Оқиғалар

Қазақтың ұлттық ойыны әрі спорты — көкпарға арналған Никита Басовтың «Ұлы дала ойыны» атты фото-көрмесі ашылады. БАҚ өкілдерімен кездесу 14:00-ден 16:00-ға дейін өтеді.

2025 жылғы 4 наурызда 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоксан 137) қазақтың ұлттық ойыны әрі спорты — көкпарға арналған Никита Басовтың «Ұлы дала ойыны» атты фото-көрмесі ашылады. БАҚ өкілдерімен кездесу 14:00-ден 16:00-ға дейін өтеді.

 

Бұл жоба тек қана көркемдік шара емес, қазақ мәдениеті мен дәстүрінің ажырамас бөлігі болып саналатын көкпар атты ежелгі спорт түріне арналған маңызды мәдени оқиға. Көкпар — күштің, шеберліктің, командалық рухтың және табандылықтың символы, ол Ұлы даланың рухын нақты бейнелейді. Әрбір күн өткен сайын көрермендерді баурап алатын бұл ойын әлі күнге дейін халықтың мәдени бірегейлігінің маңызды элементі болып табылады.

Суретші Рафаэль Слекеновтың « TANIR NURY» жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге суретшінің 90-ға жуық кескіндемелік туындылары ұсынылады.

2025 жылдың 7 наурыз күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде  суретші  Рафаэль Слекеновтың « TANIR NURY»  жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.  Көрмеге суретшінің 90-ға жуық кескіндемелік туындылары ұсынылады.

Рафаэль Слекеновтың шығармашылығы – балалық шақ туралы естеліктер мен адамзат  пен нәзік табиғат, қоршаған әлем арасындағы үнсіз байланысты көрсете отырып, өзінің шығармашылығынан сыр шертеді. Автордың туындыларындағы жан сарайының көрінісі бір өзгеше сұлу да, сырлы, таңғажайып жұмбаққа толы «үй әлемін» құрайтындай.  Автор үшін бұл жұмбақ мекен үйі – қорғаны, құтқарушы орны, өмірінің жылуы мен жайлылығының бейне бір көрінісі. Дәл осы үйде, қарапайым тұрмыста, адамдардың рухани еңбегі мен табиғаттың жасыл шұғыласында автор адам болмысының поэзиясын көреді.

Суретші Екатерина Терехованың «Көктем лебі келгенде» атты жеке көрмесі ашылады.

2025 жылғы 12 ақпанда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоксан 137) суретші Екатерина Терехованың «Көктем лебі келгенде» атты жеке көрмесі ашылады.

Көрмеде әсерлі пейзаждар, қанық натюрморттар, сондай-ақ a’la Prima стилінде орындалған «тірі» портреттер ұсынылады. Екатерина Терехованың кескіндемесі импрессионизм мен реализм элементтерін біріктіре отырып, бірегей визуалды әсерлер жасайды. Жас автордың әрбір шығармасы көрерменді қоршаған әлемнің жылуы мен шынайылығына терең бойлауға шақырады.

Музей қорынан «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2025 жылдың 20 ақпан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде музей қорынан «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Биылғы жылы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі өзінің 90 жылдығын атап өтеді. Осы айтулы мерейтой аясында музей «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» атты бірегей көрмені ұсынады. Бұл маңызды мәдени шара көрермендерді қазақ ұлттық эпосының әлеміне қызықтырып, көрнекті суретшілердің графикалық туындылары арқылы рухани мұраға терең бойлауға шақырады. Сондай-ақ, көрме Қазақстанның ұлттық әдеби және көркемсурет мұрасының маңыздылығын атап көрсетуге, суретшілердің жаңа буынын шабыттандыруға және көпшілікті қазақ халқының мәдени құндылықтарымен таныстыруға бағытталған.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіне «Ұлттық» мәртебе берілді!

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіне «Ұлттық» мәртебе берілді!

 

    Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы» Жарлыққа қол қойды.

   Бұл мәртебе – ұлттық өнеріміздің дамуы мен мәдени мұрамыздың маңыздылығын айқындайтын тарихи қадам. Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі – Қазақстанның бейнелеу өнерінің алтын қазынасы, ұлт руханиятының айнасы.

   Бұл жетістік барша өнерсүйер қауым үшін үлкен қуаныш! Музейіміздің жаңа белестері құтты болсын!

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️ 2026 жылғы 25 шілдеде «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында зерттеуші Зира Наурызбайдың «Киіздің сиқыры» атты дәрісі өтті.

