Оқиғалар

Жыл сайын өтетін дәстүрлі «Музей түні - 2025» мәдени-білім беру акциясы, сағат 14:00-00:00 ұйымдастырылады. Биылғы іс-шара ұлт өнерінің қарашаңырағы саналатын музейдің 90 жылдық мерейтойы аясында өтеді.

2025 жылғы 18 мамырда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық музей күніне орай жыл сайын өтетін дәстүрлі «Музей түні - 2025» мәдени-білім беру акциясы, сағат 14:00-00:00 ұйымдастырылады. Биылғы іс-шара ұлт өнерінің қарашаңырағы саналатын музейдің 90 жылдық мерейтойы аясында өтеді.

Кештің тақырыбы — «Өзгермелі әлемдегі дәстүр мен заманауилық». Іс-шараның стилистикалық бағыты — винтаж эстетикасы.

* Демеуші - DAMIANI зергерлік үйі

Қазақстандық дарынды суретші, кескіндеме магистрі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Индира Бадамбаеваның «Мәңгілік көктем» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

2025 жылдың 14 мамырында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық дарынды суретші, кескіндеме магистрі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Индира Бадамбаеваның «Мәңгілік көктем» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

 

«Мәңгілік көктем» – Индира Бадамбаеваның көрерменге жол тартатын бесінші дербес көрмесі. Бұл – көктем мезгіліне арналған, табиғатты тірі және нұрлы кеңістік ретінде қабылдау идеясын жалғастыратын ерекше туынды.

Индира Бадамбаева – кескіндеме және графика саласында жұмыс істейтін көп қырлы дарын иесі. Оның стилі академиялық мектептің, табиғатқа рухани категория ретінде қызығушылықтың және жарыққа деген ұмтылыстың тоғысқан жерінде қалыптасқан. Суретші пейзаж бен натюрмортқа да, мифологиялық бейнелер мен форманың ішкі қозғалысы оқылатын тұжырымдамалық сериялар жасауға да қызығушылық танытады.

Светлана Александровна Полянскаяның «Көңіл күй симфониясы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 13 мамырында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Светлана Александровна Полянскаяның «Көңіл күй симфониясы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияға 60-тан астам кескіндеме және графика туындылары қойылады.

 

Светлана Полянская Алматы қаласында дүниеге келген. Ол 76 жасында шығармашылыққа шын мәнінде қызығушылық танытып, өнерге ерекше көңіл бөле бастады. Суретші қала пейзаждарын, натюрморт мен портреттерді орындау үшін, майлы бояу және акварель техникаларын пайдаланады. 2024 жылы Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде «Дебют» атты алғашқы жеке көрмесі өтті. Сол жылы С.А. Полянская Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде ұйымдастырылған «Көктемгі рапсодия» атты қалалық көрмесіне қатысты.

Алматы қаласы Білім басқармасының «Өнер мектебі» ҚМҚК-ның ұйымдастыруымен, «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілердің Республикалық байқауы көрмесінің қалалық кезеңі өтеді.

13-мамыр 2025-жылы сағат 10:00-де Әбілхан Кастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан 137), Алматы қаласы Білім басқармасының «Өнер мектебі» ҚМҚК-ның ұйымдастыруымен, «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілердің Республикалық байқауы көрмесінің қалалық кезеңі өтеді.

22-сәуірде Орталық көрме залында Алматы қаласы бойынша аудандық кезеңдердің жеңімпаздары арасында өткен байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқауға 12-17 жас аралығындағы балалар қатысты.

   Байқау жұмыстарын бағалау кезінде тақырып пен идея тереңдігі, мағынасы мен көркемдік шеберлігі, күрделілік деңгейі, түпнұсқа пен әсерлілік, композициялық құрылым, түстік шешіммен қатар, шығармашылық тәсіл ескерілді. Байқаудың мақсаты – жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарларын ынталандыру. Байқаудың міндеті – жас суретшілерде эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерді қалыптастыру, әлемдік және отандық өнер дәстүрлеріне жеке қызығушылықтарын ояту болып табылады.

