Оқиғалар

Қазақстан халқына сүйіспеншілікпен – бүкіл әлем ғажайып бояуда

 

2023 жылдың 13 қаңтарында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Тараз қаласының суретшілері Елена Панина мен Диана Шайхеслямованың «Қазақстан халқына сүйіспеншілікпен – бүкіл әлем ғажайып бояуда» атты көрмесі ашылады.

Алпысбай ҚАЗЫҒҰЛОВТЫҢ «Әр алуан әлем» атты жеке көрмесі

2022 жылдың 22 желтоқсан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,

Қазақстан өнерінің 100 жауһары

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі SAMSUNG компаниясының қолдауымен «Қазақстан өнерінің 100 жауһары» жобасын ұсынады. Ауқымды көрме мен керемет сыйлық басылым қазақстандық көрнекті өнер шеберлерінің жауһарларын  – Қазақстанның жетекші өнер музейі коллекциясындағы кескіндеме, графика және мүсінді қамтиды. SAMSUNG компаниясы бірегей өнім – The Frame теледидарын және оның өнер туындыларын насихаттау мүмкіндіктерін көрсетеді.

"Репин жанымызда" жеке көрмесі

2022 жылғы 2 желтоқсанда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық суретші, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі Иван Стадничуктың "Репин жанымызда" жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Әлем бейнесі

2022 жылдың желтоқсан айының 2-нен 2023 жылдың қаңтар айының 8-не дейін Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қоғам қайраткерлері Даут Шайхисламов пен Дана Орманбаеваның бастамасымен DPARTNERS компаниясының қолдауымен «World Painting» халықаралық әлеуметтік арт-жобасы аясында көрме өтеді.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
✨ 21 маусым – Әкелер күні

⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі барша әкелерді осы ерекше мерекемен шын жүректен құттықтайды!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 маусымдағы қаулысына сәйкес, елімізде Әкелер күні жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 2026 жылы бұл мереке 21 маусым күніне сәйкес келеді.

Әке – отбасының қорғаны, парасат пен жауапкершіліктің, қамқорлық пен мейірімнің символы. Әкенің өнегесі мен тәлімі ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алады, ал оның өмірлік ұстанымы мен еңбегі өскелең буынға әрдайым бағыт-бағдар береді.

🔸Осы мерекеге орай назарларыңызға кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаевтың әке тақырыбына арналған туындыларын ұсынамыз.

Салихитдин Айтбаев – Қазақстандағы заманауи бейнелеу өнерінің қалыптасуына зор үлес қосқан көрнекті суретші, қазақ өнеріндегі алпысыншы жылдар буынының сөзсіз көшбасшысы. 

Салихитдин Айтбаев шығармашылығындағы әке бейнесі ерекше орын алады. Монументалды сипатқа ие бұл туындыларда әке образы терең ойлы, сабырлы әрі ішкі рухани қуаты мол тұлға ретінде көрініс табады. Артық детальдардан саналы түрде бас тарта отырып, суретші осы туындылар топтамасы арқылы әкенің отбасының рухани тірегі, беріктік пен даналықтың символы екенін айқын көрсетеді.

 Туындылар:
▪️ «Әкемнің портреті». 1974 жыл
▪️ «Әкемнің портреті». 1965 жыл
▪️ «Әкемнің портреті». 1970 жыл 
▪️ Әкесі мен ұлы. «Жылқышылар» триптихі. 1980 жыл

#kasteyev_календарь ✨ 21 маусым – Әкелер күні ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі барша әкелерді осы ерекше мерекемен шын жүректен құттықтайды! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 маусымдағы қаулысына сәйкес, елімізде Әкелер күні жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 2026 жылы бұл мереке 21 маусым күніне сәйкес келеді. Әке – отбасының қорғаны, парасат пен жауапкершіліктің, қамқорлық пен мейірімнің символы. Әкенің өнегесі мен тәлімі ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алады, ал оның өмірлік ұстанымы мен еңбегі өскелең буынға әрдайым бағыт-бағдар береді. 🔸Осы мерекеге орай назарларыңызға кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаевтың әке тақырыбына арналған туындыларын ұсынамыз. Салихитдин Айтбаев – Қазақстандағы заманауи бейнелеу өнерінің қалыптасуына зор үлес қосқан көрнекті суретші, қазақ өнеріндегі алпысыншы жылдар буынының сөзсіз көшбасшысы. Салихитдин Айтбаев шығармашылығындағы әке бейнесі ерекше орын алады. Монументалды сипатқа ие бұл туындыларда әке образы терең ойлы, сабырлы әрі ішкі рухани қуаты мол тұлға ретінде көрініс табады. Артық детальдардан саналы түрде бас тарта отырып, суретші осы туындылар топтамасы арқылы әкенің отбасының рухани тірегі, беріктік пен даналықтың символы екенін айқын көрсетеді. Туындылар: ▪️ «Әкемнің портреті». 1974 жыл ▪️ «Әкемнің портреті». 1965 жыл ▪️ «Әкемнің портреті». 1970 жыл ▪️ Әкесі мен ұлы. «Жылқышылар» триптихі. 1980 жыл #kasteyev_календарь ⚜️2026 жылдың 20 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» жеке көрмесі аясында Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің оқушылары үшін суретшімен арнайы кездесу ұйымдастырылды.

