік туындылармен қатар, құрылымы бірсыдырғы болып келетін  экспонаттарға назар аударсаңыз, олардың әрқайсысынан автордың өзіндік шығармашылық серпілісін байқайсыз. Шебер жұмыс барысындағы киіз басу тәсілі мен табиғи жүннің өзара қарым-қатынасындағы сәндік мүмкіндіктерінің ашылуына еркін жол береді. Текемет бірсыдырғы болып көрінгенімен, табиғилылық пен қарапайымдылықтың үндескен тылсым тынысын сезінгендей боласыз.
Осындай көркем туындылар арасынан өзіндік түр-тұлғасы дараланған Батыс Қазақстанның текеметтерін ерекше атап айтуға болады. Сол текеметтер ішінде көркемдік құрылымы мен түстік үйлесімі өзгеше ақ текеметтер ерекше орын алады (59-кз).
Тұтас бір жүйеде жиналған музей қорындағы әрбір экспонат жергілікті жердің көрнектілік ерекшелігін көрсететін және жеке автордың қолтаңбасы айқын танылатын өнері туындысы ретінде танылады.
Ою-өрнектерінің іріленіп, біртұтастығымен көрінетін Талдықорған облысындағы Дүйсенова Нұрыштың өз уақытының сұранысына сәйкес келетін авторлық шығармашылығы ерекше көзге түседі (32-кз, 33-кз, 34-кз). 1960-1970-ші жылдары кілем, текемет сияқты тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда қанық ашық қызыл түсті реңдердің көркемдік үйлесімін пайдалану кеңінен өріс алды. Бұл бағыт Дүйсенованың текеметтерінде белең алған.
Солтүстік Қазақстан облысында техникалық тәсілдердің қолданылуына байланысты қол өнердің кәсіби деңгейі мен көркемдік шешімі ерекше болып келеді. Ши үстіне тартылған жүн бетіне жұқалап басылған талдырма төсеп, оның үстіне боялған жүннен ширатып, тартып ою салады да, ыстық су бүркіп, әрі қарай текемет толығынан басылып шығады. Осындай тәсілмен басылған текеметтің бірі – Қостанай облысының шебері Құдабаева Рыстайдың текеметі (89-кз). Текемет оюының сәндік құрылымын келтіруде шебер ашық кеңістікке жол береді. Текемет бетіндегі оюлары – құрамы жылы болып келген қызыл түстің үстінде қалқып тұрғандай әсер етеді. Текемет бетіндегі негізгі ою таза күйінде қалады.
Музей қорында Оңтүстік Қазақстанның текеметтері ою-өрнектерінің ірілігімен, бояуларының ашықтығымен ерекшеленеді. Оңтүстік өңірдің Қ. Стыбаева, Б. Романова, М. Ахметова, К. Керімбекова, Т. Сәрсенова сияқты атақты тағы да басқа шеберлерінің өнер туындылары сақталулы тұр. Бұл шығармашылық деңгейі жоғары, реңдік үйлесімінде әлемдік танымда жер бетінің қуат көзі болып танылатын күн мен оттың сипатын беретін қызыл және сары түс үстемдік алады.
Экспозицияның сәнін келтіріп тұрған Романова Бибайшаның текеметі – алтын қордағы баға жетпес туындылардың қатарында (114-кз). Шебер текеметтің өрнектік шешімін мүйіздерін орталық бөлікке қарай бір бағытта бұрған өте ірі көлемдегі төртқұлақ өрнегі арқылы тауып, оюлардың текемет бетіндегі қозғалыс жүйесін үдете түскен. Романованың халық қол өнерінде киізден басқа да тамаша туындылары музей қорында тұр. Олар: текеметтер мен кілемдер, алашалар мен тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар.
Бір сиқырлы дүние, құпия сырымен өзіне көңіл аударатын Молдабаева Несібелінің қара текеметі үлкен зерттеуді қажет етсе (48-кз), Іляев Ғанидың текеметінің ою құрылымы  мен көркемдік танымының мән-мағынасы заттың тұрмыстық қажетілігінен жоғарытұрғандығынайқындайды (180-кз).Бүкіл текемет бетіне жайыла тармақталып салынған ою – жан-жағындағы кеңістікті жандандырып, жанға жайлы тиіп, тағылымдық күш береді.
Музей қорында сақталған киізден жасалған бұйымдар ішінде тек қана көркемдік деңгейімен ғана бағаланбай, өзінің ғылыми маңызымен еркшеленетін сырмақтар жүзден асады. Сырмақтар – сәндік құрылымы бір қалыпты реттілікпен салынған, оюларының жіктері анық жиектеліп, кеңістіктік біртұтас қомпозиция құрайтын керемет өнер туындылары. Халық шеберлері сырмақ жасауда ақ пен қара киізді ойып, қиюластырып жасаумен қатар біртұтас киіз бетіне помбарқыт, барқыт, мақпал, мауыты, сәтен сияқты маталардан  немесе иірілген әр түсті жіптерден де өрнек салып, сыру сияқты тәсілдерді кеңінен пайдаланған. Сырмаққа ою салудың жергілікті жердің ерекшеліктеріне байланысты үш түрге бөлінеді: сырмақ бетіне орталық бөлікті қоршай жиек оюын түсіру және жалпы біртұтас ірі ою құрылымын орналастыру немесе екі-үш деңгейге бөлінген ою жолдарын түсіру. Сырмақ оюларының негізін көне заманнан байлықты, барлықты білдіретін мүйіз текті оюлардың барлық түрлері кеңінен қолданылады. Оюлардың орналастыру реті әрқашан бұрыннан келе жатқан ой-санадағы наным-сенімге бағындырылады. Орталық бөлікті жиек оюларымен қоршау – от басын, өзі өмір сүрген ортаны сыртқы жаман күштерден, күйреуден сақтау, оны қоршау мағыналары сақталған. Жекеше мағынадан әлемдік ұғымға ұштасқан бұл философиялық таным – Ғаламды апаттан, күйреуден сақтау ниетімен жалғасады. Әрине, кейінгі шеберлер ол туралы ой жүгіртіп, толғанбаған болар, бірақ ішкі генетикалық сезім арқылы терең мағыналы ою жолдары туындағаны мәлім.
Сондай туындылардың бірі – Семей облысындағы Ерназарова Майсараның «бұғы мүйіз» сырмағы (130-кз). Ою құрылымы басқаларға ұқсамайтын ою салу мәнерімен ерекшеленсе, бұғы мүйізін келтірудегі ұқсастық ертедегі скифтердің хайуанаттар стилімен сәйкес болуымен құнды.. Бұғы мүйіз оюы тек өрнектік сипатта берілмеген. Шебер бұғының ішке қарай тармақталып иірілген мүйіздерінің табиғи тұрпатын тура қайталаған (120-кз, 191-кз). Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірінде сырмаққа осы бұғы мүйіз өрнегін әр түрлі сапада көп пайдаланған. Бұл кездейсоқтық емес. Бұл өңір скиф тайпаларының ішінде тиграхаудтардың Отаны. Кеңістікті екі түске бөліп, ою құрылымының айнаға түскендегідей қайталануы ( 129-кз, 136-кз, 219-кз, 237-кз ), жан-жануарлар денесінің икемделу серпілісі ( 199-кз, 200-кз ), орталық бөлікті анықтау (106-кз, 118-кз, 183-кз ) тәрізді хайуанаттар стилінің көркемдік шешімінің негізгі ерекшеліктері қазақтың текеметтері мен сырмақтарының ою-өрнек құрылымына арқау болған.
Талдықорған облысының халық шебері Қиясова Нұрғайшаның сырмағындағы ою терең мағыналы талғаммен берілген (237-кз). Жердің бетін жерде жүретін малдың мүйізімен (қошқар мүйіз), аспан әлемін ұшқан құспен, аспан мен жердің ортасын жапырақ жайған ағашпен белгілеп, Кеңістіктің үш деңгейін осылайша астастыра көрсетуін шебердің шығармашылық ой-толғамының жемісі деп білеміз.
Сырмақ жасауда дайын киізді ойып, қиюластырып тігуден басқа, киіз бетіне әр түрлі матадан ою жапсырып әсемдеу үйдің сәнін келтіріп, оны сән-салтанатын арттыра түскен. Сондай сырмақтардың бірі Өксікова Мәрзияның туындысы –өзінің басқаға ұқсамайтын қайталанбас ою-өрнегімен дара сипатталады (205-кз). Шеті иретіліп келген жасыл жалпақ жиекпен қоршалған ортаңғы бөлік біртұтас сипатқа ие болған болса, бірнеше жолаққа тартылған ою жолдары руна әріптеріндей бірыңғай ырғаққа түсіп, тылсым сырымен көз тартады.

