Оқиғалар

Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының 90 жыл тоуына орай мерейтойлық көрмесі ашылады.

Қазақстан Республикасының Суретшілер одағына 90 жыл!

(1933-2023)

 

2023 жылдың 7 қараша күні 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлкеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының 90 жыл тоуына орай мерейтойлық көрмесі ашылады.

Бүгінгі ҚР Суретшілер одағының көрмесінде суретшілердің соңғы екі жылда орындаған туындылары ұсынылады. Олардың барлығы алғаш рет көрмеге қойылып отыр. Қазақстанның түрлі қалалары мен аудандарынан келіп қосылған қатысушылар болып табылады. Сондай-ақ көрме экспозициясында Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Грузия, Литва, Бурятия суретшілерінің туындыларын да тамашалуға болады.

 

ҚР Суретшілер Одағы-Қазақстандағы алғашқы шығармашылық ұйым. Оның дүниеге келуі 1928 жылы Семей суретшісі Н. Крутильниковтың бастамасымен қазақстандық авторлардың көркем шығармаларының алғашқы жылжымалы көрмесі ұйымдастырылуымен басталды. Туындылармен жегілген түйелер керуені Риддер қаласынан шығып, Қарағандыға жетеді. Әр қалаға тоқтаған сайын керуенге сол жерде тұратын жергілікті суретшілердің жаңа туындылары қосылып отырды. Қарағанды қаласында көрмеге жас Әубәкір Исмаиловта өзінің нобайларымен қатысты. Сол жерде туындылар сол замандағы Кеңестік Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына бағалы жүкті қауіпсіз жеткізетін ескі үш тонналық жүк көлігіне тиелді. Қызылорда қаласында көрмеге КСРО Мәдениет халық комиссары А. Луначарскийден жеделхат келіп түседі. Ол Қазақстан суретшілерін алғашқы көрмесімен құттықтайды, содан соң 1933 жылы Қазақстан суретшілерінің Ұйымдастыру комитеті құрылды және ол заңды тіркеуден өтіп, сол кезден бастап Қазақстан сол кезеңдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан, ұйымды ел бюджетінен қаржыландыру басталады. Қаржыландыру бірнеше орындардан болды. Суретшілердің бастамасымен «Суретші» кооперативі құрылып, Мемлекеттік құрылымдардан көркемөнер жұмыстарына тапсырыстар түсе бастады. Кейінірек кооператив шығармашылық-көркемдік өндірістік базаға айналды, Социалистік экономикадағы жалғыз нарықтық құрылымға айналған Көркемдік қор болды. Алғашқы жалпы ортақ көрме ҚазКСР Компартиясының 15 жылдығына орай ашылды және оның барлық жұмыстары Т. Шевченко атындағы болашақ галереяның қорына сатып алынды, бүгінде бұл Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі болып табылады. 1940 жылы Ұйымдастыру комитеті Қазақстан суретшілерінің бірінші Съезін өткізіп, осы іс-шараға орай Қазақстанның түрлі қалаларында 8 филиал ашты. Бұл КСРО-дағы суретшілердің алғашқы съезі болды. Ұйымдастыру комитеті «Республикалық суретшілер Одағы» болып қоғамдық бірлестік ретінде қайта тіркелді. Соғыс жылдары аралығында (1941-1945) Суретшілер одағы Мәскеу, Ленинград, Киев, Харьков және Кеңес Одағының басқа қалаларынан танымал шеберлерді эвакуациялауға қабылдады. Олардың көпшілігі, мысалы, Киев институтының профессоры А. М. Черкасский Қазақстанда қалып, Қазақстанның көптеген суретшілерінің сүйікті оқытушысы болды. Өз өмірін елімізбен байланыстырғандардың қатарында әйгілі «Өнер әлемі» тобының мүшесі Елизавета Говорова, Елена Великанова, Павел Зальцман және басқалар бар. Соғыс жылдарында олар еліміздің алғашқы суретшілері Ә. Қастеев,               Ә. Ысмаилов Ү. Әжиевпен бірлесіп көрмелер мен талқылаулар ұйымдастырды, дәрістер өткізді, тіпті «Суретші» атты қолжазба журналын шығарды. Қалыптасудың қиын жылдары 40-жылдардың аяғында аяқталды, 50-ші жылдары Қазақстан суретшілері жоғары деңгейлі қалыптасқан кәсіпқой суретшілер болып таныла бастады. Барлық суретшілердің туындыларында ұлттық мәдени және эстетикалық дәстүрге үндеу айқын көрінді. Қазақстан үшін бейнелеу өнерінің жаңа кәсіби мектебі Еуропалық өнердің алуан көркемдік әдістері мен қазақтың ұлттық мәдени-дүниетанымдық дәстүрлерінің синтезі аясында қалыптасып жатқаны белгілі болды. Қазақстанның тұңғыш суретшісі Ә. Қастеевтің алғашқы шығармаларынан бастап С. Мамбеев, Ү. Әжиев, Қ. Телжанов, мүсінші          Х. Наурызбаевтың кескіндемелік туындыларында қазақи негіздегі тақырып игеріліп, ұлттық көркемдік-пластикалық бейнелі тіл іздестірілді және әрбір жаңа ұрпақ осы жолда жаңа міндеттер қойып, оны игере бастады. Сонымен қатар, алпысыншы жылдардағы суретшілер С. Айтбаев, Ә. Сыдыханов,       Ш. Сариев, М. Кисаметдинов, ұрпағы үшін ХІХ ғасырдың басында және  ХХ ғасырдың соңында авангардтық ағымдардың тәжірибесін игере отырып, «қазақша бояулар салу» деген ойға (Ш. Сариев) ұмтылу арқылы көркемдік бейнені түсініп табуға ұмтылды. 80-90 жылдары Е. Төлепбаевтың туындыларында, А. Ақанаевтың алғашқы еңбектерінде, Е. Мергеновтің мүсінінде әлеуметтік тақырыптар айтылды. Қазіргі заман суретшілері           О. Есенбаев, Ө. Жұбаниязов, Ж. Такен, Қ. Хайруллиннің шығармашылығында адам өмір сүріп жатқан уақыттың жаңа сын-тегеуріндеріне көркемдік құралдармен концептуалды түрде жауап беруге деген ұмтылысы айқын көрінеді.