🔹Кездесу барысында жас өнерпаздар суретшімен еркін сұхбаттасып, оның шығармашылық жолы, өнердегі ізденісі мен туындыларының идеялық мазмұны, суретші мамандығының ерекшелігі туралы сұрақтар қойды. Әңгіме барысында Омархан Құмар кәсіби суретші болу үшін ең алдымен еңбекқорлық, төзімділік, байқағыштық және үздіксіз ізденіс қажет екенін атап өтті. Ол суретшінің тек сурет сала білуі жеткіліксіз екенін, қоршаған ортаны терең сезініп, өмір құбылыстарын көркем тілмен жеткізе алуы маңызды екенін айтты.

🔸Кездесуде композициялық шешім құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Суретші кез келген шығарманың негізі дұрыс құрылған композиция екенін түсіндіріп, туындыдағы басты ойды көрерменге жеткізуде композицияның рөлі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыстың эскизден бастап аяқталған туындыға дейінгі кезеңдері, кеңістік пен пішіннің үйлесімі, түстік қатынастар мен жарық-көлеңкені қолдану тәсілдері жөнінде жан-жақты әңгімеледі. Оқушылар сурет салу барысында жиі кездесетін қиындықтар, шығармашылық тоқыраудан шығу жолдары және жеке стиль қалыптастыру мәселелері туралы да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

🔺Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу жас суретшілердің өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби бағдар алуына да ықпал етті. Суретші өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, шығармашылық жолдағы табандылықтың маңызын атап өтті және жас буынға ұлттық өнерді қадірлеу мен көркемдік талғамды үнемі дамыту қажеттігін жеткізді.

▫️Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің өнерді тереңірек түсінуіне, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуына және кәсіби суретшілердің тәжірибесінен үйренуіне мүмкіндік береді. Кездесу соңында оқушылар суретшіге алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсіп, көрмені тамашалады. ⚜️2026 жылдың 20 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» жеке көрмесі аясында Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің оқушылары үшін суретшімен арнайы кездесу ұйымдастырылды. 🔹Кездесу барысында жас өнерпаздар суретшімен еркін сұхбаттасып, оның шығармашылық жолы, өнердегі ізденісі мен туындыларының идеялық мазмұны, суретші мамандығының ерекшелігі туралы сұрақтар қойды. Әңгіме барысында Омархан Құмар кәсіби суретші болу үшін ең алдымен еңбекқорлық, төзімділік, байқағыштық және үздіксіз ізденіс қажет екенін атап өтті. Ол суретшінің тек сурет сала білуі жеткіліксіз екенін, қоршаған ортаны терең сезініп, өмір құбылыстарын көркем тілмен жеткізе алуы маңызды екенін айтты. 🔸Кездесуде композициялық шешім құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Суретші кез келген шығарманың негізі дұрыс құрылған композиция екенін түсіндіріп, туындыдағы басты ойды көрерменге жеткізуде композицияның рөлі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыстың эскизден бастап аяқталған туындыға дейінгі кезеңдері, кеңістік пен пішіннің үйлесімі, түстік қатынастар мен жарық-көлеңкені қолдану тәсілдері жөнінде жан-жақты әңгімеледі. Оқушылар сурет салу барысында жиі кездесетін қиындықтар, шығармашылық тоқыраудан шығу жолдары және жеке стиль қалыптастыру мәселелері туралы да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. 🔺Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу жас суретшілердің өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби бағдар алуына да ықпал етті. Суретші өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, шығармашылық жолдағы табандылықтың маңызын атап өтті және жас буынға ұлттық өнерді қадірлеу мен көркемдік талғамды үнемі дамыту қажеттігін жеткізді. ▫️Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің өнерді тереңірек түсінуіне, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуына және кәсіби суретшілердің тәжірибесінен үйренуіне мүмкіндік береді. Кездесу соңында оқушылар суретшіге алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсіп, көрмені тамашалады. 🖌️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі өтуде.

