2025 жылдың 12 маусымынан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Катя Школьниктың «Уақыт туралы Манифест» атты иммерсивті мультимедиялық инсталляциясы ұсынылады.
Пресс-тур 11 маусым 15:00-де өтеді.
Бұл жаңашыл көрме дәстүрлі өнер түрлерінің шегінен шығып, келушілерге уақыт, адам назарын және өсіп келе жатқан виртуалды кеңістік арасындағы дамып келе жатқан қатынастар туралы ойлануға мүмкіндік береді, сонымен қатар тартымды және мультисенсорлы тәжірибе ұсынады.
«Бұл иммерсивті мультимедиялық инсталляция Уақыт ұғымын, қазіргі әлемдегі ең құнды ресурс ретінде, түсінуге бағытталған. Автор видео-перформанс және 3D art арқылы бүгінгі өмірдің ұстанымдары мен құндылықтарын түсіндіруге тырысады. Қазіргі заманғы адамды бізге қарапайым көрінетін мәселелерге назар аударуға шақырады, бүгінгі күнді қалай өткізуіміз керек деген көзқарастарды қайта ойластыруға талпынады», – деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің директоры Жұмабекова Гулаим Мұсағұловна.
Катя Школьник ұсынған экспозиция екі өзара байланысты бөліктен тұрады. Біріншісі – «Уақыт туралы Манифест» авторлық интерпретациясының видео-перформансы. Екіншісі – 3D видео-арт, мұнда Манифесттің негізгі идеяларының аллегориялық интерпретациясы ұсынылған. Бұл иммерсивті тәжірибенің ажырамас бөлігі – электроакустикалық инсталляция. Барлығы бірге физикалық және виртуалды арасындағы шекараларды жойып, көрермендерді суретшінің көзқарасына тереңірек тартатын орта құрады.
«Уақыт туралы Манифест» – адамзаттың сандық болмысына сыни зерттеу жүргізу, біздің назарымыздың құндылығы, виртуалды кеңістікдегі уақыт экономикасы және сандық әлемде қатысу мен тұрақтылықты анықтау мәселелерін көтеретін маңызды сұрақтар. Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде ұсынылған иммерсивті мультимедиялық инсталляция осы идеялармен эмоционалдық және интеллектуалдық деңгейде өзара әрекеттесудің бірегей мүмкіндігін ұсынады, заманауи көркемдік өзін-өзі білдіру шекараларын кеңейтеді.
«Мен Манифестте жазғандардың барлығын терең сезіндім және оны бөлісуде жауапкершілікті сеземін. Уақыт туралы Манифест – бұл жалпы адамдарға емес, әрбір жеке адамға арналған, өйткені уақыт, ақырында, әркімнің қолында бар жалғыз нәрсе», – дейді Катя Школьник. «Біз қанмен ағып жатқандай, уақытпен ағып барамыз және бұл – осы жобаның визуалды шешімінің кілті».
Редакторлар үшін анықтама:
Уақыт туралы манифест / Manifesto on Time
Суретші: Катя Школьник
3D графика: Борис Мишарин
Композиторлар: Алла Загайкевич, Майло МакКиннон
Бейнемазмұн: София Иванова-Кожевникова, Катерина Каденюк, Катя Школьник
Бейнемонтаж: Катя Школьник
Арт-директор: Олена Зайцева
КатяШкольник
1972- жылы Қазақстанда дүниеге келген. Ядролық физика мамандығы бойынша жоғары білім алғаннан кейін, ол шығармашылық жолын бастады. 2007-жылы ол толықтай өмірін өнер мансабына арнады, табиғат суреттерімен айналыса бастады. Оның алғашқы жұмыстары Африканың таза сұлулығы мен мәнін-мағынасын түсіріп, Танзания, Оңтүстік Африка, Ботсвана, Зимбабве және Намибиядағы көптеген сапарларынан кейін пайда болды.
Уақыт өте келе, Школьниктың өнер тәжірибелері дәстүрлі фотография шеңберінен шығып, аралас техникалар мен фотографиялық элементтерді ірі композицияларға интеграциялауға айналды. Суретші үшін камера тек фиксациялау құралы емес, шығармашылықтың негізі болып табылды. Бұл эволюция оның концептуалды өнерге көшуін білдіреді. Онда ол Уақыт, Шексіздік және Кванттық әлем сияқты абстрактылы ұғымдарды терең және үздіксіз зерттейді, сондай-ақ осы материалдық емес ұғымдарды сезімтал физикалық әлемге айналдыруға тырысады.
Школьниктың жұмыстары халықаралық деңгейде танылды, әлемнің әр түрлі жерлерінде жеке және топтық көрмелерде көрсетілді. Маңызды көрмелердің қатарында — Мәскеу қазіргі өнер музейі (2014), Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі (2011, 2015) және Лондондағы Саatchi Gallery-да START Art Fair аясында (2018, 2019) бар. Суретші сонымен қатар, бес өнер күнтізбесінің (2009-2013), «Джаздың түстері» фотокітабының (2010) және «Идентификация Ж» кітабына иллюстрациялардың авторы.
«Уақыт туралы манифест» көрмесі — К. Школьниктың Уақыттың көп қырлы табиғатын жеті жыл бойы зерттеуінің нәтижесі. 2024- жылдың ақпанында терең түсінік сәтінде пайда болған бұл жұмыс сериясы соңғы уақытта өнерде пайда болған жаңа құралдарды пайдаланады. Бейне, 3D анимация, Жасанды Интеллектпен диалог негізінде жасалған, айнадай орта және иммерсивті дыбыс ландшафттары, көрермендерді виртуалды дәуірдің дамып келе жатқан ландшафтында ең құнды ресурсы — Уақыт туралы сыни ойлауға тарту үшін жасалған.
Иммерсивті мультимедиялық инсталляциясы 2025 жылдың 11 шілдесіне дейін жалғасады