Оқиғалар

Алтынбек Құмаров

2026 жылдың 1 шілдесінде сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алтынбек Құмаровтың  «Уақыт бедері» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Көрмеде автордың 40-тан астам туындысы ұсынылды. Экспозицияға кескіндемелік, мүсіндік, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі қару-жарақ үлгілері, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар мен ат әбзелдері енген. Бұл – Қазақстанның бейнелеу өнерінде сирек кездесетін, бірнеше шығармашылық бағытты қатар меңгерген бесаспап шебердің көпқырлы өнерін танытатын көрме. Алтынбек Құмаров көркемдік білімін Алматы қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде металды көркемдеп өңдеу мамандығы бойынша бастап, кейін Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында «Сызу және сурет» мамандығы бойынша жалғастырды. Ол ғұмырын ұстаздық жолға арнап, дәстүрлі қолөнердің қыр-сырын жетік меңгеріп, көркемдік ізденісін үздіксіз жетілдіріп келеді. Автор студенттерге арналған «Металды және ағашты көркемдеп өңдеу» оқулығын жазып, ұлттық қолөнердің дамуына елеулі үлес қосты. Сонымен қатар ұмыт бола бастаған ұлттық музыкалық аспаптарды қайта жаңғыртып, көпшілікке кеңінен танытты. Бұл көрме шебердің түрлі техникадағы туындыларына көзайым болуға шақырады.

«Уақыт бедері» көрмесі суретшінің шығармашылық әлемін жан-жақты танытып, оның түрлі әдіс-тәсілдегі туындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Экспозицияның бір бөлігін шебердің кескіндемелік туындылары құрайды. «Ұрпақ сабақтастығы» шығармасында әже мен немере арасындағы рухани байланыстың көркем көрінісі берілген. Алдыңғы пландағы бесік пішініндегі жетіген бейнесі қазақ даласының мәдени кеңістігін, ұлт руханиятының бастауын меңзейді. Суретшінің «Тасқа жазылған аңыз» атты картинасы қазақ жеріндегі тарихи кезеңдердің сабақтастығын бейнелейді. Бұл шығармада автор қазақ даласының сан ғасырлық тарихын бір көркем жазықтықта тоғыстырады. Туындының негізгі идеясы – адамзат өркениетінің сан алуан кезеңдері алмасқанымен, олардың үнсіз куәгері ретінде табиғат пен жартас қана қалатынын меңзеу. Жартастарға қашалған белгілер арқылы суретші уақыттың үзілмес сабақтастығын, тарихи жадының мәңгілігін бейнелейді. Жалпы, Алтынбек Құмаровтың кескіндемелік туындылары тарихи жады, ұлттық дүниетаным және күнделікті тұрмыс тақырыптарын арқау етеді.

Ағаштан қашалған мүсіндік композициялары айрықша әсер қалдырады. «Ботасы мен інген» туындысы нәзік пластикасымен ерекшеленеді. Сондай-ақ мүсінші «Барыс» атты шығармасында жыртқыштың жеміне атылар алдындағы ширыға түскен сәтін анатомиялық дәлдікпен сомдаған. Құмаровтың анималистік тақырыптағы ағаш мүсіндері табиғат болмысын терең танумен қатар, көркем пластика мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану арқылы дара қолтаңба қалыптастырған туындылар ретінде бағаланады.

Шебердің зергерлік бұйымдарының ішінде «Құралай» атты әшекейлер жиынтығы айрықша орын алады. Зергер бұйымдарды түйіршіктеу әдісімен әшекейлеп, көгілдір эмальмен көз орнату арқылы олардың көркемдік әсерін күшейткен. «Құралай» жиынтығындағы ақ күміс нәзіктіктің, ал көгілдір эмаль сұлулық пен пәктіктің нышаны секілді. Қазақ дәстүрінде құсмұрын жүзік пен өңіржиекті көбіне бойжеткен қыздар таққан. Осы ерекшелікке қарағанда, автор бұл туындыны қызына арнап жасаған болуы мүмкін. Шебердің ұсталық қыры да зергерлік өнермен қатар жоғары деңгейде көрініс тапқан. Бағалы тастармен көмкерілген қайқы қылышы, бедерлі қос айбалтасы, кіреуке сауыты, жарқыраған дулығасы мен өрнекті қалқаны оның қару-жарақты жасаудағы  шеберлігін танытады. Бұл бұйымдар қазақтың дәстүрлі қару-жарақ өнері мен ұсталық мәдениетін тереңірек зерделеуді қажет ететін құнды мұралар қатарына жатады.

