Оқиғалар

Фотограф Репнякова Ольга Сергеевнаның «Сиқырлы гүлдер» атты жеке фотокөрмесінің салтанатты ашылуы болады.

«Барлық адамдар гүлдерді жақсы көреді. Мұның сыры неде? Менің ойымша, бұл – бізді қайта-қайта табиғаттың нәзік бейнесіне тамсандыратын ғажайып сұлулықтың күші. Мен өз туындыларым арқылы гүл әлемінің эстетикалық әсемдігін паш етіп, адамдарды нәзік сұлулығына сүйсіндіріп, осы сиқырлы тартылыс күшінің сырын сәл болса да ашқым келеді.»                                                                                               

                                                                                                Репнякова Ольга Сергеевна

 

2026 жылдың 6 ақпанында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында фотограф Репнякова Ольга Сергеевнаның «Сиқырлы гүлдер» атты жеке фотокөрмесінің салтанатты ашылуы болады. Көрмеде 2016–2025 жылдар аралығында жасалған фотосуреттер ұсынылған.

Көрмеде сұлулықтың, үйлесімнің және өмірлік қуаттың символы саналатын гүлдер әлеміне арналған шамамен 60 авторлық фотожұмыс ұсынылады. Автор өз туындыларында түстің, пішіннің және жарықтың ғажайып үйлесімін аша отырып, нәзік эмоциялық күйді әрі табиғаттың тірі тынысын айқын сезіндіреді. Ольга Репнякованың фотожұмыстарындағы гүлдер – жай ғана бейне нысаны емес, олар шабыттың, қуаныштың және ішкі рухани сауығудың қайнар көзіне айналып, мәңгілік құндылықтарды – сүйіспеншілікті, мейірімділікті және бейбітшілікті дәріптейді.

Ольга Сергеевна Репнякова 1962 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Алматы технологиялық тұрмыстық қызмет көрсету және жеңіл өнеркәсіп техникумын «Фотографиялық өндірістің техник-технологы, фотограф» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған. Балалық шағынан бастап фотография өнеріне шынайы қызығушылық танытып, бұл сала кейіннен оның өмірлік кәсібіне айналды.

Ұзақ жылдар бойы Ольга Сергеевна кәсіби фотограф ретінде еңбек етті. Павлодар қаласында Павлодар трактор зауытында өндірістік эстетика бөлімінің фотографы болып қызмет атқарса, кейін Алматы қаласында шағын зертханаларда түсті басып шығару операторы, фотограф және бақылаушы шебер болып жұмыс істеді. Оның шығармашылық еңбегі әрдайым адамдарға қуаныш пен пайда әкелетін фотосуреттер жасауға бағытталды. Кейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты. Қазіргі уақытта зейнеткер, отбасылы, балалары мен немерелері бар, олар оның шығармашылық жолына әрдайым қолдау көрсетіп келеді.

Автор Қазақстанда және шетелде өткен көптеген көрмелер мен халықаралық фотожобалардың қатысушысы әрі лауреаты. Оның жұмыстары Алматы, Павлодар, Екатеринбург және Хайфа қалаларында өткен көрмелерде көпшілік назарына ұсынылған. Ол «Алматының Алтын объективі» жыл сайынғы фотобайқауына бірнеше рет қатысып, номинант атанған. 2018 жылы Д. П. Багаев атындағы «Фотоөнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет медалімен, ал 2019 жылы Salon Ribbon құрмет лентасымен марапатталған.

Өз шығармашылығы жайлы автор былай дейді: «Фотографияның құпиясы қарапайым – өмірді оның барлық қырларымен сүю, ұлтқа да, әлеуметтік мәртебеге де қарамай адамдарды құрметтеу. Әр адам үшін ең басты құндылықтар – сүйіспеншілік, мейірімділік және бейбітшілік».

