Оқиғалар

Ботагөз Нұрпейісованың Рерих Келісімінің 90 жылдығына арналған «Мәдениет құдіреті» атты жеке көрмесі ашылады.

2025 жылдың 24 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) Ботагөз Нұрпейісованың Рерих Келісімінің 90 жылдығына арналған «Мәдениет құдіреті» атты жеке көрмесі ашылады.

      Нұрпейісова Ботагөз Слямғалиқызы (1959-2022) – КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1988 ж.), Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, педагог, бірқатар халықаралық және республикалық көрмелердің, оның ішінде жеке көрмелердің қатысушысы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Ботагөз Слямғалиқызы Павлодар облысы Качир ауданының Песчаное ауылында дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітіргеннен кейін, В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық көркемсурет институтында білім алуын жалғастырды. О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде 30 - жылдан астам ұстаздық етіп, бірнеше суретшілер буынын тәрбиеледі. «Кемпірқосақ астында өмір сүру», «Менің Отаным», «Рух жолдарымен», «Көп жүзді Үндістан» және басқа да туындылар серияларының авторы, портреттік, жанрлық көріністер мен пейзаждардың шебері.

Суретші және ойшыл Н.К. Рерихтің көзқарастарын және  ұмтылыстарын қабылдап, оны өзінің ұстазы деп санады.  Оның философиясы, картиналары, әдеби шығармалары, мәдениеттің басым рөлі туралы мәлімдемесі Ботагөз Нұрпейісованың жеке тұлғасын, өмірлік және шығармашылық бағдарларын қалыптастырды.

«Мәдениет құдіреті» атты көрменің экспозициясында суретшінің 50-ден астам кескіндеме туындыларымен қатар, «Рерих Келісімі», көркем және ғылыми мекемелерді қорғау туралы халықаралық шарт, миссиялар мен жинақтар туралы ақпараттық баннерлер ұсынылған. 2025 – жылы халықаралық қоғамдастық Рерих Келісіміне қол қойылғанына 90 жыл толуын атап өтеді. Ботагөз Нұрпейісованың көркем шығармашылығында «Рерих Келісімінің» мәдени идеялары – табиғи ландшаф, оларды мекендейтін халық, мәдени дәстүр, сәулет ескерткіш, оның туындыларына түсірілген рухани ұмтылыстар адам рухының ең жақсы көріністеріне бағытталған.

Көрмеде біз туған жерге арналған, балалық шақтың ерекше жылуы мен естелікке толы сюжеттерін ал,  Әке мен Ана портреттерінен – оларға деген сүйіспеншілік пен ризашылықты көреміз.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Бхаратанатьям» үнді классикалық биінің кәсіби орындаушысы Ақмарал Қайназарованың шығармашылығына арналған жұмыстар қазақ және үнді мәдениеттерінің дәстүрлерін үйлесімді түрде біріктіреді.

Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастың ішкі сырын ашатын, терең рухани мағынаға толы «Көпірде» картинасы мен «Майтрейя» атты картинасы үндеседі, онда әйелдің адамзаттың Ұлы Ұстазына, Будданың ілімін білдірушіге деген дұғасы бейнеленген. Үнді тақырыбына арналған картиналар сериясы суретшінің әлемді терең философиялық қабылдауы, оның шеберлігі мен шексіз таланты туралы баяндайды. Ботагөз Нұрпейісованың Үндістанға деген махаббаты бала кезінен басталған. Бірақ, 2011 – жылы ғана Үндістанның киелі жерлеріне көптен күткен саяхаттар орын алды. Олар шығармашылыққа толы және жемісті болды, онда Гималайдың етегінде оны жарқыраған қарлы шыңдар мен бұйра бұлттар қарсы алады. Кулу алқабында, Наггареда (Химачал Прадеш штаты) Ботагөз Нұрпейісова көптеген этюдтер жазды. Дәл сол жерде, атақты Орталық Азия экспедициясынан кейін, профессор Н.К. Рерих пен оның отбасы 20 жылдан астам уақыт бойы өз қожалығында тұрып, «Урусвати» Гималай зерттеулер институтын құрды. 2019-жылы суретшінің  сапары Сикким қаласында өтті, оның нәтижесінде көптеген жаңа графикалық және көркем туындылар жасалды.

