2025 жылы 12 мамырында сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан 137) жыл сайынғы музей қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты көрмесі ашылады. Көрме Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына және 18 мамыр – дүниежүзілік музей күніне арналады.
Музей қызметкерлерінің «Көктем нұры» көрмесі жақсы дәстүрге айналып, 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Экспозицияда 180-нен астам жұмыстар ұсынылған. Бұл кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары. Аталмыш көрмеге 33 суретші қатысуда. Олардың қатарында: Еркін Нұразхан, Анжелика Ақылбекова (Уразбекова), Гүлжан Қалдыбаева, Гүлшат Қожамжарова, Ғалым Оспанов, Галина Сырлыбаева, Аида Елеуова, Гүлнар Жұваниязова, Наталия Баженова, Айсұлу Үсентаева, Вячеслав Цейтлин, Бахтияр Ділдәбеков, Гүлнұр Жұбанова, Алмат Оспанов, Әсел Момбекова, Гүлденай Бекбаулиева, Ақжарқын Құмарбаева, Анастасия Белова, Әйгерім Көпжүрсін, Анэля Инкарбек.
Әрбір қатысушы бірлігі бекем ұжымның белді мүшесі болып табылады және музейдің түрлі іс-шараларына өз үлесін қосады. Ғылыми қызметкерлер, реставраторлар, қор сақтаушылары, экспозиция бөлімінің, музей педагогикасы және жоба қызметі бөлімінің қызметкерлері, экскурсоводтар – барлығы да өз ісінің хас шеберлері. Бірақ жеке шығармашылық – шабыт пен жаңарудың қайнар көзі, бай әлеуетіңізді артыруға, көрермендермен сезімімен ойын бөлісуге мүмкіндік ашады.
«Біз әрқашан өнер туындысының эмоционалдық, рухани әсерін сезінеміз. Ләззат сезімі, рухани үйлесім, сезімнің ұшталуы, ойдың оянуы, сан алуан палитра, осының бәрі бізге шынайы өнер туындыларына ой жүгіртуге мүмкіндік береді. Кез келген баға жетпес қазына жинақталған жер адамзаттың эволюциялық ілгерілеуі үшін қажетті рухани қуат көзіне айналады», – деп жазды кезінде суретші, философ, қоғам қайраткері Николай Рерих.
Шығармалардың сюжеті алуан түрлі және бүгінгі күн шындығын да, авторлардың идеялық-философиялық, эстетикалықкөзқарасын да көрсетеді. Әр суретшінің өзіндік стилі, техникасы және сүйікті материалдары бар. Суретшілерді еліміздің шексіз алуан түстері мен табиғи пейзаждары қызықтырады. Пленэр жұмыстары мәнерлі және кәсіби деңгейде. Көрерменнің көз алдынан қаланың және Алматының маңындағы елді мекендердің танымал жерлері мен мүлде бейтаныс пейзаждар пайда болып, әсем Отанымыздың басқа да аймақтарының сұлулығын асқақтатады. Натюрморттар да қызықты.
Портрет суретшісі – адам мен уақыт арасындағы делдал есебінде болып табылады. Портреттердегі бейнелері шынайы, анық. Авторлардың бейнелеріне қарап біз өзара қандайда бір байланыс бар екенін сезінеміз. Ана тақырыбы туындыларда мәңгілік әсерлі көрініс тапқан.
«Нағыз суретшінің жоспары қашанда оны жүзеге асыру уақытынан да көп», – дейді белгілі суретші Жаңатай Шәрденовтің ұлы Арыстан Шәрденов. Және шынымен де солай. Қанаттарда қаншама эскиздер күтіп тұр! Музейде жұмыс істеу шығармашылық жұмысқа көп уақыт қалдырмауы мүмкін, бірақ жеке шығармашылықпен айналысудың бұл баға жетпес сағаттары суретшілер үшін қымбатқа түседі. Ал музей атмосферасы оларды одан әрі жүзеге асыру үшін санада жаңа идеяларды шабыттандырып, тудыруды ешқашан тоқтатпайды. Көрмеге қош келдіңіздер!
Наталия Баженова
Көрмені 2025 жылдың 25 мамырына дейін тамашалауға болады.
Жұмыс уақыты: 10:00-19:00. Демалыс күні: дүйсенбі
Көрме кураторы: Айсұлу Үсентаев