Оқиғалар

ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші Асқар Ахаманның «REVERSE» атты жеке шығармашылық көрмесі өтуде. Экспозицияда суретшінің 60 тан аса кескіндеме туындылары ұсынылған.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында 2025 жылдың 15 тамызынан ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші Асқар Ахаманның «REVERSE» атты жеке шығармашылық көрмесі өтуде. Экспозицияда суретшінің 60 тан аса кескіндеме туындылары ұсынылған.

 

Суретші Асқар Ахаманның «Кері» / «Reverse» атты жеке көрмесі – автордың өзіндік көркемдік тілінің, терең философиялық ізденістерінің және шығармашылық эволюциясының айқын көрінісі.

Қазақстандық суретші Динара Қадырованың «ÜT» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылы 8 тамызда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші Динара Қадырованың «ÜT» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрме - ұмыт қалған, бірақ үміттің тірі символы іспеттес жарық жайлы өзіндік визуалды толғаныс. «ÜT» атауы - қазақ халқының көне ұғымына сілтеме жасайды. Ол киіз үйдің түндігінен түскен күн сәулесінде қалқып жүрген шаң-тозаңды білдіреді. Бұл – жай ғана атмосфералық құбылыс емес, әлдебір ұлы дүниенің барын меңзейтін, сөз бен пішіннің шегінен тыс, жүрекке ұялаған ізгі тілектей сезілетін бейне.

 

Қазақстанның көрнекті графигі және кескіндемешісі Аман Бақтығалиұлының (1945-2020) 80 жылдық мерейтойына арналған еске алу көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 12 тамызында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның көрнекті графигі және кескіндемешісі Аман Бақтығалиұлының (1945-2020) 80 жылдық мерейтойына арналған еске алу көрмесінің ашылуы өтеді.

 

Ретроспективті көрмеде автордың 1970 жылдардан 2020 жылдарға дейінгі аралықтағы 70-тен астам графикалық және кескіндемелік туындылары ұсынылған. Бұл - суретшінің Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіндегі екінші жеке көрмесі. «Менің Қазақиям» атты алғашқы көрмесі 2006 жылы өткен болатын.

Ықласова Майса Қамысбайқызының «Киелі киіз өнерім» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 25 шілдесі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлкеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Ықласова Майса Қамысбайқызының «Киелі киіз өнерім» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде 40‑тан астам киіз және графикалық туындылар ұсынылады.

 

Майса Ықласова 1956 жылы 12 шілдеде Ресей Федерациясының Новосібір облысы, Қарасұқ ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Ол - Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі, театр суретшісі, график және қолданбалы сәндік өнер шебері.

 

1979 жылы Шымкент қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер училищесін бітірген. 1981-1986 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Алматы театр‑өнер институтында «Сценография, театр техникасы және спектакльді көркемдеу» мамандығы бойынша білім алған.

Суретші-график, кітап иллюстраторы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Құраш Зульфикардың «Аңыздар ізімен» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

2025 жылғы 25 шілдеде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде суретші-график, кітап иллюстраторы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Құраш Зульфикардың «Аңыздар ізімен» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

 

Көрме суретшінің 75 жылдық мерейтойына арналды. Бұл – Құраш Зульфикардың бүкіл шығармашылық жолын қамтитын үлкен көрме. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде салынған жүзден астам жұмысы осы жолы бір жерге тоғысып, көрерменге суретшінің жан-дүниесін, ізденіс пен өсу жолын көрсетуге мүмкіндік береді. Көрмеде алғашқы графикалық суреттерден бастап, кітаптарға салған иллюстрациялары мен соңғы жылдардағы нәзік акварельдеріне дейін бар.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті.

🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады.

🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме.

✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз. ⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті. 🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады. 🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме. ✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді.

🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б.

🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді. 🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б. 🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️Бүгінгі кезекті айдарымыз - кураторлық жұмысқа арналады. 

▫️Куратор – көрермен мен суретші арасын байланыстыратын елші, екі жақтың еркін ортада кездесуін ұйымдастыратын, көрменің идеялық және көркемдік тұтастығын айқындайтын басты тұлға. 

✨Сіздерді  4 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуында күтеміз!

📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. 
Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская

✨ Сегодняшний выпуск нашей рубрики — о тех, кто помогает выставке обрести свой голос.

▫️Куратор — это связующее звено между художником и зрителем, посредник, который создаёт пространство для их свободного диалога и встречи, а также определяет идейную и художественную целостность выставки.

✨ ✨ Ждём вас 4 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на открытии юбилейной ретроспективной выставки «ГОРОД И ЭПОХА ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённой 80-летию выдающегося представителя современного казахстанского скульптурного искусства, скульптора Павла Шорохова!

📌 Выставка продлится до 30 августа.