Жыл сайынғы музей қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты көрмесі ашылады. Көрме Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына және 18 мамыр – дүниежүзілік музей күніне арналады.

2025 жылы 12 мамырында сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан 137) жыл сайынғы музей қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты көрмесі ашылады. Көрме Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына және 18 мамыр – дүниежүзілік музей күніне арналады.

Музей қызметкерлерінің «Көктем нұры» көрмесі жақсы дәстүрге айналып, 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Экспозицияда 180-нен астам жұмыстар ұсынылған. Бұл кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары. Аталмыш көрмеге 33 суретші қатысуда.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі өтуде.

🔸Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияға автордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі.

🎥Бейнебаян: Abai TV телеарнасы

⚜️ В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит юбилейная выставка мастера кисти, художника-педагога Серикбая Альжана «Размышления художника».

🔸 Выставка представляет собой содержательное художественное пространство, обобщающее многолетний творческий путь художника и соединяющее национальный дух с художественным мышлением. В экспозицию включены пейзажи автора, отражающие красоту природы, композиции на историческую тематику, портреты, а также живописные и графические произведения на национальные сюжеты. В каждом произведении отчётливо ощущаются внутренний мир художника, его любовь к родной земле и глубокий философский смысл, характерный для казахского мировоззрения.

🎥 Видеосюжет: телеканал Abai TV ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі өтуде. 🔸Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияға автордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі. 🎥Бейнебаян: Abai TV телеарнасы ⚜️ В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит юбилейная выставка мастера кисти, художника-педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 🔸 Выставка представляет собой содержательное художественное пространство, обобщающее многолетний творческий путь художника и соединяющее национальный дух с художественным мышлением. В экспозицию включены пейзажи автора, отражающие красоту природы, композиции на историческую тематику, портреты, а также живописные и графические произведения на национальные сюжеты. В каждом произведении отчётливо ощущаются внутренний мир художника, его любовь к родной земле и глубокий философский смысл, характерный для казахского мировоззрения. 🎥 Видеосюжет: телеканал Abai TV ⚜️2026 жылдың 7–17 шілде күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші Александр Дильбазидің «Анар бағы» атты жеке көрмесі өтуде. 

🔺Бұл – автордың дүниетанымы мен философиялық көзқарасын кескіндеме тілі арқылы танытатын ауқымды халықаралық жоба. Көрменің бас демеушісі – КазКонтракт компаниясы.

🔺«Анар бағы» - жай ғана көрме емес, жылдар бойы өзгеріп, толығып, жаңа сипатқа ие болып келе жатқан, елдер мен мәдениеттерді, сондай-ақ көрермендерді өзара тоғыстыратын нағыз көркемдік жүйе.

🔺Алматы қаласы суретші Александр Дильбазидің шығармашылық өмірбаянында айрықша орын алады. Соңғы жиырма бес жыл ішінде суретші Алматыда біршама уақыт тұрып, шығармашылық қызметпен айналысты. Іле Алатауы бөктерінде орналасқан қаланың ерекше атмосферасы суретші үшін жан тыныштығының, терең ойдың және шығармашылық шабыттың қайнар көзіне айналды. 

🔺Алматыда оның іскерлік қызметі мен шығармашылық ізденісі тоғысады. Қала оның кәсіби жобаларын жүзеге асыратын кеңістік қана емес, достықтың, айрықша маңызға ие кездесулердің және мазмұнды шығармашылық сұхбаттардың мекеніне айналды.

🔺Сондықтан көрменің Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтуі ерекше мәнге ие. Алматыдағы бұл көрме суретшінің осы қаламен байланысқан көпжылдық жеке әрі шығармашылық тарихының заңды жалғасы болып табылады.

📌Көрмені ұйымдастырушылар барша өнерсүйер қауымды «Анар бағы» көрмесіне келіп, кескіндеме естелікке, ал естелік уақытпен үндескен жанды сұхбатқа айналатын ерекше көркем кеңістіктің бір бөлшегі болуға шақырады.
 