Дәріс барысында киіздің қазақ мәдениетіндегі орны, оның тарихы мен символдық мәні, сондай-ақ дәстүрлі өнердегі маңызы туралы қызықты ойлар айтылды. Іс-шараға 50 көрермен қатысып, дәріс мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.

🔹Көрме аясындағы бағдарлама музей қонақтары үшін мазмұнды іс-шаралармен жалғасады:
Суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар -
1,8,15 тамыз күндері 14:00-де;

Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды:архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбында ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады -
23 тамыз күні 14:00-де.

📌Кіру - музей билетімен.

⚜️25 июля 2026 года в рамках выставки «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась лекция исследовательницы Зиры Наурызбай «Магия войлока».

В ходе лекции были затронуты темы роли войлока в казахской культуре, его истории и символического значения, а также важности в традиционном искусстве. В мероприятии приняли участие 50 зрителей, а лекция стала содержательной площадкой для обмена мнениями и идеями.

🔸 Программа в рамках выставки продолжится для гостей музея насыщенными и интересными мероприятиями:
Авторские экскурсии с участием художницы Арухан (Гаухар Бисенгалиевой) состоятся 1, 8 и 15 августа в 14:00.

Открытая встреча с Сауле Амантайкызы Сатаевой на тему «Аудиовизуальное: архивное наследие и как его сохранить». Мероприятие будет посвящено вопросам сохранения архивов и культурной памяти — 23 августа в 14:00.

📌 Вход — по музейному билету. ⚜️ 2026 жылғы 25 шілдеде «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында зерттеуші Зира Наурызбайдың «Киіздің сиқыры» атты дәрісі өтті. Дәріс барысында киіздің қазақ мәдениетіндегі орны, оның тарихы мен символдық мәні, сондай-ақ дәстүрлі өнердегі маңызы туралы қызықты ойлар айтылды. Іс-шараға 50 көрермен қатысып, дәріс мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды. 🔹Көрме аясындағы бағдарлама музей қонақтары үшін мазмұнды іс-шаралармен жалғасады: Суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар - 1,8,15 тамыз күндері 14:00-де; Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды:архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбында ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады - 23 тамыз күні 14:00-де. 📌Кіру - музей билетімен. ⚜️25 июля 2026 года в рамках выставки «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась лекция исследовательницы Зиры Наурызбай «Магия войлока». В ходе лекции были затронуты темы роли войлока в казахской культуре, его истории и символического значения, а также важности в традиционном искусстве. В мероприятии приняли участие 50 зрителей, а лекция стала содержательной площадкой для обмена мнениями и идеями. 🔸 Программа в рамках выставки продолжится для гостей музея насыщенными и интересными мероприятиями: Авторские экскурсии с участием художницы Арухан (Гаухар Бисенгалиевой) состоятся 1, 8 и 15 августа в 14:00. Открытая встреча с Сауле Амантайкызы Сатаевой на тему «Аудиовизуальное: архивное наследие и как его сохранить». Мероприятие будет посвящено вопросам сохранения архивов и культурной памяти — 23 августа в 14:00. 📌 Вход — по музейному билету. ⚜️2026 жылғы 24 шілдеде Қонаев қаласында Қонаев қалалық кітапханасының 55 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара аясында «Жамбыл және өркениетті ұлт» жобасы мен «Отбасылық альбомның әсері» көрмесі арқылы ұлттық руханияттың дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар мәдениет және өнер өкілдері Мемлекет басшысы атынан марапатталды.

🔹Марапаттарды Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев табыстады.

▫️Марапатталғандардың қатарында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің қызметкерлері де бар. «Маркетинг, жобалау және сыртқы істер» бөлімінің қызметкері, көрме координаторы Көпжүрсін Әйгерім Айдарқызы Қазақстан Республикасы Президенті атынан «Құрмет» грамотасымен, ал өнертану ғылымдарының кандидаты, музейдің жетекші ғылыми қызметкері Джадайбаев Әмір Жалынұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен және төсбелгісімен марапатталды.

👏🏻Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!

***

⚜️24 июля 2026 года в городе Конаев в рамках торжественного мероприятия, посвященного 55-летию Конаевской городской библиотеки, представители культуры и искусства были удостоены государственных наград от имени Президента Республики Казахстан за вклад в развитие национальной духовности, а также реализацию проекта «Жамбыл және өркениетті ұлт» и выставки «Действие семейного альбома».

🔹Государственные награды вручил Советник Президента Республики Казахстан Малик Отарбаев.