          Ботагөз Нұрпейісованың көркем суреттеріне жарқын палитра, жігерлілік, айқын қарама-қайшылықтар, тұтастық пен монументалдық тән. Ал Н.К.Рерих философиясының және оның мәдени идеяларының сабақтастығына ұсынылған экспозицияны – «Мәдениет құдіреті» - уақыт пен шектен тыс кеңістік ретінде біріктірді.

 

Көрме 2025  жылдың 8 мамырына дейін жалғасады.

Жұмыс уақыты: 10:00 – 19:00.

 

Куратор: Наталия Баженова –

 «Қазақстанның сәндік- қолданбалы өнер»

бөлімінің жетекшісі.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 12 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
 
🔸Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған.

🔹Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған.

Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтті.
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.
 Куратор – А.Р. Ақылбекова
Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі ⚜️2026 жылдың 12 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. 🔸Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған. 🔹Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған. Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтті. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. Куратор – А.Р. Ақылбекова Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі Instagram жарияланымы ⚜️2026 жылдың 11 маусым күні сағат Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы мен каталогының тұсаукесер рәсімі өтті.

🔹Көрмеде автордың 2000 жылдардан бері орындалған жетпіске жуық таңдаулы кескіндемелік туындылары ұсынылды. Экспозиция суретшінің шығармашылық ізденістерінің ауқымын, жанрлық және тақырып аясының мол қорын жан-жақты таныстырады.

🔹Экспозицияның негізгі бөлігін қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың портреттік галереясы құрайды. Абай Құнанбайұлы (2020), Шәкәрім Құдайбердіұлы (2020), Әлихан Бөкейхан (2021), Бауыржан Момышұлы (2021), Мұхтар Әуезов (2022), Ахмет Байтұрсынұлы (2024) және басқа да ұлт қайраткерлерінің бейнелері арқылы автор олардың ішкі болмысын, азаматтық ұстанымын және халық тағдырындағы орнын ашуға ұмтылады. 

«ҰЛЫ РУХ» көрмесі – суретші Омархан Құмардың 25 жылға жуық шығармашылық жолын қорытындылайтын алғашқы жеке көрмесі. Көрме атауының өзі экспозицияда ұсынылған туындылардың негізгі мазмұны мен идеялық өзегін айқындайды. Ұлт тарихы, елдік рух, ұлы тұлғалар, батырлық дәстүр мен туған жер табиғаты суретшінің шығармаларында көркемдік шешім тауып, қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи жадын бейнелейтін өзіндікобраздар жүйесін құрайды. Бұл көрме автордың ширек ғасырға жуық уақыттағы шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігінің нәтижесін танытатын маңызды мәдени оқиға болып табылады.
 
📌Көрме кураторы: Самал Мамытова ⚜️2026 жылдың 11 маусым күні сағат Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы мен каталогының тұсаукесер рәсімі өтті. 🔹Көрмеде автордың 2000 жылдардан бері орындалған жетпіске жуық таңдаулы кескіндемелік туындылары ұсынылды. Экспозиция суретшінің шығармашылық ізденістерінің ауқымын, жанрлық және тақырып аясының мол қорын жан-жақты таныстырады. 🔹Экспозицияның негізгі бөлігін қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың портреттік галереясы құрайды. Абай Құнанбайұлы (2020), Шәкәрім Құдайбердіұлы (2020), Әлихан Бөкейхан (2021), Бауыржан Момышұлы (2021), Мұхтар Әуезов (2022), Ахмет Байтұрсынұлы (2024) және басқа да ұлт қайраткерлерінің бейнелері арқылы автор олардың ішкі болмысын, азаматтық ұстанымын және халық тағдырындағы орнын ашуға ұмтылады. «ҰЛЫ РУХ» көрмесі – суретші Омархан Құмардың 25 жылға жуық шығармашылық жолын қорытындылайтын алғашқы жеке көрмесі. Көрме атауының өзі экспозицияда ұсынылған туындылардың негізгі мазмұны мен идеялық өзегін айқындайды. Ұлт тарихы, елдік рух, ұлы тұлғалар, батырлық дәстүр мен туған жер табиғаты суретшінің шығармаларында көркемдік шешім тауып, қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи жадын бейнелейтін өзіндікобраздар жүйесін құрайды. Бұл көрме автордың ширек ғасырға жуық уақыттағы шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігінің нәтижесін танытатын маңызды мәдени оқиға болып табылады.   📌Көрме кураторы: Самал Мамытова ⚜️2026 жылдың 10 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Толқынды жырға айналдыру: Цзянсу провинциясының балалар гравюрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті.

