2023 жылғы 22 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Қытай Демократиялық лигасының орталық комитеті, «Chine Post Group» корпорациясы, Жібек жолы хатшысы ұйымдастыру комитеті, Қытайдың Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Қазақстанның Сиандағы Бас консулдығының қолдауымен «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының 10 жылдығына орай «Қазақстан- Қытай балалары арасындағы достық» атты халықаралық көрменің ашылуы өтеді.
2023 жылғы 23 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Жұлдыздар, тек арманшылдарға ғана жарқырайды» атты Халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді.
2023 жылы 15 тамызда сағат 11.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі фотосуретші Олег Беляловтың «Мәңгілікке жанасу» атты еске алу көрмесі ашылады.
Дәстүрлі археологтар күніне орай археологиялық олжаны фотосурет арқылы «тірілте» білген фотографтың көрмесі ашылады.
Олег Белялов әрбір заттың мән-мағынасын көріп, оның «жанын» жеткізе алатын ерекше қабілетке ие еді, көне дәуірден жеткен заттарды тарихпен етене келген жанды композицияға айналдыра алушы еді. Бұған оның тек тарихты ғана емес, өсімдіктер мен жануарлар әлемін де терең білуі көмекке келді. Археология әлемі Олегті тарихи-мәдени мұра нысандары мен археологиялық экспедициялар кезінде табылған олжалардың тамаша фотосуреттер қорын құра білген саналы маман ретінде мәңгі жадында сақтайды.
Көрме Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағатында Олег Беляловтың қорын құруға орай ұйымдастырылған.
Көрменің ашылуында Олег Беляловты еске алуға арналған кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың «Солнечный ветер» деректі фильмі көрсетіледі.
Экспозиция тамыз айының 29-на дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі – Акжаркын Кумарбаева
Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде 2023 жылдың 3 тамыз күні «Қытай-Қазақстан жасөспірімдерінің арасындағы достық» атты халықаралық байқаудың 1-іріктеу кезеңі бойынша комиссия отырысы өтті.
Байқауға келген 8-13 және 14-18 жас аралығындағы балалардың жұмыстарын музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, көрме және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, ғалым хатшы, баспасөз хатшысы, ғылыми бөлімдердің жетекшілері, өнертану ғылымдарының кандидаттары, магистрлардың құрмамымен бекітілген комиссия мүшесі іріктеу жұмыстарын жүргізді. Байқаудың 1-кезеңі бойынша Алматы, Астана, Көкшетау, Шымкент, Орал қалаларынан 79 жұмыс келіп түсті, соның ішінен 2-кезең музейде өтетін көрмеге 40 қатысушының 43 жұмысы іріктеліп алынды. Көрмеге Қазақстан тарапынан 40 жұмыс және Қытай тарапынан 40 жұмыс қойылады, екі тараптан арнайы құрылған комиссия мүшелері көрмеге ұсынылған жұмыстардан үздікін таңдайтын болады. Көрме 2023 жылдың 22-24 тамыз күндері өтеді. Байқаудың 1-кезеңіне қатысқан барша балалар, ата-аналары мен жетекшілеріне музей әкімшілігі алғыс білдіреді.
2-кезеңге өткен қатысушылардың тізімі қосымша берілді.
Қосымша ақпарат: байқаудың кураторы Ақмарал Алтайқызы - 87753409967
Список участников международного конкурса
«Дружба между детьми Китая и Казахстана»,
прошедших 1 этап отборочного тура
- Мылтықбай Ажар 13 лет
- Бектасова Айганым Диас-Есимжановна 13 лет
- Серкебаева Айзере Хайдаровна 8 лет
- Умурзак Айым Алибеккызы, 12 лет
- Усен Айым 16 лет
- Нұржан Алем Эрикұлы 10 лет
- Кабылбекова Алема 14 лет
- Сарбасова Алима 15 лет
- Бирмагамбетова Алина 18 лет
- Матбаева Алуа 15 лет
- Тульбааева Амина 14 лет
- Кажикумарова Анелия 12 лет
- Юденич Анна 12 лет
- Таласбаева Ариана 10 лет
- Зарубина Арина 13 лет
- Айткалиев Арлан, 11 лет
- Мылтықбай Арна 10 лет
- Гайнедин Аружан 12 лет
- Фасхутдинова Аэлита 10 лет
- Отарбаев Бауыржан, 16 лет
- Пелых Богдана, 13 лет
- Сабирова Бэлла 10 лет
- Збродова Вероника 11 лет
- Юркова Вероника14 лет
- Цой Виктория 12 лет
- Дауренкызы Дания 8 лет
- Бабак Дарья 12 лет
- Ким Дарья Сергеевна 15 лет
- Амангелді Әліма 15 лет
- Сабирова Линара 8 лет
- Бадалова Луиза 13 лет
- Нағышбай Малика (14 жас)
- Мұхатбек Мөлдір Ануарқызы 15 жас
- Климентьева Надежда 15 лет
- Курепко Наталья 12 жас
- Алиева Пери 13 лет
- Сыдыкова Рамина 11 лет
- Мукажан Сафина 8 лет
- Артамонова Таисия 14 лет
- Куватова Эля 12 лет
2023 жылғы 15 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі мен «Апостол» қоғамдық қоры» «Қазақстанның інжу-маржаны – Ақсай скиті: Құдай Анасының Қазақстандағы алғашқы еншісі» атты пленэрлік жұмыстардың көрмесін ұсынады.
