Оқиғалар

Белгілі қазақстандық суретші, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлованың 70 жылдық мерейтойына арналған «КАӨ» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 5 қазанда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық суретші, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлованың 70 жылдық мерейтойына арналған «КАӨ» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

      Айжан Бекқұлова 1954 жылы 27 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Халық шаруашылығы институтын қызыл дипломмен бітіріп, содан кейін Қазақфильм киностудиясына Кинокартина директоры қызметіне жұмысқа орналасты. Сергей Соловьев, Ираклий Квирикадзе, Сергей Бодров сияқты көрнекті киноматографистермен жұмыс істеді.

 1981 жылы Айжан Бекқұлова Мәскеудегі КСРО ГОСКИНО жанындағы Бүкілодақтық кинематография шығармашылығы және басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жоғары курсын аяқтап, киностудиядағы жұмысын жалғастырды.

         1993 жылы Т. Жүргенев атындағы театр-көркемсурет институтын «Монументалды тоқымашылық» мамандығы бойынша бітірді.

        Сол жылдан ол «Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасының» бірлескен ұйымдастырушысы және вице-президенті болды. Лига бүгінге дейін түрлі салаларда әйелдерді әлеуметік қолдау және білім жетілдіру мәселелерімен айналысып келеді.

        2003 жылдан Айжан «Our Heritage» (Біздің мұра) қоғамдық қорының  президенті ретінде қоғамдық қызметтер атқарды. Қордың негізгі міндеті - Қазақстан қолөнерін жаңғырту, сақтау және дамыту.

       2005 жылы Айжан «Our Heritage» қоғамдық қорының атынан ҚР Мәдениет министрлігімен, UNESCO және Еуразия қорымен бірлесіп, Шеврон, KCell т.б. компаниялардың қаржылық қолдауымен «Қазақстанда қолөнерді дамыту және халық көркемөнер кәсіпшілігін жаңғырту» тақырыбымен қолөнерді дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламаны әзірлеу мақсатында аталмыш бағдарламаның Қазақстандық үйлестіру кеңесін құрды. Қолөнершілікті дамыту жөніндегі ұлттық бағдарлама құрылғаннан кейін «Our Heritage» қоры оны іске асыруға кірісті. Астанада ұйымдастырылған қолөнершілердің бірінші халықаралық конференциясына 150 делегат қатысты, олар үшін Қор бизнес негіздері, маркетинг, Қазақстанның дәстүрлі қолөнері - зергерлік өнер, киіз, ағаш ою, кесте тігу, кілем тоқу бойынша Қазақстанның Өскемен, Қарағанды, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Алматы  және т.б. қалаларында оқыту семинарларын ұйымдастырып өткізді.

   Біздің «Heritage» қоры Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің қызметіне де белсене атсалысты.

       2008 жылы  Кеңесте Айжан Бекқұлова  вице-президент болып тағайындалды және еліміздің ұлттық мұрасын сақтау, қолөнерді Қазақстанда және одан тыс жерлерде дамыту және насихаттау бойынша жұмысын жалғастырды.

          2009 жылы Айжан Бекқұлова «Шебер» қазақстандық шеберлер фестиваліне бастамашы болды. Байқау қолөнершілердің шеберлігін, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыруға, ұмыт қалған технологиялар мен қолданбалы өнер техникаларының ассортиментін кеңейтуге және жаңғыртуға ықпал етті.

          2012 жылы Айжан Бекқұлова Қазақстан Қолөнершілер одағын құрды, ол қазір Қазақстанда ғана емес, елімізден тыс жерлерде де елеулі мәртебеге ие қоғамдық ұйым.

         2013 жылдан бастап Айжан Бекқұлова Қазақстан қол қойған Материалдық емес мәдени мұра туралы ЮНЕСКО конвенциясының аясында Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі Ұлттық комитеттің (МҰК) мүшесі және сарапшысы болып табылады. Айжан көп жылдар бойы Қазақстанда және елден тыс жерлер - Францияда, Германияда, АҚШ-та, Қытайда, Үндістанда және басқа да көптеген елдерде фестиваль, көрме мен конкурстардың кураторы және ұйымдастырушысы ретінде белсенді қызмет атқарып келеді. Қазіргі уақытта Айжан дәстүрлі және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер бойынша сарапшы, Қазақстанның қолөнершілігі бойынша мақалалардың ұйымдастырушысы, спикері, кураторы, жаттықтырушысы және авторы. Сондай-ақ студенттер мен оқытушылар, кәсіби шеберлер үшін Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан және басқа да елдерде Қазақстанның қолөнері мен өнерін танымал ету мақсатында көптеген халықаралық конференцияларда, симпозиумдарда, форумдарда қызмет атқарады.