Куратор выставочного проекта — Оксана Танская. ⚜️Бүгінгі кезекті айдарымыз - кураторлық жұмысқа арналады. ▫️Куратор – көрермен мен суретші арасын байланыстыратын елші, екі жақтың еркін ортада кездесуін ұйымдастыратын, көрменің идеялық және көркемдік тұтастығын айқындайтын басты тұлға. ✨Сіздерді 4 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуында күтеміз! 📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская ✨ Сегодняшний выпуск нашей рубрики — о тех, кто помогает выставке обрести свой голос. ▫️Куратор — это связующее звено между художником и зрителем, посредник, который создаёт пространство для их свободного диалога и встречи, а также определяет идейную и художественную целостность выставки. ✨ ✨ Ждём вас 4 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на открытии юбилейной ретроспективной выставки «ГОРОД И ЭПОХА ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённой 80-летию выдающегося представителя современного казахстанского скульптурного искусства, скульптора Павла Шорохова! 📌 Выставка продлится до 30 августа. Куратор выставочного проекта — Оксана Танская. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбай көрме туралы өз ойымен бөлісті.

▫️Суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) киіз, дала шөптері мен табиғи материалдар арқылы уақыттың ізін, ұрпақтар сабақтастығын және материалдың өзгеру үдерісін зерделейді. Көрме көрерменді жадтың қалай сақталатыны және уақыттың материалға қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейді.

📍Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

⚜️В рамках проходящей в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Материя памяти / Matter of Memory» своими впечатлениями поделилась исследователь казахской мифологии, писатель, киносценарист, кандидат философских наук Зира Наурызбай.

▫️Используя войлок, степные травы и другие природные материалы, художница рассматривает время не просто как тему своих произведений, а как активную силу, участвующую в творческом процессе. Разработанная Арухан техника «старения» не стремится ни к реконструкции прошлого, ни к восстановлению традиции. Напротив, материал со временем впитывает следы изменений и превращается в своеобразный материальный архив.

📍Экспозиция продлится до 24 августа 2026 года. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбай көрме туралы өз ойымен бөлісті. ▫️Суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) киіз, дала шөптері мен табиғи материалдар арқылы уақыттың ізін, ұрпақтар сабақтастығын және материалдың өзгеру үдерісін зерделейді. Көрме көрерменді жадтың қалай сақталатыны және уақыттың материалға қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейді. 📍Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. ⚜️В рамках проходящей в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Материя памяти / Matter of Memory» своими впечатлениями поделилась исследователь казахской мифологии, писатель, киносценарист, кандидат философских наук Зира Наурызбай. ▫️Используя войлок, степные травы и другие природные материалы, художница рассматривает время не просто как тему своих произведений, а как активную силу, участвующую в творческом процессе. Разработанная Арухан техника «старения» не стремится ни к реконструкции прошлого, ни к восстановлению традиции. Напротив, материал со временем впитывает следы изменений и превращается в своеобразный материальный архив. 📍Экспозиция продлится до 24 августа 2026 года. ⚜️2026 жылдың 5 тамыз күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының академигі Нұрболат Ысқақовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Шыңмен сырласқан қылқалам» атты ретроспективті көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

🔹Аталмыш көрме суретшінің әр кезеңде жазылған туындыларын бір кеңістікте тоғыстырып, оның шығармашылық жолының негізгі белестерін таныстырмақ. Нұрболат Ысқақовтың шығармашылығында бірнеше жылдар бойы басты тақырыпқа айналған Хан Тәңірі шыңының бейнесі бұл экспозицияның негізі болмақ. Суретші Аспантауды туған жерінің символы ретінде бейнелеп, әр туындысында оның жаңа реңдік әрі эмоционалдық қырларын ашып келеді.

🔸Экспозицияда Райымбек ауданының әртүрлі нүктелерінен бейнеленген Хан Тәңірінің сан алуан көріністері, туған өлкенің пейзаждары, қазақ ауылының тыныс-тіршілігіне арналған жанрлық композициялар, сондай-ақ суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер ұсынылады.

🔺Суретшінің кескіндемелік тілінің өзіндік ерекшелігі бұл көрмеде айқын көрініс табады. Оның туындыларында түстің қанықтығы бірден көзге түседі. Суретші таулар мен жоталардың монументалды болмысын ең алдымен түстің қуаты арқылы беріп, көрермен назарын асқақ шыңдарға бағыттайды. Нұрболат Ысқақов шығармаларында ультрамарин мұздықтар, зүбәржаттай жасыл шыршалар, лимон түстес алқаптар мен қардағы қызғылт-күлгін реңктер өзіндік декоративтік түстік жүйе құрайды.

