Оқиғалар

Қазақ КСР Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВТЫҢ «СУРЕТШІ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ. ДӘУІР БЕЙНЕЛЕРІ» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2024 жылдың 6 қараша күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақ КСР Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВТЫҢ «СУРЕТШІ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ. ДӘУІР БЕЙНЕЛЕРІ» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 15:00-де БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-туры өтеді. Сонымен қатар, Нұрмұхаммедовтың 100 жылдық мерейтойын атап өтуде суретші тұрған үйде мемориалдық тақта ашылады және дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Қылқалам шеберінің туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық көрме суретшінің негізгі туындыларын ұсынады. Нұрмұхаммедов қырық жылға жуық шығармашылығында артында үлкен мұра қалдырды. Үздік туындылары оны кең тақырыпты, ауқымды көзқарасты суретші ретінде танытады.

          Көрнекті кескіндеме шеберінің шығармашылығы ауқымды да сан алуан – портреттер, пейзаждар, жанрлық композициялар - өз заманының көркем бейнесін көрсетеді. Оның өмірбаяны сан түрлі оқиғаларға толы. Суретші Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, орден-медалдар иегері, көп саяхаттаған, қоғамдық өмірде өте белсенді болған, өнер туралы кітаптар жазған. Н.Нұрмұхаммедовтың жасаған барлық істерінде әрдайым елге, өз халқына, оның өмірі мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік сезімі болды.

Суретшінің «М.В. Фрунзенің Самарқандтағы жасақтары алдында сөйлеген сөзі» (1953), «Д.А. Фурманов Верный қаласындағы халық жасақтары арасында» (1954-1958) атты алғашқы жұмыстарынан ақ,  дарындылығын байқауға болады. Ол өзін сюжеттік кескіндеменің жетілген шебері ретінде танытты және республиканың бейнелеу өнеріндегі тарихи кескіндеменің дамуына лайықты үлес қосты.

1959 жылы Теміртауға жасаған сапарының әсерінен туындаған «Қазақстан Магниткасында» атты жұмыстар топтамасында сол кезеңнің шынайылығы көрініс тапқан. Сайын далада елдің көз алдында қуатты металлургиялық зауыт салынып, жаңа Теміртау қаласы бой көтеріп жатқаны, әрине, әсерлі болды. Оның шығармалары қарапайым да ғажап адамдар туралы, олардың өз жерімен ажырамас байланысы  туралы әңгіме іспетті.

Әсіресе, Әскери-теңіз флотына арналған жұмыстар сериясы суретшіге ерекше қымбат және оның өмірбаянының бір бөлігі болды. Ол теңіз офицерлерінің, даңқты теңізшілердің портреттерін үлкен сезіммен салған.

Нұрмұхамедов шығармашылығының жарқын беті оның шет елдерге жасаған саяхаттары. Ол қай жерде болса да – Еуропада, Жапонияда не Бразилияда, Үндістанда немесе Америкада,  т.б. барған жерінен жанды бақылаулар мен жарқын әсерлер әкеліп, кейін сол сезімдер сол елдердің, халықтың, табиғаттың келбетін бейнелейтін шығармалар тізбегіне айналды. Суретшінің «Бразилия» цикліне кіретін «Копакабанадағы кездесу», «Актриса Мария делла Костаның портреті», «Жол төсеуші», «Сан-Паулу қаласының шеті» және т.б.; Үнді сериясынан «Тибет Ламасы», «Ганди портреті»; Жапон сериясынан «Фудзияма тауы», «Хиросима», «Жапон мүсінші Хонго-Син әйелімен» туындылары кейіпкерлердің күйін жеткізуде нанымды, суретшінің өзіне тән шығармашылық тәсілімен, керемет үнсіз немесе ашық интенсивті бояумен жасалған.

            Портрет жанры Нұрмұхаммедов шығармашылығында маңызды орын алады. Суретшінің бүкіл шығармашылық жолында жасаған түрлі мамандық иелерінің, оның ішінде белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінің портреттерінің кең галереясы үлкен руханиятымен ерекшеленеді. Ол кейіпкерлерінің рухани және интеллектуалдық өмірінің байлығын жеткізуге ұмтылды.

Алайда оның Қазақстанның бейнелеу өнеріне қосқан үлесі тек кескіндемемен ғана шектелмейді. Н.Нұрмұхаммедов өнертану ғылымының кандидаты, қазақ халқының шығармашылығы, заманауи өнер туралы мақалалар жазды. «Қазақ КСР графикасы», «Еңбек даңқы», «Қазақстан өнері», «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі», «Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстан суретшілері» атты кітаптар шығарды.

