2025 жылдың 18 шілдесінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорынан алынған «МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІ-2025» көрмесі ашылады.
Ұсынылып отырған көрме 2025 жылы мерейтойы атап өтілетін белгілі қылқалам шеберлерінің шығармашылығына арналған. Экспозицияға бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосып, еліміздің мәдени өмірінде өшпес із қалдырған суретшілердің туындылары қойылған. Бұл көрме ХХ ғасырда қазақстандық бейнелеу өнері мектебінің қалыптасу кезеңінде еңбек еткен әр буын өкілдерінің шығармашылығын тоғыстырады.