2023 жылғы 23 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Жұлдыздар, тек арманшылдарға ғана жарқырайды» атты Халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді.
2023 жылғы 23 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Жұлдыздар, тек арманшылдарға ғана жарқырайды» атты Халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді.
2023 жылы 15 тамызда сағат 11.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі фотосуретші Олег Беляловтың «Мәңгілікке жанасу» атты еске алу көрмесі ашылады.
Дәстүрлі археологтар күніне орай археологиялық олжаны фотосурет арқылы «тірілте» білген фотографтың көрмесі ашылады.
Олег Белялов әрбір заттың мән-мағынасын көріп, оның «жанын» жеткізе алатын ерекше қабілетке ие еді, көне дәуірден жеткен заттарды тарихпен етене келген жанды композицияға айналдыра алушы еді. Бұған оның тек тарихты ғана емес, өсімдіктер мен жануарлар әлемін де терең білуі көмекке келді. Археология әлемі Олегті тарихи-мәдени мұра нысандары мен археологиялық экспедициялар кезінде табылған олжалардың тамаша фотосуреттер қорын құра білген саналы маман ретінде мәңгі жадында сақтайды.
Көрме Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағатында Олег Беляловтың қорын құруға орай ұйымдастырылған.
Көрменің ашылуында Олег Беляловты еске алуға арналған кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың «Солнечный ветер» деректі фильмі көрсетіледі.
Экспозиция тамыз айының 29-на дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі – Акжаркын Кумарбаева
Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде 2023 жылдың 3 тамыз күні «Қытай-Қазақстан жасөспірімдерінің арасындағы достық» атты халықаралық байқаудың 1-іріктеу кезеңі бойынша комиссия отырысы өтті.
Байқауға келген 8-13 және 14-18 жас аралығындағы балалардың жұмыстарын музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, көрме және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, ғалым хатшы, баспасөз хатшысы, ғылыми бөлімдердің жетекшілері, өнертану ғылымдарының кандидаттары, магистрлардың құрмамымен бекітілген комиссия мүшесі іріктеу жұмыстарын жүргізді. Байқаудың 1-кезеңі бойынша Алматы, Астана, Көкшетау, Шымкент, Орал қалаларынан 79 жұмыс келіп түсті, соның ішінен 2-кезең музейде өтетін көрмеге 40 қатысушының 43 жұмысы іріктеліп алынды. Көрмеге Қазақстан тарапынан 40 жұмыс және Қытай тарапынан 40 жұмыс қойылады, екі тараптан арнайы құрылған комиссия мүшелері көрмеге ұсынылған жұмыстардан үздікін таңдайтын болады. Көрме 2023 жылдың 22-24 тамыз күндері өтеді. Байқаудың 1-кезеңіне қатысқан барша балалар, ата-аналары мен жетекшілеріне музей әкімшілігі алғыс білдіреді.
2-кезеңге өткен қатысушылардың тізімі қосымша берілді.
Қосымша ақпарат: байқаудың кураторы Ақмарал Алтайқызы - 87753409967
Список участников международного конкурса
«Дружба между детьми Китая и Казахстана»,
прошедших 1 этап отборочного тура
2023 жылғы 15 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі мен «Апостол» қоғамдық қоры» «Қазақстанның інжу-маржаны – Ақсай скиті: Құдай Анасының Қазақстандағы алғашқы еншісі» атты пленэрлік жұмыстардың көрмесін ұсынады.
Экспозиция Ақсай шатқалындағы әйгілі Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде орналасқан Серафимо-Феогностовская шөліндегі – бірегей скитте (монастырь) салынған 15 көркем туындыны біріктірді.
