Оқиғалар

Қазақстандық суретші Нэлли Бубэнің «Мәдениет диалогы. Шығыс - Батыс» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 18 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші Нэлли Бубэнің «Мәдениет диалогы. Шығыс - Батыс» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді.

«Мәдениет диалогы. Шығыс - Батыс» көрмесі - қазақстандық суретшінің жарты ғасырдан астам шығармашылық жолын қамтитын ауқымды өнер жобасы. Экспозицияда кескіндеме, графика, коллаждар, объектілер мен станоктық туындылар ұсынылған. Барлық жұмыстарды өркениеттер, ұрпақтар және уақыт арасындағы үздіксіз диалог идеясы біріктіреді.

Көрмеге 80-нен астам шығарма қойылған. Автордың туындыларында үш негізгі тақырыптық желі анық байқалады: мәдени сабақтастық, экологиялық мәселелер және метафоралық тереңдік пен пластикалық көркемдікке толы Киелі кітап желілері. Барлық шығармалар авторлық орындау техникасында орындалған.

Сіздерді иммерсивті инсталляция «Manifesto on Time» жобасының авторы Катя Школьникпен кездесуге шақырады.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі сіздерді иммерсивті инсталляция «Manifesto on Time» жобасының авторы Катя Школьникпен кездесуге шақырады.

? 2025 жылғы 13 маусым

? Сағат 16:00-де

Біз сіздерді мултимедиялық инсталляция Manifesto on Time жобасының авторы, суретші Катя Школьникпен өтетін ерекше кездесуге қуана шақырамыз. Жылы әрі еркін атмосферада заманауи өнердің қалай туатыны, оның пішіні мен тақырыптары қалай қалыптасатыны туралы әңгімелесеміз.

Катя осы жобаның идеясы туралы әңгімелей келе, неге уақыт ұғымы көрменің негізгі тақырыбына айналғанын түсіндіреді:

«Street Layers» атты заманауи өнерге арналған топтық көрменің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 12 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Street Layers» атты заманауи өнерге арналған топтық көрменің ашылуы өтеді.

 

Көрме қала тіршілігін, визуалды ырғақ пен кеңістікті өзінше қабылдау тақырыбын әр қырынан қайта пайымдайтын бес суретшіні біріктіреді. Экспозицияда кескіндеме, фотосурет, акрил және гобелен секілді қазіргі заманғы және дәстүрлі бейнелеу тәсілдері ұсынылады.

Көрменің негізгі назар аударарлық тұсы – Лондонда жұмыс істейтін суретші Омар Даньял Бюйюктосунның фотожобасы. Ол ақ -қара пленка мен үздіксіз экспозиция техникасы арқылы қаланың визуалды ырғақтарын зерттейді. «Street Layers» сериясында суретші қала көрінісінің фрагменттерін үсті-үстіне үйлестіре отырып, сәулет, уақыт пен жадының біртұтас визуалды ағында қалай  тоғысатынын көрсетеді.

Катя Школьниктың «Уақыт туралы Манифест» атты иммерсивті мультимедиялық инсталляциясы ұсынылады.

2025 жылдың 12 маусымынан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Катя Школьниктың «Уақыт туралы Манифест» атты иммерсивті мультимедиялық инсталляциясы ұсынылады.

Пресс-тур 11 маусым 15:00-де өтеді.

Бұл жаңашыл көрме дәстүрлі өнер түрлерінің шегінен шығып, келушілерге уақыт, адам назарын және өсіп келе жатқан виртуалды кеңістік арасындағы дамып келе жатқан қатынастар туралы ойлануға мүмкіндік береді, сонымен қатар тартымды және мультисенсорлы тәжірибе ұсынады.

«Бұл иммерсивті мультимедиялық инсталляция Уақыт ұғымын, қазіргі әлемдегі ең құнды ресурс ретінде, түсінуге бағытталған. Автор видео-перформанс және 3D art арқылы бүгінгі өмірдің ұстанымдары мен құндылықтарын түсіндіруге тырысады. Қазіргі заманғы адамды бізге қарапайым көрінетін мәселелерге назар аударуға шақырады, бүгінгі күнді қалай өткізуіміз керек деген көзқарастарды қайта ойластыруға талпынады», – деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің директоры Жұмабекова Гулаим Мұсағұловна.

«Су жолы: мұз, өзендер және шөлдер тарихы» атты Халықаралық фотокөрмесі ашылады.

2025 жылғы 5 маусымынан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Су жолы: мұз, өзендер және шөлдер тарихы» атты Халықаралық фотокөрмесі ашылады.

Көрмеге әлемнің әр түкпірінен 22 фотографтың су ресурстарының біртіндеп жойылуы тақырыбына арналған фотосуреттері ұсынылған. «Бұл көрменің мақсаты – қазіргі заман өкілдерінің назарын осы маңызды мәселеге аудару. Мұздықтардың, қар мен мұздың климаттық жүйедегі өмірлік маңызы туралы түсініктерді арттыру, сондай-ақ олардың жылдам еруінің болашақтағы салдарлары туралы түсінік беру», - деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлайым Мұсағұлқызы Жұмабекова.