Оқиғалар

Қазақстандық суретші Нэлли Бубэнің «Мәдениет диалогы. Шығыс - Батыс» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 18 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші Нэлли Бубэнің «Мәдениет диалогы. Шығыс - Батыс» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді.

«Мәдениет диалогы. Шығыс - Батыс» көрмесі - қазақстандық суретшінің жарты ғасырдан астам шығармашылық жолын қамтитын ауқымды өнер жобасы. Экспозицияда кескіндеме, графика, коллаждар, объектілер мен станоктық туындылар ұсынылған. Барлық жұмыстарды өркениеттер, ұрпақтар және уақыт арасындағы үздіксіз диалог идеясы біріктіреді.

Көрмеге 80-нен астам шығарма қойылған. Автордың туындыларында үш негізгі тақырыптық желі анық байқалады: мәдени сабақтастық, экологиялық мәселелер және метафоралық тереңдік пен пластикалық көркемдікке толы Киелі кітап желілері. Барлық шығармалар авторлық орындау техникасында орындалған.

Нэлли Бубэ үшін «Шығыс - Батыс» – көпір емес, бір кеңістікте қатар өмір сүру ұғымы. Ұлы Жібек жолына арналған серия - географиялық карта емес, мәдени алмасу туралы поэтикалық шығарма, Еуропа, Азия мен Қытай халықтарының бейбіт бірлесе өмір сүру рухын жырлайтын көркем туынды. Символдық бейнелер мен композициялық шешімдерден бостандық идеясы мен рухани тәжірибенің ортақ табиғаты айқын сезіледі. Бұл тақырыптың көркемдік тұрғыдан ең мәнерлі шешімін табуға суретші 2002 жылдан бері шығармашылық ізденіс жүргізіп келеді. Аталмыш көрмеде «Ұлы Жібек жолының» бірнеше авторлық нұсқасының ішінен екі жұмысы ұсынылып отыр.

Одан бөлек, экспозицияда түркі халықтарының мәдени және рухани құндылықтарына арналған шығармалар да бар. «Сәукеле» композициясында онтологиялық үшқабатты әлем - жер асты, жер беті және аспан - архаикалық бас киімнің пішінінде тоғысып, болмыстың әмбебап моделіне айналады. «Қонақжайлық» атты туындыда үлкен қазан бейнеленген; оның айналасында қонақтар әңгімелесіп, той иелері мен қожайындар мерекелік әзірлік үстінде отырған сәтін көреміз. Бұл туындыда қазан - көшпелі өмір салтының ең асыл қонақжайлық дәстүрлерінің ғана емес, Қазақстанды мекендейтін халықтардың бірлігі мен ынтымағының да символы ретінде көрініс табады. «Қобыз» - қазақ музыкалық мәдениетінің нышаны, авторлық абстрактілі стилінде бейнеленген. «Қазақ қызы» портреті - көшпенді әйелдің жинақталған, символикалық бейнесі. Сондай-ақ көрмеде «Көпқырлы Азия» атты диптих қойылған. Онда Қазақстанды мекендейтін сан алуан ұлт өкілдерінің бейнелері топтастырылған. Бұл тақырып – автордың көп жылдан бергі шығармашылық қызығушылығының арқауында дамып келе жатқан бағыттарының бірі, ол көптеген портреттік нобайларда да ерекше көрінісін тапқан.

Экология тақырыбына арналған цикл - бұл планетаның жойылуына қарсы көркемдік үндеу. Экологиялық ескерту - нағыз көркемдік айқай! Сымдарға оратылған, металл үйінділеріне шырмалған, гипертрофияланған жануарлар бейнесі көрерменнің санасында өшпес әсер қалдырады. Суретші нақты заттармен - металл сынықтарымен, бұрандалармен, маталармен жұмыс істей отырып, техногендік қалдықтарды табиғаттың жоғалуы туралы метафизикалық пайымға айналдырады. Осы кезеңге жататын бірқатар туынды көрмеге енгізілген. Оның ішінде «Жалғыз құстың ұясы», «Жаңа ай» жұмыстары бар. Экологиялық циклдегі бұл жұмыстар кенепте акрил және май пастелімен орындалған, табиғаты жағынан түрлі түсті графикаға жатады.

