Исследования

Мақым Қисамединов туындыларындағы бейнелердің

Самал Мамытова

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының кіші ғылыми қызметкері

   ХХ ғасырдың 60–70-жылдарында Қазақстанның бейнелеу өнері елеулі оқиғалар мен жаңалықтарға, ізденістерге толы болды. Әрбір суретшінің еркіндікке бет бұрып, алға ұмтылуы нәтижесінде өз ой-пікірлері мен мақсаттары іске асырылып жатты. Осы кезеңде көркемөнердің әр саласында туындаған күрделі де көркем шығармалар бейнелеу өнері тарихының маңызды беттерінен орын алды.
 Сондай туындылар қатарында «Махамбет» топтамасында батыр бейнесін ұтымды кескіндеген болашаққа үлкен сеніммен қараған М.Қисамединовтің шығармашылық мұрасы ерекше.
Осы жылдары көрме залдарының төрінен орын алған, көрермен қауымның көңілінен шыққан «Махамбет» (1973) топтамасы – суретшінің графикалық шығармаларының ең төресі.
     «...Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Ерлердің ісі бітер ме?»...
 – деп жырлаған ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын, батыр Махамбеттің нақты портретін жасауда суретші үлкен жетістікке қол жеткізді. Жалпы бейнелеу өнерінің өзге де түрлерінде кескіндеме немес мүсінде болсын Махамбет батырдың бейнесін керемет етіп, әр қырынан сомдалған туындылар баршылық. Әйтсе де, Мақымның «Махамбеті» өзіндік ерекшеліктермен айқындала түседі. Осы орайда суретшінің бірер парақтарына қысқаша тоқталып өтейік. Жүріп келе жатқан Махамбет тұлғасының алыптығы соншалық, жазықтықтың жоғарыдан төмен барлық бөлігінде бейнеленген. Батыр үстіне шапан жамылып, аяғына биік қонышты етік, белдігіне байланған қылыш, сол қолында кітап ұстаған кейіпте. Яғни, суретші Махамбетті киім үлгісі, қару-жарағы арқылы батыр ретінде, сонымен қатар кітапты бейнелеуде ақындық қырын көрсеткен. Желбіреген шапанның бір ғана қою қара түстілігі батырдың алып денесін бірінші жазықтыққа айқындап тұр. Сонымен қатар суретші композицияны шешуде бейтарап фонды қолдануы көрермен назарын тек батыр тұлғасына ерекше аударуға негіздеген. Махамбеттің отты жанарынан, ірі кескінді жазық маңдайынан, батыр жүрісінің екпінінен рухы күшті көшбасшы көрініп тұр. Міне, бұл графикалық парақта суретші батырдың бойындағы қасиеттің бір қырын ашып көрсеткен. Келесі шығармада көрерменнің көз алдына тақала, күрделі ракурста өте ауқымды, алып денелі Махамбеттің бейнесі. Оң жақ иық бөлігіндегі домбыраны тартып, терең ойға шомып толғаныс, тебіреніс күйін оның жұмылған көзінен байқауға болады. Жоғарғы оң жақ бөлікте қазақ халқының еркіндігін білдіретін кең-байтақ далада құйындай жүйткіген жылқылар батырдың жүрегінен шыққан домбыраның тулаған әуенімен қатарласа керемет үйлесім тапқан. Сондай-ақ парақтың сол жақ жоғарғы бөлігіндегі бірер қисық сызықтар қар басқан тау шыңдарын білдіреді. Бұл шығармада Махамбеттің сезімге толы рухани жан-дүниесі сырт өмірмен іштей байланыста. Үшінші топтамада шығыстық дәстүр бойынша екі аяғын айқастыра, малдас құрып отырған, екі иығын тік ұстаған өзіне сенімді, парасатты, білектері күшке толған батыр бейнесі. Оң қолында қалам, ал сол қолымен тізесін таяна отырған кейпі батырдың өр мінезді, өткір тілді тұлға екенін сездіреді. Әр бөлікте алыптың бойындағы түрлі қасиеттері тереңінен зерттеліп, Махамбеттің рухы күшті ақындық, батырлық, ерлік, азаматтық кескін-келбеті көрініс тапқан.
 Мақымның шығармашылық жолындағы алғашқы туындыларының бірі – линогравюра әдісінде орындалған «Тағы да күн шығады» (1968) графикалық парақтары. Ақ қағаз бетіндегі алуан түрлі дақтар, нүктелер, күрделі сызықтар графикалық парақтардың негізгі құрамдас бөлігі. Олар өзара алуан түрлі жолмен байланысады, бірін-бірі толықтырады, жалғастырады, қиылысады. Бұл сызықтармен таңдаулы форманы айрықша, әрі нақты айқындау негізгі композицияны құрастыруда аса қажетті. Осы  құбылыстардың барлығы Мақым шығармаларында айқын көрініс тапқан. Автор жоғарыда аталып өткен «Тағы да күн шығады» композициясында адам өмірмен қоршаған ортаның тығыз байланысын, табиғаттың сұлулығын, түр-түсін ақ пен қара – екі түс арқылы ашып көрсетеді. Шығыстан шуағын шашып күн көтерілгенде