Оқиғалар

Белгілі қазақстандық суретші, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі Иван Стадничуктың (1913-2000) 112 жылдығына арналған жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 9 сәуірі күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық суретші, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі Иван Стадничуктың (1913-2000) 112 жылдығына арналған жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда отбасылық коллекциядан, сонымен қатар Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорынан автордың 50-ден астам кескіндемелік, акварельдік туындылары ұсынылады.

Суретші шығармашылығы –  көрерменіне жарқын да, қуанышқа толы әсер сыйлайтын тұтас әлем. Өткен күн мен  бүгінді тоғыстырған  көп түсті палитрамен біріктірілген композицияларындағы әртүрлі көңіл-күй бейнеленген портрет, пейзаж, натюрморттардың барлығы табиғат пен алуан түс әсемдігімен  жарысқандай сезім қалдырады. Қылқалам түсірген әрбір бояуда суретшінің жігерлі сезімі мен шабыттардың тұтас үйлесімділігі сезіледі.

И.Стадничук шығармашылығының маңызды бөлімі акварель жұмыстары болып табылады. Суретші нәзік бояуларды ауыстыра отырып,  пейзаждардағы түстерді, натюрморттағы заттардың материалдылығын, сонымен қатар шебердің сәлдегүлінің сәнді гүл шоғы болсын, қарапайым түймедақ гүлі болсын сүйікті гүлдерінің табиғи бейнесі мен  техниканың бірегей мүмкіндіктерін айқын көрсетеді.

Иван Яковлевич Стадничук 1913-жылы Украинаның Бердычев қаласының маңындағы Халаимгородок ауылында дүниеге келген. ҰОС ардагері. Қызыл Жұлдыз орденімен және КСРО медальдарымен марапатталған. Суретші Өзбекстанда, Бұхарда, Самарқанда және Ташкентте тұрды. Танымал мүсінші Я.Кучиспен кездесуі оның суретші болуға деген ұмтылысына әсер етті. 1940 - жылы Ташкент көркемөнер училищесін бітіргеннен кейін, И.Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтына түсті. Атақты график-иллюстратор, РКФСР еңбек сіңірген суретшісі М.З.Рудаковтан дәріс алған.

1952-жылы суретші Алматыға келіп, Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде, Абай атындағы ҚазПИ-да ұстаздық қызмет атқара жүріп, ізбасарларын тәрбиеледі. Қазақстан Суретшілер одағының шығармашылық және қоғамдық өміріне белсене қатысты. Суретшінің өмірінде ерекше орын алған «Пятница» әуесқой суретшілер студиясын құрып, онда  30 жылдан астам уақыт жетекшілік еткен. Ол Қазақстанда бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Суретшінің жұмыстары Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің қоры мен бүкіл әлем бойынша музейлер мен жеке жинақтарда сақтаулы.

 

Экспозиция мамыр айының 4-не дейін жалғасады.

 

Көрменің кураторы: Лаура Әбілдаева

11
10
12-1
8-2
9

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️10 маусым күні Австрияда MuseumsQuartier Wien халықаралық арт-резиденциясы аясында жүзеге асқан жоба көпшілікке таныстырылды. Жобаны Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Шетел өнері бөлімінің ғылыми қызметкерлері Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар әзірледі. 

🔹Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар Австрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан шақырылған кураторлар ретінде бағдарламаға қатысуда. Жоба қазақ ою-өрнектерінің символикасын зерттеп, оны музейлік және заманауи көркем тәжірибелер арқылы қайта пайымдауға бағытталған. Жұмыс Вена Дүниежүзілік музейімен серіктестікте атқарылуда.

⚜️10 июня в Австрии состоялась презентация проекта научных сотрудников Зарубежного искусства Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Кусаиновой Бибигуль и Азат Дидар, реализуемого в рамках международной арт-резиденции MuseumsQuartier Wien.

🔹Бибигуль Кусаинова и Азат Дидар принимают участие в программе в качестве приглашённых кураторов из Казахстана при поддержке Федерального министерства европейских и международных дел Австрии. Проект посвящён исследованию символики казахских орнаментов и её современному осмыслению через музейные и художественные практики. Проект реализуется в сотрудничестве со Всемирным музеем Вены. ⚜️10 маусым күні Австрияда MuseumsQuartier Wien халықаралық арт-резиденциясы аясында жүзеге асқан жоба көпшілікке таныстырылды. Жобаны Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Шетел өнері бөлімінің ғылыми қызметкерлері Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар әзірледі. 🔹Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар Австрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан шақырылған кураторлар ретінде бағдарламаға қатысуда. Жоба қазақ ою-өрнектерінің символикасын зерттеп, оны музейлік және заманауи көркем тәжірибелер арқылы қайта пайымдауға бағытталған. Жұмыс Вена Дүниежүзілік музейімен серіктестікте атқарылуда. ⚜️10 июня в Австрии состоялась презентация проекта научных сотрудников Зарубежного искусства Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Кусаиновой Бибигуль и Азат Дидар, реализуемого в рамках международной арт-резиденции MuseumsQuartier Wien. 🔹Бибигуль Кусаинова и Азат Дидар принимают участие в программе в качестве приглашённых кураторов из Казахстана при поддержке Федерального министерства европейских и международных дел Австрии. Проект посвящён исследованию символики казахских орнаментов и её современному осмыслению через музейные и художественные практики. Проект реализуется в сотрудничестве со Всемирным музеем Вены. ⚜️2026 жылдың 16 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылды. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады.

🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді.

🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді.

▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші.

📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–19:00
Демалыс күні: дүйсенбі
📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️2026 жылдың 16 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылды. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады. 🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді. 🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді. ▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші. 📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–19:00 Демалыс күні: дүйсенбі 📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі өтуде. 

🔹Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді.

✨ Сіздерді өнер туындыларымен жүздесіп, әр картинаның астарындағы сезім мен ойды бірге сезінуге, суретшілердің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге шақырамыз!

📍Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00.
Демалыс күні: дүйсенбі

⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит Республиканская выставка «Жанасу II - Соприкосновение II». 

🔹В экспозиции соседствуют камерные натюрморты, городские и степные пейзажи, метафорические сюжетные композиции. Эти работы отражают не просто техническую свободу, а личные поиски художников, их способность уловить сложные и ускользающие состояния окружающего мира.

✨ Приглашаем вас встретиться с искусством, почувствовать эмоции и смыслы, скрытые в каждой работе, и погрузиться в особую атмосферу!

📍Выставка продлится до 25 июня 2026 года
Время работы: 10.00 – 19.00. Выходной: понедельник ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі өтуде. 🔹Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді. ✨ Сіздерді өнер туындыларымен жүздесіп, әр картинаның астарындағы сезім мен ойды бірге сезінуге, суретшілердің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге шақырамыз! 📍Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00. Демалыс күні: дүйсенбі ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит Республиканская выставка «Жанасу II - Соприкосновение II». 🔹В экспозиции соседствуют камерные натюрморты, городские и степные пейзажи, метафорические сюжетные композиции. Эти работы отражают не просто техническую свободу, а личные поиски художников, их способность уловить сложные и ускользающие состояния окружающего мира. ✨ Приглашаем вас встретиться с искусством, почувствовать эмоции и смыслы, скрытые в каждой работе, и погрузиться в особую атмосферу! 📍Выставка продлится до 25 июня 2026 года Время работы: 10.00 – 19.00. Выходной: понедельник ⚜️2026 жылдың 12 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
 
🔸Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған.

🔹Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған.

Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтті.
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.
 Куратор – А.Р. Ақылбекова
Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі ⚜️2026 жылдың 12 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. 🔸Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған. 🔹Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған. Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтті. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. Куратор – А.Р. Ақылбекова Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі Instagram жарияланымы ⚜️2026 жылдың 11 маусым күні сағат Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы мен каталогының тұсаукесер рәсімі өтті.

🔹Көрмеде автордың 2000 жылдардан бері орындалған жетпіске жуық таңдаулы кескіндемелік туындылары ұсынылды. Экспозиция суретшінің шығармашылық ізденістерінің ауқымын, жанрлық және тақырып аясының мол қорын жан-жақты таныстырады.

🔹Экспозицияның негізгі бөлігін қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың портреттік галереясы құрайды. Абай Құнанбайұлы (2020), Шәкәрім Құдайбердіұлы (2020), Әлихан Бөкейхан (2021), Бауыржан Момышұлы (2021), Мұхтар Әуезов (2022), Ахмет Байтұрсынұлы (2024) және басқа да ұлт қайраткерлерінің бейнелері арқылы автор олардың ішкі болмысын, азаматтық ұстанымын және халық тағдырындағы орнын ашуға ұмтылады. 

«ҰЛЫ РУХ» көрмесі – суретші Омархан Құмардың 25 жылға жуық шығармашылық жолын қорытындылайтын алғашқы жеке көрмесі. Көрме атауының өзі экспозицияда ұсынылған туындылардың негізгі мазмұны мен идеялық өзегін айқындайды. Ұлт тарихы, елдік рух, ұлы тұлғалар, батырлық дәстүр мен туған жер табиғаты суретшінің шығармаларында көркемдік шешім тауып, қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи жадын бейнелейтін өзіндікобраздар жүйесін құрайды. Бұл көрме автордың ширек ғасырға жуық уақыттағы шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігінің нәтижесін танытатын маңызды мәдени оқиға болып табылады.
 
📌Көрме кураторы: Самал Мамытова ⚜️2026 жылдың 11 маусым күні сағат Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы мен каталогының тұсаукесер рәсімі өтті. 🔹Көрмеде автордың 2000 жылдардан бері орындалған жетпіске жуық таңдаулы кескіндемелік туындылары ұсынылды. Экспозиция суретшінің шығармашылық ізденістерінің ауқымын, жанрлық және тақырып аясының мол қорын жан-жақты таныстырады. 🔹Экспозицияның негізгі бөлігін қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың портреттік галереясы құрайды. Абай Құнанбайұлы (2020), Шәкәрім Құдайбердіұлы (2020), Әлихан Бөкейхан (2021), Бауыржан Момышұлы (2021), Мұхтар Әуезов (2022), Ахмет Байтұрсынұлы (2024) және басқа да ұлт қайраткерлерінің бейнелері арқылы автор олардың ішкі болмысын, азаматтық ұстанымын және халық тағдырындағы орнын ашуға ұмтылады. «ҰЛЫ РУХ» көрмесі – суретші Омархан Құмардың 25 жылға жуық шығармашылық жолын қорытындылайтын алғашқы жеке көрмесі. Көрме атауының өзі экспозицияда ұсынылған туындылардың негізгі мазмұны мен идеялық өзегін айқындайды. Ұлт тарихы, елдік рух, ұлы тұлғалар, батырлық дәстүр мен туған жер табиғаты суретшінің шығармаларында көркемдік шешім тауып, қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи жадын бейнелейтін өзіндікобраздар жүйесін құрайды. Бұл көрме автордың ширек ғасырға жуық уақыттағы шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігінің нәтижесін танытатын маңызды мәдени оқиға болып табылады.   📌Көрме кураторы: Самал Мамытова
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