Оқиғалар

Қазақстандық суретші Динара Қадырованың «ÜT» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылы 8 тамызда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші Динара Қадырованың «ÜT» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрме - ұмыт қалған, бірақ үміттің тірі символы іспеттес жарық жайлы өзіндік визуалды толғаныс. «ÜT» атауы - қазақ халқының көне ұғымына сілтеме жасайды. Ол киіз үйдің түндігінен түскен күн сәулесінде қалқып жүрген шаң-тозаңды білдіреді. Бұл – жай ғана атмосфералық құбылыс емес, әлдебір ұлы дүниенің барын меңзейтін, сөз бен пішіннің шегінен тыс, жүрекке ұялаған ізгі тілектей сезілетін бейне.

 

Көрменің мазмұндық өзегі – «Балам» атты картина. Картинада бейнеленген бала - сенуге, сезінуге және көруге қабілетті ішкі «меннің» метафорасы. Автордың жұмыстары нәзік жарыққа толы. Бұл - адам баласына бала кезден дарыған, кейде ұмыт болғанымен, ешқашан толық жоғалмайтын жылулық, сенім мен үміттің символы. Жарық бірде бейнелерде жалт етіп көрініп, бірде табиғат көріністеріне сіңіп кетеді, осылай көрерменді бір сәтке кідіріп, өз ішкі әлеміне үңілуге шақырады.

Майлы бояумен бейнеленген кескіндемелер топтамасын толғанысты эстетика, поэтикалық астарлылық пен зер салып қарауға шақыратын философиялық желі біріктіреді. «ÜT» көрмесі әлемге деген сенімді жоғалтпауға және ең ауыр сәттерде де жарықтың бар екенін еске алуға жетелейді.

Динара Қадырова - кескіндеме, графика және көркем фотосурет жанрларында жұмыс істейтін суретші. Ол 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын және Республикалық көркемөнер колледжін тәмамдаған. Шығармалары бірқатар ұжымдық және жеке көрмелерге қатысып, олардың қатарында «Ұмайдың бесік жыры» (2021), «Мифтер мен аңыздар» (2022), «Анамның орамалы» (2021) көрмелері бар. Сондай-ақ жұмыстары халықаралық дизайн апталығында да ұсынылған.

Суретшінің туындылары Қазақстан, Еуропа, Ресей және АҚШ-тағы жеке коллекцияларда сақтаулы. 2011 жылы Динара Қадырова Kazakhstan Art Week байқауында бірінші орынды иеленді. Ал 2023 жылы оның шығармашылығы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қорғалған магистрлік диссертацияның зерттеу тақырыбы ретінде таңдалды.

«ÜT» көрмесі - маңызды тақырыпты қозғайтын тыныш әңгіме. Көрмеде қойылған туындылар у-шуы, асығыстығы мен агрессиясы үстемдік еткен бүгінгі әлемде уақытқа бағынбайтын ішкі болмысымыздың бір бөлшегін еске салады. Ол - күңгірт тыныштықта қалқып жүрген шаң-тозаңның арасынан да жарықты байқай алатын жан дүниенің терең қабілеті. Бұл көрме адамды өз ішіне қайта үңілуге, әлемге жаңа көзқараспен қарауға және өмірге, әлемге, өзіңе деген сенімді қайта тірілтуге жетелейтін шақыру іспетті.

 

Экспозиция 2025 жылдың 29 тамызына дейін жалғасады.

                                                          

Көрме кураторы - Емангалиева К.А.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
«История одного шедевра» продолжает знакомить вас с выдающимися произведениями из собрания Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева.

Героиней второго выпуска стала легендарная Шара Жиенкулова, запечатлённая в картине Гульфайрус Исмаиловой «Казахский вальс». Это не просто портрет выдающейся артистки, а яркий художественный образ, в котором оживают красота казахского танца, национальный колорит и дух целой эпохи.

 #ИсторияОдногоШедевра «История одного шедевра» продолжает знакомить вас с выдающимися произведениями из собрания Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева. Героиней второго выпуска стала легендарная Шара Жиенкулова, запечатлённая в картине Гульфайрус Исмаиловой «Казахский вальс». Это не просто портрет выдающейся артистки, а яркий художественный образ, в котором оживают красота казахского танца, национальный колорит и дух целой эпохи. #ИсторияОдногоШедевра ⚜️2026 жылғы 22-26 маусым аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен «Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту» атты халықаралық семинар өтті.