Қазақстан суретшілерін кәсіби ұйымымыздың 90 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, көрмеге қатысушы Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Грузия, Литва, Бурятия суретшілеріне Алғыс білдіреміз! Мерейтойлық күн қарсаңында біздің тарихымызда алғаш рет Қазақстанда Алматы қаласында грузин суретшілерінің көрмесін өткізген Грузия Суретшілер одағына ерекше алғыс айтамыз!

Тарихи өлшеммен салыстырсақ 90 жыл-бұл бір ғана сәт. Батыс пен Шығыстың белгілі бейнелеу өнері мектептері өздерінің хронологиясын есептеп көрер болса, онда жүздеген ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар бар екені белгілі.  Қазақстан бейнелеу өнерінің келешегінде жаңа жаңалықтары, жаңа есімдері, жаңа мүмкіндіктері бар.

 

ҚР Суретшілер Одағының хатшылығы.  

Көрме жетекшісі – Жуваниязова Г.                   

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылу салтанаты өтті.

🔹Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі.

🔸Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады. 

🔺Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады.
 
📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult
Көрме кураторы – Рамина Дембаева ⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылу салтанаты өтті. 🔹Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі. 🔸Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады. 🔺Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады. 📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult Көрме кураторы – Рамина Дембаева ⚜️Домбыра – халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық болмысының ажырамас белгісі. Оның қоңыр үні ғасырлар бойы елдің тарихын, қуанышы мен мұңын, салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.

🔸Осы айтулы мерекеге орай назарларыңызға ұсынылып отырған бейнероликте музейіміздің аға есепшісі, ақын Грибенчикова Зоя Ивановна өзінің жүрек төрінен туған жыр шумақтарын оқиды. Поэзияның әсерлі үнін домбыраның қоңыр сазымен музейіміздің жетекші экскурсоводы, домбырашы Нугуманова Шолпан Мұхаметқалиқызы сүйемелдейді.

🔸Өнердің әр саласын тоғыстырған бұл музыкалық-поэтикалық перформанс ұлттық құндылықтарымызға тағзым етіп, домбыраның мәңгілік рухын, қазақ өнерінің терең тамыры мен рухани сабақтастығын дәріптеуге арналған.