Алтынбек Құмаровтың ерекше ден қойып, ыждағатпен айналысқан қолөнер саласының бірі – сирек кездесетін ұлттық музыкалық аспаптар. Шебер қазақ мәдениетінде сирек сақталған көне үлгідегі қосарлы аспаптарды қайта жаңғыртып, олардың жаңа тыныс алуына ықпал етті. Солардың бірі – «Егіз қобыз» атты бірегей ыспалы аспап. Қосарлы негізде жасалған «Қос наз» атты шертпелі аспап та өзіндік құрылымымен ерекшеленеді. Оның егіз қозыдай қатар орналасқан қос шанағы біртұтас бас бөлікпен жалғасқан. Аспаптың бір шанағына үш, екіншісіне алты ішек тартылған. Қолөнершінің өзгеше пішіндегі тағы бір туындысы – «Нар қобыз». Биіктігі төрт метрге жуық бұл монументалды аспаптың ішектері алтын түстес жылқы қылынан жасалған. Алып нар қобызды қозғау үшін арнайы жылжымалы тұғыр аяқтары орнатылған. Алтынбек Құмаров – ұлттық саз аспаптарының барлық түрін жасауға машықтанған шебер. Дегенмен оның шығармашылығындағы басты ерекшеліктің бірі – уақыт өте ұмыт бола бастаған көне аспаптарды қайта жаңғыртып, оларды бүгінгі мәдени кеңістікке қайта әкелуге деген талпынысы. Бұл бағыттағы еңбектері ұлттық музыкалық мұраны сақтауға және дамытуға қосылған маңызды үлес болып саналады.

Көрмеге ат әбзелдерінен екі ер-тұрман қойылды. Оның біріншісі қазақы ер үлгісінде жасалып, металл әшекейлермен көркемделген.. Екінші ер-тұрман тіпті ерекше. Ол құранды ер үлгісінде жасалған. Алдыңғы қасының төбесі аққудың бейнесін елестететін мүсіндік шешімде орнындалған. Сонымен қатар көрмеде сандықтар, адалбақан, келі-келсап, қырғыш және ұлттық ыдыс-аяқтар секілді тұрмыстық бұйымдар да ұсынылған.

Көшпелі өмір кеңістігінде, жалпы қазақ қоғамында шеберлердің орны айрықша болған. Ағашты, металды, теріні және өзге де қолөнер түрлерін бірдей меңгерген әмбебап шебер аса жоғары бағаланған. Киіз үйдің құрылымынан бастап жылқы тағасына дейін өз қолымен жасайтын адам – еркін ойлы, дербес тұлға саналған. «Қазақ» атауының түп-төркіні де осындай еркіндік ұғымымен астасып жатыр. Ғасырлар бойы екшеліп, кемелденген жасалу дәстүрін игеру, оны өз талғамымен әрлеп, көркем біртұтастыққа айналдырып ұсыну – шынайы шеберліктің көрінісі. Алтынбек Мұқамедрахимұлы – сол сүзгіден өткен дәстүрлі өнердің сабақтастығын жалғап тұрған алтын көпір іспетті. Оның шығармашылық мол мұрасы уақыт бедерінде өшпес із қалдырған асыл қазынаға айналды.

 

 

Көрме жетекшісі – Ақжігіт Нүсіп

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің шілде айындағы көрмелер тізімі:

🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік
29.05-31.08.2026

🔹Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты жеке көрмесі
02.07-26.07.2026

🔹«Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме
03.07-26.07.2026

🔹"Хангыль: Ұлы Жібек жолында гүлдеген гүл» 
14.07-02.08.2026

🔹Арухан «Жад бедері»
24.07-23.08.2026

⚜️Список выставок Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на июль:

🔸Тактильная выставка и арт-пространство «Познавая кончиками пальцев»
29.05–31.08.2026

🔸Персональная выставка Серикбая Альжана «Размышления художника»
02.07–26.07.2026

🔸Групповая выставка «Действие семейного альбома»
03.07–26.07.2026

🔸Выставка «Хангыль: цветы, расцветающие на Великом Шёлковом пути»
14.07–02.08.2026