📍Көрме кураторы - Емангалиева К.А. ⚜️2026 жылдың 7–17 шілде күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші Александр Дильбазидің «Анар бағы» атты жеке көрмесі өтуде. 🔺Бұл – автордың дүниетанымы мен философиялық көзқарасын кескіндеме тілі арқылы танытатын ауқымды халықаралық жоба. Көрменің бас демеушісі – КазКонтракт компаниясы. 🔺«Анар бағы» - жай ғана көрме емес, жылдар бойы өзгеріп, толығып, жаңа сипатқа ие болып келе жатқан, елдер мен мәдениеттерді, сондай-ақ көрермендерді өзара тоғыстыратын нағыз көркемдік жүйе. 🔺Алматы қаласы суретші Александр Дильбазидің шығармашылық өмірбаянында айрықша орын алады. Соңғы жиырма бес жыл ішінде суретші Алматыда біршама уақыт тұрып, шығармашылық қызметпен айналысты. Іле Алатауы бөктерінде орналасқан қаланың ерекше атмосферасы суретші үшін жан тыныштығының, терең ойдың және шығармашылық шабыттың қайнар көзіне айналды. 🔺Алматыда оның іскерлік қызметі мен шығармашылық ізденісі тоғысады. Қала оның кәсіби жобаларын жүзеге асыратын кеңістік қана емес, достықтың, айрықша маңызға ие кездесулердің және мазмұнды шығармашылық сұхбаттардың мекеніне айналды. 🔺Сондықтан көрменің Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтуі ерекше мәнге ие. Алматыдағы бұл көрме суретшінің осы қаламен байланысқан көпжылдық жеке әрі шығармашылық тарихының заңды жалғасы болып табылады. 📌Көрмені ұйымдастырушылар барша өнерсүйер қауымды «Анар бағы» көрмесіне келіп, кескіндеме естелікке, ал естелік уақытпен үндескен жанды сұхбатқа айналатын ерекше көркем кеңістіктің бір бөлшегі болуға шақырады. 📍Көрме кураторы - Емангалиева К.А. 🎨 Қымбатты достар!

"Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымын қарсы алыңыз!

Бұл жолы жас гид Шарипов Баязит сіздерді Әбілхан Қастеев атындағы мемориалдық шығармашылық залға қызықты саяхатқа шақырады.

Сіздер қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ұлы суретші Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығымен жақынырақ танысып, оның өнер әлеміне қосқан өлшеусіз үлесі туралы қызықты мәліметтерге қанығасыздар.

✨ Бізбен бірге өнердің сырлы әлеміне саяхат жасап, жаңа әсер алыңыздар! 🎨 Қымбатты достар! "Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымын қарсы алыңыз! Бұл жолы жас гид Шарипов Баязит сіздерді Әбілхан Қастеев атындағы мемориалдық шығармашылық залға қызықты саяхатқа шақырады. Сіздер қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ұлы суретші Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығымен жақынырақ танысып, оның өнер әлеміне қосқан өлшеусіз үлесі туралы қызықты мәліметтерге қанығасыздар. ✨ Бізбен бірге өнердің сырлы әлеміне саяхат жасап, жаңа әсер алыңыздар! ⚜️7 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» көрмесі аясында дөңгелек үстел өтті.

🔹Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев, көрме суретшілері Азат Табиев, Әсел Тілеулен, Нұрболат Асқар, Абдурахман Тұрғын және музейдің ғылыми қызметкерлері қатысты.

🔸Кездесу барысында көрменің тұжырымдамасы, негізгі идеясы мен мазмұны таныстырылып, кураторлық презентация ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар көрменің көркемдік ерекшеліктері, мазмұндық сипаты және авторлар көтерген өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасты.

🔺Дөңгелек үстел мазмұнды пікір алмасуға арналған ашық алаңға айналып, туындыларды тереңірек зерделеуге және олардың қазіргі өнер үдерісіндегі маңызын жан-жақты пайымдауға мүмкіндік берді.

Дөңгелек үстелге қатысып, мазмұнды пікір алмасуға атсалысқан барша қонақтарға алғысымызды білдіреміз.

Көрмені ұйымдастырушы: QazArtConsult
Көрме кураторы: Рамина Дембаева

⚜️7 июля в Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева в рамках выставки «Действие семейного альбома» состоялся круглый стол.