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің жөндеуден кейінгі ашылуы

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің жөндеуден кейінгі ашылуы

 

Құрметті өнерсүйер қауым, қадірлі достар, серіктестер, қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылуымен шын жүректен құттықтай отырып, жаңарған музейімізге қонақ болуға шақырамыз.

2026 жылдың 20 қаңтарында музей өз есігін айқара ашып, келушілерді жаңартылған кеңістікте жаңа экспозицияларымен қарсы алады. Музейде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шатыр мен ішкі бөлмелер толық жаңартылды, еден жабындары ауыстырылды, инженерлік желілер, соның ішінде климатты бақылау жүйесі жаңғыртылды. Залдардың жаңа түстік шешімі бұрыннан таныс кеңістіктер мен экспонаттарды жаңаша қырынан қабылдауға мүмкіндік береді.

Суретші Света Березовскаяның «Жоқ, бұл соңы емес» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Экспозицияда 2020–2025 жылдар аралығында жазылған кескіндеме туындылары ұсынылады.

Света Березовскаяның «Жоқ, бұл соңы емес» атты көрмесі ашылады

2025 жылдың 19 желтоқсан күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Света Березовскаяның «Жоқ, бұл соңы емес» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Экспозицияда 2020–2025 жылдар аралығында жазылған кескіндеме туындылары ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының Алматы облыстық филиалының кезекті есептік көрмесі ашылады.

  2025 жылдың 12 желтоқсаны күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының Алматы облыстық филиалының кезекті есептік көрмесі ашылады.

     Бұл көрмеге Алматы облысының түрлі аудандарынан жиналған, қазақ елінің өнеріне елеулі еңбек сіңіріп, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған суретшілер қатысады. Олардың қатарында кескіндеме, графика, мүсін, дизайн және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының авторлары бар.

Синьцзянь өнер музейінің ұйымдастыруымен «Синьцзян-көркем жер» атты халықаралық көрменің ашылуы өтеді. Көрмеге 40-жуық қытай кескіндемесі, майлы бояу, графика, акварель және т.б. техникада орындалған өнер туындылары қойылады.

2025 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 11:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Синьцзянь өнер музейінің ұйымдастыруымен «Синьцзян-көркем жер» атты халықаралық көрменің ашылуы өтеді. Көрмеге 40-жуық қытай кескіндемесі, майлы бояу, графика, акварель және т.б. техникада орындалған өнер туындылары қойылады.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылуы өтеді.
 
▫️Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі.

▫️Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады.

▫️Көрменің атауы әр адамның жүрегіне жылы сезім ұялататын отбасылық альбом ұғымымен үндеседі. Альбомдағы әрбір фотосурет өткен күндердің ізін сақтап қана қоймай, жылдар өткен сайын жадының қойнауындағы естеліктерді жаңғыртып, көңіл түкпірінде сақталған сезімдерді қайта оятады. Оның парақтарын ақтару – уақыт пердесін түріп, өз өмір жолыңмен қайта жүздескендей әсер сыйлайтын ерекше сәт. Ол адамның жүрек түкпірінде сақталған естеліктерді оятады, таныстық сезімін, сағыныш пен өз өткеніне деген қызығушылықты қайта тірілтеді. Көрмеде ұсынылған шығармалар да дәл осындай әсерге бөлеп, көрерменді жеке естеліктері мен өмірлік тәжірибесіне қайта үңілуге шақырады.

▫️Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады.
 
📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult
Көрме кураторы – Рамина Дембаева ⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылуы өтеді. ▫️Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі. ▫️Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады. ▫️Көрменің атауы әр адамның жүрегіне жылы сезім ұялататын отбасылық альбом ұғымымен үндеседі. Альбомдағы әрбір фотосурет өткен күндердің ізін сақтап қана қоймай, жылдар өткен сайын жадының қойнауындағы естеліктерді жаңғыртып, көңіл түкпірінде сақталған сезімдерді қайта оятады. Оның парақтарын ақтару – уақыт пердесін түріп, өз өмір жолыңмен қайта жүздескендей әсер сыйлайтын ерекше сәт. Ол адамның жүрек түкпірінде сақталған естеліктерді оятады, таныстық сезімін, сағыныш пен өз өткеніне деген қызығушылықты қайта тірілтеді. Көрмеде ұсынылған шығармалар да дәл осындай әсерге бөлеп, көрерменді жеке естеліктері мен өмірлік тәжірибесіне қайта үңілуге шақырады. ▫️Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады. 📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult Көрме кураторы – Рамина Дембаева ✨ 21 маусым – Әкелер күні

⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі барша әкелерді осы ерекше мерекемен шын жүректен құттықтайды!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 маусымдағы қаулысына сәйкес, елімізде Әкелер күні жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 2026 жылы бұл мереке 21 маусым күніне сәйкес келеді.

Әке – отбасының қорғаны, парасат пен жауапкершіліктің, қамқорлық пен мейірімнің символы. Әкенің өнегесі мен тәлімі ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алады, ал оның өмірлік ұстанымы мен еңбегі өскелең буынға әрдайым бағыт-бағдар береді.

🔸Осы мерекеге орай назарларыңызға кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаевтың әке тақырыбына арналған туындыларын ұсынамыз.

Салихитдин Айтбаев – Қазақстандағы заманауи бейнелеу өнерінің қалыптасуына зор үлес қосқан көрнекті суретші, қазақ өнеріндегі алпысыншы жылдар буынының сөзсіз көшбасшысы. 

Салихитдин Айтбаев шығармашылығындағы әке бейнесі ерекше орын алады. Монументалды сипатқа ие бұл туындыларда әке образы терең ойлы, сабырлы әрі ішкі рухани қуаты мол тұлға ретінде көрініс табады. Артық детальдардан саналы түрде бас тарта отырып, суретші осы туындылар топтамасы арқылы әкенің отбасының рухани тірегі, беріктік пен даналықтың символы екенін айқын көрсетеді.

 Туындылар:
▪️ «Әкемнің портреті». 1974 жыл
▪️ «Әкемнің портреті». 1965 жыл
▪️ «Әкемнің портреті». 1970 жыл 
▪️ Әкесі мен ұлы. «Жылқышылар» триптихі. 1980 жыл

#kasteyev_календарь ✨ 21 маусым – Әкелер күні ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі барша әкелерді осы ерекше мерекемен шын жүректен құттықтайды! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 маусымдағы қаулысына сәйкес, елімізде Әкелер күні жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 2026 жылы бұл мереке 21 маусым күніне сәйкес келеді. Әке – отбасының қорғаны, парасат пен жауапкершіліктің, қамқорлық пен мейірімнің символы. Әкенің өнегесі мен тәлімі ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алады, ал оның өмірлік ұстанымы мен еңбегі өскелең буынға әрдайым бағыт-бағдар береді. 🔸Осы мерекеге орай назарларыңызға кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаевтың әке тақырыбына арналған туындыларын ұсынамыз. Салихитдин Айтбаев – Қазақстандағы заманауи бейнелеу өнерінің қалыптасуына зор үлес қосқан көрнекті суретші, қазақ өнеріндегі алпысыншы жылдар буынының сөзсіз көшбасшысы. Салихитдин Айтбаев шығармашылығындағы әке бейнесі ерекше орын алады. Монументалды сипатқа ие бұл туындыларда әке образы терең ойлы, сабырлы әрі ішкі рухани қуаты мол тұлға ретінде көрініс табады. Артық детальдардан саналы түрде бас тарта отырып, суретші осы туындылар топтамасы арқылы әкенің отбасының рухани тірегі, беріктік пен даналықтың символы екенін айқын көрсетеді. Туындылар: ▪️ «Әкемнің портреті». 1974 жыл ▪️ «Әкемнің портреті». 1965 жыл ▪️ «Әкемнің портреті». 1970 жыл ▪️ Әкесі мен ұлы. «Жылқышылар» триптихі. 1980 жыл #kasteyev_календарь ⚜️2026 жылдың 20 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» жеке көрмесі аясында Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің оқушылары үшін суретшімен арнайы кездесу ұйымдастырылды.

