Оқиғалар

Дискурс Ходжикова

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Замана айғағы. Жұлдызды есімдер. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қожықовтар әулеті» тақырыбындағы дискурс өтеді.

Аталған кездесу Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында өткізіліп, Қазақстанның шығармашылық зиялыларының ел тарихы мен рухани өміріне қосқан үлесін тереңірек танып-білуге бағытталған.

Жоба Қожықовтар әулетінің бай әрі көпқырлы мұрасын арқау етеді. Бұл – бейнелеу өнері, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, театр мен кино салаларында өзіндік із қалдырған айтулы әулет. Сыр бойынан шыққан бұл отбасы ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуына елеулі үлес қосып, өз туындыларымен қазақ өнерінің алтын қорын толықтырды.

Кездесу барысында әулет басшысы Қонырқожа Қожықовтың тұлғасына айрықша назар аударылады. Ол – ағартушылық жолын ту еткен ұстаз, өлке тарихын зерттеген ғалым әрі қоғам қайраткері. Саналы ғұмырын білім беру саласын өркендетуге, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық сананы қалыптастыруға арнады. ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық өзгерістердің бел ортасында жүріп, ел үшін маңызды мәдени-ағартушылық бастамалардың ұйытқысы болды.

Сондай-ақ алғашқы қазақ әйел суретшілерінің бірі Латифа Қожықованың шығармашылық жолы кеңінен сөз болады. Сәндік-қолданбалы өнер мен театр костюмінің шебері ретінде ол ұлттық нақышты терең игеріп, қазақ сахна өнерінің қалыптасуына елеулі үлес қосты.

Әулет ұлдарының тағдыры да назардан тыс қалмайды. Олар әрқайсысы өнердің әр саласында танылып, тағдыр тәлкегіне төтеп бере білді. Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңдері олардың өмір жолынан да айқын көрініс тапты.

Қожахмет Қожықов – қазақ бейнелеу өнерінің бастауында тұрған суретші, карикатурашы әрі график. Жастайынан халық қолөнеріне ден қойып, Ташкент пен Мәскеуде (ВХУТЕМАС) білім алды. Театр мен баспасөз саласында еңбек етті. 1937 жылғы қуғын-сүргін оның тағдырына ауыр із қалдырды. Соған қарамастан, кейін шығармашылығын жалғастырып, «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарып, әдеби туындылар мен эпостарды көркемдеді. Оның еңбектерінен халық өмірінің тынысы мен айқын бейнелер көрініс табады.

Құлахмет Қожықов – Ұлы Отан соғысының майдангері, театр және кино суретшісі, өнер зерттеушісі. Ол Қазақстандағы сахналық безендіру өнері мен ұлттық кинематографияның дамуына тың серпін берді. 1930 жылдардың басынан Қазақ драма театрында суретші-безендіруші болып еңбек етіп, жиырмадан астам спектакльдің көркемдік шешімін жасады. Солардың қатарында Мұхтар Әуезов жоғары бағалаған Еңлік – Кебек қойылымы да бар. Соғыс жылдары майданға өз еркімен аттанып, кейін Біріккен орталық киностудияға шақырылып, алғашқы қазақ фильмдерін жасауға қатысты, кеңестік киноның жетекші шеберлерімен бірге жұмыс істеді. Кейін ұлттық кино қорына енген бірқатар маңызды фильмдердің қоюшы-суретшісі болды. Оның шығармашылық қызметінде кітап графикасы, қазақ ою-өрнегін зерттеу, сондай-ақ Алматыдағы халықтық қолданбалы өнер музейін ұйымдастыру мен дамыту ісі айрықша орын алады. Бұл музейдің алғашқы директоры да өзі болған.

Нұрахмет Қожықов – Ұлы Отан соғысының майдангері, мүсінші-монументалист, қазақ кәсіби мүсін өнерінің алғашқы өкілдерінің бірі. Оның туындылары соғыс кезеңінің қаһармандығы мен қасіретін терең бейнелейді. Майданда ауыр жарақат алғанына қарамастан, өнерден қол үзбей, рух күші мен терең сезімге толы еңбектерін дүниеге әкелді.

