Оқиғалар

Қазақстандық ұйғыр суретшісі Руслан Юсуповтың (1950-2021) «Шарын аңыздары» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 10 мамырда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық ұйғыр суретшісі Руслан Юсуповтың (1950-2021) «Шарын аңыздары» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге 30-дан астам кескіндеме туындылары ұсынылады.

    Руслан Зайнутдинович Юсупов 1950 жылы Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. 1970 жылы Н. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1979 жылы Ташкент театр-көркемсурет институтында оқуын аяқтады. 1972 жылдан бастап республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. 1980 жылдан бастап Алматы театр-көркемсурет институтында және өнер академиясында (қазіргі Т.Жүргенев атындағы ҚазҰӨА) сабақ берді. 1983 жылы Республикалық «Жігер» өнер фестивалінің дипломанты. 1984 жылдан КСРО және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Шыңжаң өнер институтында (Үрімші) сабақ берді. Шығармашылық сапарда  Шыңжанда, Италияда, Үндістанда болды. «Ильхам» сыйлығының иегері (2002).

«Итальяндық мұра, шеберлік пен құштарлыққа 100 жыл» фотокөрмесі

«Итальяндық мұра, шеберлік пен құштарлыққа 100 жыл» фотокөрмесі

DAMIANI зергерлік үйі өзінің бай тарихымен Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде фотокөрме арқылы таныстырады.

Іс-шара музей қонақтары үшін зергерлік бұйымдарда бейнеленген қолөнер, шығармашылық және бірегей ғасырды сезінуге тамаша мүмкіндік береді.

Мұнда келушілер ұрпақтан-ұрпаққа берілген білім туралы да ақпарат біле алады: қазіргі таңда DAMIANI зергерлік үйін үшінші ұрпақ өкілдері басқарады, ал төртіншісі ата кәсіпті жалғастырған маман болып өсіп келеді.

Қорынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына және Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық батыры, Қазақстан Республикасы армиясының генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жеңістің жұлдызды сағаты» атты көрмесі ашылады.

2024 жылғы 2 мамырда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қорынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына және Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық батыры, Қазақстан Республикасы армиясының генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жеңістің жұлдызды сағаты» атты (Кескіндеме. Графика. Мүсін өнері) көрмесі  ашылады.

        Экспозицияда кеңес заманы мен қазақстандық суретшілердің, ҰОС қатысушыларының 50-ден аса туындылары, соғыс батырлары мен тыл еңбеккерлеріне арналған картиналар қойылады. Көрменің ашылуында көрермендер әскери-тарихи музейдің директоры А. Байқадамованың қолдауымен ұсынылған генерал                                       Сағадат Нұрмағамбетовтің жеке заттарын тамашалай алады.

Халықаралық зияткерлік меншік күніне арналған «Ортақ болашақтың игілігі үшін инновациялар мен шығармашылық» атты көрме ашылады.

          2024 жылдың 19 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық зияткерлік меншік күніне арналған «Ортақ болашақтың игілігі үшін инновациялар мен шығармашылық» атты көрме ашылады.

Жыл сайын 26 сәуір Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Халықаралық зияткерлік меншік күнін атап өтеді, осылайша оның әлемнің барлық елдерінің экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуындағы рөлін көрсетеді. Мереке 2000 жылдан бері аталып келеді, ал 26 сәуір 1970 жылы ДЗМҰ Конвенциясы күшіне енген күн.

Коллекция жиюшы, меценат, ақын, жазушы, төре Азат Әкімбектің 75 жылдық мерейтойына арналған «Орта Азия ұйғыр суретшілерінің туындылары (кескіндеме, графика)» атты жеке коллекциясынан көрме ашылады.

2024 жылдың 16 сәуірі сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде коллекция жиюшы, меценат, ақын, жазушы, төре  Азат Әкімбектің 75 жылдық мерейтойына арналған «Орта Азия ұйғыр суретшілерінің туындылары (кескіндеме, графика)»  атты жеке коллекциясынан көрме ашылады.

Төре Азат Әкімбек – әлемге әйгілі коллекция жиюшы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1972 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шығыс Түркістан, Қашқар, Хотан, Турфан, Кучар, Ақсу және басқа да қалалардың шеберлері жасаған ұйғыр халық-қолданбалы өнерінің бірегей жинағын жинай алды.  Қазақстан аумағында, сонымен қатар шетелде 74 көрме ұйымдастырып өткізді.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️5 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейіне Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схермерс (Nico Schermers) және оның жұбайы Элла Алавердян арнайы сапармен келді.