🔹Кездесу барысында жас өнерпаздар суретшімен еркін сұхбаттасып, оның шығармашылық жолы, өнердегі ізденісі мен туындыларының идеялық мазмұны, суретші мамандығының ерекшелігі туралы сұрақтар қойды. Әңгіме барысында Омархан Құмар кәсіби суретші болу үшін ең алдымен еңбекқорлық, төзімділік, байқағыштық және үздіксіз ізденіс қажет екенін атап өтті. Ол суретшінің тек сурет сала білуі жеткіліксіз екенін, қоршаған ортаны терең сезініп, өмір құбылыстарын көркем тілмен жеткізе алуы маңызды екенін айтты.

🔸Кездесуде композициялық шешім құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Суретші кез келген шығарманың негізі дұрыс құрылған композиция екенін түсіндіріп, туындыдағы басты ойды көрерменге жеткізуде композицияның рөлі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыстың эскизден бастап аяқталған туындыға дейінгі кезеңдері, кеңістік пен пішіннің үйлесімі, түстік қатынастар мен жарық-көлеңкені қолдану тәсілдері жөнінде жан-жақты әңгімеледі. Оқушылар сурет салу барысында жиі кездесетін қиындықтар, шығармашылық тоқыраудан шығу жолдары және жеке стиль қалыптастыру мәселелері туралы да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

🔺Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу жас суретшілердің өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби бағдар алуына да ықпал етті. Суретші өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, шығармашылық жолдағы табандылықтың маңызын атап өтті және жас буынға ұлттық өнерді қадірлеу мен көркемдік талғамды үнемі дамыту қажеттігін жеткізді.

▫️Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің өнерді тереңірек түсінуіне, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуына және кәсіби суретшілердің тәжірибесінен үйренуіне мүмкіндік береді. Кездесу соңында оқушылар суретшіге алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсіп, көрмені тамашалады. ⚜️2026 жылдың 20 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» жеке көрмесі аясында Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің оқушылары үшін суретшімен арнайы кездесу ұйымдастырылды. 🔹Кездесу барысында жас өнерпаздар суретшімен еркін сұхбаттасып, оның шығармашылық жолы, өнердегі ізденісі мен туындыларының идеялық мазмұны, суретші мамандығының ерекшелігі туралы сұрақтар қойды. Әңгіме барысында Омархан Құмар кәсіби суретші болу үшін ең алдымен еңбекқорлық, төзімділік, байқағыштық және үздіксіз ізденіс қажет екенін атап өтті. Ол суретшінің тек сурет сала білуі жеткіліксіз екенін, қоршаған ортаны терең сезініп, өмір құбылыстарын көркем тілмен жеткізе алуы маңызды екенін айтты. 🔸Кездесуде композициялық шешім құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Суретші кез келген шығарманың негізі дұрыс құрылған композиция екенін түсіндіріп, туындыдағы басты ойды көрерменге жеткізуде композицияның рөлі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыстың эскизден бастап аяқталған туындыға дейінгі кезеңдері, кеңістік пен пішіннің үйлесімі, түстік қатынастар мен жарық-көлеңкені қолдану тәсілдері жөнінде жан-жақты әңгімеледі. Оқушылар сурет салу барысында жиі кездесетін қиындықтар, шығармашылық тоқыраудан шығу жолдары және жеке стиль қалыптастыру мәселелері туралы да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. 🔺Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу жас суретшілердің өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби бағдар алуына да ықпал етті. Суретші өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, шығармашылық жолдағы табандылықтың маңызын атап өтті және жас буынға ұлттық өнерді қадірлеу мен көркемдік талғамды үнемі дамыту қажеттігін жеткізді. ▫️Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің өнерді тереңірек түсінуіне, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуына және кәсіби суретшілердің тәжірибесінен үйренуіне мүмкіндік береді. Кездесу соңында оқушылар суретшіге алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсіп, көрмені тамашалады. 🖌️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі өтуде.