Табиғатқа ұқыпты, жанашырлықпен қарауға үндеу – авторды көп жылдан бері толғандырып келе жатқан тақырып. Бұл қызығушылық алғаш рет 1997 жылы «Ұлар» галереясында өткен жеке көрмесінен бастау алған.

2019 жылы Солтүстік Кипр аумағындағы Никосия қаласында өткен симпозиумға қатысу барысында Нэлли Бубэ экологиялық тақырыпқа арналған 30 туынды жазды. Бүгінде бұл цикл Никосиядағы Биология және табиғаттану музейінің кеңістігін безендіріп тұр. Экологиялық тақырып әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Экспозицияда ерекше орын алатын бөлімнің бірі - Інжілдегі астарлы әңгімелер мен Ескі Өсиет сюжеттеріне арналған цикл. Бұл топтамадағы жұмыстарға суретші 1999 жылдан бері ден қойып келеді. Оның Інжіл тақырыбына арналған туындылары дәстүрлі канондық емес, шығыстық интерпретациясымен ерекшеленеді. Иса пайғамбар, пайғамбарлар мен елшілер – барлығы Орталық Азияға тән маталармен көмкерілген, өңірлік рәміздермен толықтырылған бейнеде ұсынылады. Мұндай көркемдік шешім бұл бейнелерді қазақ көрерменіне жақын әрі түсінікті етіп қана қоймай, оларды әмбебап деңгейге көтереді, өйткені рухани ақиқат географиялық шекараға бағынбайды. Суретшінің бұл циклдегі еңбектері Осло, Кристиансанн, Берген қалаларында көрмеге қойылып, халықаралық коллекциялар құрамына енген.

Сондай-ақ, көрмеде автордың ертеректегі кезеңдегі суреттері, нобайлары мен кітап иллюстрациялары да көрермен назарына ұсынылған.

Нэлли Бубэнің шығармашылығы – тірі, үнемі жаңарып, дамып отыратын форма; ол қоршаған дүниені қабылдап, онымен сұхбаттасып, көрерменге шабыт сыйлайтын қуатты көркемдік құбылыс. Оның картиналарынан көшпелі дәстүрлердің жаңғырығы, заманауи әлемнің алаңдаушылықтары мен рухани тепе-теңдікке ұмтылыс айқын сезіледі. Автор үшін «мәдениеттер диалогы» - бұл жай ғана риторикалық ұғым емес, көрерменді терең ойға жетелейтін өнер. Нэлли Бубэ жазып қана қоймайды, ол біздің әлеммен, болашақпен және әрқайсымызбен сұхбат құратын суретші.

Нэлли Витальевна Бубэ - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының және Қазақстан Республикасы Өнер академиясының мүшесі, Ресей Өнер академиясының құрметті шетелдік мүшесі. Нэлли Бубэ 1949 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1969 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, 1977 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факултетін тәмамдаған. Суретші көптеген қалалық, республикалық, халықаралық және жеке көрмелерге қатысқан.

Экспозиция 2025 жылдың 11 шілдесіне дейін жалғасады.

 

Көрме кураторлары - Ақылбекова А., Көпжүрсін А.

14
11
12
13

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
✨Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі барша қазақстандықтар мен Астана тұрғындарын Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

🔹Тәуелсіздігіміздің айғағы, береке-бірлігіміздің ұйытқысы, сәулеті мен көркемдігі үйлескен елордамыз – елдігіміздің бойтұмарына айналған қастерлі шаһар.

Бүгінде Сарыарқа төрінде орналасқан бас қаламыз әлемдік деңгейдегі маңызды диалог алаңына айналып, келбеті күн сайын көркейіп, қазақ елінің жетістігі мен рухын әлемге танытып келеді.

Отанымыздың жүрегі – ару Астананың мерейі үстем, мәртебесі биік, жұлдызы әрдайым жарқырай берсін!

