Оқиғалар

«Мәдени эвакуация»

Оксана Танскаяның «Мәдени эвакуация» атты авторлық дәрісіне шақырамыз. Іс-шара Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған.

Дәріс барысында Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Алматы қаласының тарихы сөз болады. Сол жылдары Алматы бүкілодақтық тылға айналып, эвакуацияның ірі орталығы ретінде қарқынды дамып, нағыз «мәдени төңкерісті» бастан өткерді.

Дәріс барысында:

* «ауыл қалайша астанаға айналды» деген сұраққа жауап іздейміз;

* Алматыдағы «сұр квартал» мен Бродвейдің орналасуын анықтаймыз;

* ⁠соғыс жылдары қаламыз неліктен «Кеңестік Голливуд» аталғанын білеміз;

* Мосфильм және Ленфильм студиялары түсірген фильмдерді еске аламыз;

* Мәскеу мен Ленинградтан келген зиялы қауым өкілдері тұрған үйлер туралы сөз қозғаймыз;

* М. Әуезов, С. Эйзенштейн, М. Зощенко, Л. Орлова, Ю. Домбровский, М. Зверев, Ғ. Мүсірепов сынды мәдениет қайраткерлері жайлы әңгімелесеміз.

8 мамыр, сағат 14:00

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің конференц-залы

Кіру құны – 1000 теңге (билетке музейге кіру құны кіреді).

Дәріс орыс тілінде өтеді.

Instagram ресми парақшасы