Оқиғалар

Қазақстандық суретші Нэлли Бубэнің «Мәдениет диалогы. Шығыс - Батыс» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 18 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші Нэлли Бубэнің «Мәдениет диалогы. Шығыс - Батыс» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді.

«Мәдениет диалогы. Шығыс - Батыс» көрмесі - қазақстандық суретшінің жарты ғасырдан астам шығармашылық жолын қамтитын ауқымды өнер жобасы. Экспозицияда кескіндеме, графика, коллаждар, объектілер мен станоктық туындылар ұсынылған. Барлық жұмыстарды өркениеттер, ұрпақтар және уақыт арасындағы үздіксіз диалог идеясы біріктіреді.

Көрмеге 80-нен астам шығарма қойылған. Автордың туындыларында үш негізгі тақырыптық желі анық байқалады: мәдени сабақтастық, экологиялық мәселелер және метафоралық тереңдік пен пластикалық көркемдікке толы Киелі кітап желілері. Барлық шығармалар авторлық орындау техникасында орындалған.

Нэлли Бубэ үшін «Шығыс - Батыс» – көпір емес, бір кеңістікте қатар өмір сүру ұғымы. Ұлы Жібек жолына арналған серия - географиялық карта емес, мәдени алмасу туралы поэтикалық шығарма, Еуропа, Азия мен Қытай халықтарының бейбіт бірлесе өмір сүру рухын жырлайтын көркем туынды. Символдық бейнелер мен композициялық шешімдерден бостандық идеясы мен рухани тәжірибенің ортақ табиғаты айқын сезіледі. Бұл тақырыптың көркемдік тұрғыдан ең мәнерлі шешімін табуға суретші 2002 жылдан бері шығармашылық ізденіс жүргізіп келеді. Аталмыш көрмеде «Ұлы Жібек жолының» бірнеше авторлық нұсқасының ішінен екі жұмысы ұсынылып отыр.

Одан бөлек, экспозицияда түркі халықтарының мәдени және рухани құндылықтарына арналған шығармалар да бар. «Сәукеле» композициясында онтологиялық үшқабатты әлем - жер асты, жер беті және аспан - архаикалық бас киімнің пішінінде тоғысып, болмыстың әмбебап моделіне айналады. «Қонақжайлық» атты туындыда үлкен қазан бейнеленген; оның айналасында қонақтар әңгімелесіп, той иелері мен қожайындар мерекелік әзірлік үстінде отырған сәтін көреміз. Бұл туындыда қазан - көшпелі өмір салтының ең асыл қонақжайлық дәстүрлерінің ғана емес, Қазақстанды мекендейтін халықтардың бірлігі мен ынтымағының да символы ретінде көрініс табады. «Қобыз» - қазақ музыкалық мәдениетінің нышаны, авторлық абстрактілі стилінде бейнеленген. «Қазақ қызы» портреті - көшпенді әйелдің жинақталған, символикалық бейнесі. Сондай-ақ көрмеде «Көпқырлы Азия» атты диптих қойылған. Онда Қазақстанды мекендейтін сан алуан ұлт өкілдерінің бейнелері топтастырылған. Бұл тақырып – автордың көп жылдан бергі шығармашылық қызығушылығының арқауында дамып келе жатқан бағыттарының бірі, ол көптеген портреттік нобайларда да ерекше көрінісін тапқан.

Экология тақырыбына арналған цикл - бұл планетаның жойылуына қарсы көркемдік үндеу. Экологиялық ескерту - нағыз көркемдік айқай! Сымдарға оратылған, металл үйінділеріне шырмалған, гипертрофияланған жануарлар бейнесі көрерменнің санасында өшпес әсер қалдырады. Суретші нақты заттармен - металл сынықтарымен, бұрандалармен, маталармен жұмыс істей отырып, техногендік қалдықтарды табиғаттың жоғалуы туралы метафизикалық пайымға айналдырады. Осы кезеңге жататын бірқатар туынды көрмеге енгізілген. Оның ішінде «Жалғыз құстың ұясы», «Жаңа ай» жұмыстары бар. Экологиялық циклдегі бұл жұмыстар кенепте акрил және май пастелімен орындалған, табиғаты жағынан түрлі түсті графикаға жатады.

Табиғатқа ұқыпты, жанашырлықпен қарауға үндеу – авторды көп жылдан бері толғандырып келе жатқан тақырып. Бұл қызығушылық алғаш рет 1997 жылы «Ұлар» галереясында өткен жеке көрмесінен бастау алған.