⚜️Домбра — неотъемлемый символ духовного наследия и национальной самобытности казахского народа. Её глубокое, проникновенное звучание на протяжении веков бережно хранит и передаёт историю народа, его радости и печали, традиции и культурные ценности.

🔹В видеоролике, подготовленном к Национальному дню домбры, старший бухгалтер музея, поэтесса Грибенчикова Зоя Ивановна читает проникновенные строки собственного стихотворения. Музыкальное сопровождение на домбре исполняет ведущий экскурсовод музея, домбристка Нугуманова Шолпан Мухаметкалиевна, создавая гармоничное единство поэтического слова и звучания национального инструмента.

🔹Этот музыкально-поэтический перформанс, объединивший разные виды искусства, является данью уважения национальным ценностям и призван прославить вечный дух домбры — одного из главных символов казахской культуры.

@madeniet__aqparat__ministrligi
@aida_balayeva ⚜️Домбыра – халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық болмысының ажырамас белгісі. Оның қоңыр үні ғасырлар бойы елдің тарихын, қуанышы мен мұңын, салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. 🔸Осы айтулы мерекеге орай назарларыңызға ұсынылып отырған бейнероликте музейіміздің аға есепшісі, ақын Грибенчикова Зоя Ивановна өзінің жүрек төрінен туған жыр шумақтарын оқиды. Поэзияның әсерлі үнін домбыраның қоңыр сазымен музейіміздің жетекші экскурсоводы, домбырашы Нугуманова Шолпан Мұхаметқалиқызы сүйемелдейді. 🔸Өнердің әр саласын тоғыстырған бұл музыкалық-поэтикалық перформанс ұлттық құндылықтарымызға тағзым етіп, домбыраның мәңгілік рухын, қазақ өнерінің терең тамыры мен рухани сабақтастығын дәріптеуге арналған. ⚜️Домбра — неотъемлемый символ духовного наследия и национальной самобытности казахского народа. Её глубокое, проникновенное звучание на протяжении веков бережно хранит и передаёт историю народа, его радости и печали, традиции и культурные ценности. 🔹В видеоролике, подготовленном к Национальному дню домбры, старший бухгалтер музея, поэтесса Грибенчикова Зоя Ивановна читает проникновенные строки собственного стихотворения. Музыкальное сопровождение на домбре исполняет ведущий экскурсовод музея, домбристка Нугуманова Шолпан Мухаметкалиевна, создавая гармоничное единство поэтического слова и звучания национального инструмента. 🔹Этот музыкально-поэтический перформанс, объединивший разные виды искусства, является данью уважения национальным ценностям и призван прославить вечный дух домбры — одного из главных символов казахской культуры. @madeniet__aqparat__ministrligi @aida_balayeva ⚜️2026 жылдың 2 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылды.

🔸Қылқалам шеберінің шығармашылығында пейзаж жанры айрықша орын алады. Оның картиналарынан табиғатпен үндескен тыныштық, сыршыл көңіл күй мен терең ой аңғарылады. Әсіресе, қыс мезгіліне арналған пейзаждары көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Суретші табиғат көріністерін қарапайым бейнелеп қана қоймай, оны адамның рухани әлемімен сабақтастыра отырып жеткізеді. Қысқы табиғаттың үнсіздігі мен сұлулығын бейнелей отырып, адамның жан дүниесіндегі тыныштықты, сағыныш пен жылылықты нәзік бере алады. Оның «Қысқы орман» (2000 ж.), «Тыныштық» (2006 ж.) сынды туындыларында табиғаттың сабырлы қалпы мен қыстың ерекше әсемдігі анық байқалады. «Ауылдағы қыс» (2004 ж., 2015 ж.) атты туындылары суретшінің шығармашылық болмысын айқындап, оның өзіндік қолтаңбасын нақты танытады.
Серікбай Әлжан шығармаларының маңызды бөлігі қазақ халқының тарихы мен рухани мұрасына арналған. 

🔹Суретші портрет жанрында да өзін таныта алды. Автор қазақ зиялыларының бейнелеріне де ерекше көңіл бөлген. Оның қылқаламынан туған Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» желісіндегі портреті, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» тақырыбындағы туындысы, Сәкен Сейфуллин және өзге де тарихи тұлғалардың образдары ұлттық руханияттың көркем шежіресі деуге болады. 2021 жылы ХІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсының «Абай және Жамбыл әлемі жас суретшілер көзімен» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған үздік көркемсурет туынды номинациясы бойынша «Абайдың қара сөздері» туындысы І орынға ие болды.

