Оқиғалар

Тюнин Иван Васильевичтің «Ұрпақтар палитрасы» көрмесі

2020 жылдың 20 қазан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Тюнин Иван Васильевичтің «Ұрпақтар палитрасы» жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Ваня кішкентай кезінен бастап сурет салуды қатты қалайтын. Мектеп пен үйге барар жолда ол келер күннің барлық сұлулығын, оның бояулары мен реңктерін тамашалады. Баланың бойындағы шығармашылық қабілеті оған әлемнің әрбір бөлшегі мен әсемдігін байқауға мүмкіндік берді. Күзгі Алтай орманы қып-қызыл болып жалындап тұрды, қысқы қар жарқыраған жамылғы сияқты жатты, көктем бояулардың аса буырқануымен оянды. Осының барлығын қағазға түсірсе шіркін!

Бірақ бұл 1947 жыл еді, ел соғыстан кейінгі қираудан соң жаңа көтеріліп келе жатыр еді, барлығының, соның ішінде қарапайым бояулардың да тапшылығы болды. Өзінің сурет салу сабақтарын жалғастыру үшін жігітке көмір мен қолдан жасалған бояуларды қолдануға тура келді.

Арманына жету жолында Иван көптеген қиындықтарға тап болды, қабылдау емтихандарына кешігіп келді. Бірақ ол оқуға түсуден бас тартпады, Алматыда қалды, құрылыс алаңында жұмыс істеді. Бір жылдан кейін, Алматы көркемсурет училищесінің бақытты оқушысы болды! Содан кейін ол Мәскеуде, Бүкілодақтық инженерлік-құрылыс институтында оқуын жалғастырды.

Ол өмір бойы ҚазПромСтрой ҒЗИжоба институтының суретші-безендірушісі болып жұмыс істеді, жұмыс және мереке күндерін бояумен өрнектеумен болды. Кештерде ол өзінің сүйікті акварельдерімен табиғи және қалалық пейзаждарды бейнеледі – олар Иван Васильевичтің шығармашылығында басты орын алады.

Иван Васильевич Тюнин өнерге деген сүйіспеншілігін балалары мен немерелеріне қалдырды – бұл шығармашыл әулетке айналды, өйткені осындай үлкен және тату отбасында көптеген дарындылар бар!

tyunin 01

tyunin 02

tyunin 03

tyunin 04

tyunin 05