Оқиғалар

«Ұлыстың рухы» атты Наурыз мерекесіне шақырамыз

2023 жылдың 22 наурыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік өнер музейі

«Ұлыстың рухы» атты Наурыз мерекесіне шақырады!

Наурыз - көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басы. Өткенге салауат айтып, келер жылдан «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!» деп береке тілеп, бата алған ұлтпыз.

            Ұрпақтар сабақтастығында, ұлттық рухты сақтау мақсатында музейдің жыл сайынғы жобасы бойынша «Ұлыстың рухы» атты Наурыз мерекесі әр түрлі жастағы аудиторияға арналған мәдени іс-шаралар мен көркем-танымдық тақырыптық бағдарламалар кешенімен қамтылған.

 

Мерекелік бағдарламада:  

  • 22 наурыз күні сағат 10:00-18:00 (мектеп оқушыларына кіру тегін)

11:00 және 14:00-де музей залдарында экскурсия жүргізіледі

Тақырыптық экскурсия -2500тг

Шолу экскурсия - 5000тг

 

  • 22 наурыз күні 11:00-13:00

«Ұлыстың рухы» мерекелік іс-шарасы аясында, балалар мен жасөспірімдерге музей залдарында танымдық және интерактивті квест ойындар өткізіледі (ойынға кіру билетімен қатысады -200 тг)

  1. «Сақа, көрме экспозициясын жасау» (Pocket Gallery) (топқа арналған ойын)
  2. Өнер, әсер және көңіл-күй / Art & Emotion & Map (дербес ойын)

 

  • 22 наурыз күні сағат 11:00-13:00

Қолөнер саласынан шеберлік сабақтар (әр түрлі жастағы аудиторияға)

- Өрнектеп киіз басу (2500 тг)

- Сазбалшықтан бұйым жасау (гончар) (2500 тг)

- Мүсіндік фигуралар жасау (2500 тг)

 

  • 22 наурыз күні сағат 14:30-17:00

Музейдің «Бейнелеу өнері» студиясы келуші балалар мен жасөспірімдер үшін пленэр өткізеді (кіру билетімен қатысады – 300 тг)

 

  • 21-22-23 наурыз күндері сағат 10:00-18:00

Шеберлер жәрмеңкесі өтеді

 

  • 22 наурыз күні сағат 16:30-да

Мерекелік концерттік бағдарлама

  • Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының дәстүрлі әншілері Жанқожа - Аяпов және Біржан Базылжан
  • ҚР Халық әртісі Мұрат Серкебаевтің жетекшілігімен Алматы қаласы әкімінің - «Концерттік оркестрі»
  • «Еркеле» Қоғамдық қорының әншісі - Руслан Башаев
  • «Облачко» тобы «Әлем музыкасы» жобасымен