▫️Экспозицияда Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясынан келген 4 пен 16 жас аралығындағы жас суретшілердің шамамен 50 гравюралық туындысы ұсынылды. Жұмыстар балалардың шығармашылық әлеуетін, қоршаған әлемді шынайы қабылдауын, сондай-ақ Қытайдың көркемдік дәстүрлері мен мәдени мұрасының ерекшеліктерін айқын көрсетеді.

🔹Жоба Цзянсу провинциясының мәдениет және туризм департаменті тарапынан ұйымдастырылып, Дунхай ауданы халық үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылуда және Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған. Жұмыстардың авторлары – Цзянсу провинциясындағы білім беру мекемелерінің оқушылары. Жоба Қытайдағы балаларға арналған көркемдік білім беру саласындағы жетекші мамандандырылған мекемелердің бірі – Дунхай балалар гравюрасы орталығының қатысуымен дайындалған.

🔸Экспозиция «Ұлы Жібек жолының рухы және Қытай мен Қазақстан достығы» атты ортақ тақырып аясында біріктірілген және төрт тақырыптық бөлімді қамтиды: «Қытай мен Қазақстан достығы», «Ұлы Жібек жолының мәдениеті», «Спорттық оқиғалар» және «Балалар әлемі мен балалық әсерлер». Жас авторлар өнер тілі арқылы өздерін қоршаған әлем туралы баяндап, достық, мәдениет, тарих және болашақ жөніндегі көзқарастарын білдіреді.

🔺Көрме қазақстандық көрерменге Қытайдағы көркемдік білім беру жетістіктерімен танысуға және балалар көзімен әлемді – ашық, шынайы әрі өзара түсіністікке ұмтылған әлемді көруге мүмкіндік береді. Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтып, мәдени диалогтың дамуына ықпал етеді, сондай-ақ өнердің халықаралық қарым-қатынастың және мәдени өзара байытудың әмбебап тілі ретіндегі ерекше маңызын айқындайды.
 
 📍Көрме 2026 жылдың 17 маусымына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10.00-ден 18.00-ге дейін.
Демалыс: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
📌Көрменің кураторлары: Нұрпеис Д.К., Айдарова М.С. – «Шетел өнері» бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері ⚜️2026 жылдың 10 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Толқынды жырға айналдыру: Цзянсу провинциясының балалар гравюрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті. ▫️Экспозицияда Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясынан келген 4 пен 16 жас аралығындағы жас суретшілердің шамамен 50 гравюралық туындысы ұсынылды. Жұмыстар балалардың шығармашылық әлеуетін, қоршаған әлемді шынайы қабылдауын, сондай-ақ Қытайдың көркемдік дәстүрлері мен мәдени мұрасының ерекшеліктерін айқын көрсетеді. 🔹Жоба Цзянсу провинциясының мәдениет және туризм департаменті тарапынан ұйымдастырылып, Дунхай ауданы халық үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылуда және Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған. Жұмыстардың авторлары – Цзянсу провинциясындағы білім беру мекемелерінің оқушылары. Жоба Қытайдағы балаларға арналған көркемдік білім беру саласындағы жетекші мамандандырылған мекемелердің бірі – Дунхай балалар гравюрасы орталығының қатысуымен дайындалған. 🔸Экспозиция «Ұлы Жібек жолының рухы және Қытай мен Қазақстан достығы» атты ортақ тақырып аясында біріктірілген және төрт тақырыптық бөлімді қамтиды: «Қытай мен Қазақстан достығы», «Ұлы Жібек жолының мәдениеті», «Спорттық оқиғалар» және «Балалар әлемі мен балалық әсерлер». Жас авторлар өнер тілі арқылы өздерін қоршаған әлем туралы баяндап, достық, мәдениет, тарих және болашақ жөніндегі көзқарастарын білдіреді. 🔺Көрме қазақстандық көрерменге Қытайдағы көркемдік білім беру жетістіктерімен танысуға және балалар көзімен әлемді – ашық, шынайы әрі өзара түсіністікке ұмтылған әлемді көруге мүмкіндік береді. Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтып, мәдени диалогтың дамуына ықпал етеді, сондай-ақ өнердің халықаралық қарым-қатынастың және мәдени өзара байытудың әмбебап тілі ретіндегі ерекше маңызын айқындайды. 📍Көрме 2026 жылдың 17 маусымына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10.00-ден 18.00-ге дейін. Демалыс: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні. 📌Көрменің кураторлары: Нұрпеис Д.К., Айдарова М.С. – «Шетел өнері» бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері 📚«Бір туындының сыры» – Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің жаңа айдары. Бұл айдардың алғашқы шығарылымын біз Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің әйгілі еңбектерінің бірі - «Биік таудағы мұз айдынында» картинасынан бастаймыз. 

