Оқиғалар

Жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2024» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізетіні туралы хабарлайды. Сіздерді конференцияға қатысуға шақырамыз.

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2024» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізетіні туралы хабарлайды.

Сіздерді конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

2024 жылғы «ҚАСТЕЕВТЫҢ МҰРАСЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ МӘНМӘТІНІНДЕ» атты конференция Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналады. Конференцияның негізгі бағыты шебердің шығармашылық жетістіктерін қайта қарастыруға және оның кәсіби ұлттық көркемсурет мектебінің қалыптасуына әсерін бағалауға бағытталған.

Mүсінші, зергер, ұста Естай Дәубаевтың «ЗЕРДЕМ – ӨНЕРІМДЕ» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2024 жылдың 4 қазаны күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде мүсінші, зергер, ұста Естай Дәубаевтың «ЗЕРДЕМ – ӨНЕРІМДЕ» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. 

Естай Дәубаев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем Академиясының академигі, Халықаралық «Жігер» сыйлығының лауреаты, Карл Фаберже орденінің иегері, Халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессоры.

Түркістан қаласындағы «Қазақ хандығы» монументінің авторы, «Бөрілі байрақ» мүсіндік композициясы, «Асатаяқ» коллекциясы, «Сәукеле» реконструкциясының авторы

Белгілі қазақстандық суретші, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлованың 70 жылдық мерейтойына арналған «КАӨ» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 5 қазанда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық суретші, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлованың 70 жылдық мерейтойына арналған «КАӨ» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

      Айжан Бекқұлова 1954 жылы 27 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Халық шаруашылығы институтын қызыл дипломмен бітіріп, содан кейін Қазақфильм киностудиясына Кинокартина директоры қызметіне жұмысқа орналасты. Сергей Соловьев, Ираклий Квирикадзе, Сергей Бодров сияқты көрнекті киноматографистермен жұмыс істеді.

Юлия Эфманның «Гүлдер – бұл қуаныш сыйлайтын күннің күлкісі» атты жеке көрмесі ашылады.

2024 жылғы 24 қыркүйекте Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Юлия Эфманның «Гүлдер – бұл қуаныш сыйлайтын күннің күлкісі» атты жеке көрмесі ашылады.

Экспозицияда суретшінің 15 кескіндеме туындысы ұсынылады. Бұл көрме – гүл сұлулығының нағыз әнұраны. Юлияны олардың шексіз әртүрлілігі, пішіні мен түсі таң қалдырады. Бұл Юлия Эфманның бесінші жеке көрмесі.

Ұстап көретін фотосуреттер: Алматыда зағип және нашар көретін өнер сүйер жандарға арналған «Көрінбейтін әлем» атты ерекше көрме өтеді.

Ұстап көретін фотосуреттер: Алматыда зағип және нашар көретін өнер сүйер жандарға арналған «Көрінбейтін әлем» атты ерекше көрме өтеді. Көрменің ашылу салтанаты 2024 жылғы 24 қыркүйекте сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) өтеді.

 

Canon компаниясы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінің қолдауымен Қазақстанда көру қабілеті бұзылған адамдар мен көздері жақсы көретін жандар арасындағы шекараны жою мақсатында «Көрінбейтін әлем» көрмесінің өтетіндігін мақтанышпен жариялайды. Алматыда алғаш рет өтетін бұл оқиға инклюзивтілік жолындағы және заманауи өнер мен технологиялар әлемді әртүрлі қабылдауға  қарамастан адамдарды қалай біріктіре алатынын түсінуге маңызды қадам болмақ.