🔺«Суретшінің толғауы» атты көрмесі  автордың шығармашылық әлеміне терең бойлап, ұлттық өнердің көркемдік қуатын сезінуге мүмкіндік беретін тағылымды мәдени оқиға.

📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады.
Көрме жетекшілері – Алимхожина Ақбота, Әли Ғалия ⚜️2026 жылдың 2 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылды. 🔸Қылқалам шеберінің шығармашылығында пейзаж жанры айрықша орын алады. Оның картиналарынан табиғатпен үндескен тыныштық, сыршыл көңіл күй мен терең ой аңғарылады. Әсіресе, қыс мезгіліне арналған пейзаждары көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Суретші табиғат көріністерін қарапайым бейнелеп қана қоймай, оны адамның рухани әлемімен сабақтастыра отырып жеткізеді. Қысқы табиғаттың үнсіздігі мен сұлулығын бейнелей отырып, адамның жан дүниесіндегі тыныштықты, сағыныш пен жылылықты нәзік бере алады. Оның «Қысқы орман» (2000 ж.), «Тыныштық» (2006 ж.) сынды туындыларында табиғаттың сабырлы қалпы мен қыстың ерекше әсемдігі анық байқалады. «Ауылдағы қыс» (2004 ж., 2015 ж.) атты туындылары суретшінің шығармашылық болмысын айқындап, оның өзіндік қолтаңбасын нақты танытады. Серікбай Әлжан шығармаларының маңызды бөлігі қазақ халқының тарихы мен рухани мұрасына арналған. 🔹Суретші портрет жанрында да өзін таныта алды. Автор қазақ зиялыларының бейнелеріне де ерекше көңіл бөлген. Оның қылқаламынан туған Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» желісіндегі портреті, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» тақырыбындағы туындысы, Сәкен Сейфуллин және өзге де тарихи тұлғалардың образдары ұлттық руханияттың көркем шежіресі деуге болады. 2021 жылы ХІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсының «Абай және Жамбыл әлемі жас суретшілер көзімен» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған үздік көркемсурет туынды номинациясы бойынша «Абайдың қара сөздері» туындысы І орынға ие болды. 🔺«Суретшінің толғауы» атты көрмесі автордың шығармашылық әлеміне терең бойлап, ұлттық өнердің көркемдік қуатын сезінуге мүмкіндік беретін тағылымды мәдени оқиға. 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. Көрме жетекшілері – Алимхожина Ақбота, Әли Ғалия ⚜️2026 жылдың 7–17 шілде күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қабырғасында суретші Александр Дильбазидің «Анар бағы» атты жеке көрмесі өтеді. Бұл – автордың дүниетанымы мен философиялық көзқарасын кескіндеме тілі арқылы танытатын ауқымды халықаралық жоба. Көрменің бас демеушісі – КазКонтракт компаниясы.

🔺«Анар бағы» - жай ғана көрме емес, жылдар бойы өзгеріп, толығып, жаңа сипатқа ие болып келе жатқан, елдер мен мәдениеттерді, сондай-ақ көрермендерді өзара тоғыстыратын нағыз көркемдік жүйе.

🔺Жобаның тарихы 2015 жылы The Ritz-Carlton Moscow қонақүйінде өткен «Анар қашан гүлдейді?» атты топтамадан бастау алады. Сол кезде он бес картинадан тұратын топтама алғаш рет біртұтас көркемдік тұжырым ретінде көпшілік назарына ұсынылды. Өткен он жыл ішінде жоба талай рет түрлі кеңістіктерде таныстырылып, картиналар әлемнің түкпір-түкпірін аралады. Экспозиция үнемі жаңа туындылармен, тың бояулармен, жаңа сюжеттермен және терең философиялық ой-толғамдармен толықтырылып отырды.

