2026 жылдың 3 маусымында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі ашылады. Қазақстандық пастель өнері шеберлерінің бірлестігі дайындаған бұл көрме өткен жылы кәсіби орта мен өнерсүйер қауым тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болған жобаның жалғасы болып отыр.
2026 жылғы 29 мамыр күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «АРТ-Лаборатория» бейнелеу студиясының «БОЯУДАҒЫ БАЛАЛАР ҮНІ» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Экспозицияда балалар мен жасөспірімдердің кескіндеме және графика бағыттарында орындалған 50-ге жуық шығармашылық жұмыстары ұсынылады.
2026 жылдың 20 мамырында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Мәдениет және өнер» факультеті «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, профессор Жорабеков Серікбай Құлышұлының «Түркістан – екі дүние есігі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.
14 мамыр күні сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Зейнелхан шығармашылық әулетінің «Жады» атты көрмесіне арналған дөңгелек үстел өтеді. Қатысушылар қатарында Мұхамеджан Зейнелхан,
Гүлжай Құсман және Ботакөз Зейнелхан бар.