👏Мереке құтты болсын! 

✨Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева поздравляет всех казахстанцев и жителей столицы с государственным праздником — Днем столицы!

🔸Столица нашей страны — гордость казахстанцев, символ независимости, суверенитета, стабильности и устойчивого развития государства.

Образ Астаны несет в себе глубокий политический, исторический и духовный смысл. Сегодня столица Казахстана по праву занимает достойное место среди мировых столиц, являясь центром экономической, культурной и общественной жизни страны.

В этот праздничный день желаем всем мира, добра, благополучия, новых достижений и успехов во благо нашей Родины — Республики Казахстан!

👏Пусть наша столица процветает, становится еще красивее и современнее, а в каждом доме царят счастье, согласие и благополучие. ✨Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі барша қазақстандықтар мен Астана тұрғындарын Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды! 🔹Тәуелсіздігіміздің айғағы, береке-бірлігіміздің ұйытқысы, сәулеті мен көркемдігі үйлескен елордамыз – елдігіміздің бойтұмарына айналған қастерлі шаһар. Бүгінде Сарыарқа төрінде орналасқан бас қаламыз әлемдік деңгейдегі маңызды диалог алаңына айналып, келбеті күн сайын көркейіп, қазақ елінің жетістігі мен рухын әлемге танытып келеді. Отанымыздың жүрегі – ару Астананың мерейі үстем, мәртебесі биік, жұлдызы әрдайым жарқырай берсін! 👏Мереке құтты болсын! ✨Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева поздравляет всех казахстанцев и жителей столицы с государственным праздником — Днем столицы! 🔸Столица нашей страны — гордость казахстанцев, символ независимости, суверенитета, стабильности и устойчивого развития государства. Образ Астаны несет в себе глубокий политический, исторический и духовный смысл. Сегодня столица Казахстана по праву занимает достойное место среди мировых столиц, являясь центром экономической, культурной и общественной жизни страны. В этот праздничный день желаем всем мира, добра, благополучия, новых достижений и успехов во благо нашей Родины — Республики Казахстан! 👏Пусть наша столица процветает, становится еще красивее и современнее, а в каждом доме царят счастье, согласие и благополучие. ⚜️Ұлттық домбыра күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің көркем залдарында түсірілген музыкалық-поэтикалық перформансты назарларыңызға ұсынамыз.

Ұлттық өнерімізді дәріптеп, қасиетті қара домбырамыздың үнін кеңінен насихаттау мақсатында әнші Венера Уразбекова домбырашы Шолпан Нугуманованың сүйемелдеуімен қазақтың халық әнін заманауи өңдеуде орындады.

Күй мен ән, поэзия мен бейнелеу өнері тоғысқан бұл жоба ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, төл мәдениетіміздің терең болмысын жаңа қырынан танытады.

⚜️В честь Национального дня домбры представляем вашему вниманию музыкально-поэтический перформанс, снятый в экспозиционных залах Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева.

С целью популяризации национального искусства и широкого прославления священной казахской домбры певица Венера Уразбекова в сопровождении домбристки Шолпан Нугумановой исполнила казахскую народную песню в современной аранжировке.

Этот проект, объединивший кюй и песню, поэзию и изобразительное искусство, раскрывает национальные ценности и позволяет по-новому взглянуть на глубину и богатство традиционной казахской культуры. ⚜️Ұлттық домбыра күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің көркем залдарында түсірілген музыкалық-поэтикалық перформансты назарларыңызға ұсынамыз. Ұлттық өнерімізді дәріптеп, қасиетті қара домбырамыздың үнін кеңінен насихаттау мақсатында әнші Венера Уразбекова домбырашы Шолпан Нугуманованың сүйемелдеуімен қазақтың халық әнін заманауи өңдеуде орындады. Күй мен ән, поэзия мен бейнелеу өнері тоғысқан бұл жоба ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, төл мәдениетіміздің терең болмысын жаңа қырынан танытады. ⚜️В честь Национального дня домбры представляем вашему вниманию музыкально-поэтический перформанс, снятый в экспозиционных залах Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева. С целью популяризации национального искусства и широкого прославления священной казахской домбры певица Венера Уразбекова в сопровождении домбристки Шолпан Нугумановой исполнила казахскую народную песню в современной аранжировке. Этот проект, объединивший кюй и песню, поэзию и изобразительное искусство, раскрывает национальные ценности и позволяет по-новому взглянуть на глубину и богатство традиционной казахской культуры. ⚜️ Ұлттық рухтың, төл мәдениетіміз бен бай мұрамыздың айшықты белгісі – Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