🔺Әрбір жаңа көрме өзінің негізгі идеялық өзегін сақтай отырып, көрерменмен сұхбат құрудың өзгеше формасына ие болды. Уақыт өте келе жоба дәстүрлі көрме шеңберінен шығып, кескіндеме, кеңістік пен көрермен біртұтас көркем әрекетке айналатын «көрме-қойылым» сипатына ие болды. Осылайша анар ағаштарының бейнесі біртіндеп «Анар бағына» айналды.

🔺Сондықтан көрменің Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтуі ерекше мәнге ие. Алматыдағы бұл көрме суретшінің осы қаламен байланысқан көпжылдық жеке әрі шығармашылық тарихының заңды жалғасы болып табылады.

🔺Көрмені ұйымдастырушылар барша өнерсүйер қауымды «Анар бағы» көрмесіне келіп, кескіндеме естелікке, ал естелік уақытпен үндескен жанды сұхбатқа айналатын ерекше көркем кеңістіктің бір бөлшегі болуға шақырады.
 
📌Көрме кураторлары -  Екатерина Дильбази, Емангалиева К.А ⚜️2026 жылдың 7–17 шілде күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қабырғасында суретші Александр Дильбазидің «Анар бағы» атты жеке көрмесі өтеді. Бұл – автордың дүниетанымы мен философиялық көзқарасын кескіндеме тілі арқылы танытатын ауқымды халықаралық жоба. Көрменің бас демеушісі – КазКонтракт компаниясы. 🔺«Анар бағы» - жай ғана көрме емес, жылдар бойы өзгеріп, толығып, жаңа сипатқа ие болып келе жатқан, елдер мен мәдениеттерді, сондай-ақ көрермендерді өзара тоғыстыратын нағыз көркемдік жүйе. 🔺Жобаның тарихы 2015 жылы The Ritz-Carlton Moscow қонақүйінде өткен «Анар қашан гүлдейді?» атты топтамадан бастау алады. Сол кезде он бес картинадан тұратын топтама алғаш рет біртұтас көркемдік тұжырым ретінде көпшілік назарына ұсынылды. Өткен он жыл ішінде жоба талай рет түрлі кеңістіктерде таныстырылып, картиналар әлемнің түкпір-түкпірін аралады. Экспозиция үнемі жаңа туындылармен, тың бояулармен, жаңа сюжеттермен және терең философиялық ой-толғамдармен толықтырылып отырды. 🔺Әрбір жаңа көрме өзінің негізгі идеялық өзегін сақтай отырып, көрерменмен сұхбат құрудың өзгеше формасына ие болды. Уақыт өте келе жоба дәстүрлі көрме шеңберінен шығып, кескіндеме, кеңістік пен көрермен біртұтас көркем әрекетке айналатын «көрме-қойылым» сипатына ие болды. Осылайша анар ағаштарының бейнесі біртіндеп «Анар бағына» айналды. 🔺Сондықтан көрменің Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтуі ерекше мәнге ие. Алматыдағы бұл көрме суретшінің осы қаламен байланысқан көпжылдық жеке әрі шығармашылық тарихының заңды жалғасы болып табылады. 🔺Көрмені ұйымдастырушылар барша өнерсүйер қауымды «Анар бағы» көрмесіне келіп, кескіндеме естелікке, ал естелік уақытпен үндескен жанды сұхбатқа айналатын ерекше көркем кеңістіктің бір бөлшегі болуға шақырады. 📌Көрме кураторлары - Екатерина Дильбази, Емангалиева К.А ⚜️2026 жылдың 1 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алтынбек Құмаровтың «Уақыт бедері» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

🔸Көрмеде автордың 40-тан астам туындысы ұсынылды. Экспозицияға кескіндемелік, мүсіндік шығармалар, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі қару-жарақ үлгілері, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар мен ат әбзелдері енді. Бұл Қазақстанның бейнелеу өнерінде сирек кездесетін, бірнеше шығармашылық бағытты қатар меңгерген бесаспап шебердің көпқырлы өнерін танытқан көрме болды.

🔹«Уақыт бедері» көрмесі суретшінің шығармашылық әлемін жан-жақты танытып, оның түрлі әдіс-тәсілдегі туындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Алтынбек Құмаровтың ерекше ден қойып, ыждағатпен айналысқан қолөнер саласының бірі – сирек кездесетін ұлттық музыкалық аспаптар болды. Шебер қазақ мәдениетінде сирек сақталған көне үлгідегі қосарлы аспаптарды қайта жаңғыртып, олардың жаңа тыныс алуына ықпал етті. 