🔹В мероприятии приняли участие советник Президента Республики Казахстан Малик Нуржанулы Отарбаев, художники выставки Азат Табиев, Асель Тлеулен, Нурболат Аскар, Абдурахман Тургын, а также научные сотрудники музея.

🔸В ходе встречи была представлена концепция выставки, раскрыты её основная идея и содержание, а также проведена кураторская презентация экспозиции. Участники обсудили художественные особенности проекта, его смысловое наполнение и актуальные темы, затронутые авторами, обменялись мнениями и профессиональными взглядами.

🔺Круглый стол стал открытой площадкой для содержательного диалога, позволив участникам глубже осмыслить представленные произведения и их значение в современном художественном процессе.

Благодарим всех участников за проявленный интерес, содержательную дискуссию и вклад в плодотворный обмен мнениями.

Организатор выставки: QazArtConsult
Куратор выставки: Рамина Дембаева ⚜️7 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» көрмесі аясында дөңгелек үстел өтті. 🔹Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев, көрме суретшілері Азат Табиев, Әсел Тілеулен, Нұрболат Асқар, Абдурахман Тұрғын және музейдің ғылыми қызметкерлері қатысты. 🔸Кездесу барысында көрменің тұжырымдамасы, негізгі идеясы мен мазмұны таныстырылып, кураторлық презентация ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар көрменің көркемдік ерекшеліктері, мазмұндық сипаты және авторлар көтерген өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. 🔺Дөңгелек үстел мазмұнды пікір алмасуға арналған ашық алаңға айналып, туындыларды тереңірек зерделеуге және олардың қазіргі өнер үдерісіндегі маңызын жан-жақты пайымдауға мүмкіндік берді. Дөңгелек үстелге қатысып, мазмұнды пікір алмасуға атсалысқан барша қонақтарға алғысымызды білдіреміз. Көрмені ұйымдастырушы: QazArtConsult Көрме кураторы: Рамина Дембаева ⚜️7 июля в Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева в рамках выставки «Действие семейного альбома» состоялся круглый стол. 🔹В мероприятии приняли участие советник Президента Республики Казахстан Малик Нуржанулы Отарбаев, художники выставки Азат Табиев, Асель Тлеулен, Нурболат Аскар, Абдурахман Тургын, а также научные сотрудники музея. 🔸В ходе встречи была представлена концепция выставки, раскрыты её основная идея и содержание, а также проведена кураторская презентация экспозиции. Участники обсудили художественные особенности проекта, его смысловое наполнение и актуальные темы, затронутые авторами, обменялись мнениями и профессиональными взглядами. 🔺Круглый стол стал открытой площадкой для содержательного диалога, позволив участникам глубже осмыслить представленные произведения и их значение в современном художественном процессе. Благодарим всех участников за проявленный интерес, содержательную дискуссию и вклад в плодотворный обмен мнениями. Организатор выставки: QazArtConsult Куратор выставки: Рамина Дембаева ⚜️Қастеев музейіндегі АҚШ тарихы: Алматыда бірегей цифрлық көрме өтуде

Көрмеге 80-нен астам туынды ұсынылған. Олардың қатарында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойған қайраткерлердің портреттері мен Америка мемлекетінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларға қатысты материалдар бар. Әрбір туындыға биографиялық карточкада орналастырылған QR-код арқылы қолжетімді интерактивті бейнематериал қоса берілген.

 Көрме 2026 жылдың 9 шілдесіне дейін жалғасады.

✨Бейнебаян үшін «Almaty.Tv» телернасына алғысымызды білдіреміз.

⚜️История США в Музее искусств имени Кастеева: в Алматы проходит уникальная цифровая выставка

На выставке представлено более 80 экспонатов, среди которых — портреты деятелей, подписавших Декларацию независимости США, а также материалы, посвящённые ключевым историческим событиям, сыгравшим важную роль в становлении американского государства. Каждый экспонат сопровождается интерактивным видеоматериалом, доступным по QR-коду, размещённому на биографической карточке.

Выставка продлится до 9 июля 2026 года.

