2025 жылдың 6 мамырында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Вячеслав Люй-коның кескіндемесі мен графикасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Люй-коның жұмыстары Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде, ҚР Ұлттық музейінде, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Германия, АҚШ, Канада, Түркия және басқа да елдердің жеке коллекцияларында сақтаулы.
Вячеслав Люй-ко – Қазақстандағы үлкен сұранысқа ие суретшілердің бірі. Ол қылқалам мен қарындашты бірдей шебер меңгерген, өзіндік қайталанбас және бірден танылатын стилімен ерекшеленеді.