2025 жылғы 12 ақпанда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоксан 137) суретші Екатерина Терехованың «Көктем лебі келгенде» атты жеке көрмесі ашылады.
Көрмеде әсерлі пейзаждар, қанық натюрморттар, сондай-ақ a’la Prima стилінде орындалған «тірі» портреттер ұсынылады. Екатерина Терехованың кескіндемесі импрессионизм мен реализм элементтерін біріктіре отырып, бірегей визуалды әсерлер жасайды. Жас автордың әрбір шығармасы көрерменді қоршаған әлемнің жылуы мен шынайылығына терең бойлауға шақырады.