✨ Выражаем благодарность телеканалу Almaty.tv за подготовку видеосюжета. ⚜️Қастеев музейіндегі АҚШ тарихы: Алматыда бірегей цифрлық көрме өтуде Көрмеге 80-нен астам туынды ұсынылған. Олардың қатарында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойған қайраткерлердің портреттері мен Америка мемлекетінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларға қатысты материалдар бар. Әрбір туындыға биографиялық карточкада орналастырылған QR-код арқылы қолжетімді интерактивті бейнематериал қоса берілген. Көрме 2026 жылдың 9 шілдесіне дейін жалғасады. ✨Бейнебаян үшін «Almaty.Tv» телернасына алғысымызды білдіреміз. ⚜️История США в Музее искусств имени Кастеева: в Алматы проходит уникальная цифровая выставка На выставке представлено более 80 экспонатов, среди которых — портреты деятелей, подписавших Декларацию независимости США, а также материалы, посвящённые ключевым историческим событиям, сыгравшим важную роль в становлении американского государства. Каждый экспонат сопровождается интерактивным видеоматериалом, доступным по QR-коду, размещённому на биографической карточке. Выставка продлится до 9 июля 2026 года. ✨ Выражаем благодарность телеканалу Almaty.tv за подготовку видеосюжета. ✨Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі барша қазақстандықтар мен Астана тұрғындарын Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

🔹Тәуелсіздігіміздің айғағы, береке-бірлігіміздің ұйытқысы, сәулеті мен көркемдігі үйлескен елордамыз – елдігіміздің бойтұмарына айналған қастерлі шаһар.

Бүгінде Сарыарқа төрінде орналасқан бас қаламыз әлемдік деңгейдегі маңызды диалог алаңына айналып, келбеті күн сайын көркейіп, қазақ елінің жетістігі мен рухын әлемге танытып келеді.

Отанымыздың жүрегі – ару Астананың мерейі үстем, мәртебесі биік, жұлдызы әрдайым жарқырай берсін!

👏Мереке құтты болсын! 

✨Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева поздравляет всех казахстанцев и жителей столицы с государственным праздником — Днем столицы!

🔸Столица нашей страны — гордость казахстанцев, символ независимости, суверенитета, стабильности и устойчивого развития государства.

Образ Астаны несет в себе глубокий политический, исторический и духовный смысл. Сегодня столица Казахстана по праву занимает достойное место среди мировых столиц, являясь центром экономической, культурной и общественной жизни страны.

В этот праздничный день желаем всем мира, добра, благополучия, новых достижений и успехов во благо нашей Родины — Республики Казахстан!

👏Пусть наша столица процветает, становится еще красивее и современнее, а в каждом доме царят счастье, согласие и благополучие. ✨Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі барша қазақстандықтар мен Астана тұрғындарын Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды! 🔹Тәуелсіздігіміздің айғағы, береке-бірлігіміздің ұйытқысы, сәулеті мен көркемдігі үйлескен елордамыз – елдігіміздің бойтұмарына айналған қастерлі шаһар. Бүгінде Сарыарқа төрінде орналасқан бас қаламыз әлемдік деңгейдегі маңызды диалог алаңына айналып, келбеті күн сайын көркейіп, қазақ елінің жетістігі мен рухын әлемге танытып келеді. Отанымыздың жүрегі – ару Астананың мерейі үстем, мәртебесі биік, жұлдызы әрдайым жарқырай берсін! 👏Мереке құтты болсын! ✨Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева поздравляет всех казахстанцев и жителей столицы с государственным праздником — Днем столицы! 🔸Столица нашей страны — гордость казахстанцев, символ независимости, суверенитета, стабильности и устойчивого развития государства. Образ Астаны несет в себе глубокий политический, исторический и духовный смысл. Сегодня столица Казахстана по праву занимает достойное место среди мировых столиц, являясь центром экономической, культурной и общественной жизни страны. В этот праздничный день желаем всем мира, добра, благополучия, новых достижений и успехов во благо нашей Родины — Республики Казахстан! 👏Пусть наша столица процветает, становится еще красивее и современнее, а в каждом доме царят счастье, согласие и благополучие.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