Оқиғалар

График-суретші Батухан Әбдікерімұлы Байменнің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін

2021 жылдың 3 наурыз күні сағат 15:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, белгілі график-суретші Батухан Әбдікерімұлы Байменнің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «NOMADS» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Алматылық суретші Светлана Какоткинаның «Өмір иірімдері» көрмесі

2021 жылдың 14 қаңтар күні сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында алматылық суретші Светлана Какоткинаның «Өмір иірімдері» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге тушь, қаламұш техникасында орындалған 34-тен астам графикалық жұмыстар қойылған.

ЖАН ДҮНИЕ ГЕОГРАФИЯСЫ – Олег Беляловтың фотосуреттерінің көрмесі

2021 жылдың 16 қаңтарынан бастап Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында орнитолог, фотограф, оператор және кинорежиссер Олег Беляловтың «Жан дүние географиясы» атты ретроспективті фотокөрмесі ашылады.

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ аясында келесі тақырыптар бойынша дәрістер курсын, ғылыми-практикалық және шеберлік сабақтарын

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ «Әсем-Әлем» дәрісхана аясында келесі тақырыптар бойынша дәрістер курсын, ғылыми-практикалық және шеберлік сабақтарын ұсынады:

«Ретро шырша» көрмесі

ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында желтоқсан айының соңына дейін «Ретро шырша» көрмесін тамашалауға болады. Экспозицияда революцияға дейінгі кезеңнен бастап әр түрлі дәуірлердегі шыршалар декорацияларының жиынтығы ұсынылған. Көрме туралы толығырақ Oner.kz порталынан сілтеме бойынша оқи аласыз