🔸Выставка Арухан (Гаухар Бисенгалиева) «Материя памяти»
24.07–23.08.2026 ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің шілде айындағы көрмелер тізімі: 🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік 29.05-31.08.2026 🔹Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты жеке көрмесі 02.07-26.07.2026 🔹«Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме 03.07-26.07.2026 🔹"Хангыль: Ұлы Жібек жолында гүлдеген гүл» 14.07-02.08.2026 🔹Арухан «Жад бедері» 24.07-23.08.2026 ⚜️Список выставок Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на июль: 🔸Тактильная выставка и арт-пространство «Познавая кончиками пальцев» 29.05–31.08.2026 🔸Персональная выставка Серикбая Альжана «Размышления художника» 02.07–26.07.2026 🔸Групповая выставка «Действие семейного альбома» 03.07–26.07.2026 🔸Выставка «Хангыль: цветы, расцветающие на Великом Шёлковом пути» 14.07–02.08.2026 🔸Выставка Арухан (Гаухар Бисенгалиева) «Материя памяти» 24.07–23.08.2026 ⚜️«Жад бедері / Matter of Memory» көрмесінің жария бағдарламасы

🔸Көрме аясында музей қонақтарын мазмұнды жария бағдарлама күтеді:

▫️зерттеуші Зира Наурызбайдың дәрісі;
▪️суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар;
▫️Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбындағы ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады.

✨Сіздерді көрме мен жария бағдарлама аясындағы іс-шараларда күтеміз!

⚜️Публичная программа в рамках выставки «Материя памяти / Matter of Memory»

🔸В рамках выставки гостей музея ждет насыщенная публичная программа:

▫️лекция исследовательницы Зиры Наурызбай;
▪️авторские экскурсии по выставке с художницей Арухан (Гаухар Бисенгалиевой);
▫️открытая беседа «Аудиовизуальное архивное наследие и как его сохранить» с Сауле Амантаевной Сатаевой, посвященная вопросам сохранения архивов и культурной памяти.

✨Будем рады видеть вас на выставке и мероприятиях публичной программы! ⚜️«Жад бедері / Matter of Memory» көрмесінің жария бағдарламасы 🔸Көрме аясында музей қонақтарын мазмұнды жария бағдарлама күтеді: ▫️зерттеуші Зира Наурызбайдың дәрісі; ▪️суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар; ▫️Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбындағы ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады. ✨Сіздерді көрме мен жария бағдарлама аясындағы іс-шараларда күтеміз! ⚜️Публичная программа в рамках выставки «Материя памяти / Matter of Memory» 🔸В рамках выставки гостей музея ждет насыщенная публичная программа: ▫️лекция исследовательницы Зиры Наурызбай; ▪️авторские экскурсии по выставке с художницей Арухан (Гаухар Бисенгалиевой); ▫️открытая беседа «Аудиовизуальное архивное наследие и как его сохранить» с Сауле Амантаевной Сатаевой, посвященная вопросам сохранения архивов и культурной памяти. ✨Будем рады видеть вас на выставке и мероприятиях публичной программы! ⚜️«Музей тынысы» айдарының кезекті шығарылымы қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, қылқалам шебері Серікбай Әлжанның шығармашылығына арналады.

🔸Серікбай Әлжанның туындылары қазақ бейнелеу өнеріндегі өзіндік қолтаңбасымен, терең мазмұны және көркемдік шешімдерімен ерекшеленеді. Суретшінің шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның әрбір еңбегінде ұлттық болмыс, тарихи жады, ата-баба мұрасы, дәстүр сабақтастығы мен табиғаттың тылсым үйлесімі шебер тоғысқан. Композициялық құрылым, бояулар үндестігі және образдық шешім арқылы автор көрерменді терең ойға жетелеп, халқымыздың рухани құндылықтарын заманауи көркем тілмен бейнелейді.

 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. ⚜️«Музей тынысы» айдарының кезекті шығарылымы қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, қылқалам шебері Серікбай Әлжанның шығармашылығына арналады. 🔸Серікбай Әлжанның туындылары қазақ бейнелеу өнеріндегі өзіндік қолтаңбасымен, терең мазмұны және көркемдік шешімдерімен ерекшеленеді. Суретшінің шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның әрбір еңбегінде ұлттық болмыс, тарихи жады, ата-баба мұрасы, дәстүр сабақтастығы мен табиғаттың тылсым үйлесімі шебер тоғысқан. Композициялық құрылым, бояулар үндестігі және образдық шешім арқылы автор көрерменді терең ойға жетелеп, халқымыздың рухани құндылықтарын заманауи көркем тілмен бейнелейді. 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. ⚜️2026 жылдың 14 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphy корей каллиграфиясы көрмесі ашылды.
 