Ақсай шатқалы – Қазақстан Республикасының аумағындағы ең көрікті жерлердің бірі. Оның төменгі бөлігін жапырақты ағаштар мен бұталар толық басқан, жоғарыда арша қопалары бар, алып шырша белдеудерін жартастар алмастырады, көріністі альпі шалғындары аяқтайды. Шыңдары қар сызығынан төмен орналасқан жоталардың артында екі биік көлдер мен мұздықтар жасырылған. Мұнда 1850 метр биіктікте Қызыл Жар — Қызыл жартас шатқалының баурайында Ақсай скиті орналасқан, оны кейде Қызыл жартастағы айқыш деп те атайды. Бұл көркем жерлерде сіз шатқалдың таңғажайып көріністерін, қар басқан шыңдарды, шыршамен көмкерілген беткейлерді және 1887 жылы орын алған ең қатты жер сілкінісінің ізі болып табылатын Ақжар үйіндісінің қалдықтарын тамашалай аласыз.
Мұнда Қазақстан өнерінің жаңадан үйреніп жүрген суретшілері мен шеберлері: Б. Досымов, Ж. Әйнекова, Н. Меңдіқұлов, А. Табиев, А. Әйнекова, Н. Баратов, А. Сеидова, А. Труспекова, Н. Асқар, К. Әзімжанова, А. Уткин, С. Собин (Хорликов), А. Үсентаева, В. Цейтлин, Г. Қайырбекова өздерінің алған пленэрлік көркем «әсерлерін» кенеп бетіне бейнелеген. Пленэр, бұл табиғатта, табиғи жарықта сурет салу техникасы, ол шығармаларды жазу үшін белгіленген шектеулі уақытты білдіреді, себебі табиғатпен жұмыс жүргізу кезінде жарық пен ауаның белсенді рөлі жоғалуы мүмкін. Пленэр суретшіге кенепте қоршаған ортадағы түстердің алуан түрлі бояуын және олардың шамалы өзгерістерін үлкен дәлдікпен көрсетуге мүмкіндік береді. Табиғат айналадағы болмысты ұғыну үшін негіз болып табылады, жарық пен ауа – өзіне тән мәнін құрайтын және таза кескіндеме шабытын беретін суретші эстетикасының іргетасын қалайды.
Көрме Қызыл-Жар тауындағы Құдай Анасының көрінуінің 110 жылдығына және Ақсай скитінің негізін қалаушылар тақуа әрі пірадар иеромонахтар Серафим мен Феогностты канонизациялауға (әулиелер қатарына жатқызылуына) байланысты 30 жыл толуына орайластырылған. Азаматтық соғыс жылдарындағы сенімі үшін азапты өлімге душар болған бұл әулиелер Қазақстанның көктегі қамқоршысы ретінде құрметтеледі.
«Скит туралы сөз қозғалған кезде оның Қазақстан үшін ерекше рухани маңызын атап өткен жөн. Ақсай шөлінің орнын Құдай Анасы – Аса Қасиетті Мәриям тылысым күштің әсерімен көрсеткен. Болашақ шіркеудің орналасқан жерін таңдаған кезде иеромонах Серафим мен Феогност Құдайға айрықша назармен дұға жасаған. Сол сәтте ғажайып құбылыс орын алды – монахтарға Иеміз Иса Мәсіхтің анасы көрінген. Ол пірадарларға скитті қайда орналастыру керектігін көрсетті».
Құдай Анасының көрінуі – бұл өте сирек кездесетін және ерекше оқиға, және бұл оқиға орын алған жер Құдай Анасының еншісі (жеке иелігі) болып саналады. Әлемде бұндай бірнеше орын белгілі – Қасиетті жер (Израиль), Афон тауы (Греция) және Серафимо-Дивеев монастыры (Ресей). Құдай Анасының көріну оқиғасымен дәріптелген қасиетті Ақсай шөлі – бұл Құдай Анасының Қазақстандағы алғашқы және жалғыз еншісі – оның жеке қамқорлығындағы орыны болып табылады, бұнда Құдай мен Аса Қасиетті Мәриям діндарлардың шын жүріктен айтылған дұғаларын ерекше түрде естіп, орындайды.
Серафим-Феогносттың Ақсай шөлі – барлық қазақстандықтар үшін қасиетті орын екені анық. Ол жерге жасалған ғибадат адамның рухани тұрғыдан өрлеуіне көмектеседі және барлық дәстүрлі діндердің өкілдері қатыгез қуғын-сүргінге ұшыраған заманның қайғылы оқиғаларын терең түсінуге ықпал етеді» – деп атап өтті «Апостол» қоғамдық қорының президенті Г.Сосновский.
