Оқиғалар

Сіздерді иммерсивті инсталляция «Manifesto on Time» жобасының авторы Катя Школьникпен кездесуге шақырады.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі сіздерді иммерсивті инсталляция «Manifesto on Time» жобасының авторы Катя Школьникпен кездесуге шақырады.

? 2025 жылғы 13 маусым

? Сағат 16:00-де

Біз сіздерді мултимедиялық инсталляция Manifesto on Time жобасының авторы, суретші Катя Школьникпен өтетін ерекше кездесуге қуана шақырамыз. Жылы әрі еркін атмосферада заманауи өнердің қалай туатыны, оның пішіні мен тақырыптары қалай қалыптасатыны туралы әңгімелесеміз.

Катя осы жобаның идеясы туралы әңгімелей келе, неге уақыт ұғымы көрменің негізгі тақырыбына айналғанын түсіндіреді:

«Мен Манифестте жазғандардың барлығын терең сезіндім және оны бөлісуде жауапкершілікті сеземін. Уақыт туралы Манифест – бұл жалпы адамдарға емес, әрбір жеке адамға арналған жоба. Өйткені уақыт әркімнің қолында бар жалғыз нәрсе», – дейді Катя Школьник. «Біз қанмен ағып жатқандай, уақытпен ағып барамыз. Бұл – осы жобаның визуалды шешімінің кілті».

Уақыт — болмысымыздағы ең құпия әрі ұстатпайтын субстанция.

Оны тоқтата да, жылдамдата да, кері қайтара да алмаймыз, бірақ әр өткен сәттен оның ағысын сеземіз.