Оқиғалар

Узбаева Майра Ізкенқызының «Ізкеннің арманы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде автордың 21 туындысы ұсынылады.

2025 жылдың 10 шілдесі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Узбаева Майра Ізкенқызының «Ізкеннің арманы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде автордың 21 туындысы ұсынылады.

 

Узбаева Майра Ізкенқызы 1972 жылы 1 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген. Өнерге деген қызығушылығы бала кезінен басталып, 1984 жылы Мемлекеттік көркемсурет мектебіне қабылданған сәттен бастап одан әрі шыңдала түсті. Мектепте композиция, сурет, кескіндеме, мүсін және өнер тарихы пәндерін меңгерді. Пленэрлік жұмыстарға қатысып, түрлі байқауларда өнерін танытты.

1989 жылы Жамбыл педагогикалық институтының Бейнелеу өнері және сызу факультетіне түсіп, кәсіби білім алды. Студент кезінде пастель, көмір, майлы бояу, акрил және акварель техникасында жұмыс істеді.

Көрнекті қазақстандық суретші Ибрагим Кубековты (1957-2025) еске алуға арналған көрменің ашылуы өтеді. Көрмеде автордың графика және кескіндеме жанрларында орындалған елуге жуық туындысы ұсынылады.

2025 жылдың 11 шілдесінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде көрнекті қазақстандық суретші Ибрагим Кубековты (1957-2025) еске алуға арналған көрменің ашылуы өтеді. Көрмеде автордың графика және кескіндеме жанрларында орындалған елуге жуық туындысы ұсынылады.

 

 Ретроспективті көрме көрерменді өмірдің қарапайым сәттерінен-ақ сан алуан сезім мен терең мағына таба білген талантты шебердің шығармашылығымен таныстырады. Көрме бүкіл ғұмырын өнерге қызмет етуге арнаған тамаша суретші әрі асыл жанның жарқын рухына тағзым ретінде ұйымдастырылып отыр.

Қасымбековтер әулетінің шығармашылығына арналған «Өнерлі әулет өрнегі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

2025 жылғы 9 шілдесінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қасымбековтер әулетінің шығармашылығына арналған «Өнерлі әулет өрнегі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

«Өнерлі әулет өрнегі» көрмесі — Қазақстандағы ең жарқын шығармашылық әулеттердің бірі саналатын Қасымбековтер отбасына арналған ерекше мәдени шара. Бұл экспозиция ұрпақтар сабақтастығының терең тамырын, өнер мен руханияттың біртұтас желісін паш етеді. Қасымбековтер әулетінің түп-тамыры — Жетісу (Жоңғар) Алатауының етегіндегі қасиетті Талды өлкесінен тарайды. Бұл — табиғат пен тарих, ұлттық рух пен шығармашылық біте қайнасып, үйлесім тапқан құтты мекен.

Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаевтың «Шектеусіз шығармашылық. Next.» атты жеке көрмесі ашылады.

2025 жылдың 8 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаевтың «Шектеусіз шығармашылық. Next.» атты жеке көрмесі ашылады.

Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаев 1963 жылы дүниеге келген. Негізгі мамандығы бойынша Нұрлан Темірбекұлы – хирург-дәрігер, профессор, медицина ғылымдарының докторы. Оның ғылыми еңбектері тоғыз монографияда, он оқу-әдістемелік құралда және жүз отыздан астам ғылыми басылымдарда көрініс тапқан. Зерттеу нәтижелері зияткерлік меншік тұрғысынан да жоғары бағаланып, 14 авторлық куәлік, сондай-ақ медицина мамандарына арналған 4 анықтамалық, 5 патент (оның ішінде екі Еуразиялық куәлік) түрінде рәсімделген.

Қазақстандық суретші Сәкен Бектиярдың «Келте Алтын Ғасыр» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

2025 жылдың 3 шілдесінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші Сәкен Бектиярдың «Келте Алтын Ғасыр» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

 

«Келте Алтын Ғасыр» көрмесі – ұлттық көркем мәдениетті толықтыратын маңызды оқиға. Бұл көрме – бірнеше онжылдыққа созылған шығармашылық ізденістің, ішкі толғаныс пен көркемдік тәжірибенің нәтижесі. Көрмеде суретшінің ойлау тәсілі мен көркемдік тілін жақынырақ тануға болады. Бұл жай ғана ретроспектива емес – бұл уақыт, тағдыр, тән мен сызық туралы философиялық толғаныс. Сәкен Бектияр үшін сызық – даланың тынысы мен үні іспетті, сондықтан болар ол өз қолтаңбасын «графиканың музыкасы» деп атайды, ол.