Оқиғалар

Николай Константинович Рерихтің «Рухтың шыңдары» атты көрмесі

2021 жылдың 16 қыркүйегі күні сағат 16.00 де Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-інде орыстың әлемге белгілі суретшісі Николай Константинович Рерихтің (1874-1947)  «Рухтың шыңдары» атты көрмесі ашылады.

Ол негізгі рухани жолдауларының мәнін ашатын, топтамалық жұмыстарын таныстырады. Гималайлық топтамалық картиналарындағы таудың алып шыңдарына ұмтылу,  рухани даму ізденістеріне шақыру іспетті. Бұл қадам тау шыңы мен адам рухын жалғайды.  Рерих өзінің тау пейзаждарында жергілікті пішіндердің шынайылығын бере отырып,  сонымен қатар табиғатты жоғары абстракциялық деңгейге жеткізеді. Суретшінің визиткалық карточкасына айналған алып ландшафттарды бейнелейтін Гималайлық этюдтарын барлық жерде танып жатады.

Н.К. Рерихтің көркемөнер туындыларының ерекше мәнерлілігі адамзаттың дәстүрлі даналығы сақталған  Шығысқа, Үндістанға жасаған саяхатында суретшінің арманы орындалған осы кезеңге сай келді. Бұл жерде Николай Костантинович өмірінің екінші жартысын өткізеді. Оңтүстік, Орта және Шығыс Азияға жасаған саяхат пен экпедициялар барысында Үндістанда өмір кешіп ежелгі буддистік және үндістік көркемөнер   дәстүрлерін зерттеуге мүмкіндік алып, белгісіз ескі ескерткіштері және аңыздарымен, көреген даналықтарымен танысады. Шығыс Рерихтің жаңа сюжеттер, бояулар, техникалық тәсілдермен байытып  өнер палитрасын кеңейтуге көмектесті. Көрмеде 1930-40-шы жылдардағы дәл осы кезеңдегі 50 жұмысы таныстырылады. Олардың басым бөлігін атақты  гимолайлық этюдтар құрайды. Рерихтің ертеректегі пейзаждарымен салыстырғанда, өзгеше масштабтағы табиғатпен суретшінің ойы қосылған  қанық реңкте үндеседі.

Бұл жылдары қылқалам шеберінің туындыларының сызықтары, түстері, ырғақтары, құрылымы мәнерлі мүмкіндіктерін артырып жоғары үйлесімге жетеді. Ол толығымен темпералық бояуға көшіп, мәнерлілігі мен әлеуетін барынша арттырады. Бояулардың нәзік ауысымы және күтпеген реңктің контрастары сиқырлы сезім тудырады. Бұл жұмыстарды медитациялық пейзаждар деуге әбден болады. Ал барлық шығармашылығы бейтаныс сулулықты  сезіндіру және ұлы даналықты ұғынудан тұрады.

Көрмеде символдық мағынаға ие, түрлі сюжеттік композициялар ұсынылған. Картиналар көрермендерге сиқыр және ескі салт-жоралардың куәгерлері болуға,  өзіндік тәжірбиенің мүлгіген тыныштығын сезінуге, тарихи оқиғалар және тылсым дүниелерге таңдануға мүмкіндік береді. Биік таулар кенептердегі композициялардың айырылмас бөлігі. Таулардың жиектерінде Иса, Мұхаммед пайғамбар және атақты жаулаушы Шыңғысхан бейнеленген. Рерих түрлі аса танылмаған аңыз әңгімелер, нақылдар және ескі болжамдарды қолданды. Оның картиналарында халықтардың ертеде өткен батырлары, қиын кезеңдерде рухтың жаңғыруына себепкер. Тау шыңдары секілді символдың образдары адамзаттың дамуындағы дара жол.

            Көрмені Николай Константинович Рерихтің  ұлы Святослав  жазған портреті ашады. Алдарыңыздағы  картинада буддалық фигуралардың аясындағы даналықпен білімнің символы - семсер, қобдиша, шам және кітап ұстаған тибет киіміндегі шығыс данасын көреміз. Н.К.  Рерихті  «Тау шебері»  деп санаған көрермендерге Гималайдың жан дүниесі ашылғандай. Сонымен қатар суретші көрермендер үшін сұлулық пен үйлесімге, жан дүниенің тазалығына ұмтылуды баяндады

rerich-002
rerich-001
rerich-003
rerich-004
rerich-005
rerich-006
rerich-007
rerich-008