🔹 Домбыра – ғасырлар қойнауынан жеткен халқымыздың асыл қазынасы, ұлттың болмысын, тарихын, салт-дәстүрі мен дүниетанымын күй тілі арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан баға жетпес рухани мұра.

🔹 Ұлттық домбыра күні – ұлттық өнерімізді ұлықтап, мәдени құндылықтарымызды дәріптеуге, жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіруге және дәстүр сабақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды мереке.

Осынау айтулы күні әр шаңырақта күмбірлеген күйдің үні жаңғырып, халқымыздың рухы асқақтай берсін! Еліміздің бірлігі бекем, мерейі үстем болып, домбыраның қоңыр үні мәңгілік жаңғыра берсін!

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

⚜️ Поздравляем с Национальным днём домбры — символом национального духа, самобытной культуры и бесценного наследия!

🔸 Домбра — это голос веков, золотая нить, соединяющая прошлое и настоящее. В её звучании отражаются история, традиции, мировоззрение и душа народа, передаваемые из поколения в поколение.

🔸 Национальный день домбры — это важный праздник, призванный сохранять и популяризировать национальное искусство, воспитывать уважение к культурному наследию и укреплять преемственность поколений.

Пусть в этот знаменательный день в каждом доме звучат вдохновляющие мелодии кюев, наполняя сердца гордостью за родную землю, единством и любовью к своей культуре.

Пусть домбра всегда остаётся символом национального духа, а её благородное звучание прославляет казахский народ и его богатое культурное наследие!

С праздником —  с Национальным днём домбры! ⚜️ Ұлттық рухтың, төл мәдениетіміз бен бай мұрамыздың айшықты белгісі – Ұлттық домбыра күні құтты болсын! 🔹 Домбыра – ғасырлар қойнауынан жеткен халқымыздың асыл қазынасы, ұлттың болмысын, тарихын, салт-дәстүрі мен дүниетанымын күй тілі арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан баға жетпес рухани мұра. 🔹 Ұлттық домбыра күні – ұлттық өнерімізді ұлықтап, мәдени құндылықтарымызды дәріптеуге, жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіруге және дәстүр сабақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды мереке. Осынау айтулы күні әр шаңырақта күмбірлеген күйдің үні жаңғырып, халқымыздың рухы асқақтай берсін! Еліміздің бірлігі бекем, мерейі үстем болып, домбыраның қоңыр үні мәңгілік жаңғыра берсін! Ұлттық домбыра күні құтты болсын! ⚜️ Поздравляем с Национальным днём домбры — символом национального духа, самобытной культуры и бесценного наследия! 🔸 Домбра — это голос веков, золотая нить, соединяющая прошлое и настоящее. В её звучании отражаются история, традиции, мировоззрение и душа народа, передаваемые из поколения в поколение. 🔸 Национальный день домбры — это важный праздник, призванный сохранять и популяризировать национальное искусство, воспитывать уважение к культурному наследию и укреплять преемственность поколений. Пусть в этот знаменательный день в каждом доме звучат вдохновляющие мелодии кюев, наполняя сердца гордостью за родную землю, единством и любовью к своей культуре. Пусть домбра всегда остаётся символом национального духа, а её благородное звучание прославляет казахский народ и его богатое культурное наследие! С праздником — с Национальным днём домбры! ⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылу салтанаты өтті.

🔹Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі.

🔸Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады. 

🔺Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады.
 
📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult
Көрме кураторы – Рамина Дембаева ⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылу салтанаты өтті. 🔹Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі. 🔸Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады. 🔺Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады. 📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult Көрме кураторы – Рамина Дембаева ⚜️Домбыра – халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық болмысының ажырамас белгісі. Оның қоңыр үні ғасырлар бойы елдің тарихын, қуанышы мен мұңын, салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.

🔸Осы айтулы мерекеге орай назарларыңызға ұсынылып отырған бейнероликте музейіміздің аға есепшісі, ақын Грибенчикова Зоя Ивановна өзінің жүрек төрінен туған жыр шумақтарын оқиды. Поэзияның әсерлі үнін домбыраның қоңыр сазымен музейіміздің жетекші экскурсоводы, домбырашы Нугуманова Шолпан Мұхаметқалиқызы сүйемелдейді.

🔸Өнердің әр саласын тоғыстырған бұл музыкалық-поэтикалық перформанс ұлттық құндылықтарымызға тағзым етіп, домбыраның мәңгілік рухын, қазақ өнерінің терең тамыры мен рухани сабақтастығын дәріптеуге арналған.

⚜️Домбра — неотъемлемый символ духовного наследия и национальной самобытности казахского народа. Её глубокое, проникновенное звучание на протяжении веков бережно хранит и передаёт историю народа, его радости и печали, традиции и культурные ценности.

🔹В видеоролике, подготовленном к Национальному дню домбры, старший бухгалтер музея, поэтесса Грибенчикова Зоя Ивановна читает проникновенные строки собственного стихотворения. Музыкальное сопровождение на домбре исполняет ведущий экскурсовод музея, домбристка Нугуманова Шолпан Мухаметкалиевна, создавая гармоничное единство поэтического слова и звучания национального инструмента.

🔹Этот музыкально-поэтический перформанс, объединивший разные виды искусства, является данью уважения национальным ценностям и призван прославить вечный дух домбры — одного из главных символов казахской культуры.

@madeniet__aqparat__ministrligi
@aida_balayeva ⚜️Домбыра – халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық болмысының ажырамас белгісі. Оның қоңыр үні ғасырлар бойы елдің тарихын, қуанышы мен мұңын, салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. 🔸Осы айтулы мерекеге орай назарларыңызға ұсынылып отырған бейнероликте музейіміздің аға есепшісі, ақын Грибенчикова Зоя Ивановна өзінің жүрек төрінен туған жыр шумақтарын оқиды. Поэзияның әсерлі үнін домбыраның қоңыр сазымен музейіміздің жетекші экскурсоводы, домбырашы Нугуманова Шолпан Мұхаметқалиқызы сүйемелдейді. 🔸Өнердің әр саласын тоғыстырған бұл музыкалық-поэтикалық перформанс ұлттық құндылықтарымызға тағзым етіп, домбыраның мәңгілік рухын, қазақ өнерінің терең тамыры мен рухани сабақтастығын дәріптеуге арналған. ⚜️Домбра — неотъемлемый символ духовного наследия и национальной самобытности казахского народа. Её глубокое, проникновенное звучание на протяжении веков бережно хранит и передаёт историю народа, его радости и печали, традиции и культурные ценности. 🔹В видеоролике, подготовленном к Национальному дню домбры, старший бухгалтер музея, поэтесса Грибенчикова Зоя Ивановна читает проникновенные строки собственного стихотворения. Музыкальное сопровождение на домбре исполняет ведущий экскурсовод музея, домбристка Нугуманова Шолпан Мухаметкалиевна, создавая гармоничное единство поэтического слова и звучания национального инструмента. 🔹Этот музыкально-поэтический перформанс, объединивший разные виды искусства, является данью уважения национальным ценностям и призван прославить вечный дух домбры — одного из главных символов казахской культуры. @madeniet__aqparat__ministrligi @aida_balayeva ⚜️2026 жылдың 2 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылды.