Сапар барысында мәртебелі қонақтар музейдің тұрақты экспозициясымен танысып, Қазақстанның және әлемдік өнердің көрнекті туындыларын тамашалады. Сонымен қатар олар музей қорларында сақталған Батыс Еуропа өнері коллекциясының бірегей жәдігерлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Музей мамандары елші мен оның жұбайына музей қорында сақталған нидерландтық ұлы суретшісі Рембрандт Харменс ван Рейннің түпнұсқа офортын таныстырды. Сондай-ақ қонақтарға Рембрандт мектебі мен оның ортасына жататын суретшілердің бірқатар туындылары көрсетілді. Бұл шығармалар XVII ғасырдағы Нидерланд өнерінің дамуына Рембрандттың ықпалын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында тараптар музей қорларының мәдени мұраны сақтаудағы, сондай-ақ халықтар арасындағы мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтудағы маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

Аталған сапар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген өзара қызығушылықтың айқын көрінісі болып табылады. ⚜️5 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейіне Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схермерс (Nico Schermers) және оның жұбайы Элла Алавердян арнайы сапармен келді. Сапар барысында мәртебелі қонақтар музейдің тұрақты экспозициясымен танысып, Қазақстанның және әлемдік өнердің көрнекті туындыларын тамашалады. Сонымен қатар олар музей қорларында сақталған Батыс Еуропа өнері коллекциясының бірегей жәдігерлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Музей мамандары елші мен оның жұбайына музей қорында сақталған нидерландтық ұлы суретшісі Рембрандт Харменс ван Рейннің түпнұсқа офортын таныстырды. Сондай-ақ қонақтарға Рембрандт мектебі мен оның ортасына жататын суретшілердің бірқатар туындылары көрсетілді. Бұл шығармалар XVII ғасырдағы Нидерланд өнерінің дамуына Рембрандттың ықпалын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Кездесу барысында тараптар музей қорларының мәдени мұраны сақтаудағы, сондай-ақ халықтар арасындағы мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтудағы маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Аталған сапар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген өзара қызығушылықтың айқын көрінісі болып табылады. ⚜️2026 жылдың 12 маусымы 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.
 
🎨Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған.

🖌️Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған. Барша өнерсүйер қауымды шебер туындыларының рухани әлеміне шомып, жүрек жылуы – шуағына бөленуге шақырамыз!

Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтеді.
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.
 
📌Куратор – А.Р. Ақылбекова
Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі ⚜️2026 жылдың 12 маусымы 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. 🎨Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған. 🖌️Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған. Барша өнерсүйер қауымды шебер туындыларының рухани әлеміне шомып, жүрек жылуы – шуағына бөленуге шақырамыз! Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтеді. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. 📌Куратор – А.Р. Ақылбекова Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі ⚜️2026 жылдың 3 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі ашылды. Қазақстандық пастель өнері шеберлерінің бірлестігі дайындаған бұл көрме өткен жылы кәсіби орта мен өнерсүйер қауым тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болған жобаның жалғасы болып отыр.
 
▫️Пастель – шеберлердің қолында бар қырын ашып, сан алуан көркемдік әсер бере алатын, мүмкіндігі кең әрі жанды материал. Көрме кеңістігінде өзіндік өрнегі, дара техникасы және бояу мәнері бар әртүрлі авторлардың жұмыстары бір арнада тоғысқан. 

🔸Екінші көрме жобаның ішкі эволюциясын нақ көрсетеді. Бастапқы шығармашылық ұжымға жаңа суретшілердің қосылуы экспозицияға тың колористік энергия мен өзгеше реңк әкелді. Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді. 

🔹Көрмеге А. Хакимжанова, А. Тампиев, А. Татарова, А. Сластинова, А..Сафи, А. Овечкина, А. Фидирко, В. Трофимович, В. Татаринов, Г. Пащенко, Г. Умарова, Д..Куралбаев, Д. Залесская, Д. Муштак, Е. Попова, К. Ибраева, К. Рыбалко, Л. Логвинова, М..Мун, М. Бурманская, Н. Молокотина, Н. Сайгушева, О. Иконникова, Р. Сакович, С..Какоткина, С. Кравченко, С. Кушкова, Т. Максименко сынды суретшілердің еңбектері қойылған.