адамдар күнделікті тіршілігін бастайды. Бірі төрт-түлік малды өріске айдап, екіншісі таңмен таласа су тасып, үй шаруасына кіріседі. Суретші әр топтамадағы кейіпкерлерін осы кеңістіктегі басқа дүниелермен салыстырғанда анағұрлым ауқымды, қонымды ірі етіп көрсеткен. Яғни, суретші барлық күштердің негізі – адам деп сенген. Сол адам бейнесін сомдауда, оны басқа қырынан танытуда суретші келесі бір «Бір өмірдің бейнелері» (1974) топтамасын жазады. Бұл шығарма бірнеше парақтардан тұратын Мақым шығармашылығындағы ерекше туындының бірі, туған-туыстарының портреттері: «Ана портреті», «Ләйлә» және «Махмұт». Үш туынды да Сенеждегі тамаша графика шеберханасы бар Суретшілер одағының шығармашылық базасында автолитография тәсілімен орындалған. Әр бөлікте суретші тастың қаттылығына қарамастан кейіпкерлерінің мінез-құлқын шебер оя білген. «Ана» атты бөлікте суретші өз анасының образы арқылы бүкіл қазақ халқының анасының бейнесін ашып көрсеткен. Алыстағы ұлынан алған хатын оқу сәті, оның көзіндегі мұңы, сағынышы шебер көрсетілген. Ал Ләйлә образын суреттеуде суретші ерекше көңіл-күйді ақ және қара жеңіл штрихтар арқылы керемет сездірген. Кейіпкердің толқынды бұйра шашы, ірі денесі, отырған аса күрделі отырысы басын солға бұрып қабырғаға тақай көзін жұмып өткен өмірін, не бір өткен оқиғасын, алыстағы жолдасын еске түсіріп терең ойға батқан күйін оның екі қолын екі жаққа бос тастауынын яғни еркін денесінен, жұмылған көзінен анық байқалады. Үшінші бөліктегі Махмұт бейнесінде аталып өткен екі туындыға тән көңілсіздік, мұңлы күй айқын ашыла түседі. Суретші өз жақындарының мінез-құлқын танытуда, жалпы адам баласының көңіл-күй, сана-сезім, дүниетанымға байланысты көзқарасын, толғаныстарын күнделікпен бөлісіп отырған: «..ішкі дүниең бос немесе солқылдақ болмауы маңызды. Әрбір күнде, сенің өміріңдегі соңғы күн секілді, сондай жеңіл әрі адал еңбек етуің маңызды. Саған ешкім жүктемеген қарыздар мен міндеттерді өз мойныңа алма. Ұйқыдан ояна салып, жаңа күніңе шүкіршілік ет және бұл күнмен саған келетіндердің бәріне риза боламын деп өзіңе-өзің уәде бер...» – деген әсерлі жолдарынан Мақымның әр күнін бағалауын, өмірге деген үлкен махаббатын, талпынысын аңғаруға болады. Суретші, керемет тұлға келер ұрпаққа ой тастайтын, шабыттандыратын, белсенділігін арттыратын осындай ғажайып пікірлерін қалдырған.
Өмірді бағалауда өз ғұмырының қысқа боларын сезгендей үнемі жанталаса жұмыс істейтінМақым Қисамединов үлкен жауапкершілікті қажет ететін топтамаға кіріседі. Ол линогравюралық топтамасы – немістің ұлы ақыны И.В. Гете (1749-1832) шығармашылығының ең биік шыңы «Фауст» (1980) атты философиялық драмасына арналған жеке дара шығарма. Жалпы кітап көркемдеу өнері – соның ең негізгілерінің бірі – көркем безендіру, яғни сыртқы өңдеу мәселесі. Кітаптың мұқабасына, атау бетіне, ішкі бөлімдеріне, тарауларға алуан түрлі суреттер салынады, тіпті, ешқандай арнайы сурет, өрнек болмаған күннің өзінде шырайлы кейіпке келтіру қажет. Кітап өңдеудегі тізбектелген барлық жұмыс – суретшілер қауымына тиесілі. Осы орайда суретші Мақым Қисамединовтің кітап безендіру ісінде қалдырған еңбектері көрерменді өмірді терең түсінуге, тазалық пен шындықтан көңілге қонымды әсер алуға үндейтін таңғажайып дүниелер. Ол тізімдегі жоғарыда аталып өткен «Фауст» кітабын безендіруге арналған композицияда суретші өзінің осы драманы оқу сәтін көрсетуімен ортаңғы бөлікте Гетені бейнелеуден бастап, кейінгі бөліктерде оқиға желісі бойынша әр образды өзіндік ерекшеліктерімен бедерлеген. Сонымен қатар оқиғадағы адамдардың көңіл-күйін табиғатпен ұштастыра отырып тек екі түстің – ақ, қара реңдері арқылы өте шебер көрсеткен. Шығарма мазмұнын терең аша отырып, суретші әр бөлікте драманы оқу барысында Фауст, Мефистопель, Маргарита тағы басқа кейіпкерлердің басынан өткен қуаныш пен қайғыға ортақтасқан куәгер ретінде өз автопортретін айқын бейнелеуінен көруге болады. Осы шығарма «Кітап өнері» атты Бүкілодақтық конкурста жоғары сапасы үшін бірінші дәрежелі дипломға ие болады. Аталмыш драманы иллюстрациялау суретшінің соңғы туындыларының бірі еді.