            «КАӨ» көрмесі Айжан Бекқұлованың 1990-шы жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жасаған жүзден астам шығармасын ұсынады.  Ретроспективалық экспозицияда: тоқыма, киіз басу, қасиетті қуыршақтар, зергерлік әшекейлер, этникалық киімдер, сондай-ақ металдан, керамикадан, ағаштан және киізден жасалған, басқа шеберлермен және суретшілермен бірлесіп жасалған жұмыстар ұсынылған. Бұл жеке көрме жинақталған тәжірибенің, түрлі елдердің мәдениеттерімен танысудың, түрлі технологиялардың көркемдік көріністерінің ерекшелігі туралы көп жылдық ойлардың, шығармашылық адамдармен әңгімелер мен сұхбаттардың нәтижесі. Көрмеге қойылған жұмыстар оны ұлттық мәдени кодтың генетикалық сезіміне негізделген және қазіргі заманның ырғақтарымен, нысандарымен, белгілерімен, ой үлгілерімен байытылған өзіндік авторлық қайталанбас стилін қалыптастырған дарынды суретші ретінде көрсетеді.

       Оның бүкіл өмірі  кездесулер, қарым-қатынастар, жарқын жанды, стандартқа сыймайтын тұлғалармен достыққа бай. Сондықтан, оның үшінші жеке көрмесінің атауы ерекше - «КАӨ» («Өмірде онымен бірге жүретін керемет адамдарға» арналған). Айжанның өзінің айтуынша: «Мен әрқашан ерекше адамдарды кездестіру бақытына ие болдым. Олар  әлемге және  жеке өмірге деген менің көзқарасымда шешуші рөл атқарады. Кісіні таң қалдыратын, шабыттандыратын, қуантатын және дүниетанымын өзгертетін ол - адамдар. Олар үйретеді, ақыл-кеңес береді, сіздің пікіріңізді сұрап, өз ойымен бөліседі. Менің жеке көрмем –  маған көңіл бөлген, қарым-қатынас, қуат берген, тек жағымды сезімдер ғана емес, сонымен бірге шығармашылығыма құштарлық сыйлаған адамдарға білдірген үлкен алғысымның белгісі. Менімен бірге шығармашылық ынтымақтастықта жұмыс істегендерге рахмет».

Экспозиция қараша айының 5-не дейін жалғасады.

 

 

Көрме кураторы А. Р. Акилбекова

 көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️«Жад бедері / Matter of Memory» көрмесінің жария бағдарламасы

🔸Көрме аясында музей қонақтарын мазмұнды жария бағдарлама күтеді:

▫️зерттеуші Зира Наурызбайдың дәрісі;
▪️суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар;
▫️Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбындағы ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады.

✨Сіздерді көрме мен жария бағдарлама аясындағы іс-шараларда күтеміз!

⚜️Публичная программа в рамках выставки «Материя памяти / Matter of Memory»

🔸В рамках выставки гостей музея ждет насыщенная публичная программа:

▫️лекция исследовательницы Зиры Наурызбай;
▪️авторские экскурсии по выставке с художницей Арухан (Гаухар Бисенгалиевой);
▫️открытая беседа «Аудиовизуальное архивное наследие и как его сохранить» с Сауле Амантаевной Сатаевой, посвященная вопросам сохранения архивов и культурной памяти.

✨Будем рады видеть вас на выставке и мероприятиях публичной программы! ⚜️«Жад бедері / Matter of Memory» көрмесінің жария бағдарламасы 🔸Көрме аясында музей қонақтарын мазмұнды жария бағдарлама күтеді: ▫️зерттеуші Зира Наурызбайдың дәрісі; ▪️суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар; ▫️Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбындағы ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады. ✨Сіздерді көрме мен жария бағдарлама аясындағы іс-шараларда күтеміз! ⚜️Публичная программа в рамках выставки «Материя памяти / Matter of Memory» 🔸В рамках выставки гостей музея ждет насыщенная публичная программа: ▫️лекция исследовательницы Зиры Наурызбай; ▪️авторские экскурсии по выставке с художницей Арухан (Гаухар Бисенгалиевой); ▫️открытая беседа «Аудиовизуальное архивное наследие и как его сохранить» с Сауле Амантаевной Сатаевой, посвященная вопросам сохранения архивов и культурной памяти. ✨Будем рады видеть вас на выставке и мероприятиях публичной программы! ⚜️«Музей тынысы» айдарының кезекті шығарылымы қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, қылқалам шебері Серікбай Әлжанның шығармашылығына арналады.