Суретшілердің пастельге деген көзқарасы бұл материалдың табиғатын терең түсінуге негізделген. Олар осы техника арқылы күрделі психологиялық көңіл-күйді, ішкі сезім мен жеке дүниетанымды еркін жеткізеді. Көрме ұзақ ізденістің нәтижесінде туған туындылардан құралған.

📍 Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00.
Демалыс күні: дүйсенбі
 
📌Куратор: Әбілхан Қастеев атындағы
ҚР Ұлттық өнер музейінің «Музейлік педагогика және экскурсиялық қызмет» бөлімінің қызметкері Г.А. Исхакова. ⚜️2026 жылдың 3 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі ашылды. Қазақстандық пастель өнері шеберлерінің бірлестігі дайындаған бұл көрме өткен жылы кәсіби орта мен өнерсүйер қауым тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болған жобаның жалғасы болып отыр. ▫️Пастель – шеберлердің қолында бар қырын ашып, сан алуан көркемдік әсер бере алатын, мүмкіндігі кең әрі жанды материал. Көрме кеңістігінде өзіндік өрнегі, дара техникасы және бояу мәнері бар әртүрлі авторлардың жұмыстары бір арнада тоғысқан. 🔸Екінші көрме жобаның ішкі эволюциясын нақ көрсетеді. Бастапқы шығармашылық ұжымға жаңа суретшілердің қосылуы экспозицияға тың колористік энергия мен өзгеше реңк әкелді. Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді. 🔹Көрмеге А. Хакимжанова, А. Тампиев, А. Татарова, А. Сластинова, А..Сафи, А. Овечкина, А. Фидирко, В. Трофимович, В. Татаринов, Г. Пащенко, Г. Умарова, Д..Куралбаев, Д. Залесская, Д. Муштак, Е. Попова, К. Ибраева, К. Рыбалко, Л. Логвинова, М..Мун, М. Бурманская, Н. Молокотина, Н. Сайгушева, О. Иконникова, Р. Сакович, С..Какоткина, С. Кравченко, С. Кушкова, Т. Максименко сынды суретшілердің еңбектері қойылған. Суретшілердің пастельге деген көзқарасы бұл материалдың табиғатын терең түсінуге негізделген. Олар осы техника арқылы күрделі психологиялық көңіл-күйді, ішкі сезім мен жеке дүниетанымды еркін жеткізеді. Көрме ұзақ ізденістің нәтижесінде туған туындылардан құралған. 📍 Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00. Демалыс күні: дүйсенбі 📌Куратор: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің «Музейлік педагогика және экскурсиялық қызмет» бөлімінің қызметкері Г.А. Исхакова. 🇰🇿4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні.

Бұл күн — халқымыздың бірлігін, тәуелсіздігіміздің тұғырын, еліміздің болашаққа деген сенімін білдіретін айрықша мереке. Елтаңба, Ту, Әнұран — Отанға деген сүйіспеншілігіміздің, ұлттық мақтанышымыздың жарқын бейнесі.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мәңгілік Ел болу жолындағы қадамымыз нық, туымыз биік болсын! 🇰🇿4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Бұл күн — халқымыздың бірлігін, тәуелсіздігіміздің тұғырын, еліміздің болашаққа деген сенімін білдіретін айрықша мереке. Елтаңба, Ту, Әнұран — Отанға деген сүйіспеншілігіміздің, ұлттық мақтанышымыздың жарқын бейнесі. Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мәңгілік Ел болу жолындағы қадамымыз нық, туымыз биік болсын! ⚜️2026 жылдың 11 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы мен каталогының тұсаукесер рәсімі өтеді.

🔹Омархан Құмар – бүгінгі қазақ бейнелеу өнеріндегі ұлттық тарих пен рухани құндылықтарды шығармашылығының өзегіне айналдырған, өзіндік қолтаңбасы айқын кәсіби суретші. Оның туындылары халықтық рухқа толы, қазақ халқының тарихи жады мен мәдени мұрасын терең пайымдап, өткен мен бүгінді сабақтастыратын мазмұнды көркем образдар жасауымен ерекшеленеді. Суретші шығармашылығына академиялық мектептің берік негіздері, композициялық тұтастық, сурет салудағы жоғары кәсіби мәдениет пен реалистік бейнелеу дәстүріне адалдық тән.