Халық шеберлері киіздің сәндік қасиетін ұтымды пайдаланып, күнделікті өмірде тұрмысқа қажетті, көшіп-қонуға ыңғайлы әртүрлі қаптар жасаған. Олар аяққаптар, кесеқаптар, төсекқаптар сияқты бұйымдар қажеттіліктен басқа киіз үйдің ішінің сынына әр беріп, көркемдігін айқындап тұратын болған. Пайымдау мағынасы жоғары, өрнектеу құрылымы күрделі аяққап –   Есілбаева Күлзаданың шығармашылығындағы шеберліктің шарықтау шыңы болып табылытыны сөзсіз (234-кз). Қоңырқай киіз бетіне мысыр аңыздарында жиі кездесетін қоңызға өте ұқсас ірі ою түскен. Осы оюды жиектей қаз-қатар жүргізген бірнеше нәзік өрнек жолдары затқа ерекше әсем сипат беріп тұрса, аяққаптың шетіне тігілген шілтерлі шашақтары заттың көркемдік құнын арттыра түседі. Бұл экспонат –өте сирек кездесетін, теңдесі жоқ, құнды туындылар қатарындағы дүние.                                                                                            Каталогта ұсынылып отырған қазақ халқының баға жетпес асыл қазынасы болып саналатын қазақ қол өнері ішіндегі киізден жасалған бұйымдар әлемдік  мәдени мұра қатарынан орын алады.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер

⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы!

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға.

Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады.

«Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар.

Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды.

«Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы.

Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер ⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы! Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды! Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға. Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады. «Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар. Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды. «Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы. Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media.

Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова.

Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа.

📌Экспозиция будет открыта до 18 августа.
​​​​​ ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media. Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова. Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа. 📌Экспозиция будет открыта до 18 августа. ​​​​​ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады.

Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨

✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory».

Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их.

📍 Выставка продлится до 24 августа.

Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады. Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory». Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их. 📍 Выставка продлится до 24 августа. Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 

🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді.

🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған.

Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар.

Абайды тану – өзіңді тану!

@madeniet__aqparat__ministrligi 
@qaz.culture ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. 🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған. Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар. Абайды тану – өзіңді тану! @madeniet__aqparat__ministrligi @qaz.culture ✨10 тамыз — Абай күні

🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 
 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз.
🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін!

✨10 августа — День Абая

🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения.
🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя.
🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации! ✨10 тамыз — Абай күні 🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз. 🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін! ✨10 августа — День Абая 🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения. 🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя. 🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации! ⚜️Абай даналығын дәріптеу мақсатында музей кеңістігінде ерекше интерактивті инсталляция ұсынылды. Ұлы ойшылдың нақыл сөздері ашықхаттарға түсіріліп, музей келушілеріне ой салатын шағын рухани аялдамаға айналды.

▫️Әрбір даналық сөздің артқы бетінде музей қорындағы Абай бейнесі бейнеленген көркем туындылар ұсынылды. Келушілер ашықхаттар арқылы ақынның тағылымды ойларымен танысып қана қоймай, оның өлеңдерін жалғастырып, ұлы ақын мұрасын бірге жаңғыртты.

Бұл бастама – Абай сөзінің уақыт пен ұрпақ арасындағы рухани көпірге айналғанын көрсететін шағын, бірақ мағыналы мәдени жоба. 

⚜️В рамках популяризации мудрости Абая в музейном пространстве была представлена особая интерактивная инсталляция. Цитаты великого мыслителя были оформлены в виде открыток, превратившись в небольшие точки духовного общения и размышления для посетителей музея.

▫️На оборотной стороне каждой открытки были представлены произведения из музейного собрания с изображением Абая. Знакомясь с мудрыми словами поэта, посетители не только обращались к его философским размышлениям, но и продолжали строки его стихотворений, вместе оживляя и переосмысливая литературное наследие великого Абая.

Эта инициатива стала небольшим, но символичным культурным проектом, показывающим, что слово Абая и сегодня остаётся духовным мостом между поколениями. ⚜️Абай даналығын дәріптеу мақсатында музей кеңістігінде ерекше интерактивті инсталляция ұсынылды. Ұлы ойшылдың нақыл сөздері ашықхаттарға түсіріліп, музей келушілеріне ой салатын шағын рухани аялдамаға айналды. ▫️Әрбір даналық сөздің артқы бетінде музей қорындағы Абай бейнесі бейнеленген көркем туындылар ұсынылды. Келушілер ашықхаттар арқылы ақынның тағылымды ойларымен танысып қана қоймай, оның өлеңдерін жалғастырып, ұлы ақын мұрасын бірге жаңғыртты. Бұл бастама – Абай сөзінің уақыт пен ұрпақ арасындағы рухани көпірге айналғанын көрсететін шағын, бірақ мағыналы мәдени жоба. ⚜️В рамках популяризации мудрости Абая в музейном пространстве была представлена особая интерактивная инсталляция. Цитаты великого мыслителя были оформлены в виде открыток, превратившись в небольшие точки духовного общения и размышления для посетителей музея. ▫️На оборотной стороне каждой открытки были представлены произведения из музейного собрания с изображением Абая. Знакомясь с мудрыми словами поэта, посетители не только обращались к его философским размышлениям, но и продолжали строки его стихотворений, вместе оживляя и переосмысливая литературное наследие великого Абая. Эта инициатива стала небольшим, но символичным культурным проектом, показывающим, что слово Абая и сегодня остаётся духовным мостом между поколениями.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