Сұлтанахмет Қожықов – Ұлы Отан соғысының майдангері, көрнекті кинорежиссер, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Соғыстан кейін Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтында білім алып, шығармашылық жолын «Қазақфильм» киностудиясымен байланыстырды. Осы студияда режиссерден бастап көркемдік жетекші деңгейіне дейін өсті. Тарихи әрі заманауи тақырыптарды арқау еткен фильмдердің авторы ретінде ұлттық кино өнерінің өркендеуіне зор үлес қосты. Оның шығармашылығының шыңы – Қыз Жібек киноэпосы. Бұл туындыда киноның поэтикалық тілі арқылы тарихи оқиғалар, қоғамдық үдерістер мен қазақ халқының рухани әлемі көркем бейнеленеді. Оның еңбектеріне дәуір тынысын дәл сезіну мен дәстүрлі мәдениетті терең пайымдау тән.

Әулет тарихы зобалаң кезеңдермен де сабақтаса өрілген. Әулет басшысы Қонырқожа Қожықов қуғын-сүргінге ұшырап, атылды. Бұл оқиға отбасы үшін орны толмас қайғы болып, ұрпақтарының тағдырына ауыр із қалдырды.

Отбасы шежіресінде Гүлжаухар Айыпқызы Шомбалованың да орны ерекше. Ол – музыкатанушы, өнертану кандидаты, кәсіби қазақ пианистерінің алғашқыларының бірі. Ұлы Отан соғысы жылдары Қиыр Шығыста кеңес жауынгерлерінің алдында өнер көрсетіп, қазақ композиторларының шығармаларын және Абай Құнанбайұлы әндерін орындады. Қазақ музыкасының тарихы мен теориясына арналған ғылыми еңбектері ұлттық өнертанудың дамуына елеулі үлес қосты.

Іс-шара бағдарламасына мыналар кіреді:

отбасы мүшелерінің соғыс жылдарындағы тағдыры мен олардың Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі туралы баяндама;

әулеттің Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі мәдени мұрасымен таныстыру;

көркем эскиздер мен графикалық жұмыстар көрмесі.

Кездесудің мәнін арттыра түсетін жайт – спикер Қожықова Сәуле Құлахметқызының қатысуы. Ол жеке естеліктерімен бөлісіп, отбасылық мұрағаттағы құнды деректер мен сирек куәліктерді ұсынады. Бұл материалдар әулеттің рухани әрі шығармашылық әлемін тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Бұл шара ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын мазмұнды алаңға айналып, тарихи жадты сақтаудағы өнердің рөліне жаңа қырынан қарауға жол ашады. Соғыс дәуірімен тағдыры тығыз байланысқан жандардың өмірі мен шығармашылығы арқылы өткенге терең үңілуге мүмкіндік береді.

 

Дискурс 2026 жылдың 4 мамырында сағат 10:30-да өтеді.

 

 

 

Модератор – Ажмадина А.А.,

«Қазақстанның бейнелеу өнері»

бөлімінің ғылыми қызметкері

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
🖌️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі өтуде.

🖼️Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. 
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.

Бейнебаян үшін "Абай ТV" телеарнасына алғысымызды білдіреміз. 🖌️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі өтуде. 🖼️Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. Бейнебаян үшін "Абай ТV" телеарнасына алғысымызды білдіреміз. ✨Қымбатты достар, "Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымында жас guide Шорман Ерсұлтан сендерді Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі сәндік-қолданбалы өнер залындағы қазақтың дәстүрлі ат әбзелдері әлеміне саяхатқа шақырады.

Ат әбзелдері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ер-тұрман, жүген және басқа да атқа қатысты бұйымдардың тарихы мен ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтермен танысып, ұлттық мұрамыздың терең мәнін бірге ашайық.

🐎 Ұлттық құндылықтарымызды танып-білуге шақырамыз! ✨Қымбатты достар, "Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымында жас guide Шорман Ерсұлтан сендерді Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі сәндік-қолданбалы өнер залындағы қазақтың дәстүрлі ат әбзелдері әлеміне саяхатқа шақырады. Ат әбзелдері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ер-тұрман, жүген және басқа да атқа қатысты бұйымдардың тарихы мен ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтермен танысып, ұлттық мұрамыздың терең мәнін бірге ашайық. 🐎 Ұлттық құндылықтарымызды танып-білуге шақырамыз! ⚜️10 маусым күні Австрияда MuseumsQuartier Wien халықаралық арт-резиденциясы аясында жүзеге асқан жоба көпшілікке таныстырылды. Жобаны Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Шетел өнері бөлімінің ғылыми қызметкерлері Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар әзірледі. 

