2025 жылдың 15 сәуірінде сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қолөнер шебері, суретші Тұрбай Мұратбектің «Сағыныштың түсі» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
«Сағыныштың түсі» – автордың музейіміздегі кезекті жеке көрмесі болып табылады. Экспозицияға 40-тан астам инемен кестеленген жұмыстары ұсынылады. Бұған дейін 2022 жылы «SÚR-AQ» атты көрмесі өткен болатын. Тұрбай Мұратбек өзінің кемелденген шығармашылығымен қатар, басынан өткізген қуаныш пен қайғыны, балалық шаққа сағынышты және жан-дүниесін тербеген түрлі эмоциялар жиынтығын өз туындыларында шебер көрсете білген.