🔹Бес күнге созылған халықаралық семинар музей ісіндегі заманауи үрдістерді, мәдени мұраны цифрландыру мен басқарудың озық тәжірибелерін талқылауға арналды. Семинар барысында Түркияның музей саласындағы жетекші мамандары музей қорларын цифрландыру, коллекцияларды басқарудың ұлттық жүйелері, виртуалды музейлер, экспозиция және уақытша көрмелерді жобалау, музейдегі әлеуметтік желілер мен мәдени коммуникация, келушілер тәжірибесін жетілдіру, музейлік білім беру бағдарламалары, сондай-ақ халықаралық музей ынтымақтастығын дамыту бағыттары бойынша дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар өткізді.

🔸Бағдарлама аясында қатысушылар музей ісіндегі цифрлық технологияларды енгізу, музей қорларын сақтау мен есепке алу, көрме кеңістігін ұйымдастыру, келушілермен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдері және мәдени мұраны кеңінен қолжетімді етудің тиімді жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар семинар практикалық тапсырмалар, пікірталастар және тәжірибе алмасу форматында өтті.

🔺Халықаралық семинарға Қазақстанның барлық өңірлерінен 90-нан астам музей мамандары қатысты. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің атынан «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің Кескіндеме және театр-декорация өнері секторының жетекшісі Мамытова Самал Мұхтарқызы қатысып, музей ісін цифрландырудың халықаралық тәжірибесімен танысып, кәсіби тәжірибе алмасты. ⚜️2026 жылғы 22-26 маусым аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен «Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту» атты халықаралық семинар өтті. 🔹Бес күнге созылған халықаралық семинар музей ісіндегі заманауи үрдістерді, мәдени мұраны цифрландыру мен басқарудың озық тәжірибелерін талқылауға арналды. Семинар барысында Түркияның музей саласындағы жетекші мамандары музей қорларын цифрландыру, коллекцияларды басқарудың ұлттық жүйелері, виртуалды музейлер, экспозиция және уақытша көрмелерді жобалау, музейдегі әлеуметтік желілер мен мәдени коммуникация, келушілер тәжірибесін жетілдіру, музейлік білім беру бағдарламалары, сондай-ақ халықаралық музей ынтымақтастығын дамыту бағыттары бойынша дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар өткізді. 🔸Бағдарлама аясында қатысушылар музей ісіндегі цифрлық технологияларды енгізу, музей қорларын сақтау мен есепке алу, көрме кеңістігін ұйымдастыру, келушілермен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдері және мәдени мұраны кеңінен қолжетімді етудің тиімді жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар семинар практикалық тапсырмалар, пікірталастар және тәжірибе алмасу форматында өтті. 🔺Халықаралық семинарға Қазақстанның барлық өңірлерінен 90-нан астам музей мамандары қатысты. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің атынан «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің Кескіндеме және театр-декорация өнері секторының жетекшісі Мамытова Самал Мұхтарқызы қатысып, музей ісін цифрландырудың халықаралық тәжірибесімен танысып, кәсіби тәжірибе алмасты. ⚜️2026 жылдың 28 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Негізін қалаушылар музейі» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

🔹Көрмеде 80-нен астам туынды ұсынылды. Олардың қатарында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойған қайраткерлердің портреттері мен Америка мемлекетінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларға қатысты материалдар қойылды. Әрбір туындыға биографиялық карточкада орналастырылған QR-код арқылы қолжетімді интерактивті бейнематериал қоса берілді. Көрменің интерактивті мүмкіндіктері келушілерге тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жаңа қырынан танып, өткен дәуірдің тынысын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Көрменің ашылу салтанатында Аризона штаты Ұлттық гвардиясы оркестрі өнер көрсетіп, аспаптық музыкадан арнайы бағдарлама ұсынды.