Экспозиция Ақсай шатқалындағы әйгілі Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде орналасқан Серафимо-Феогностовская шөліндегі – бірегей скитте (монастырь) салынған 15 көркем туындыны біріктірді.
Ақсай шатқалы – Қазақстан Республикасының аумағындағы ең көрікті жерлердің бірі. Оның төменгі бөлігін жапырақты ағаштар мен бұталар толық басқан, жоғарыда арша қопалары бар, алып шырша белдеудерін жартастар алмастырады, көріністі альпі шалғындары аяқтайды. Шыңдары қар сызығынан төмен орналасқан жоталардың артында екі биік көлдер мен мұздықтар жасырылған. Мұнда 1850 метр биіктікте Қызыл Жар — Қызыл жартас шатқалының баурайында Ақсай скиті орналасқан, оны кейде Қызыл жартастағы айқыш деп те атайды. Бұл көркем жерлерде сіз шатқалдың таңғажайып көріністерін, қар басқан шыңдарды, шыршамен көмкерілген беткейлерді және 1887 жылы орын алған ең қатты жер сілкінісінің ізі болып табылатын Ақжар үйіндісінің қалдықтарын тамашалай аласыз.
Мұнда Қазақстан өнерінің жаңадан үйреніп жүрген суретшілері мен шеберлері: Б. Досымов, Ж. Әйнекова, Н. Меңдіқұлов, А. Табиев, А. Әйнекова, Н. Баратов, А. Сеидова, А. Труспекова, Н. Асқар, К. Әзімжанова, А. Уткин, С. Собин (Хорликов), А. Үсентаева, В. Цейтлин, Г. Қайырбекова өздерінің алған пленэрлік көркем «әсерлерін» кенеп бетіне бейнелеген. Пленэр, бұл табиғатта, табиғи жарықта сурет салу техникасы, ол шығармаларды жазу үшін белгіленген шектеулі уақытты білдіреді, себебі табиғатпен жұмыс жүргізу кезінде жарық пен ауаның белсенді рөлі жоғалуы мүмкін. Пленэр суретшіге кенепте қоршаған ортадағы түстердің алуан түрлі бояуын және олардың шамалы өзгерістерін үлкен дәлдікпен көрсетуге мүмкіндік береді. Табиғат айналадағы болмысты ұғыну үшін негіз болып табылады, жарық пен ауа – өзіне тән мәнін құрайтын және таза кескіндеме шабытын беретін суретші эстетикасының іргетасын қалайды.
Көрме Қызыл-Жар тауындағы Құдай Анасының көрінуінің 110 жылдығына және Ақсай скитінің негізін қалаушылар тақуа әрі пірадар иеромонахтар Серафим мен Феогностты канонизациялауға (әулиелер қатарына жатқызылуына) байланысты 30 жыл толуына орайластырылған. Азаматтық соғыс жылдарындағы сенімі үшін азапты өлімге душар болған бұл әулиелер Қазақстанның көктегі қамқоршысы ретінде құрметтеледі.
«Скит туралы сөз қозғалған кезде оның Қазақстан үшін ерекше рухани маңызын атап өткен жөн. Ақсай шөлінің орнын Құдай Анасы – Аса Қасиетті Мәриям тылысым күштің әсерімен көрсеткен. Болашақ шіркеудің орналасқан жерін таңдаған кезде иеромонах Серафим мен Феогност Құдайға айрықша назармен дұға жасаған. Сол сәтте ғажайып құбылыс орын алды – монахтарға Иеміз Иса Мәсіхтің анасы көрінген. Ол пірадарларға скитті қайда орналастыру керектігін көрсетті».
