СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ

«Әбілхан Қастеев атындағы  Қазақстан Республикасының
«Мемлекеттік өнер музейі» РМҚК
директоры бұйрығымен бекітілген
03 қараша 2021 жыл № 34-н

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

      1. Жалпы ережелері

1.«Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейі РМҚК-ның (бұдан әрі – Кәсіпорын) осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына сәйкес әзірленді.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартың міндеттері

1) функционалдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде Кәсіпорын қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімді мінез-құлқын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу.

3) Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру.

4. Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында лауазымдық міндеттерді орындау бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізінде Кәсіпорын қызметкерлерінің мінез-құлық (іс-қимыл) ережелері:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді даярлау және қабылдау;

3) Кәсіпорынның қызмет көрсету және өзге де функцияларын орындау;

4) Кәсіпорынның мұқтажы үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

5) Кәсіпорында кадрлық жұмысты ұйымдастыру;

6) Кәсіпорын қызметінде туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылады.

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Кәсіпорын қызметінде функцияларды жүзеге асыру кезінде және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қолданылады.

2) Кәсіпорын қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындауға міндетті.

6. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолданудың қоғамдық қатынастар саласы – мәдениет.

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеген – «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының  мемлекеттік өнер музейі» РМҚК

       2.Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында лауазымдық міндеттерді орындау бойынша Кәсіпорын қызметкерлерінің мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

8.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кәсіпорын қызметкерлері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның және саланың уәкілетті органының шешімдерін, кәсіпорын бас директорының бұйрықтарын, сондай-ақ кәсіпорын Жарғысын басшылыққа алуға;

2) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

4) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

5) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдардың және өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

6) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

7) Заң бойынша тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауап беру қарастырылған теріс қылықтар мен құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеуге;

8) кәсіпорында еңбек заңнамасының орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

9. Өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде кәсіпорын қызметкерлері:

1) тікелей немесе жоғары тұрған басшыға мүдделер қақтығысының туындағаны, қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі жеке мүдде туралы, Сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа және сыйлықтар алуға итермелеу туралы баяндауға;

2) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдардың және өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

3) лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер немесе артықшылықтар алу үшін әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар бермеуге және қызметтік емес қызметтер көрсетпеуге;

 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытуға;

5) өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сондай-ақ материалдарды тездетіп қарағаны үшін қандай да бір пайда алуға итермелегені немесе әуре-сарсаңға салғаны туралы басшылыққа баяндауға;

6) орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына күмән туралы жазбаша түрде тікелей басшыға хабарлауға;

7) егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған болса, жоғары тұрған басшыға жүгінуге;

8) табыс табуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуден бас тартуға;

9) Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға міндетті.

10. Кәсіпорын қызметтерін және өзге де функцияларды көрсеткен кезде кәсіпорын қызметкерлері:

1) тұрақты негізде қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

2) пайдаланушыларға қолжетімді түрде қызмет көрсету тәртібі туралы толық және сенімді ақпарат ұсынуға;

3) қарастырылмаған құжаттарды талап етуге жол бермеуге, сондай-ақ қызмет көрсету және өзге де функциялар барысында түрлі әуре-сарсаңнан (төрешілдіктен) аулақ болуға;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеу кезінде басшылыққа баяндауға;

5) қызмет көрсету процесін, қызмет көрсету кезінде үнемділік пен тиімділікті ұдайы жетілдіруді қамтамасыз етуге міндетті.

11. Кәсіпорынның мұқтажы үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Кәсіпорын қызметкерлері:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауға;

2) Заңда қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндік беруге;

3) Мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге;

4) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге міндетті.

12. Кәсіпорында кадрлық жұмысты ұйымдастыру кезінде кәсіпорын қызметкерлері:

1) Кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлерге жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіруге;

2) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

3) Кәсіпорын жұмыскерлерінің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеуге;

4) жұмысқа кандидаттардан еңбек шартын жасасу үшін қатысы жоқ құжаттарды талап етпеуге;

5) кәсіпорын қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерулерді объективті және жан-жақты жүргізуге міндетті.

13. Кәсіпорын қызметінде туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде Кәсіпорын қызметкерлері:

1) бағынышты қызметкерлердің қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық айқындауға;

2) қарамағындағы қызметкерлер арасында еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеуге;

3) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;

4) нақты орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінен тыс, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеуге;

5) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде бағыныштылардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбауға;

6) қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлемеуге;

7) әріптестердің өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды уақтылы қабылдауға;

8) Кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге, автокөлік құралдарын қоса алғанда, кәсіпорын мүлкін қызметтік мақсатта ұтымды, тиімді пайдалануға міндетті.

