Есептер

2022 жылғы жұмыс есебі

МУЗЕЙДІҢ 2022 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ

 

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі өткен жылдың қорытындысында барлық музейлік бөлімдердің жетістіктерге толы қызметін атап көрсетеді. Музей еліміздің мәдени мұрасын сақтай отыра, насихаттау жұмыстарының басты міндеті музей жинақтарын сақтау, қалпына келтіру, зерттеу мен жұртшылыққа ұсыну арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Барлық жұмыстың қызметі бекітілген жоспар мен жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес атқарылады.

Музей құрылымына қор сақтау және реставрация орталықтары, ғылыми бөлімдер, жобалау қызметі және музей педагогикасы орталығы, баспасөз қызметі, көрме және экспозиция орталығы, баспа бөлімі, техникалық қызметтер және әкімшілік аппарат кіреді. Музей жанында оның екі бөлімшесі жұмыс істейді: Орталық көрме залы мен Ә. Қастеевтің Музей-үйі. Музей қызметінің қор, экспозиция, ғылыми, ақпараттық, білім беру, жобалау және т.б негізгі түрлерін қамтамасыз ететін барлық құрылымдық бөлімшелердің жоспарлы және үйлесімді жұмысына негізделген.

 

 Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің 2022 жылға арналған жалпы сандық есебі:

  • Жаңа түсімдер – 130 (10 сақтам бірлік негізгі қорға қабылданды, 120 – қосымша қорға), икондар – 4 (ресейлік мамандардың қатысуымен жоспардан тыс қалпына келтіру жұмысы).
    2022 жылдың желтоқсан айында  қордың жалпы саны 25 909 сақтам бірлікті құрады.
  • 136 туынды қалпына келтірілді: кескіндеме –  49, графика – 55, мүсін – 6, зергерлік заттар – 20, жұмсақ бұйымдар – 2.
  • Көрмелер – 60 (Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ және ОКЗ):
  • оның ішінде 7 халықаралық (Алессандро Шараффа көрмесі, Италия; Сабиджан Бабаджанов көрмесі, Қырғызстан; Қорқыт дыбыстық өнерінің биенналесі; халықаралық киіз фестивалі; «Әлем бейнесі»; Александр Невгода коллекциясының көрмесі, ОА қолөнерлері жәрмеңкесі);  
  • 3 республикалық (16 инсталляция арт көрмесі; «Өнер сананы өзгертеді», Армат Бектас; ҚР Суретшілер одағының жылдық қорытынды көрмесі),

10 қор көрмесі (Жеңіс күніне арналған көрме; «Алтын бесік» халықаралық балалар күніне көрмесі; П. Зальцман мерейтойлық көрмесі; ежелгі орыс өнерінің көрмесі; Қытай өнері көрмесі; «Дюрерден Эйфертке дейін»; «Сергей Калмыковтың соңғы тұрағы» көрмесі; «Қазақстан өнерінің 100 жауһары»), оның ішінде сыртқы 2 көрме: Ақ Ордадағы «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» және и РБК банктегі Сидоркин көрмелері).

Читать полный текст отчета >>>