Оқиғалар

Cуретші Ғалым Оспановтың «Эйкос +» атты жеке шығармашылық көрмесі

Бүгін, Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде алматылық суретші Ғалым Оспановтың жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

«Эйкос +» шығармашылық көрмесі соңғы екі жылдағы туындаларына арналған. Эйкос сөзінің мағынасы экология ұғымының ежелгі гректік баламасы (лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім). Көрмеге 30-дан аса кескіндемелік натюрморт жанрындағы жұмыстар қойылды. Туындылар әлемдегі және еліміздегі өзекті жағдайларға бағытталған. Олар экология, пандемия және т.б мәселелер.

«Эйкос +» көрмесін дүйсенбіден басқа күндері сағат 10-00-ден 18-00-ге дейін келіп көре аласыздар.

2020 жылдың 14 қазанында  сағат 16:00 де  Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Ғалым Оспановтың «Эйкос +» атты жеке шығармашылық көрмесі өтеді.  

Ғалым Оспанов – натюрморт шебері көбінесе алма, алмұрт, құмыра  және т.б. заттармен жұмыс жасайды. Туындыларындағы заттардың орналасуы құрылымдық тәртіпте, кеңістіктің барлық қағидаларын ұстанады. Заттардың  пішіндеріне жете тоқталып кейде, жеке пішінге назар аударылады. Бір қарағанда қарапайым натюрморт болып көрінгенімен, мағынасы мен сюжеттік мәні бөлек. Шығармашылығындағы негізгі рөл атқаратын түстік-түзілімі. Түстер картинадағы көңіл-күйді және символ ретінде қолданылады. Пішінді заттар метафоралық мағынадағы үлкен философиялық мәнге ие.  

«Эйкос +» шығармашылық көрмесі соңғы екі жылдағы туындаларына арналған. Эйкос сөзінің мағынасы экология ұғымының ежелгі гректік баламасы (лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім).  Көрмеге 30-дан аса кескіндемелік натюрморт жанрындағы  жұмыстар қойылды. Туындылар әлемдегі және еліміздегі өзекті жағдайларға бағытталған. Олар экология, пандемия және т.б мәселелер. Суретшінің «Натюрморт» атты жұмысы космос тақырыбында фоны қара-көк суық түспен, сол жағында сары ұсақ жағындылармен толығып  жалпы ғаламның символына ұқсайды. Жоғарғы пландағы сары түсті үлкен алма күннің бейнесі, ал жанындағы жемістер күн жүйесіндегі ғаламшарлар. Натюрморттағы негізгі ой ол алдыңғы пландағы үлкен қызыл алма – жер ғаламшары. Байқасаңыздар жердің қазіргі жағдайын дәл көрсеткен. Оның ойқыш та, құрт түскен бейнесі планетамыздың қазіргі күйінің  келбеті. Осы тұста неге қызыл түсті алма? - деген сұрақ туындауы мүмкін. Жердің түсіне ұқсайтын жасыл және көкшіл түстегі жемістерде жетерлік. Себебі адам баласы пайда болғалы бері зұлмат соғыстар, зілзалалар, жұттар және табиғатқа деген адамның қиянаты тоқтамауда. Адам қолынан жасалған геноцидтер ғаламшарымызды қанға бөлеуде. Жемістер орналасқан мата суық ақшыл түсте. Бұндай суық түстің таңдалуы адамзаттың болашағы мен ниетінің метафорасы болса керек.

Ғалым Оспановтың экология тақырыбындағы жұмыстарының ішіндегі ерекшесі көрмеде орналасқан. Оның «Натюрморт 1» туындысында қара-көк фондағы сары түстес үлкен жемістер биік таулар мен табиғаттың бейнесі, ал мата бүктемелерінен теңіз толқындарының легі сезіледі. Кенептегі әрбір затқа тереңірек үңілетін болса үлкен мағынаға ие. Туындыдан барокко стиліне тән қарама-қайшылықты, жемістерден табиғат сұлулығын, ал матадағы буырқанған теңіз болса қазіргі климаттық өзгерістен пайда болған апаттарды баяндайды. Түстік түзілімі кереғар жылы сары және суық қара-көк түстермен орындалған. Суретшінің экология тақырыбын өзіндік кескіндемелік тілде жеткізген.    

Суретші жас кезінен өзіндік стильде, арнаулы жанрларда ізденіп келеді. Ол ешқашанда өз қолтаңбасын жоғалтпаған.  Философиялық дүние танымы мен шығармашылық ізденістері уақыт легімен бірге жалғасуда. Ғалым Оспановтың туындыларын түйсіну үшін метафоралық кілтін тауып, түстік символикасын сезіну керек. Натюрморт жанрында өзекті мәселелер қозғалатын бірегей көрме болашақта жаңа ойлармен толығып отыратыны анық.

ospanov 01

ospanov 02

ospanov 03

ospanov 04

ospanov 05