      3. Жауапкершілік

14.Кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

 

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер

⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы!

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға.

Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады.

«Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар.

Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды.

«Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы.

Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер ⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы! Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды! Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға. Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады. «Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар. Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды. «Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы. Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media.

Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова.

Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа.

📌Экспозиция будет открыта до 18 августа.
​​​​​ ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media. Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова. Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа. 📌Экспозиция будет открыта до 18 августа. ​​​​​ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады.

Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨

✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory».

Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их.

📍 Выставка продлится до 24 августа.

Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады. Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory». Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их. 📍 Выставка продлится до 24 августа. Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 

🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді.

🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған.

Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар.

Абайды тану – өзіңді тану!

@madeniet__aqparat__ministrligi 
@qaz.culture ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. 🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған. Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар. Абайды тану – өзіңді тану! @madeniet__aqparat__ministrligi @qaz.culture ✨10 тамыз — Абай күні

🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 
 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз.
🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін!

✨10 августа — День Абая

🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения.
🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя.
🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации! ✨10 тамыз — Абай күні 🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз. 🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін! ✨10 августа — День Абая 🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения. 🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя. 🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации! ⚜️Абай даналығын дәріптеу мақсатында музей кеңістігінде ерекше интерактивті инсталляция ұсынылды. Ұлы ойшылдың нақыл сөздері ашықхаттарға түсіріліп, музей келушілеріне ой салатын шағын рухани аялдамаға айналды.

▫️Әрбір даналық сөздің артқы бетінде музей қорындағы Абай бейнесі бейнеленген көркем туындылар ұсынылды. Келушілер ашықхаттар арқылы ақынның тағылымды ойларымен танысып қана қоймай, оның өлеңдерін жалғастырып, ұлы ақын мұрасын бірге жаңғыртты.

Бұл бастама – Абай сөзінің уақыт пен ұрпақ арасындағы рухани көпірге айналғанын көрсететін шағын, бірақ мағыналы мәдени жоба. 

⚜️В рамках популяризации мудрости Абая в музейном пространстве была представлена особая интерактивная инсталляция. Цитаты великого мыслителя были оформлены в виде открыток, превратившись в небольшие точки духовного общения и размышления для посетителей музея.

▫️На оборотной стороне каждой открытки были представлены произведения из музейного собрания с изображением Абая. Знакомясь с мудрыми словами поэта, посетители не только обращались к его философским размышлениям, но и продолжали строки его стихотворений, вместе оживляя и переосмысливая литературное наследие великого Абая.

Эта инициатива стала небольшим, но символичным культурным проектом, показывающим, что слово Абая и сегодня остаётся духовным мостом между поколениями. ⚜️Абай даналығын дәріптеу мақсатында музей кеңістігінде ерекше интерактивті инсталляция ұсынылды. Ұлы ойшылдың нақыл сөздері ашықхаттарға түсіріліп, музей келушілеріне ой салатын шағын рухани аялдамаға айналды. ▫️Әрбір даналық сөздің артқы бетінде музей қорындағы Абай бейнесі бейнеленген көркем туындылар ұсынылды. Келушілер ашықхаттар арқылы ақынның тағылымды ойларымен танысып қана қоймай, оның өлеңдерін жалғастырып, ұлы ақын мұрасын бірге жаңғыртты. Бұл бастама – Абай сөзінің уақыт пен ұрпақ арасындағы рухани көпірге айналғанын көрсететін шағын, бірақ мағыналы мәдени жоба. ⚜️В рамках популяризации мудрости Абая в музейном пространстве была представлена особая интерактивная инсталляция. Цитаты великого мыслителя были оформлены в виде открыток, превратившись в небольшие точки духовного общения и размышления для посетителей музея. ▫️На оборотной стороне каждой открытки были представлены произведения из музейного собрания с изображением Абая. Знакомясь с мудрыми словами поэта, посетители не только обращались к его философским размышлениям, но и продолжали строки его стихотворений, вместе оживляя и переосмысливая литературное наследие великого Абая. Эта инициатива стала небольшим, но символичным культурным проектом, показывающим, что слово Абая и сегодня остаётся духовным мостом между поколениями.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