🖼️Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. 
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.

Бейнебаян үшін "Абай ТV" телеарнасына алғысымызды білдіреміз. 🖌️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі өтуде. 🖼️Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. Бейнебаян үшін "Абай ТV" телеарнасына алғысымызды білдіреміз. ✨Қымбатты достар, "Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымында жас guide Шорман Ерсұлтан сендерді Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі сәндік-қолданбалы өнер залындағы қазақтың дәстүрлі ат әбзелдері әлеміне саяхатқа шақырады.

Ат әбзелдері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ер-тұрман, жүген және басқа да атқа қатысты бұйымдардың тарихы мен ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтермен танысып, ұлттық мұрамыздың терең мәнін бірге ашайық.

🐎 Ұлттық құндылықтарымызды танып-білуге шақырамыз! ✨Қымбатты достар, "Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымында жас guide Шорман Ерсұлтан сендерді Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі сәндік-қолданбалы өнер залындағы қазақтың дәстүрлі ат әбзелдері әлеміне саяхатқа шақырады. Ат әбзелдері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ер-тұрман, жүген және басқа да атқа қатысты бұйымдардың тарихы мен ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтермен танысып, ұлттық мұрамыздың терең мәнін бірге ашайық. 🐎 Ұлттық құндылықтарымызды танып-білуге шақырамыз! ⚜️10 маусым күні Австрияда MuseumsQuartier Wien халықаралық арт-резиденциясы аясында жүзеге асқан жоба көпшілікке таныстырылды. Жобаны Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Шетел өнері бөлімінің ғылыми қызметкерлері Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар әзірледі. 

🔹Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар Австрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан шақырылған кураторлар ретінде бағдарламаға қатысуда. Жоба қазақ ою-өрнектерінің символикасын зерттеп, оны музейлік және заманауи көркем тәжірибелер арқылы қайта пайымдауға бағытталған. Жұмыс Вена Дүниежүзілік музейімен серіктестікте атқарылуда.

⚜️10 июня в Австрии состоялась презентация проекта научных сотрудников Зарубежного искусства Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Кусаиновой Бибигуль и Азат Дидар, реализуемого в рамках международной арт-резиденции MuseumsQuartier Wien.

🔹Бибигуль Кусаинова и Азат Дидар принимают участие в программе в качестве приглашённых кураторов из Казахстана при поддержке Федерального министерства европейских и международных дел Австрии. Проект посвящён исследованию символики казахских орнаментов и её современному осмыслению через музейные и художественные практики. Проект реализуется в сотрудничестве со Всемирным музеем Вены. ⚜️10 маусым күні Австрияда MuseumsQuartier Wien халықаралық арт-резиденциясы аясында жүзеге асқан жоба көпшілікке таныстырылды. Жобаны Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Шетел өнері бөлімінің ғылыми қызметкерлері Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар әзірледі. 🔹Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар Австрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан шақырылған кураторлар ретінде бағдарламаға қатысуда. Жоба қазақ ою-өрнектерінің символикасын зерттеп, оны музейлік және заманауи көркем тәжірибелер арқылы қайта пайымдауға бағытталған. Жұмыс Вена Дүниежүзілік музейімен серіктестікте атқарылуда. ⚜️10 июня в Австрии состоялась презентация проекта научных сотрудников Зарубежного искусства Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Кусаиновой Бибигуль и Азат Дидар, реализуемого в рамках международной арт-резиденции MuseumsQuartier Wien. 🔹Бибигуль Кусаинова и Азат Дидар принимают участие в программе в качестве приглашённых кураторов из Казахстана при поддержке Федерального министерства европейских и международных дел Австрии. Проект посвящён исследованию символики казахских орнаментов и её современному осмыслению через музейные и художественные практики. Проект реализуется в сотрудничестве со Всемирным музеем Вены.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