Халық суретшісі Нағымбек Нұрмұхаммедовтың туғанына 100 жыл толуына орай Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ұйымдастырылған көрме суретшінің алуан түрлі жанрда жұмыс жасағанын және шығармашылығында тақырыптарды кең ауқымда қамтығанын айқын көрсетеді.

Экспозиция желтоқсан айының 8-не дейін жалғасады.

 

 

Кулжазира Мукажанова,

Қазақстаның енбек сінірген қайраткері

------1953
---
--1971
-----1954

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті.

Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия.

Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве.

📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті. Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. ⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия. Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве. 📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті.

 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді.

🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті. 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді. 🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті.

🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады.

🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме.

✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз. ⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті. 🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады. 🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме. ✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді.

🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б.

🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді. 🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б. 🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️Бүгінгі кезекті айдарымыз - кураторлық жұмысқа арналады. 

▫️Куратор – көрермен мен суретші арасын байланыстыратын елші, екі жақтың еркін ортада кездесуін ұйымдастыратын, көрменің идеялық және көркемдік тұтастығын айқындайтын басты тұлға. 

✨Сіздерді  4 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуында күтеміз!

📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. 
Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская

✨ Сегодняшний выпуск нашей рубрики — о тех, кто помогает выставке обрести свой голос.

▫️Куратор — это связующее звено между художником и зрителем, посредник, который создаёт пространство для их свободного диалога и встречи, а также определяет идейную и художественную целостность выставки.

✨ ✨ Ждём вас 4 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на открытии юбилейной ретроспективной выставки «ГОРОД И ЭПОХА ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённой 80-летию выдающегося представителя современного казахстанского скульптурного искусства, скульптора Павла Шорохова!

📌 Выставка продлится до 30 августа.

Куратор выставочного проекта — Оксана Танская. ⚜️Бүгінгі кезекті айдарымыз - кураторлық жұмысқа арналады. ▫️Куратор – көрермен мен суретші арасын байланыстыратын елші, екі жақтың еркін ортада кездесуін ұйымдастыратын, көрменің идеялық және көркемдік тұтастығын айқындайтын басты тұлға. ✨Сіздерді 4 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуында күтеміз! 📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская ✨ Сегодняшний выпуск нашей рубрики — о тех, кто помогает выставке обрести свой голос. ▫️Куратор — это связующее звено между художником и зрителем, посредник, который создаёт пространство для их свободного диалога и встречи, а также определяет идейную и художественную целостность выставки. ✨ ✨ Ждём вас 4 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на открытии юбилейной ретроспективной выставки «ГОРОД И ЭПОХА ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённой 80-летию выдающегося представителя современного казахстанского скульптурного искусства, скульптора Павла Шорохова! 📌 Выставка продлится до 30 августа. Куратор выставочного проекта — Оксана Танская. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбай көрме туралы өз ойымен бөлісті.

▫️Суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) киіз, дала шөптері мен табиғи материалдар арқылы уақыттың ізін, ұрпақтар сабақтастығын және материалдың өзгеру үдерісін зерделейді. Көрме көрерменді жадтың қалай сақталатыны және уақыттың материалға қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейді.

📍Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

⚜️В рамках проходящей в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Материя памяти / Matter of Memory» своими впечатлениями поделилась исследователь казахской мифологии, писатель, киносценарист, кандидат философских наук Зира Наурызбай.

▫️Используя войлок, степные травы и другие природные материалы, художница рассматривает время не просто как тему своих произведений, а как активную силу, участвующую в творческом процессе. Разработанная Арухан техника «старения» не стремится ни к реконструкции прошлого, ни к восстановлению традиции. Напротив, материал со временем впитывает следы изменений и превращается в своеобразный материальный архив.

📍Экспозиция продлится до 24 августа 2026 года. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбай көрме туралы өз ойымен бөлісті. ▫️Суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) киіз, дала шөптері мен табиғи материалдар арқылы уақыттың ізін, ұрпақтар сабақтастығын және материалдың өзгеру үдерісін зерделейді. Көрме көрерменді жадтың қалай сақталатыны және уақыттың материалға қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейді. 📍Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. ⚜️В рамках проходящей в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Материя памяти / Matter of Memory» своими впечатлениями поделилась исследователь казахской мифологии, писатель, киносценарист, кандидат философских наук Зира Наурызбай. ▫️Используя войлок, степные травы и другие природные материалы, художница рассматривает время не просто как тему своих произведений, а как активную силу, участвующую в творческом процессе. Разработанная Арухан техника «старения» не стремится ни к реконструкции прошлого, ни к восстановлению традиции. Напротив, материал со временем впитывает следы изменений и превращается в своеобразный материальный архив. 📍Экспозиция продлится до 24 августа 2026 года.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