Оқиғалар

Қазақ КСР Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВТЫҢ «СУРЕТШІ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ. ДӘУІР БЕЙНЕЛЕРІ» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2024 жылдың 6 қараша күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақ КСР Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВТЫҢ «СУРЕТШІ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ. ДӘУІР БЕЙНЕЛЕРІ» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 15:00-де БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-туры өтеді. Сонымен қатар, Нұрмұхаммедовтың 100 жылдық мерейтойын атап өтуде суретші тұрған үйде мемориалдық тақта ашылады және дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Қылқалам шеберінің туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық көрме суретшінің негізгі туындыларын ұсынады. Нұрмұхаммедов қырық жылға жуық шығармашылығында артында үлкен мұра қалдырды. Үздік туындылары оны кең тақырыпты, ауқымды көзқарасты суретші ретінде танытады.

15 қазан күні «Цифрлық күз: болашақты өзгерту» атты француз цифрлық өнер фестивалі Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне оралады.

15 қазан күні «Цифрлық күз: болашақты өзгерту» атты француз цифрлық өнер фестивалі Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне оралады.

 

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде «Цифрлық күз» фестивалінің үшінші шығарылымы 2024 жылғы 15-27 қазан аралығында өтеді.

«Цифрлық күз» – бұл Францияның сандық өнер және инновация саласындағы үздік жұмыстарын көрсететін жыл сайынғы кросс-мәдени өңірлік фестиваль. Фестивальді Франция Елшілігі мен Француз институты Less Media Group агенттігі мен Француз Альянсының қолдауымен ұйымдастырды.

Қазақстанның белгілі мүсіншісі Шоқан Төлештің «АСПАН» атты жеке көрмесінің ашылуы болады.

2024 жылдың 10 қазанында сағат 16:00-де Әбылхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның белгілі мүсіншісі  Шоқан Төлештің «АСПАН» атты жеке  көрмесінің ашылуы болады.

 

Бұл көрмеде біз шығармашылық жолын мүсіндік көркемдік туындыларымен бастаған Ш. Төлештің графика мен кескіндемедегі жаңа идеялары мен тың көзқарастарына куә боламыз. Көркем бейнелеу жүйесінің заңдылықтары дүниетанымдық идеялардың бірқатар серияларын түсіндіруге мүмкіндік береді. Шығармаларда мақсатты түрде бейнелер, сұлбалар, мазмұн, кейбір оқиғалар драмалық шиелесте суреттеледі. Автор сыни көзқарасты ұстанып, өзінің дүниетанымында өмір құбылыстарының жағымды жақтарын көрсетуге ұмтылады.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырған «Тұлғалардың ізімен» атты көрмесі ашылады.

2024 жылғы 11 қазанда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырған «Тұлғалардың ізімен» атты көрмесі ашылады. Экспозицияға «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті студенттерінің шығармалары кіреді.

 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы өнердің түрлі салаларында мамандар даярлауды жүзеге асыратын Орталық Азия мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Академия республика суретшілері үшін беделді мектеп болып табылады. Бейнелеу өнері факультетін қалыптастырудың бастауында Қазақстанның ұлттық көркем кескіндеме, мүсін және графика мектебінің негізін қалаған Қ. Тельжанов, М. Кенбаев, Х. Наурызбаев, К. Шаяхметов, Е. Сергебаев,

Д. Сулеев, Б. Түлкиев, Д. Шоқпаров сияқты көрнекті суретшілер болды.

Қазақстанның Халық суретшісі Мәмбеев Сабыр Әбдірасылұлының (1928-2017) «ШЕБЕРДІҢ КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ПОРТРЕТ» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда суретшінің отбасы қорындағы жиырмадан астам кескіндемелік туындылары қойылады.

2024 жылғы 8 қазанда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның Халық суретшісі Мәмбеев Сабыр Әбдірасылұлының (1928-2017) «ШЕБЕРДІҢ КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ПОРТРЕТ» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда суретшінің отбасы қорындағы жиырмадан астам кескіндемелік туындылары қойылады.