🔸Серікбай Әлжанның туындылары қазақ бейнелеу өнеріндегі өзіндік қолтаңбасымен, терең мазмұны және көркемдік шешімдерімен ерекшеленеді. Суретшінің шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның әрбір еңбегінде ұлттық болмыс, тарихи жады, ата-баба мұрасы, дәстүр сабақтастығы мен табиғаттың тылсым үйлесімі шебер тоғысқан. Композициялық құрылым, бояулар үндестігі және образдық шешім арқылы автор көрерменді терең ойға жетелеп, халқымыздың рухани құндылықтарын заманауи көркем тілмен бейнелейді.

 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. ⚜️«Музей тынысы» айдарының кезекті шығарылымы қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, қылқалам шебері Серікбай Әлжанның шығармашылығына арналады. 🔸Серікбай Әлжанның туындылары қазақ бейнелеу өнеріндегі өзіндік қолтаңбасымен, терең мазмұны және көркемдік шешімдерімен ерекшеленеді. Суретшінің шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның әрбір еңбегінде ұлттық болмыс, тарихи жады, ата-баба мұрасы, дәстүр сабақтастығы мен табиғаттың тылсым үйлесімі шебер тоғысқан. Композициялық құрылым, бояулар үндестігі және образдық шешім арқылы автор көрерменді терең ойға жетелеп, халқымыздың рухани құндылықтарын заманауи көркем тілмен бейнелейді. 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. ⚜️2026 жылдың 14 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphy корей каллиграфиясы көрмесі ашылды.
 
🔸2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. 

🔹«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. 

🔺Ашылу рәсімі аясында қазіргі корей каллиграфиясының (K-Calligraphy) негізін қалаушылардың бірі, Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының төрағасы Ли Сан Хённің каллиграфиялық перформансы ұсынылады. Сондай-ақ көрме қонақтары Қазақстандағы корё-сарам шығармашылық ұжымдарының көшбасшысы саналатын Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының барабаншылар ансамблінің өнерін тамашалай алды. 

📌Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады.
Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️2026 жылдың 14 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphy корей каллиграфиясы көрмесі ашылды.   🔸2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. 🔹«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. 🔺Ашылу рәсімі аясында қазіргі корей каллиграфиясының (K-Calligraphy) негізін қалаушылардың бірі, Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының төрағасы Ли Сан Хённің каллиграфиялық перформансы ұсынылады. Сондай-ақ көрме қонақтары Қазақстандағы корё-сарам шығармашылық ұжымдарының көшбасшысы саналатын Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының барабаншылар ансамблінің өнерін тамашалай алды. 📌Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады. Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді.

🕣Өтетін уақыты: 22 шілде, сағат 15:00. 

🔸Көрме – суретшінің көпжылдық шығармашылық ізденісінің жемісін қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік танымды тоғыстырған тағылымы мол мәдени кеңістік. Экспозицияда автордың туған жерінің сұлу келбетін нәзік бейнелейтін пейзаждары, тарихи оқиғаларға негізделген композициялық туындылары, сондай-ақ ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды арқау еткен кескіндемелік және графикалық шығармалары ұсынылған.

Дөңгелек үстелген барша өнерсүйер қауымды шақырамыз! 

⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол в рамках юбилейной персональной выставки художника и педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 

🕣Время проведение: 22 июля в 15:00. 

🔸Выставка представляет собой итог многолетнего творческого пути художника, воплощая гармоничное единство национального духа и художественного мировоззрения. В экспозиции представлены пейзажи, тонко передающие красоту родной земли, композиционные произведения на исторические сюжеты, а также живописные и графические работы, раскрывающие национальную самобытность и духовные ценности казахского народа.