▫️Среди награжденных - сотрудники Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева. Айгерим Айдаркызы Копжурсин, сотрудник отдела маркетинга, проектной деятельности и внешних связей, координатор выставки, награждена Почетной грамотой от имени Президента Республики Казахстан. Амир Жалынович Джадайбаев, кандидат искусствоведения, ведущий научный сотрудник музея, удостоен Благодарности Президента Республики Казахстан и нагрудного знака.

👏🏻Поздравляем наших коллег с заслуженными государственными наградами и желаем им дальнейших профессиональных и творческих успехов! ⚜️2026 жылғы 24 шілдеде Қонаев қаласында Қонаев қалалық кітапханасының 55 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара аясында «Жамбыл және өркениетті ұлт» жобасы мен «Отбасылық альбомның әсері» көрмесі арқылы ұлттық руханияттың дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар мәдениет және өнер өкілдері Мемлекет басшысы атынан марапатталды. 🔹Марапаттарды Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев табыстады. ▫️Марапатталғандардың қатарында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің қызметкерлері де бар. «Маркетинг, жобалау және сыртқы істер» бөлімінің қызметкері, көрме координаторы Көпжүрсін Әйгерім Айдарқызы Қазақстан Республикасы Президенті атынан «Құрмет» грамотасымен, ал өнертану ғылымдарының кандидаты, музейдің жетекші ғылыми қызметкері Джадайбаев Әмір Жалынұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен және төсбелгісімен марапатталды. 👏🏻Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз! *** ⚜️24 июля 2026 года в городе Конаев в рамках торжественного мероприятия, посвященного 55-летию Конаевской городской библиотеки, представители культуры и искусства были удостоены государственных наград от имени Президента Республики Казахстан за вклад в развитие национальной духовности, а также реализацию проекта «Жамбыл және өркениетті ұлт» и выставки «Действие семейного альбома». 🔹Государственные награды вручил Советник Президента Республики Казахстан Малик Отарбаев. ▫️Среди награжденных - сотрудники Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева. Айгерим Айдаркызы Копжурсин, сотрудник отдела маркетинга, проектной деятельности и внешних связей, координатор выставки, награждена Почетной грамотой от имени Президента Республики Казахстан. Амир Жалынович Джадайбаев, кандидат искусствоведения, ведущий научный сотрудник музея, удостоен Благодарности Президента Республики Казахстан и нагрудного знака. 👏🏻Поздравляем наших коллег с заслуженными государственными наградами и желаем им дальнейших профессиональных и творческих успехов! 🏛️Бұл мүсіндерді күнде көресіз! Бірақ авторын білмейміз!

⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі сіздерді «Павел және Дмитрий Шороховтар: Қала және Дәуір» атты мерейтойлық ретроспективалық көрменің ашылуына шақырады.

Павел Шорохов — жарты ғасырдан астам уақыт бойы Алматының көркем келбетін қалыптастыруға үлес қосқан суретші-мүсінші. «Сарыарқа», «Ләйлектер», «Балалық шақ», Алматы циркі алдындағы мүсіндік ансамбль, «Қазақстан халықтары ертегілері саябағы» секілді туындылары бүгінде қаланың танымал нышандарына айналып, бірнеше буын алматылықтардың жадында берік орнықты.

Музей алғаш рет шебердің мүсіндік шығармаларын, архивтік материалдарын, монументалды туындыларының фотосуреттерін, сондай-ақ әулеттің шығармашылық дәстүрін жалғастырып келе жатқан Дмитрий Шороховтың кескіндеме жұмыстарын бір арнаға тоғыстырған ауқымды ретроспективалық көрмені ұсынады.

Көрмеде - Алматыны суретші көзімен көресіз, күн сайын жанынан өтіп жүрсеңіз де, тарихына үңіле бермейтін туындыларды жаңаша тануға мүмкіндік аласыз.

📅 Ашылу салтанаты: 2026 жыл, 4 тамыз, сағат 16:00
📍 Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі
🗓 Көрме 30 тамызға дейін жалғасады.

Сіздерді айтулы мәдени оқиғаның куәсі болуға шақырамыз! 