🔹1955 жылы жазылған  бұл шығарма Алматының көрнекті орындарының біріне айналған әйгілі спорт кешеніне арналған. Суретші Іле Алатауының көркем табиғатын ғана емес, қала мен табиғаттың үйлесімін, болашаққа ұмтылған өмір тынысын да бейнелейді. Бұл туындының астарында жатқан мән және оның не себепті өз дәуірінің нышанына айналғаны туралы жаңа айдарымыздың алғашқы шығарылымында баяндаймыз.

#БірТуындыныңСыры

📚«История одного шедевра» - это новая рубрика Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева, которую мы открываем для вас одной из самых узнаваемых работ народного художника Казахстана Абылхана Кастеева «На высокогорном катке».

🔹Картина была создана в 1955 году и посвящена знаменитому спортивному комплексу, который уже тогда становился одной из визитных карточек Алматы. Художник запечатлел не только живописную панораму Заилийского Алатау, но и атмосферу города, устремлённого в будущее, где природа и человек существуют в гармонии. О том, какие детали скрывает это полотно и почему оно стало одним из символов эпохи, рассказываем в первом выпуске нашей новой рубрики.
 #ИсторияОдногоШедевра 📚«Бір туындының сыры» – Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің жаңа айдары. Бұл айдардың алғашқы шығарылымын біз Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің әйгілі еңбектерінің бірі - «Биік таудағы мұз айдынында» картинасынан бастаймыз. 🔹1955 жылы жазылған бұл шығарма Алматының көрнекті орындарының біріне айналған әйгілі спорт кешеніне арналған. Суретші Іле Алатауының көркем табиғатын ғана емес, қала мен табиғаттың үйлесімін, болашаққа ұмтылған өмір тынысын да бейнелейді. Бұл туындының астарында жатқан мән және оның не себепті өз дәуірінің нышанына айналғаны туралы жаңа айдарымыздың алғашқы шығарылымында баяндаймыз. #БірТуындыныңСыры 📚«История одного шедевра» - это новая рубрика Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева, которую мы открываем для вас одной из самых узнаваемых работ народного художника Казахстана Абылхана Кастеева «На высокогорном катке». 🔹Картина была создана в 1955 году и посвящена знаменитому спортивному комплексу, который уже тогда становился одной из визитных карточек Алматы. Художник запечатлел не только живописную панораму Заилийского Алатау, но и атмосферу города, устремлённого в будущее, где природа и человек существуют в гармонии. О том, какие детали скрывает это полотно и почему оно стало одним из символов эпохи, рассказываем в первом выпуске нашей новой рубрики. #ИсторияОдногоШедевра ⚜️2026 жылғы 16 маусымда 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылған. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады.

🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді.

🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді.

▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші.

📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–19:00
Демалыс күні: дүйсенбі
📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️2026 жылғы 16 маусымда 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. 🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылған. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады. 🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді. 🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді. ▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші. 📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–19:00 Демалыс күні: дүйсенбі 📌Көрме кураторы: Наталия Баженова.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