Аса дарынды суретшінің әрбір шығармашылық туындысынан өзінің тұлғалық мінезі ерекше танылады. Осы орайда Мақым Қисамединовтің күнделігіне көз жүгіртсек өзінің өмірі мен өнеріне мінездеме берген қара сөзінде: «...Суретшінің білімі өте терең болуы керек... Диқан тәрізді жердің иісін сезінуі және Кампанелла тәрізді үнемі өзінің күн сәулелі қаласын көре алуым шарт...» – деп жазған. Міне, бұл жолдардан Мақымның өнерге деген құштарлығы мен көздеген мақсат-мұратына жете білетін қайсар мінезді жанды байқаймыз.Қысқа ғана жиырма жылдық шығармашылық ғұмырында артына өзінің құнды графикалық парақтарын қалдырып кетті. Бір ғана Махамбет батырдың бейнесі немесе өзге көптеген шығармалары арқылы Мақым Қисамединов – жиырмасыншы ғасырдағы қазақ бейнелеу өнерінде танылып, мадақталған жаңа бір тұлға ретінде үлкен санатқа енген суретші болып өнерсүйер қауым, ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Последние новости Instagram

Instagram
Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер

⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы!

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға.

Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады.

«Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар.

Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды.

«Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы.

Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер ⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы! Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды! Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға. Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады. «Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар. Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды. «Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы. Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media.

Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова.

Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа.

📌Экспозиция будет открыта до 18 августа.
​​​​​ ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media. Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова. Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа. 📌Экспозиция будет открыта до 18 августа. ​​​​​ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады.

Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨

✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory».

Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их.

📍 Выставка продлится до 24 августа.

Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады. Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory». Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их. 📍 Выставка продлится до 24 августа. Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 

🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді.

🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған.

Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар.

Абайды тану – өзіңді тану!

@madeniet__aqparat__ministrligi 
@qaz.culture ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. 🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған. Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар. Абайды тану – өзіңді тану! @madeniet__aqparat__ministrligi @qaz.culture ✨10 тамыз — Абай күні

🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 
 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз.
🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін!

✨10 августа — День Абая

🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения.
🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя.
🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации! ✨10 тамыз — Абай күні 🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз. 🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін! ✨10 августа — День Абая 🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения. 🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя. 🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации! ⚜️Абай даналығын дәріптеу мақсатында музей кеңістігінде ерекше интерактивті инсталляция ұсынылды. Ұлы ойшылдың нақыл сөздері ашықхаттарға түсіріліп, музей келушілеріне ой салатын шағын рухани аялдамаға айналды.

▫️Әрбір даналық сөздің артқы бетінде музей қорындағы Абай бейнесі бейнеленген көркем туындылар ұсынылды. Келушілер ашықхаттар арқылы ақынның тағылымды ойларымен танысып қана қоймай, оның өлеңдерін жалғастырып, ұлы ақын мұрасын бірге жаңғыртты.

Бұл бастама – Абай сөзінің уақыт пен ұрпақ арасындағы рухани көпірге айналғанын көрсететін шағын, бірақ мағыналы мәдени жоба. 

⚜️В рамках популяризации мудрости Абая в музейном пространстве была представлена особая интерактивная инсталляция. Цитаты великого мыслителя были оформлены в виде открыток, превратившись в небольшие точки духовного общения и размышления для посетителей музея.

▫️На оборотной стороне каждой открытки были представлены произведения из музейного собрания с изображением Абая. Знакомясь с мудрыми словами поэта, посетители не только обращались к его философским размышлениям, но и продолжали строки его стихотворений, вместе оживляя и переосмысливая литературное наследие великого Абая.

Эта инициатива стала небольшим, но символичным культурным проектом, показывающим, что слово Абая и сегодня остаётся духовным мостом между поколениями. ⚜️Абай даналығын дәріптеу мақсатында музей кеңістігінде ерекше интерактивті инсталляция ұсынылды. Ұлы ойшылдың нақыл сөздері ашықхаттарға түсіріліп, музей келушілеріне ой салатын шағын рухани аялдамаға айналды. ▫️Әрбір даналық сөздің артқы бетінде музей қорындағы Абай бейнесі бейнеленген көркем туындылар ұсынылды. Келушілер ашықхаттар арқылы ақынның тағылымды ойларымен танысып қана қоймай, оның өлеңдерін жалғастырып, ұлы ақын мұрасын бірге жаңғыртты. Бұл бастама – Абай сөзінің уақыт пен ұрпақ арасындағы рухани көпірге айналғанын көрсететін шағын, бірақ мағыналы мәдени жоба. ⚜️В рамках популяризации мудрости Абая в музейном пространстве была представлена особая интерактивная инсталляция. Цитаты великого мыслителя были оформлены в виде открыток, превратившись в небольшие точки духовного общения и размышления для посетителей музея. ▫️На оборотной стороне каждой открытки были представлены произведения из музейного собрания с изображением Абая. Знакомясь с мудрыми словами поэта, посетители не только обращались к его философским размышлениям, но и продолжали строки его стихотворений, вместе оживляя и переосмысливая литературное наследие великого Абая. Эта инициатива стала небольшим, но символичным культурным проектом, показывающим, что слово Абая и сегодня остаётся духовным мостом между поколениями.
ВИРТУАЛЬНАЯ ПРИЁМНАЯ