🖼️Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. 
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.

Бейнебаян үшін "Абай ТV" телеарнасына алғысымызды білдіреміз. 🖌️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі өтуде. 🖼️Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. Бейнебаян үшін "Абай ТV" телеарнасына алғысымызды білдіреміз. ✨Қымбатты достар, "Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымында жас guide Шорман Ерсұлтан сендерді Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі сәндік-қолданбалы өнер залындағы қазақтың дәстүрлі ат әбзелдері әлеміне саяхатқа шақырады.

Ат әбзелдері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ер-тұрман, жүген және басқа да атқа қатысты бұйымдардың тарихы мен ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтермен танысып, ұлттық мұрамыздың терең мәнін бірге ашайық.

🐎 Ұлттық құндылықтарымызды танып-білуге шақырамыз! ✨Қымбатты достар, "Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымында жас guide Шорман Ерсұлтан сендерді Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі сәндік-қолданбалы өнер залындағы қазақтың дәстүрлі ат әбзелдері әлеміне саяхатқа шақырады. Ат әбзелдері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ер-тұрман, жүген және басқа да атқа қатысты бұйымдардың тарихы мен ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтермен танысып, ұлттық мұрамыздың терең мәнін бірге ашайық. 🐎 Ұлттық құндылықтарымызды танып-білуге шақырамыз! ⚜️10 маусым күні Австрияда MuseumsQuartier Wien халықаралық арт-резиденциясы аясында жүзеге асқан жоба көпшілікке таныстырылды. Жобаны Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Шетел өнері бөлімінің ғылыми қызметкерлері Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар әзірледі. 

🔹Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар Австрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан шақырылған кураторлар ретінде бағдарламаға қатысуда. Жоба қазақ ою-өрнектерінің символикасын зерттеп, оны музейлік және заманауи көркем тәжірибелер арқылы қайта пайымдауға бағытталған. Жұмыс Вена Дүниежүзілік музейімен серіктестікте атқарылуда.

⚜️10 июня в Австрии состоялась презентация проекта научных сотрудников Зарубежного искусства Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Кусаиновой Бибигуль и Азат Дидар, реализуемого в рамках международной арт-резиденции MuseumsQuartier Wien.

🔹Бибигуль Кусаинова и Азат Дидар принимают участие в программе в качестве приглашённых кураторов из Казахстана при поддержке Федерального министерства европейских и международных дел Австрии. Проект посвящён исследованию символики казахских орнаментов и её современному осмыслению через музейные и художественные практики. Проект реализуется в сотрудничестве со Всемирным музеем Вены. ⚜️10 маусым күні Австрияда MuseumsQuartier Wien халықаралық арт-резиденциясы аясында жүзеге асқан жоба көпшілікке таныстырылды. Жобаны Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Шетел өнері бөлімінің ғылыми қызметкерлері Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар әзірледі. 🔹Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар Австрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан шақырылған кураторлар ретінде бағдарламаға қатысуда. Жоба қазақ ою-өрнектерінің символикасын зерттеп, оны музейлік және заманауи көркем тәжірибелер арқылы қайта пайымдауға бағытталған. Жұмыс Вена Дүниежүзілік музейімен серіктестікте атқарылуда. ⚜️10 июня в Австрии состоялась презентация проекта научных сотрудников Зарубежного искусства Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Кусаиновой Бибигуль и Азат Дидар, реализуемого в рамках международной арт-резиденции MuseumsQuartier Wien. 🔹Бибигуль Кусаинова и Азат Дидар принимают участие в программе в качестве приглашённых кураторов из Казахстана при поддержке Федерального министерства европейских и международных дел Австрии. Проект посвящён исследованию символики казахских орнаментов и её современному осмыслению через музейные и художественные практики. Проект реализуется в сотрудничестве со Всемирным музеем Вены. ⚜️2026 жылдың 16 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылды. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады.

🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді.

🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді.

▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші.

📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–19:00
Демалыс күні: дүйсенбі
📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️2026 жылдың 16 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылды. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады. 🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді. 🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді. ▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші. 📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–19:00 Демалыс күні: дүйсенбі 📌Көрме кураторы: Наталия Баженова.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