Оқиғалар

Исатай Исабаев

2026 жылдың 29 сәуір күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде «Исатай Исабаев: Көркем мұра» атты дөңгелек үстел мен шеберлік сабағы өтеді. Іс-шара 2026 жылғы 10 сәуірде ашылған, Қазақстан графика өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Исатай Исабаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Исатай Исабаев: Кітап әлемі» көрмесі аясында ұйымдастырылады.

Әлем балалр көзімен

2026 жылғы 29 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында №46 гимназия КММ-нің «Әлем – балалар көзімен» атты есептік көрмесінің ашылуы өтеді.

Менің аспаным төбемде

2026 жылдың 24 сәуірінде 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде белгілі заманауи қазақстандық суретші Айгерім Карибаеваның «Менің аспаным төбемде» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Табиғат үні және дәстүр

16 сәуір күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші Нұрбек Назарбектің «Табиғат үні және дәстүр» атты жеке көрмесі ашылады.

Исатай Исабаев

2026 жылғы 10 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ұлттық графика өнерінің негізін қалаушылардың бірі Исатай Исабаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Исатай Исабаев: Кітап әлемі» атты ретроспективті көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

Instagram ресми парақшасы