🔺Көшпелі өмір кеңістігінде, жалпы қазақ қоғамында шеберлердің орны айрықша болған. Ағашты, металды, теріні және өзге де қолөнер түрлерін бірдей меңгерген әмбебап шеберлер аса жоғары бағаланған. Киіз үйдің құрылымынан бастап жылқы тағасына дейін өз қолымен жасайтын адам еркін ойлы, дербес тұлға саналған. «Қазақ» атауының түп-төркіні де осындай еркіндік ұғымымен астасып жатқаны айтылды. Ғасырлар бойы екшеліп, кемелденген жасалу дәстүрін игеру, оны өз талғамымен әрлеп, көркем біртұтастыққа айналдырып ұсыну – шынайы шеберліктің көрінісі екені көрме барысында айқын аңғарылды. Алтынбек Мұқамедрахимұлы дәстүрлі өнердің сабақтастығын жалғап тұрған алтын көпір іспетті тұлға ретінде танылып, оның шығармашылық мол мұрасы уақыт бедерінде өшпес із қалдырған асыл қазынаға айналды.

📌Көрме жетекшісі – Ақжігіт Нүсіп ⚜️2026 жылдың 1 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алтынбек Құмаровтың «Уақыт бедері» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 🔸Көрмеде автордың 40-тан астам туындысы ұсынылды. Экспозицияға кескіндемелік, мүсіндік шығармалар, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі қару-жарақ үлгілері, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар мен ат әбзелдері енді. Бұл Қазақстанның бейнелеу өнерінде сирек кездесетін, бірнеше шығармашылық бағытты қатар меңгерген бесаспап шебердің көпқырлы өнерін танытқан көрме болды. 🔹«Уақыт бедері» көрмесі суретшінің шығармашылық әлемін жан-жақты танытып, оның түрлі әдіс-тәсілдегі туындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Алтынбек Құмаровтың ерекше ден қойып, ыждағатпен айналысқан қолөнер саласының бірі – сирек кездесетін ұлттық музыкалық аспаптар болды. Шебер қазақ мәдениетінде сирек сақталған көне үлгідегі қосарлы аспаптарды қайта жаңғыртып, олардың жаңа тыныс алуына ықпал етті. 🔺Көшпелі өмір кеңістігінде, жалпы қазақ қоғамында шеберлердің орны айрықша болған. Ағашты, металды, теріні және өзге де қолөнер түрлерін бірдей меңгерген әмбебап шеберлер аса жоғары бағаланған. Киіз үйдің құрылымынан бастап жылқы тағасына дейін өз қолымен жасайтын адам еркін ойлы, дербес тұлға саналған. «Қазақ» атауының түп-төркіні де осындай еркіндік ұғымымен астасып жатқаны айтылды. Ғасырлар бойы екшеліп, кемелденген жасалу дәстүрін игеру, оны өз талғамымен әрлеп, көркем біртұтастыққа айналдырып ұсыну – шынайы шеберліктің көрінісі екені көрме барысында айқын аңғарылды. Алтынбек Мұқамедрахимұлы дәстүрлі өнердің сабақтастығын жалғап тұрған алтын көпір іспетті тұлға ретінде танылып, оның шығармашылық мол мұрасы уақыт бедерінде өшпес із қалдырған асыл қазынаға айналды. 📌Көрме жетекшісі – Ақжігіт Нүсіп «История одного шедевра» продолжает знакомить вас с выдающимися произведениями из собрания Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева.

Героиней второго выпуска стала легендарная Шара Жиенкулова, запечатлённая в картине Гульфайрус Исмаиловой «Казахский вальс». Это не просто портрет выдающейся артистки, а яркий художественный образ, в котором оживают красота казахского танца, национальный колорит и дух целой эпохи.

 #ИсторияОдногоШедевра «История одного шедевра» продолжает знакомить вас с выдающимися произведениями из собрания Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева. Героиней второго выпуска стала легендарная Шара Жиенкулова, запечатлённая в картине Гульфайрус Исмаиловой «Казахский вальс». Это не просто портрет выдающейся артистки, а яркий художественный образ, в котором оживают красота казахского танца, национальный колорит и дух целой эпохи. #ИсторияОдногоШедевра
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