Оқиғалар

Бағдат Сәрсеннің "Көкжиектің қос қыры» атты жеке көрмесі ашылады.

  2025 жылдың 9 қазан күні сағ 17:30-да Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залы (Желтоқсан көшесі, 137) Бағдат Сәрсеннің "Көкжиектің қос қыры» атты жеке көрмесі ашылады.

Өнерде форма мен мазмұн – суретшінің ішкі әлемін сыртқа шығарудың, әрі көрерменнің оны жүрекпен түйсінуінің негізгі өзегі. Бағдат Сәрсеннің еңбектері осы екі ұғымды ерекше тоғыстырады. Оның жазық бейнелері бізді ежелгі жартасқа қашалған суреттер мен мысырлық кескіндерге жетелейді. «1-ші композиция», «2-ші композиция», «Өтіп бара жатқанда», «Құдай-император» туындыларында көне грек өнерінің ықпалы айқын сезіледі, өйткені бейнелер көлемсіз, шартты түрде беріледі.

«Әсем Әлем» Өнер Академиясы

     Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қазақ тіліндегі «Әсем Әлем» өнер академиясы эстетикалық-ағартушылық бағдарламасы аясындағы дәрістер легінің басталуын хабарлайды.

Тәжірибелі өнертанушылар дәріс тыңдаушыларын өнерді қабылдай білуден бастап, қоршаған дүниені тереңірек түсіну жолына жетелейтін қызықты саяхатқа шақырады.

     Дәрістер бағдарламасы — бейнелеу өнерінің теориясы мен тарихына негізделген қызықты курс болып табылады. Ол бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдары, категориялары, түрлері мен жанрлары, көркемдік тәсілдері мен әдістері жайлы мазмұнды ақпарат ұсынады. Қазақ тіліндегі бұл базалық курс 13 дәрістен тұрады, әр дәріс 1,5 сағатқа созылады. Бағдарламаның мақсаты — тыңдаушылардың жадысында материалды көрнекі ассоциациялар арқылы бекітіп қана қоймай, олардың эстетикалық тұрғыдан өз бетінше ойлай білу қабілетін дамыту.

Аялдама – Алматы» атты халықаралық қолөнер көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

2025 жылдың 3 қазанында сағат 14:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Алматы қаласына «Әлемдік қолөнер қаласы» мәртебесінің берілуіне орай ұйымдастырылған ALA CRAFT 2025 халықаралық қолөнер фестивалі аясында «Көшпелі бағыттар. Аялдама – Алматы» атты халықаралық қолөнер көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Халықаралық қолөнер көрмесі – Қазақстан қолөнершілер одағы мен отандық шеберлердің шығармашылық жетістіктерін паш ететін өзіндік есеп беруі іспетті. Көрермендер халық шеберлерінің дәстүр мен қиял тоғысқан ғажайып әлеміне сапар шегеді. Көрменің негізін «Шебер» республикалық байқауы мен «ЮНЕСКО сапа белгісі»

Бастаулардан қазіргі заманға дейін. Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» ұсынылады.

Бастаулардан қазіргі заманға дейін. Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» ұсынылады.

Алматылық суретші Светлана Какоткинаның «Бір ғажап күн» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде автордың 80-ге жуық туындысы көпшілік назарына ұсынылады.

2025 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан көшесі, 137) алматылық суретші Светлана Какоткинаның «Бір ғажап күн» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде автордың 80-ге жуық туындысы көпшілік назарына ұсынылады.

Светлана Какоткина Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі бойынша – дизайнер, сәулетші. Бастапқы көркемдік білімін «Классикалық өнер гимназиясында» алған. 2002 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Дизайн» мамандығы бойынша тәмамдаған. Студенттік жылдарынан бастап түрлі байқаулар мен көрмелерге қатысып, шығармашылық белсенділік танытты.