Құдай Анасының көрінуі – бұл өте сирек кездесетін және ерекше оқиға, және бұл оқиға орын алған жер Құдай Анасының еншісі (жеке иелігі) болып саналады. Әлемде бұндай бірнеше орын белгілі – Қасиетті жер (Израиль), Афон тауы (Греция) және Серафимо-Дивеев монастыры (Ресей). Құдай Анасының көріну оқиғасымен дәріптелген қасиетті Ақсай шөлі – бұл Құдай Анасының Қазақстандағы алғашқы және жалғыз еншісі – оның жеке қамқорлығындағы орыны болып табылады, бұнда Құдай мен Аса Қасиетті Мәриям діндарлардың шын жүріктен айтылған дұғаларын ерекше түрде естіп, орындайды.
Серафим-Феогносттың Ақсай шөлі – барлық қазақстандықтар үшін қасиетті орын екені анық. Ол жерге жасалған ғибадат адамның рухани тұрғыдан өрлеуіне көмектеседі және барлық дәстүрлі діндердің өкілдері қатыгез қуғын-сүргінге ұшыраған заманның қайғылы оқиғаларын терең түсінуге ықпал етеді» – деп атап өтті «Апостол» қоғамдық қорының президенті Г.Сосновский.
Көрме 2023 жылдың 25 тамызына дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі- Виолетта Вологодская, "Шетел өнері" бөлімінің жетекшісі.
Instagram соңғы жаңалықтары
Instagram
⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің маусым айындағы көрмелер тізімі:
🔹Талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі
🔹Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі
12.05-03.07.2026
🔹Суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесі
16.06-25.06.2026
🔹«Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі
03.06-25.06.2026
🔹«АРТ-Лаборатория» бейнелеу студиясының «БОЯУДАҒЫ БАЛАЛАР ҮНІ» атты көрмесі
29.05-30.06.2026
🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік
29.05-31.08.2026
⚜️2026 жылдың 2 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуы өтеді.
🔹Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияға автордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі.
🔸Қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін суретші Серікбай Әлжанның шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның туындыларында ұлттық болмыс, тарихи жады, дәстүр сабақтастығы мен табиғат үйлесімі көркем бейнеленген. Суретші әсіресе, композициялық шешімге, бояу үндестігіне, образдық мазмұнға ерекше мән береді.
🔺«Сурет — менің өмірім» деп бағалайтын суретші бар ғұмырын өнер мен ұстаздыққа арнады. Елу жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, қазақ бейнелеу өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде суретшінің туындылары Қазақстандағы және шетелдердегі музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Солардың қатарында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қоры да бар.
📍Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады.
Көрме жетекшілері – Алимхожина Ақбота, Әли Ғалия
⚜️Құрметті Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің келушілері!
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы №242-НҚ бұйрығымен бекітілген «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалар прейскуранты қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз.
🔹Бағалар прейскурантына өзгерістер мен толықтырулар енгізу келушілердің қажеттіліктерін және музей қызметінің дамуын ескере отырып көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, баға қалыптастыру тетіктерін жетілдіруге және музей қызметтерінің әртүрлі санаттағы келушілер үшін қолжетімділігін арттыруға байланысты жүзеге асырылды.
🔺Кіру билеттері бойынша негізгі өзгерістер:
• Ересектер үшін – 1 билет 2 000 теңге
• Студенттер мен зейнеткерлер үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 1 000 теңге
• Мектеп жасындағы балалар үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 500 теңге
• Шетелдік ересек азаматтар үшін кіру билеті – 5 000 теңге
• Шетелдік балалар үшін кіру билеті – 2 500 теңге
• Корпоративтік клиенттер үшін (кемінде 10 адамнан тұратын топ) – 1 билет 1 800 теңге
• Ашық күні бар сыйлық сертификаты (ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін бір рет пайдалануға болады) – 1 билет 4 000 теңге
🔺Шетелдік көрмелерге кіру билеттері:
• Ересектер үшін – 1 билет 3 000 теңге
• Мектеп жасындағы балалар, студенттер және зейнеткерлер үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 1 000 теңге
▫️Сонымен қатар келушілерге арналған әртүрлі қызметтер кешенін қамтитын Platinum, Gold және Silver жылдық абонементтері енгізілді.
Бағалар прейскуранты туралы толық ақпаратты музейдің ресми сайтынан көре аласыздар:
Сілтеме: https://www.gmirk.kz/kk/
⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылуы өтеді.
▫️Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі.
▫️Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады.