2019 жылы Солтүстік Кипр аумағындағы Никосия қаласында өткен симпозиумға қатысу барысында Нэлли Бубэ экологиялық тақырыпқа арналған 30 туынды жазды. Бүгінде бұл цикл Никосиядағы Биология және табиғаттану музейінің кеңістігін безендіріп тұр. Экологиялық тақырып әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Экспозицияда ерекше орын алатын бөлімнің бірі - Інжілдегі астарлы әңгімелер мен Ескі Өсиет сюжеттеріне арналған цикл. Бұл топтамадағы жұмыстарға суретші 1999 жылдан бері ден қойып келеді. Оның Інжіл тақырыбына арналған туындылары дәстүрлі канондық емес, шығыстық интерпретациясымен ерекшеленеді. Иса пайғамбар, пайғамбарлар мен елшілер – барлығы Орталық Азияға тән маталармен көмкерілген, өңірлік рәміздермен толықтырылған бейнеде ұсынылады. Мұндай көркемдік шешім бұл бейнелерді қазақ көрерменіне жақын әрі түсінікті етіп қана қоймай, оларды әмбебап деңгейге көтереді, өйткені рухани ақиқат географиялық шекараға бағынбайды. Суретшінің бұл циклдегі еңбектері Осло, Кристиансанн, Берген қалаларында көрмеге қойылып, халықаралық коллекциялар құрамына енген.

Сондай-ақ, көрмеде автордың ертеректегі кезеңдегі суреттері, нобайлары мен кітап иллюстрациялары да көрермен назарына ұсынылған.

Нэлли Бубэнің шығармашылығы – тірі, үнемі жаңарып, дамып отыратын форма; ол қоршаған дүниені қабылдап, онымен сұхбаттасып, көрерменге шабыт сыйлайтын қуатты көркемдік құбылыс. Оның картиналарынан көшпелі дәстүрлердің жаңғырығы, заманауи әлемнің алаңдаушылықтары мен рухани тепе-теңдікке ұмтылыс айқын сезіледі. Автор үшін «мәдениеттер диалогы» - бұл жай ғана риторикалық ұғым емес, көрерменді терең ойға жетелейтін өнер. Нэлли Бубэ жазып қана қоймайды, ол біздің әлеммен, болашақпен және әрқайсымызбен сұхбат құратын суретші.

Нэлли Витальевна Бубэ - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының және Қазақстан Республикасы Өнер академиясының мүшесі, Ресей Өнер академиясының құрметті шетелдік мүшесі. Нэлли Бубэ 1949 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1969 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, 1977 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факултетін тәмамдаған. Суретші көптеген қалалық, республикалық, халықаралық және жеке көрмелерге қатысқан.

Экспозиция 2025 жылдың 11 шілдесіне дейін жалғасады.

 

Көрме кураторлары - Ақылбекова А., Көпжүрсін А.

14
11
12
13

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
BalaGuide — дети в роли музейных гидов! 🎨

BalaGuide – уникальная рубрика Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева, где юные исследователи знакомят вас с музейными экспонатами своим языком.

Без сложных терминов — только живой интерес, искренние эмоции и детский взгляд на искусство. ✨

В новом выпуске Анна приглашает вас в зал западноевропейского искусства и рассказывает о произведениях, которые особенно привлекли её внимание.

Смотрите новый выпуск “BalaGuide” и открывайте мир искусства глазами ребёнка! 💫

#BalaGuide BalaGuide — дети в роли музейных гидов! 🎨 BalaGuide – уникальная рубрика Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева, где юные исследователи знакомят вас с музейными экспонатами своим языком. Без сложных терминов — только живой интерес, искренние эмоции и детский взгляд на искусство. ✨ В новом выпуске Анна приглашает вас в зал западноевропейского искусства и рассказывает о произведениях, которые особенно привлекли её внимание. Смотрите новый выпуск “BalaGuide” и открывайте мир искусства глазами ребёнка! 💫 #BalaGuide Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер

⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы!

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға.

Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады.

«Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар.

Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды.

«Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы.

Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер ⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы! Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды! Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға. Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады. «Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар. Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды. «Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы. Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media.

Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова.

Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа.

📌Экспозиция будет открыта до 18 августа.
​​​​​ ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media. Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова. Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа. 📌Экспозиция будет открыта до 18 августа. ​​​​​ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады.

Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨

✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory».

Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их.

📍 Выставка продлится до 24 августа.

Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады. Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory». Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их. 📍 Выставка продлится до 24 августа. Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 

🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді.

🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған.

Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар.

Абайды тану – өзіңді тану!

@madeniet__aqparat__ministrligi 
@qaz.culture ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. 🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған. Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар. Абайды тану – өзіңді тану! @madeniet__aqparat__ministrligi @qaz.culture ✨10 тамыз — Абай күні

🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 
 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз.
🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін!

✨10 августа — День Абая

🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения.
🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя.
🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации! ✨10 тамыз — Абай күні 🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз. 🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін! ✨10 августа — День Абая 🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения. 🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя. 🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации!
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