Көрме 2023 жылдың 25 тамызына дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі- Виолетта Вологодская, "Шетел өнері" бөлімінің жетекшісі.
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2023 жылдың 21 шілде күні сағат 16:00-де Медицина қызметкерлеріне арналған «Өзгенің жаны үшін жаным пида» атты республикалық көрме ашылады.
⚜️2026 жылдың 28 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Негізін қалаушылар музейі» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
🔹Көрмеде 80-нен астам туынды ұсынылды. Олардың қатарында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойған қайраткерлердің портреттері мен Америка мемлекетінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларға қатысты материалдар қойылды. Әрбір туындыға биографиялық карточкада орналастырылған QR-код арқылы қолжетімді интерактивті бейнематериал қоса берілді. Көрменің интерактивті мүмкіндіктері келушілерге тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жаңа қырынан танып, өткен дәуірдің тынысын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Көрменің ашылу салтанатында Аризона штаты Ұлттық гвардиясы оркестрі өнер көрсетіп, аспаптық музыкадан арнайы бағдарлама ұсынды.
🔹Жоба екі маңызды мерейтой аясында – Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 250 жылдығына және Қазақстан Республикасы мен Америка Қрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бұл оқиғалар Америка мемлекетінің бай тарихи мұрасын ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы мәдениет, білім, ғылым және қоғамдық дипломатия салаларындағы сындарлы ынтымақтастықтың көпжылдық дамуын да көрсетті.
🔹Көрме қазақстандық көрермендерді әлем тарихындағы маңызды кезеңдердің бірімен таныстырып қана қоймай, музейлердің қоғамдық диалогты дамытудағы, тарихи сананы қалыптастырудағы және мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін айқындай түсті. АҚШ-тың құрылу тарихы арқылы жоба азаматтық жауапкершілік, мемлекет құру ісі, еркіндік, адам құқықтары және тарихи үдерістегі жеке тұлғаның орны сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды назарға ұсынды.
📍Көрме 2026 жылдың 9 шілдесіне дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–18:00.
Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
Кураторлар: Айдарова М.С., Нұрпеис Д.К. – Шетел өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері.
⚜️2026 жылдың 28 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтті.
🔹Іс-шара барысында өнертанушылар, суретшілер, мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік ізденістерін және қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі орнын талқылады.
🔸Сонымен қатар көрменің негізгі бөлігін құрайтын тарихи тұлғалар портреттерінің көркемдік ерекшеліктері, олардың образдық шешімі мен мазмұндық мәні сөз болды. Сондай-ақ суретшінің ұлттық тарих пен елдік құндылықтарды көркем бейнелеудегі шығармашылық ұстанымы мен өнердегі орны жан-жақты қарастырылды.
⚜️28 июня 2026 года в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоялся круглый стол, организованный в рамках персональной выставки художника, члена Союза художников Казахстана Омархана Кумара «ҰЛЫ РУХ».
🔸В ходе мероприятия искусствоведы, художники, специалисты в сфере культуры и представители интеллигенции обсудили творческий путь автора, его художественные поиски и вклад в развитие современного казахстанского изобразительного искусства. Особое внимание было уделено художественным особенностям портретов исторических личностей, составляющих основную часть экспозиции, их образному решению и смысловому содержанию.
🔹Также участники рассмотрели творческий подход художника к осмыслению национальной истории и общенациональных ценностей средствами изобразительного искусства, а также отметили его место и роль в современном художественном процессе.
⚜️2026 жылдың 26 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрменің қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті.
🔸Іс-шара аясында Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың шығармашылық мұрасы кеңінен талқыланды. Қатысушылар суретшілердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесін саралап, олардың туындыларын кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі заман тұрғысынан пайымдау аясында қарастырды. Сонымен қатар бұл көркем мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалына ерекше назар аударылды.
