Оқиғалар

Қала күніне арналған «ALMA» альбомының көрмесі мен тұсаукесері ұсынылады.

2023 жылғы 16 қыркүйекте сағат 19.00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясының қолдауымен «Cultural Dilaogue» қоғамдық қоры қала күніне арналған «ALMA» альбомының көрмесі мен тұсаукесерін ұсынады.

Мерекелік іс-шаралар 13 қыркүйектен бастап 17 қыркүйекті қоса алғанда, бес күнге созылады.

Алматы қаласы күні мерекесі аясында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің іс-шаралар жоспары

Мерекелік іс-шаралар 13 қыркүйектен бастап 17 қыркүйекті қоса алғанда, бес күнге созылады.

Музейдің жұмыс тәртібі күнделікті сағат 14.00-ден 21.00-ге дейін.

Қазақстандық-өзбек суретшісі Гули Громованың «Бұл ессіз де әдемі әлем» атты жеке көрмесін ұсынады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қазақстандық-өзбек суретшісі Гули Громованың «Бұл ессіз де әдемі әлем» атты жеке көрмесін ұсынады. Экспозицияда суретшінің үш тақырыптық серияға біріктірілген 25 жаңа суреті ұсынылады.

Вернисаж 7 қыркүйек сағат 16.00-де, баспасөз-туры сағат 15.00-де өтеді.

 

1931-1993 жылдар аралығында «Советский музей» атауымен жарық көрген кәсіби музей журналы «Мир музея» деп жаңа атауына ауыстырылған.

Музейде – әрбір кескіндеме, әрбір нысанды жасаған тұлғалардың, зал қараушыларының, музей қорын зерттеушілердің және осы өнер туындысымен қандай да бір түрде байланыста болған тұлғалардың жеке тарихы жатыр. Дәуір тарихын, туындылардың жиынтығын және әрбір келушінің жеке өмірін байланыстыру үшін оны қалай ұсынуға болады? Бұл ретте музей журналы қандай рөл атқарады? Ол не үшін қажет және қай тілде сөйлейді? Журнал саны қалай жасалады?

«Andres шоқжұлдыздары» шығармашылық шеберханасы Уильям Шекспирдің пьесаларының үзінділерінен тұратын "Қайталанбас ойындар" спектаклін ұсынады.

2023 жылдың 24 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде сағат 15.00-де «Қазақстан- Қытай балалары арасындағы достық» атты халықаралық көрменің салтанатты жабылуы аясында, «Andres шоқжұлдыздары» шығармашылық шеберханасы Уильям Шекспирдің пьесаларының үзінділерінен тұратын "Қайталанбас ойындар" спектаклін ұсынады.