🔸2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. 

🔹«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. 

🔺Ашылу рәсімі аясында қазіргі корей каллиграфиясының (K-Calligraphy) негізін қалаушылардың бірі, Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының төрағасы Ли Сан Хённің каллиграфиялық перформансы ұсынылады. Сондай-ақ көрме қонақтары Қазақстандағы корё-сарам шығармашылық ұжымдарының көшбасшысы саналатын Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының барабаншылар ансамблінің өнерін тамашалай алды. 

📌Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады.
Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️2026 жылдың 14 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphy корей каллиграфиясы көрмесі ашылды.   🔸2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. 🔹«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. 🔺Ашылу рәсімі аясында қазіргі корей каллиграфиясының (K-Calligraphy) негізін қалаушылардың бірі, Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының төрағасы Ли Сан Хённің каллиграфиялық перформансы ұсынылады. Сондай-ақ көрме қонақтары Қазақстандағы корё-сарам шығармашылық ұжымдарының көшбасшысы саналатын Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының барабаншылар ансамблінің өнерін тамашалай алды. 📌Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады. Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді.

🕣Өтетін уақыты: 22 шілде, сағат 15:00. 

🔸Көрме – суретшінің көпжылдық шығармашылық ізденісінің жемісін қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік танымды тоғыстырған тағылымы мол мәдени кеңістік. Экспозицияда автордың туған жерінің сұлу келбетін нәзік бейнелейтін пейзаждары, тарихи оқиғаларға негізделген композициялық туындылары, сондай-ақ ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды арқау еткен кескіндемелік және графикалық шығармалары ұсынылған.

Дөңгелек үстелген барша өнерсүйер қауымды шақырамыз! 

⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол в рамках юбилейной персональной выставки художника и педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 

🕣Время проведение: 22 июля в 15:00. 

🔸Выставка представляет собой итог многолетнего творческого пути художника, воплощая гармоничное единство национального духа и художественного мировоззрения. В экспозиции представлены пейзажи, тонко передающие красоту родной земли, композиционные произведения на исторические сюжеты, а также живописные и графические работы, раскрывающие национальную самобытность и духовные ценности казахского народа.

Приглашаем всех ценителей искусства на круглый стол! ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді. 🕣Өтетін уақыты: 22 шілде, сағат 15:00. 🔸Көрме – суретшінің көпжылдық шығармашылық ізденісінің жемісін қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік танымды тоғыстырған тағылымы мол мәдени кеңістік. Экспозицияда автордың туған жерінің сұлу келбетін нәзік бейнелейтін пейзаждары, тарихи оқиғаларға негізделген композициялық туындылары, сондай-ақ ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды арқау еткен кескіндемелік және графикалық шығармалары ұсынылған. Дөңгелек үстелген барша өнерсүйер қауымды шақырамыз! ⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол в рамках юбилейной персональной выставки художника и педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 🕣Время проведение: 22 июля в 15:00. 🔸Выставка представляет собой итог многолетнего творческого пути художника, воплощая гармоничное единство национального духа и художественного мировоззрения. В экспозиции представлены пейзажи, тонко передающие красоту родной земли, композиционные произведения на исторические сюжеты, а также живописные и графические работы, раскрывающие национальную самобытность и духовные ценности казахского народа. Приглашаем всех ценителей искусства на круглый стол! Выставка «Действие семейного альбома» в Алматы: восприятие старых снимком и воспоминаний во взрослой жизни

В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит выставка «Действие семейного альбома». В одном зале встретились художники разных поколений, чтобы показать, как старые снимки и воспоминания воспринимаются во взрослой жизни. Старые дворы, родительские комнаты и предметы быта они превратили в порталы памяти, сообщает телеканал «МИР 24».

📌Выставка продлится до 26 июля. Выставка «Действие семейного альбома» в Алматы: восприятие старых снимком и воспоминаний во взрослой жизни В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит выставка «Действие семейного альбома». В одном зале встретились художники разных поколений, чтобы показать, как старые снимки и воспоминания воспринимаются во взрослой жизни. Старые дворы, родительские комнаты и предметы быта они превратили в порталы памяти, сообщает телеканал «МИР 24». 📌Выставка продлится до 26 июля.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