Оқиғалар

«Рустам Хальфин. Айналарсыз автопортрет» көрмесі

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Тенгри Умай» заманауи өнер галереясымен бірлесіп «Рустам Хальфин. Айналарсыз автопортрет» көрмесін ұсынады. Экспозицияда Хальфиннің 1980-2008 жылдардағы шығармашылық өмірбаянының әр түрлі кезеңдері ұсынылады. Шығармалардың көпшілігі суретшімен өмірінің соңғы жылдарында белсенді жұмыс жасаған «Тенгри-Умай» галереясымен ұсынылған.
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Владимир Филатовқа Хальфиннің туындыларын сақтағаны үшін және осы көрмені өткізу бастамасы үшін алғыс білдіреді. Виртуалды көрменің ашылуы 2020 жылдың 17 шілдесінде, сағат 12.00-де болады

«НОРМАН ТОЛМАННЫҢ ҚҰНДЫ СЫЙЛЫҒЫ» ОНЛАЙН-көрмесі

2020 жылдың 12 маусымында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде заманауи жапон график суретшілерінің шығармашылығын көрсететін «НОРМАН ТОЛМАННЫҢ ҚҰНДЫ СЫЙЛЫҒЫ» ОНЛАЙН-көрмесі өтеді. Көрмеде 2012 жылы графиканың әр түрлі техникасында жасалған 8 туындыдан тұратын топтама ұсынылады. Онлайн-көрмені өткізудің негізгі алаңы – Facebook платформасы, онда 12 маусымда сағат 12.00-де ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕНІҢ ашылуы өтеді.

«ТАҢ-ШОЛПАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ   ТӘУЕЛСІЗ  ӘЙЕЛ  СУРЕТШІЛЕРІНІҢ  ҚОРЫ

Бұл «Таң-Шолпан» ХТӘСҚ-дың орта буын және жас суретшілер шығармашылық көрмесінде санадан тыс дүниені құрайтын және ішкі әуен үндестігін сездірте баян етеді. Суретшілер қоршаған ортаның тепе-теңдік үйлесімділгін жан-жақты електен өткізе, өзіндік ерекше композициялық идеясымен  және көркемдік мәнерімен көрініс табады. Айталық олар тақырыптық композицияларында аңыз бен көне тіршілік тылсымын, бүгінгі қала мен дала өмір тынысын бейнелей, ондағы атмосфераны көрерменге бүкпесіз жеткізген.

Ирина Яреманың жеке көрмесі

Белгілі қазақстандық суретші Ирина Яреманың жеке көрмесінде 40 аса авторлық туындылар ұсынылған. Олар шығармашылығының әр түрлі жылдарында жасалған гобелендер, кескіндемелік шығармалар, графикалық суреттер мен гобелен эскиздері. 

ИРЖИ ПАЧИНЕКТІҢ ШЫНЫ БАҒЫ

Иржи Пачинектің есімін халықаралық арт-қоғамдастықта таныстырып жатудың өзі артық.  Ол әлемдік заманауи авторлардың арасында көркем шыны бойынша материалды түсініп, нағыз қайталанбас туындыларды жасайтын ерекше шебер ретінде өзінің орнын тапқан. Бұлар  – ерекше әсемдігімен және бірегейлігімен ерекшеленетін әр қилы мүсіндік композициялар, сандаған ыдыстар мен вазалар. Шыныны ежелгі металл ысқырықпен үрлеу әдісін жетілдіре отырып, қайталанбас өнер нысандарын жасауда ол өзінің танымал авторлық стилін дамыта алды