🔹Жоба екі маңызды мерейтой аясында – Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 250 жылдығына және Қазақстан Республикасы мен Америка Қрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бұл оқиғалар Америка мемлекетінің бай тарихи мұрасын ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы мәдениет, білім, ғылым және қоғамдық дипломатия салаларындағы сындарлы ынтымақтастықтың көпжылдық дамуын да көрсетті.

🔹Көрме қазақстандық көрермендерді әлем тарихындағы маңызды кезеңдердің бірімен таныстырып қана қоймай, музейлердің қоғамдық диалогты дамытудағы, тарихи сананы қалыптастырудағы және мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін айқындай түсті. АҚШ-тың құрылу тарихы арқылы жоба азаматтық жауапкершілік, мемлекет құру ісі, еркіндік, адам құқықтары және тарихи үдерістегі жеке тұлғаның орны сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды назарға ұсынды.

📍Көрме 2026 жылдың 9 шілдесіне дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–18:00.
Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
Кураторлар: Айдарова М.С., Нұрпеис Д.К. – Шетел өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері. ⚜️2026 жылдың 28 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Негізін қалаушылар музейі» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 🔹Көрмеде 80-нен астам туынды ұсынылды. Олардың қатарында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойған қайраткерлердің портреттері мен Америка мемлекетінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларға қатысты материалдар қойылды. Әрбір туындыға биографиялық карточкада орналастырылған QR-код арқылы қолжетімді интерактивті бейнематериал қоса берілді. Көрменің интерактивті мүмкіндіктері келушілерге тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жаңа қырынан танып, өткен дәуірдің тынысын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Көрменің ашылу салтанатында Аризона штаты Ұлттық гвардиясы оркестрі өнер көрсетіп, аспаптық музыкадан арнайы бағдарлама ұсынды. 🔹Жоба екі маңызды мерейтой аясында – Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 250 жылдығына және Қазақстан Республикасы мен Америка Қрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бұл оқиғалар Америка мемлекетінің бай тарихи мұрасын ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы мәдениет, білім, ғылым және қоғамдық дипломатия салаларындағы сындарлы ынтымақтастықтың көпжылдық дамуын да көрсетті. 🔹Көрме қазақстандық көрермендерді әлем тарихындағы маңызды кезеңдердің бірімен таныстырып қана қоймай, музейлердің қоғамдық диалогты дамытудағы, тарихи сананы қалыптастырудағы және мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін айқындай түсті. АҚШ-тың құрылу тарихы арқылы жоба азаматтық жауапкершілік, мемлекет құру ісі, еркіндік, адам құқықтары және тарихи үдерістегі жеке тұлғаның орны сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды назарға ұсынды. 📍Көрме 2026 жылдың 9 шілдесіне дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–18:00. Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні. Кураторлар: Айдарова М.С., Нұрпеис Д.К. – Шетел өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері. ⚜️2026 жылдың 28 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтті.

🔹Іс-шара барысында өнертанушылар, суретшілер, мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік ізденістерін және қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі орнын талқылады. 

🔸Сонымен қатар көрменің негізгі бөлігін құрайтын тарихи тұлғалар портреттерінің көркемдік ерекшеліктері, олардың образдық шешімі мен мазмұндық мәні сөз болды. Сондай-ақ суретшінің ұлттық тарих пен елдік құндылықтарды көркем бейнелеудегі шығармашылық ұстанымы мен өнердегі орны жан-жақты қарастырылды.

⚜️28 июня 2026 года в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоялся круглый стол, организованный в рамках персональной выставки художника, члена Союза художников Казахстана Омархана Кумара «ҰЛЫ РУХ».

🔸В ходе мероприятия искусствоведы, художники, специалисты в сфере культуры и представители интеллигенции обсудили творческий путь автора, его художественные поиски и вклад в развитие современного казахстанского изобразительного искусства. Особое внимание было уделено художественным особенностям портретов исторических личностей, составляющих основную часть экспозиции, их образному решению и смысловому содержанию.