🔸Көрмеде автордың 2000 жылдардан бері орындалған жетпіске жуық таңдаулы кескіндемелік туындылары ұсынылған. Экспозиция суретшінің шығармашылық ізденістерінің ауқымын, жанрлық және тақырып аясының мол қорын жан-жақты таныстырады. Әрбір композициясынан суреткердің шеберлігі мен шығармашылық кемелдігі айқын сезіледі. Автор тарихи тұлғалардың мінезі мен болмысын, дәуір рухын және оқиға мазмұнын терең ашуға ұмтылып, көркем образдың нанымдылығы мен эмоционалдық әсеріне ерекше мән береді. Түстік үйлесім, пластикалық шешім және композициялық құрылым оның жұмыстарында біртұтас көркем жүйеге айналып, туындының идеялық мазмұнын терең аша түседі.

🔺«ҰЛЫ РУХ» көрмесі – суретші Омархан Құмардың 25 жылға жуық шығармашылық жолын қорытындылайтын алғашқы жеке көрмесі. Көрме атауының өзі экспозицияда ұсынылған туындылардың негізгі мазмұны мен идеялық өзегін айқындайды. Ұлт тарихы, елдік рух, ұлы тұлғалар, батырлық дәстүр мен туған жер табиғаты суретшінің шығармаларында көркемдік шешім тауып, қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи жадын бейнелейтін өзіндік образдар жүйесін құрайды. Бұл көрме автордың ширек ғасырға жуық уақыттағы шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігінің нәтижесін танытатын маңызды мәдени оқиға болып табылады.

📌Көрме кураторы: Самал Мамытова ⚜️2026 жылдың 11 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы мен каталогының тұсаукесер рәсімі өтеді. 🔹Омархан Құмар – бүгінгі қазақ бейнелеу өнеріндегі ұлттық тарих пен рухани құндылықтарды шығармашылығының өзегіне айналдырған, өзіндік қолтаңбасы айқын кәсіби суретші. Оның туындылары халықтық рухқа толы, қазақ халқының тарихи жады мен мәдени мұрасын терең пайымдап, өткен мен бүгінді сабақтастыратын мазмұнды көркем образдар жасауымен ерекшеленеді. Суретші шығармашылығына академиялық мектептің берік негіздері, композициялық тұтастық, сурет салудағы жоғары кәсіби мәдениет пен реалистік бейнелеу дәстүріне адалдық тән. 🔸Көрмеде автордың 2000 жылдардан бері орындалған жетпіске жуық таңдаулы кескіндемелік туындылары ұсынылған. Экспозиция суретшінің шығармашылық ізденістерінің ауқымын, жанрлық және тақырып аясының мол қорын жан-жақты таныстырады. Әрбір композициясынан суреткердің шеберлігі мен шығармашылық кемелдігі айқын сезіледі. Автор тарихи тұлғалардың мінезі мен болмысын, дәуір рухын және оқиға мазмұнын терең ашуға ұмтылып, көркем образдың нанымдылығы мен эмоционалдық әсеріне ерекше мән береді. Түстік үйлесім, пластикалық шешім және композициялық құрылым оның жұмыстарында біртұтас көркем жүйеге айналып, туындының идеялық мазмұнын терең аша түседі. 🔺«ҰЛЫ РУХ» көрмесі – суретші Омархан Құмардың 25 жылға жуық шығармашылық жолын қорытындылайтын алғашқы жеке көрмесі. Көрме атауының өзі экспозицияда ұсынылған туындылардың негізгі мазмұны мен идеялық өзегін айқындайды. Ұлт тарихы, елдік рух, ұлы тұлғалар, батырлық дәстүр мен туған жер табиғаты суретшінің шығармаларында көркемдік шешім тауып, қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи жадын бейнелейтін өзіндік образдар жүйесін құрайды. Бұл көрме автордың ширек ғасырға жуық уақыттағы шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігінің нәтижесін танытатын маңызды мәдени оқиға болып табылады. 📌Көрме кураторы: Самал Мамытова Қазақстан-Ресей мәдени байланысы

Мәдениет пен өнер халықтар арасындағы байланысты нығайтатын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ықпалдастық өнер кеңістігінде өз жалғасын тауып келеді.

Бейнематериал 24KZ телеарнасынан. Қазақстан-Ресей мәдени байланысы Мәдениет пен өнер халықтар арасындағы байланысты нығайтатын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ықпалдастық өнер кеңістігінде өз жалғасын тауып келеді. Бейнематериал 24KZ телеарнасынан.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