🔸Қылқалам шеберінің шығармашылығында пейзаж жанры айрықша орын алады. Оның картиналарынан табиғатпен үндескен тыныштық, сыршыл көңіл күй мен терең ой аңғарылады. Әсіресе, қыс мезгіліне арналған пейзаждары көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Суретші табиғат көріністерін қарапайым бейнелеп қана қоймай, оны адамның рухани әлемімен сабақтастыра отырып жеткізеді. Қысқы табиғаттың үнсіздігі мен сұлулығын бейнелей отырып, адамның жан дүниесіндегі тыныштықты, сағыныш пен жылылықты нәзік бере алады. Оның «Қысқы орман» (2000 ж.), «Тыныштық» (2006 ж.) сынды туындыларында табиғаттың сабырлы қалпы мен қыстың ерекше әсемдігі анық байқалады. «Ауылдағы қыс» (2004 ж., 2015 ж.) атты туындылары суретшінің шығармашылық болмысын айқындап, оның өзіндік қолтаңбасын нақты танытады.
Серікбай Әлжан шығармаларының маңызды бөлігі қазақ халқының тарихы мен рухани мұрасына арналған. 

🔹Суретші портрет жанрында да өзін таныта алды. Автор қазақ зиялыларының бейнелеріне де ерекше көңіл бөлген. Оның қылқаламынан туған Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» желісіндегі портреті, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» тақырыбындағы туындысы, Сәкен Сейфуллин және өзге де тарихи тұлғалардың образдары ұлттық руханияттың көркем шежіресі деуге болады. 2021 жылы ХІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсының «Абай және Жамбыл әлемі жас суретшілер көзімен» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған үздік көркемсурет туынды номинациясы бойынша «Абайдың қара сөздері» туындысы І орынға ие болды.

🔺«Суретшінің толғауы» атты көрмесі  автордың шығармашылық әлеміне терең бойлап, ұлттық өнердің көркемдік қуатын сезінуге мүмкіндік беретін тағылымды мәдени оқиға.

📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады.
Көрме жетекшілері – Алимхожина Ақбота, Әли Ғалия ⚜️2026 жылдың 2 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылды. 🔸Қылқалам шеберінің шығармашылығында пейзаж жанры айрықша орын алады. Оның картиналарынан табиғатпен үндескен тыныштық, сыршыл көңіл күй мен терең ой аңғарылады. Әсіресе, қыс мезгіліне арналған пейзаждары көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Суретші табиғат көріністерін қарапайым бейнелеп қана қоймай, оны адамның рухани әлемімен сабақтастыра отырып жеткізеді. Қысқы табиғаттың үнсіздігі мен сұлулығын бейнелей отырып, адамның жан дүниесіндегі тыныштықты, сағыныш пен жылылықты нәзік бере алады. Оның «Қысқы орман» (2000 ж.), «Тыныштық» (2006 ж.) сынды туындыларында табиғаттың сабырлы қалпы мен қыстың ерекше әсемдігі анық байқалады. «Ауылдағы қыс» (2004 ж., 2015 ж.) атты туындылары суретшінің шығармашылық болмысын айқындап, оның өзіндік қолтаңбасын нақты танытады. Серікбай Әлжан шығармаларының маңызды бөлігі қазақ халқының тарихы мен рухани мұрасына арналған. 🔹Суретші портрет жанрында да өзін таныта алды. Автор қазақ зиялыларының бейнелеріне де ерекше көңіл бөлген. Оның қылқаламынан туған Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» желісіндегі портреті, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» тақырыбындағы туындысы, Сәкен Сейфуллин және өзге де тарихи тұлғалардың образдары ұлттық руханияттың көркем шежіресі деуге болады. 2021 жылы ХІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсының «Абай және Жамбыл әлемі жас суретшілер көзімен» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған үздік көркемсурет туынды номинациясы бойынша «Абайдың қара сөздері» туындысы І орынға ие болды. 🔺«Суретшінің толғауы» атты көрмесі автордың шығармашылық әлеміне терең бойлап, ұлттық өнердің көркемдік қуатын сезінуге мүмкіндік беретін тағылымды мәдени оқиға. 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. Көрме жетекшілері – Алимхожина Ақбота, Әли Ғалия
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