🔹«Естеліктер мекені» атауы өткенді еске алумен ғана шектелмей, тарихи жады мен рухани құндылықтардың сабақтастығын айшықтайтын маңызды ұғым ретінде көрініс тапты. Басқосу барысында өнер туындыларының ұлттық мәдениетті сақтау мен дәріптеудегі, жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы және көркем өнердің үздік дәстүрлерін жалғастырудағы маңызы ерекше атап өтілді.
🔺Қорытындылай келе, дөңгелек үстел өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты, кескіндеме мен мүсін өнерін өзара сабақтастырған мазмұнды мәдени сұхбат алаңына айналды.
🎨 «Қылқалам сыры» музей айдарының кезекті қонағы – кәсіби суретші Құмар Омархан.
Бұл сұхбатта суретші Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде ұсынылып жатқан «Ұлы рух» атты көрмесі туралы, шығармашылық жолы, өнерге келуі және өмірбаяны жайында сыр бөлісті.
Сұхбаттан қылқалам иесінің шығармашылық ұстанымы, өнерге деген көзқарасы мен жаңа көрменің идеялық мазмұны туралы қызықты мәліметтерді біле аласыз.
📸28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
💫Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, осы салада еңбек етіп жүрген барша журналистер мен медиа өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздер – ел мен мемлекет ортасында берік мәміле орнатар сенімді көпір, қоғам өміріндегі маңызды оқиғалардың жаршысы және ізгі бастамалардың насихатшысысыздар. Мемлекетіміздің құндылықтарын дәріптеу мен мәдениетімізді кеңінен танытуда атқаратын рөлдеріңіз орасан зор.
👏Баршаңызға шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, және жауапты қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!
📸 28 июня – День работников средств массовой информации
💫 Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева сердечно поздравляет журналистов и представителей медиасферы с профессиональным праздником – Днём работников средств массовой информации!
Вы играете важную роль в жизни общества, являясь надёжным связующим звеном между народом и государством, оперативно освещая значимые события и поддерживая общественно важные инициативы. Ваш вклад в сохранение, популяризацию и продвижение культурного наследия и национальных ценностей Казахстана заслуживает искреннего признания и уважения.
👏 Желаем вам крепкого здоровья, неиссякаемого вдохновения, творческих успехов, профессионального роста и новых достижений в вашей ответственной и благородной деятельности!
«ЕСТЕЛІКТЕР МЕКЕНІ» мерейтойлық көрмесінің дөңгелек үстелі
26 маусым, 15:00
⚜️2026 жылдың 26 маусымы күні сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрмені қорытындылауға арналған дөңгелек үстел өтеді. Көрмеде Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың туындылары ұсынылған. Жиында аталған қаламгерлердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесі жан-жақты талқыланып, олардың шығармашылығы кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі көзқарас тұрғысынан пайымдау аясында қарастырылады. Сондай-ақ бұл мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына ықпалына назар аударылады. Іс-шараға өнертанушылар, кураторлар, суретшілер, журналистер және көркемөнер жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.
📍Өтетін орны: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі, 2-қабат, рекреация залы.
Басталуы: 15:00.
Круглый стол по юбилейной выставке «ПРОСТРАНСТВО ПАМЯТИ»
26 июня, 15:00
⚜️26 июня в 15:00 в Национальном музее искусств РК имени А. Кастеева состоится Круглый стол по итогам юбилейной выставки «Пространство памяти», представляющей произведения Народного художника Казахстана Сахи Романова, Заслуженного деятеля искусств Казахстана Бека Тулекова и известного скульптора Даира Тулекова. Темой обсуждения станет оценка вклада представленных мастеров в развитие национального изобразительного искусства, анализ их творчества с позиций современного понимания культурного наследия советской эпохи и его влияния на эволюцию искусства независимого Казахстана. К участию приглашаются искусствоведы, кураторы, художники, журналисты, студенты художественных Вузов.
📍Место проведения: Национальный музей искусств РК имени А. Кастеева. Второй этаж. Зал рекреации. Начало – 15 00.