🔹Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар Австрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан шақырылған кураторлар ретінде бағдарламаға қатысуда. Жоба қазақ ою-өрнектерінің символикасын зерттеп, оны музейлік және заманауи көркем тәжірибелер арқылы қайта пайымдауға бағытталған. Жұмыс Вена Дүниежүзілік музейімен серіктестікте атқарылуда.

⚜️10 июня в Австрии состоялась презентация проекта научных сотрудников Зарубежного искусства Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Кусаиновой Бибигуль и Азат Дидар, реализуемого в рамках международной арт-резиденции MuseumsQuartier Wien.

🔹Бибигуль Кусаинова и Азат Дидар принимают участие в программе в качестве приглашённых кураторов из Казахстана при поддержке Федерального министерства европейских и международных дел Австрии. Проект посвящён исследованию символики казахских орнаментов и её современному осмыслению через музейные и художественные практики. Проект реализуется в сотрудничестве со Всемирным музеем Вены. ⚜️10 маусым күні Австрияда MuseumsQuartier Wien халықаралық арт-резиденциясы аясында жүзеге асқан жоба көпшілікке таныстырылды. Жобаны Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Шетел өнері бөлімінің ғылыми қызметкерлері Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар әзірледі. 🔹Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар Австрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан шақырылған кураторлар ретінде бағдарламаға қатысуда. Жоба қазақ ою-өрнектерінің символикасын зерттеп, оны музейлік және заманауи көркем тәжірибелер арқылы қайта пайымдауға бағытталған. Жұмыс Вена Дүниежүзілік музейімен серіктестікте атқарылуда. ⚜️10 июня в Австрии состоялась презентация проекта научных сотрудников Зарубежного искусства Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Кусаиновой Бибигуль и Азат Дидар, реализуемого в рамках международной арт-резиденции MuseumsQuartier Wien. 🔹Бибигуль Кусаинова и Азат Дидар принимают участие в программе в качестве приглашённых кураторов из Казахстана при поддержке Федерального министерства европейских и международных дел Австрии. Проект посвящён исследованию символики казахских орнаментов и её современному осмыслению через музейные и художественные практики. Проект реализуется в сотрудничестве со Всемирным музеем Вены. ⚜️2026 жылдың 16 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылды. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады.

🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді.

🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді.

▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші.

📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–19:00
Демалыс күні: дүйсенбі
📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️2026 жылдың 16 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылды. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады. 🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді. 🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді. ▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші. 📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–19:00 Демалыс күні: дүйсенбі 📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі өтуде. 

🔹Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді.

✨ Сіздерді өнер туындыларымен жүздесіп, әр картинаның астарындағы сезім мен ойды бірге сезінуге, суретшілердің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге шақырамыз!

📍Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00.
Демалыс күні: дүйсенбі

⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит Республиканская выставка «Жанасу II - Соприкосновение II». 

🔹В экспозиции соседствуют камерные натюрморты, городские и степные пейзажи, метафорические сюжетные композиции. Эти работы отражают не просто техническую свободу, а личные поиски художников, их способность уловить сложные и ускользающие состояния окружающего мира.

✨ Приглашаем вас встретиться с искусством, почувствовать эмоции и смыслы, скрытые в каждой работе, и погрузиться в особую атмосферу!

📍Выставка продлится до 25 июня 2026 года
Время работы: 10.00 – 19.00. Выходной: понедельник ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі өтуде. 🔹Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді. ✨ Сіздерді өнер туындыларымен жүздесіп, әр картинаның астарындағы сезім мен ойды бірге сезінуге, суретшілердің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге шақырамыз! 📍Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00. Демалыс күні: дүйсенбі ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит Республиканская выставка «Жанасу II - Соприкосновение II». 🔹В экспозиции соседствуют камерные натюрморты, городские и степные пейзажи, метафорические сюжетные композиции. Эти работы отражают не просто техническую свободу, а личные поиски художников, их способность уловить сложные и ускользающие состояния окружающего мира. ✨ Приглашаем вас встретиться с искусством, почувствовать эмоции и смыслы, скрытые в каждой работе, и погрузиться в особую атмосферу! 📍Выставка продлится до 25 июня 2026 года Время работы: 10.00 – 19.00. Выходной: понедельник ⚜️2026 жылдың 12 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
 
🔸Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған.

🔹Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған.

Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтті.
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.
 Куратор – А.Р. Ақылбекова
Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі ⚜️2026 жылдың 12 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. 🔸Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған. 🔹Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған. Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтті. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. Куратор – А.Р. Ақылбекова Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