▫️Көрменің атауы әр адамның жүрегіне жылы сезім ұялататын отбасылық альбом ұғымымен үндеседі. Альбомдағы әрбір фотосурет өткен күндердің ізін сақтап қана қоймай, жылдар өткен сайын жадының қойнауындағы естеліктерді жаңғыртып, көңіл түкпірінде сақталған сезімдерді қайта оятады. Оның парақтарын ақтару – уақыт пердесін түріп, өз өмір жолыңмен қайта жүздескендей әсер сыйлайтын ерекше сәт. Ол адамның жүрек түкпірінде сақталған естеліктерді оятады, таныстық сезімін, сағыныш пен өз өткеніне деген қызығушылықты қайта тірілтеді. Көрмеде ұсынылған шығармалар да дәл осындай әсерге бөлеп, көрерменді жеке естеліктері мен өмірлік тәжірибесіне қайта үңілуге шақырады.
▫️Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады.
📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult
Көрме кураторы – Рамина Дембаева
✨ 21 маусым – Әкелер күні
⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі барша әкелерді осы ерекше мерекемен шын жүректен құттықтайды!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 маусымдағы қаулысына сәйкес, елімізде Әкелер күні жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 2026 жылы бұл мереке 21 маусым күніне сәйкес келеді.
Әке – отбасының қорғаны, парасат пен жауапкершіліктің, қамқорлық пен мейірімнің символы. Әкенің өнегесі мен тәлімі ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алады, ал оның өмірлік ұстанымы мен еңбегі өскелең буынға әрдайым бағыт-бағдар береді.
🔸Осы мерекеге орай назарларыңызға кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаевтың әке тақырыбына арналған туындыларын ұсынамыз.
Салихитдин Айтбаев – Қазақстандағы заманауи бейнелеу өнерінің қалыптасуына зор үлес қосқан көрнекті суретші, қазақ өнеріндегі алпысыншы жылдар буынының сөзсіз көшбасшысы.
Салихитдин Айтбаев шығармашылығындағы әке бейнесі ерекше орын алады. Монументалды сипатқа ие бұл туындыларда әке образы терең ойлы, сабырлы әрі ішкі рухани қуаты мол тұлға ретінде көрініс табады. Артық детальдардан саналы түрде бас тарта отырып, суретші осы туындылар топтамасы арқылы әкенің отбасының рухани тірегі, беріктік пен даналықтың символы екенін айқын көрсетеді.
Туындылар:
▪️ «Әкемнің портреті». 1974 жыл
▪️ «Әкемнің портреті». 1965 жыл
▪️ «Әкемнің портреті». 1970 жыл
▪️ Әкесі мен ұлы. «Жылқышылар» триптихі. 1980 жыл
#kasteyev_календарь
⚜️2026 жылдың 20 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» жеке көрмесі аясында Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің оқушылары үшін суретшімен арнайы кездесу ұйымдастырылды.
🔹Кездесу барысында жас өнерпаздар суретшімен еркін сұхбаттасып, оның шығармашылық жолы, өнердегі ізденісі мен туындыларының идеялық мазмұны, суретші мамандығының ерекшелігі туралы сұрақтар қойды. Әңгіме барысында Омархан Құмар кәсіби суретші болу үшін ең алдымен еңбекқорлық, төзімділік, байқағыштық және үздіксіз ізденіс қажет екенін атап өтті. Ол суретшінің тек сурет сала білуі жеткіліксіз екенін, қоршаған ортаны терең сезініп, өмір құбылыстарын көркем тілмен жеткізе алуы маңызды екенін айтты.
🔸Кездесуде композициялық шешім құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Суретші кез келген шығарманың негізі дұрыс құрылған композиция екенін түсіндіріп, туындыдағы басты ойды көрерменге жеткізуде композицияның рөлі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыстың эскизден бастап аяқталған туындыға дейінгі кезеңдері, кеңістік пен пішіннің үйлесімі, түстік қатынастар мен жарық-көлеңкені қолдану тәсілдері жөнінде жан-жақты әңгімеледі. Оқушылар сурет салу барысында жиі кездесетін қиындықтар, шығармашылық тоқыраудан шығу жолдары және жеке стиль қалыптастыру мәселелері туралы да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
🔺Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу жас суретшілердің өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби бағдар алуына да ықпал етті. Суретші өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, шығармашылық жолдағы табандылықтың маңызын атап өтті және жас буынға ұлттық өнерді қадірлеу мен көркемдік талғамды үнемі дамыту қажеттігін жеткізді.
▫️Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің өнерді тереңірек түсінуіне, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуына және кәсіби суретшілердің тәжірибесінен үйренуіне мүмкіндік береді. Кездесу соңында оқушылар суретшіге алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсіп, көрмені тамашалады.