Экспозиция тамыз айының 18 дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі - Санжар Сырғабаев
«Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің ғылыми қызметкері ⚜️2026 жылдың 5 тамыз күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының академигі Нұрболат Ысқақовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Шыңмен сырласқан қылқалам» атты ретроспективті көрменің салтанатты ашылуы өтеді. 🔹Аталмыш көрме суретшінің әр кезеңде жазылған туындыларын бір кеңістікте тоғыстырып, оның шығармашылық жолының негізгі белестерін таныстырмақ. Нұрболат Ысқақовтың шығармашылығында бірнеше жылдар бойы басты тақырыпқа айналған Хан Тәңірі шыңының бейнесі бұл экспозицияның негізі болмақ. Суретші Аспантауды туған жерінің символы ретінде бейнелеп, әр туындысында оның жаңа реңдік әрі эмоционалдық қырларын ашып келеді. 🔸Экспозицияда Райымбек ауданының әртүрлі нүктелерінен бейнеленген Хан Тәңірінің сан алуан көріністері, туған өлкенің пейзаждары, қазақ ауылының тыныс-тіршілігіне арналған жанрлық композициялар, сондай-ақ суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер ұсынылады. 🔺Суретшінің кескіндемелік тілінің өзіндік ерекшелігі бұл көрмеде айқын көрініс табады. Оның туындыларында түстің қанықтығы бірден көзге түседі. Суретші таулар мен жоталардың монументалды болмысын ең алдымен түстің қуаты арқылы беріп, көрермен назарын асқақ шыңдарға бағыттайды. Нұрболат Ысқақов шығармаларында ультрамарин мұздықтар, зүбәржаттай жасыл шыршалар, лимон түстес алқаптар мен қардағы қызғылт-күлгін реңктер өзіндік декоративтік түстік жүйе құрайды. Экспозиция тамыз айының 18 дейін жалғасады. Көрме жетекшісі - Санжар Сырғабаев «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің ғылыми қызметкері ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері/Matter of Memory» көрмесі ашылды.

🔹Аруханның көркем тілі органикалық абстракцияға жақын. Киіз бетінде түзілетін ирек сызықтар, сан қилыбедерлер мен фактуралар құдды табиғаттағы үдерістерден де, жазуға ұқсас іздер мен жад түкпірінен қалқып шығатын пішіндерден де хабар беретіндей. Бұл бейнелердің нақты әрі тұрақты мағынасы жоқ. Олар таңба мен материяның шегінде өмір сүріп, жадтың шығарманың құрылымы арқылы көрініс табуына мүмкіндік береді.

🔸Бұл кеңістікте дала айрықша орын алады. Ол – ішкі жадтың мекені һәм адам орала беретін кеңістік. Дала да тура жад іспетті бір жағынан ізді сақтап қалса, екіншіжағынан оны жойып отырады.

🔺Көшпелілер мәдениетінде жад белгілі бір тұрақты сақтау формасына тәуелді болмаған. Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар уақыт өте жерге қайта сіңгенімен, жадтың өзі қолөнер, ауыздан ауызға тараған мұра мен ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тәжірибеде өмір сүре берген. Осы тұрғыдан алғанда, Аруханның шығармаларын жоғалып бара жатқан дүниенің мұрағатын жасауға талпыныс ретінде қарастыруға болады.

▫️▫️Matter of Memory көрмесі жадты заттардың өзі, өткеннің ізі мен дүние материясында өмір сүруін жалғастыратын материалдық құбылыс ретінде тануға шақырады.

📌Экспозиция тамыз айының 24-не дейін жалғасады.
Куратор: Ақжарқын Құмарбаева
Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері/Matter of Memory» көрмесі ашылды. 🔹Аруханның көркем тілі органикалық абстракцияға жақын. Киіз бетінде түзілетін ирек сызықтар, сан қилыбедерлер мен фактуралар құдды табиғаттағы үдерістерден де, жазуға ұқсас іздер мен жад түкпірінен қалқып шығатын пішіндерден де хабар беретіндей. Бұл бейнелердің нақты әрі тұрақты мағынасы жоқ. Олар таңба мен материяның шегінде өмір сүріп, жадтың шығарманың құрылымы арқылы көрініс табуына мүмкіндік береді. 🔸Бұл кеңістікте дала айрықша орын алады. Ол – ішкі жадтың мекені һәм адам орала беретін кеңістік. Дала да тура жад іспетті бір жағынан ізді сақтап қалса, екіншіжағынан оны жойып отырады. 🔺Көшпелілер мәдениетінде жад белгілі бір тұрақты сақтау формасына тәуелді болмаған. Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар уақыт өте жерге қайта сіңгенімен, жадтың өзі қолөнер, ауыздан ауызға тараған мұра мен ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тәжірибеде өмір сүре берген. Осы тұрғыдан алғанда, Аруханның шығармаларын жоғалып бара жатқан дүниенің мұрағатын жасауға талпыныс ретінде қарастыруға болады. ▫️▫️Matter of Memory көрмесі жадты заттардың өзі, өткеннің ізі мен дүние материясында өмір сүруін жалғастыратын материалдық құбылыс ретінде тануға шақырады. 📌Экспозиция тамыз айының 24-не дейін жалғасады. Куратор: Ақжарқын Құмарбаева Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