Оқиғалар

ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші Асқар Ахаманның «REVERSE» атты жеке шығармашылық көрмесі өтуде. Экспозицияда суретшінің 60 тан аса кескіндеме туындылары ұсынылған.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында 2025 жылдың 15 тамызынан ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші Асқар Ахаманның «REVERSE» атты жеке шығармашылық көрмесі өтуде. Экспозицияда суретшінің 60 тан аса кескіндеме туындылары ұсынылған.

 

Суретші Асқар Ахаманның «Кері» / «Reverse» атты жеке көрмесі – автордың өзіндік көркемдік тілінің, терең философиялық ізденістерінің және шығармашылық эволюциясының айқын көрінісі.

Қазақстандық суретші Динара Қадырованың «ÜT» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылы 8 тамызда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші Динара Қадырованың «ÜT» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрме - ұмыт қалған, бірақ үміттің тірі символы іспеттес жарық жайлы өзіндік визуалды толғаныс. «ÜT» атауы - қазақ халқының көне ұғымына сілтеме жасайды. Ол киіз үйдің түндігінен түскен күн сәулесінде қалқып жүрген шаң-тозаңды білдіреді. Бұл – жай ғана атмосфералық құбылыс емес, әлдебір ұлы дүниенің барын меңзейтін, сөз бен пішіннің шегінен тыс, жүрекке ұялаған ізгі тілектей сезілетін бейне.

 

Қазақстанның көрнекті графигі және кескіндемешісі Аман Бақтығалиұлының (1945-2020) 80 жылдық мерейтойына арналған еске алу көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 12 тамызында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның көрнекті графигі және кескіндемешісі Аман Бақтығалиұлының (1945-2020) 80 жылдық мерейтойына арналған еске алу көрмесінің ашылуы өтеді.

 

Ретроспективті көрмеде автордың 1970 жылдардан 2020 жылдарға дейінгі аралықтағы 70-тен астам графикалық және кескіндемелік туындылары ұсынылған. Бұл - суретшінің Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіндегі екінші жеке көрмесі. «Менің Қазақиям» атты алғашқы көрмесі 2006 жылы өткен болатын.

Ықласова Майса Қамысбайқызының «Киелі киіз өнерім» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 25 шілдесі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлкеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Ықласова Майса Қамысбайқызының «Киелі киіз өнерім» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде 40‑тан астам киіз және графикалық туындылар ұсынылады.

 

Майса Ықласова 1956 жылы 12 шілдеде Ресей Федерациясының Новосібір облысы, Қарасұқ ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Ол - Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі, театр суретшісі, график және қолданбалы сәндік өнер шебері.

 

1979 жылы Шымкент қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер училищесін бітірген. 1981-1986 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Алматы театр‑өнер институтында «Сценография, театр техникасы және спектакльді көркемдеу» мамандығы бойынша білім алған.

Суретші-график, кітап иллюстраторы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Құраш Зульфикардың «Аңыздар ізімен» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

2025 жылғы 25 шілдеде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде суретші-график, кітап иллюстраторы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Құраш Зульфикардың «Аңыздар ізімен» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

 

Көрме суретшінің 75 жылдық мерейтойына арналды. Бұл – Құраш Зульфикардың бүкіл шығармашылық жолын қамтитын үлкен көрме. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде салынған жүзден астам жұмысы осы жолы бір жерге тоғысып, көрерменге суретшінің жан-дүниесін, ізденіс пен өсу жолын көрсетуге мүмкіндік береді. Көрмеде алғашқы графикалық суреттерден бастап, кітаптарға салған иллюстрациялары мен соңғы жылдардағы нәзік акварельдеріне дейін бар.