📌Көрме кураторы: @guideinalmaty 🏛️Бұл мүсіндерді күнде көресіз! Бірақ авторын білмейміз! ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі сіздерді «Павел және Дмитрий Шороховтар: Қала және Дәуір» атты мерейтойлық ретроспективалық көрменің ашылуына шақырады. Павел Шорохов — жарты ғасырдан астам уақыт бойы Алматының көркем келбетін қалыптастыруға үлес қосқан суретші-мүсінші. «Сарыарқа», «Ләйлектер», «Балалық шақ», Алматы циркі алдындағы мүсіндік ансамбль, «Қазақстан халықтары ертегілері саябағы» секілді туындылары бүгінде қаланың танымал нышандарына айналып, бірнеше буын алматылықтардың жадында берік орнықты. Музей алғаш рет шебердің мүсіндік шығармаларын, архивтік материалдарын, монументалды туындыларының фотосуреттерін, сондай-ақ әулеттің шығармашылық дәстүрін жалғастырып келе жатқан Дмитрий Шороховтың кескіндеме жұмыстарын бір арнаға тоғыстырған ауқымды ретроспективалық көрмені ұсынады. Көрмеде - Алматыны суретші көзімен көресіз, күн сайын жанынан өтіп жүрсеңіз де, тарихына үңіле бермейтін туындыларды жаңаша тануға мүмкіндік аласыз. 📅 Ашылу салтанаты: 2026 жыл, 4 тамыз, сағат 16:00 📍 Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі 🗓 Көрме 30 тамызға дейін жалғасады. Сіздерді айтулы мәдени оқиғаның куәсі болуға шақырамыз! 📌Көрме кураторы: @guideinalmaty 💫Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші-педагог, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Мәдениет қайраткері», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық көрмесі аясында «Суретшінің шығармашылық әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

🔹Іс-шараға музей мамандары, өнертанушылар, суретшілер, мәдениет қайраткерлері, әріптестері мен шәкірттері қатысып, суретшінің шығармашылық мұрасы, ұлттық бейнелеу өнеріндегі орны, ұстаздық қызметі және қазіргі қазақ өнерінің өзекті мәселелері жөнінде мазмұнды пікір алмасты.

🔹Дөңгелек үстел барысында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, өнертану кандидаты Светлана Жұмасұлтанқызы Кобжанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық өнер сыншылары қауымдастығының (AICA) Қазақстан ұлттық секциясының президенті Күлжазира Жұмаділқызы Мұқажанова, музейдің бөлім жетекшілері мен ғылыми қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, суретшінің шығармашылығына ғылыми-танымдық тұрғыдан баға берді.

🎨Кездесудің ең әсерлі сәттерінің бірі – мерейтой иесі Серікбай Мұбаракұлының өз шығармашылық жолы туралы естеліктерімен бөлісуі болды. Суретші балалық шағынан бастау алған өнерге деген қызығушылығы, ұстаздары, шығармашылық ізденістері, туындыларының дүниеге келу тарихы мен «Суретшінің толғауы» көрмесінің атауына арқау болған ой-толғамдары туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, шәкірттері мен әріптестерінің жүрекжарды лебіздері айтылып, суретшіге құрмет көрсетілді.

🔹Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесу суретшінің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге, оның ұлттық бейнелеу өнеріне қосқан үлесін жаңа қырынан пайымдауға және өнердегі сабақтастық пен ұстаздық дәстүрдің маңызын айқындауға мүмкіндік берді.

👏Музей ұжымы дөңгелек үстелге қатысып, мазмұнды ой-пікірлерімен бөліскен барлық қонақтарға шынайы алғысын білдіреді. 💫Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші-педагог, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Мәдениет қайраткері», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық көрмесі аясында «Суретшінің шығармашылық әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 🔹Іс-шараға музей мамандары, өнертанушылар, суретшілер, мәдениет қайраткерлері, әріптестері мен шәкірттері қатысып, суретшінің шығармашылық мұрасы, ұлттық бейнелеу өнеріндегі орны, ұстаздық қызметі және қазіргі қазақ өнерінің өзекті мәселелері жөнінде мазмұнды пікір алмасты. 🔹Дөңгелек үстел барысында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, өнертану кандидаты Светлана Жұмасұлтанқызы Кобжанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық өнер сыншылары қауымдастығының (AICA) Қазақстан ұлттық секциясының президенті Күлжазира Жұмаділқызы Мұқажанова, музейдің бөлім жетекшілері мен ғылыми қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, суретшінің шығармашылығына ғылыми-танымдық тұрғыдан баға берді. 🎨Кездесудің ең әсерлі сәттерінің бірі – мерейтой иесі Серікбай Мұбаракұлының өз шығармашылық жолы туралы естеліктерімен бөлісуі болды. Суретші балалық шағынан бастау алған өнерге деген қызығушылығы, ұстаздары, шығармашылық ізденістері, туындыларының дүниеге келу тарихы мен «Суретшінің толғауы» көрмесінің атауына арқау болған ой-толғамдары туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, шәкірттері мен әріптестерінің жүрекжарды лебіздері айтылып, суретшіге құрмет көрсетілді. 🔹Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесу суретшінің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге, оның ұлттық бейнелеу өнеріне қосқан үлесін жаңа қырынан пайымдауға және өнердегі сабақтастық пен ұстаздық дәстүрдің маңызын айқындауға мүмкіндік берді. 👏Музей ұжымы дөңгелек үстелге қатысып, мазмұнды ой-пікірлерімен бөліскен барлық қонақтарға шынайы алғысын білдіреді. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің шілде айындағы көрмелер тізімі:

🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік
29.05-31.08.2026

🔹Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты жеке көрмесі
02.07-26.07.2026

🔹«Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме
03.07-26.07.2026

🔹"Хангыль: Ұлы Жібек жолында гүлдеген гүл» 
14.07-02.08.2026

🔹Арухан «Жад бедері»
24.07-23.08.2026

⚜️Список выставок Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на июль:

🔸Тактильная выставка и арт-пространство «Познавая кончиками пальцев»
29.05–31.08.2026

🔸Персональная выставка Серикбая Альжана «Размышления художника»
02.07–26.07.2026

🔸Групповая выставка «Действие семейного альбома»
03.07–26.07.2026

🔸Выставка «Хангыль: цветы, расцветающие на Великом Шёлковом пути»
14.07–02.08.2026

🔸Выставка Арухан (Гаухар Бисенгалиева) «Материя памяти»
24.07–23.08.2026 ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің шілде айындағы көрмелер тізімі: 🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік 29.05-31.08.2026 🔹Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты жеке көрмесі 02.07-26.07.2026 🔹«Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме 03.07-26.07.2026 🔹"Хангыль: Ұлы Жібек жолында гүлдеген гүл» 14.07-02.08.2026 🔹Арухан «Жад бедері» 24.07-23.08.2026 ⚜️Список выставок Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на июль: 🔸Тактильная выставка и арт-пространство «Познавая кончиками пальцев» 29.05–31.08.2026 🔸Персональная выставка Серикбая Альжана «Размышления художника» 02.07–26.07.2026 🔸Групповая выставка «Действие семейного альбома» 03.07–26.07.2026 🔸Выставка «Хангыль: цветы, расцветающие на Великом Шёлковом пути» 14.07–02.08.2026 🔸Выставка Арухан (Гаухар Бисенгалиева) «Материя памяти» 24.07–23.08.2026 ⚜️«Жад бедері / Matter of Memory» көрмесінің жария бағдарламасы

🔸Көрме аясында музей қонақтарын мазмұнды жария бағдарлама күтеді:

▫️зерттеуші Зира Наурызбайдың дәрісі;
▪️суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар;
▫️Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбындағы ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады.

✨Сіздерді көрме мен жария бағдарлама аясындағы іс-шараларда күтеміз!

⚜️Публичная программа в рамках выставки «Материя памяти / Matter of Memory»

🔸В рамках выставки гостей музея ждет насыщенная публичная программа:

▫️лекция исследовательницы Зиры Наурызбай;
▪️авторские экскурсии по выставке с художницей Арухан (Гаухар Бисенгалиевой);
▫️открытая беседа «Аудиовизуальное архивное наследие и как его сохранить» с Сауле Амантаевной Сатаевой, посвященная вопросам сохранения архивов и культурной памяти.

✨Будем рады видеть вас на выставке и мероприятиях публичной программы! ⚜️«Жад бедері / Matter of Memory» көрмесінің жария бағдарламасы 🔸Көрме аясында музей қонақтарын мазмұнды жария бағдарлама күтеді: ▫️зерттеуші Зира Наурызбайдың дәрісі; ▪️суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар; ▫️Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбындағы ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады. ✨Сіздерді көрме мен жария бағдарлама аясындағы іс-шараларда күтеміз! ⚜️Публичная программа в рамках выставки «Материя памяти / Matter of Memory» 🔸В рамках выставки гостей музея ждет насыщенная публичная программа: ▫️лекция исследовательницы Зиры Наурызбай; ▪️авторские экскурсии по выставке с художницей Арухан (Гаухар Бисенгалиевой); ▫️открытая беседа «Аудиовизуальное архивное наследие и как его сохранить» с Сауле Амантаевной Сатаевой, посвященная вопросам сохранения архивов и культурной памяти. ✨Будем рады видеть вас на выставке и мероприятиях публичной программы!
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