🔹Также участники рассмотрели творческий подход художника к осмыслению национальной истории и общенациональных ценностей средствами изобразительного искусства, а также отметили его место и роль в современном художественном процессе. ⚜️2026 жылдың 28 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтті. 🔹Іс-шара барысында өнертанушылар, суретшілер, мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік ізденістерін және қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі орнын талқылады. 🔸Сонымен қатар көрменің негізгі бөлігін құрайтын тарихи тұлғалар портреттерінің көркемдік ерекшеліктері, олардың образдық шешімі мен мазмұндық мәні сөз болды. Сондай-ақ суретшінің ұлттық тарих пен елдік құндылықтарды көркем бейнелеудегі шығармашылық ұстанымы мен өнердегі орны жан-жақты қарастырылды. ⚜️28 июня 2026 года в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоялся круглый стол, организованный в рамках персональной выставки художника, члена Союза художников Казахстана Омархана Кумара «ҰЛЫ РУХ». 🔸В ходе мероприятия искусствоведы, художники, специалисты в сфере культуры и представители интеллигенции обсудили творческий путь автора, его художественные поиски и вклад в развитие современного казахстанского изобразительного искусства. Особое внимание было уделено художественным особенностям портретов исторических личностей, составляющих основную часть экспозиции, их образному решению и смысловому содержанию. 🔹Также участники рассмотрели творческий подход художника к осмыслению национальной истории и общенациональных ценностей средствами изобразительного искусства, а также отметили его место и роль в современном художественном процессе. ⚜️2026 жылдың 26 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрменің қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті.

🔸Іс-шара аясында Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың шығармашылық мұрасы кеңінен талқыланды. Қатысушылар суретшілердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесін саралап, олардың туындыларын кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі заман тұрғысынан пайымдау аясында қарастырды. Сонымен қатар бұл көркем мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалына ерекше назар аударылды.

🔹«Естеліктер мекені» атауы өткенді еске алумен ғана  шектелмей, тарихи жады мен рухани құндылықтардың сабақтастығын айшықтайтын маңызды ұғым ретінде көрініс тапты. Басқосу барысында өнер туындыларының ұлттық мәдениетті сақтау мен дәріптеудегі, жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы және көркем өнердің үздік дәстүрлерін жалғастырудағы маңызы ерекше атап өтілді.

🔺Қорытындылай келе, дөңгелек үстел өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты, кескіндеме мен мүсін өнерін өзара сабақтастырған мазмұнды мәдени сұхбат алаңына айналды. ⚜️2026 жылдың 26 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрменің қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті. 🔸Іс-шара аясында Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың шығармашылық мұрасы кеңінен талқыланды. Қатысушылар суретшілердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесін саралап, олардың туындыларын кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі заман тұрғысынан пайымдау аясында қарастырды. Сонымен қатар бұл көркем мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалына ерекше назар аударылды. 🔹«Естеліктер мекені» атауы өткенді еске алумен ғана шектелмей, тарихи жады мен рухани құндылықтардың сабақтастығын айшықтайтын маңызды ұғым ретінде көрініс тапты. Басқосу барысында өнер туындыларының ұлттық мәдениетті сақтау мен дәріптеудегі, жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы және көркем өнердің үздік дәстүрлерін жалғастырудағы маңызы ерекше атап өтілді. 🔺Қорытындылай келе, дөңгелек үстел өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты, кескіндеме мен мүсін өнерін өзара сабақтастырған мазмұнды мәдени сұхбат алаңына айналды. 🎨 «Қылқалам сыры» музей айдарының кезекті қонағы – кәсіби суретші Құмар Омархан.
Бұл сұхбатта суретші Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде ұсынылып  жатқан «Ұлы рух» атты көрмесі туралы, шығармашылық жолы, өнерге келуі және өмірбаяны жайында сыр бөлісті.
Сұхбаттан қылқалам иесінің шығармашылық ұстанымы, өнерге деген көзқарасы мен жаңа көрменің идеялық мазмұны туралы қызықты мәліметтерді біле аласыз. 🎨 «Қылқалам сыры» музей айдарының кезекті қонағы – кәсіби суретші Құмар Омархан. Бұл сұхбатта суретші Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде ұсынылып жатқан «Ұлы рух» атты көрмесі туралы, шығармашылық жолы, өнерге келуі және өмірбаяны жайында сыр бөлісті. Сұхбаттан қылқалам иесінің шығармашылық ұстанымы, өнерге деген көзқарасы мен жаңа көрменің идеялық мазмұны туралы қызықты мәліметтерді біле аласыз.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