Приглашаем всех ценителей искусства на круглый стол! ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді. 🕣Өтетін уақыты: 22 шілде, сағат 15:00. 🔸Көрме – суретшінің көпжылдық шығармашылық ізденісінің жемісін қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік танымды тоғыстырған тағылымы мол мәдени кеңістік. Экспозицияда автордың туған жерінің сұлу келбетін нәзік бейнелейтін пейзаждары, тарихи оқиғаларға негізделген композициялық туындылары, сондай-ақ ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды арқау еткен кескіндемелік және графикалық шығармалары ұсынылған. Дөңгелек үстелген барша өнерсүйер қауымды шақырамыз! ⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол в рамках юбилейной персональной выставки художника и педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 🕣Время проведение: 22 июля в 15:00. 🔸Выставка представляет собой итог многолетнего творческого пути художника, воплощая гармоничное единство национального духа и художественного мировоззрения. В экспозиции представлены пейзажи, тонко передающие красоту родной земли, композиционные произведения на исторические сюжеты, а также живописные и графические работы, раскрывающие национальную самобытность и духовные ценности казахского народа. Приглашаем всех ценителей искусства на круглый стол! Выставка «Действие семейного альбома» в Алматы: восприятие старых снимком и воспоминаний во взрослой жизни

В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит выставка «Действие семейного альбома». В одном зале встретились художники разных поколений, чтобы показать, как старые снимки и воспоминания воспринимаются во взрослой жизни. Старые дворы, родительские комнаты и предметы быта они превратили в порталы памяти, сообщает телеканал «МИР 24».

📌Выставка продлится до 26 июля. Выставка «Действие семейного альбома» в Алматы: восприятие старых снимком и воспоминаний во взрослой жизни В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит выставка «Действие семейного альбома». В одном зале встретились художники разных поколений, чтобы показать, как старые снимки и воспоминания воспринимаются во взрослой жизни. Старые дворы, родительские комнаты и предметы быта они превратили в порталы памяти, сообщает телеканал «МИР 24». 📌Выставка продлится до 26 июля. «Жад бедері/ Matter of Memory»
Арухан (Гаухар Бисенғалиева)

⚜️2026 жылдың 24 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қазақстандық суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиеваның) «Жад бедері / Matter of Memory» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме 2026 жылдың 23 тамызына дейін ашық болады.

🔸Арухан – киіз, дала шөптері мен өзге де табиғи материалдарды шығармашылығының өзегіне айналдырған заманауи қазақстандық суретші. Ол өз туындыларында жад, уақыт, мәдени мұра һәм адам мен оның қоршаған ортамен байланысы сынды тақырыптарды зерделейді. Суретші аталған материалды сәндік дәстүрдің ғана көрінісі емес, өз алдына дербес көркемдік тілге ие медиум ретінде қарастырады.

🔸Жадтың материал бойында қалай таңбаланатыны туралы ой, оның уақытпен бірге қалай түрленетіні туралы толғаныс көрмеге өзек болған. Аруханның туындылары жадты көзге көрінбейтін абстракт ұғым ретінде емес, заттың беткі бедері мен қат-қабат қатпарларына, яки өне бойына сіңіп, уақытпен бірге ғұмыр кешетін тірі физикалық құбылыс ретінде танытады. Аруханның өзі қалыптастырған киізді табиғи жолмен ескірту тәсілі материалға уақыттың табын дарытып, оны адамзат тәжірибесі қатталған мұрағатқа айналдырады.

Кураторы: Ақжарқын Құмарбаева
Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина

📍 Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі
🕓 Ашылуы: 24 шілде,16:00
🗓️2026 жыл 24 шілде – 23 тамыз аралығында «Жад бедері/ Matter of Memory» Арухан (Гаухар Бисенғалиева) ⚜️2026 жылдың 24 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қазақстандық суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиеваның) «Жад бедері / Matter of Memory» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме 2026 жылдың 23 тамызына дейін ашық болады. 🔸Арухан – киіз, дала шөптері мен өзге де табиғи материалдарды шығармашылығының өзегіне айналдырған заманауи қазақстандық суретші. Ол өз туындыларында жад, уақыт, мәдени мұра һәм адам мен оның қоршаған ортамен байланысы сынды тақырыптарды зерделейді. Суретші аталған материалды сәндік дәстүрдің ғана көрінісі емес, өз алдына дербес көркемдік тілге ие медиум ретінде қарастырады. 🔸Жадтың материал бойында қалай таңбаланатыны туралы ой, оның уақытпен бірге қалай түрленетіні туралы толғаныс көрмеге өзек болған. Аруханның туындылары жадты көзге көрінбейтін абстракт ұғым ретінде емес, заттың беткі бедері мен қат-қабат қатпарларына, яки өне бойына сіңіп, уақытпен бірге ғұмыр кешетін тірі физикалық құбылыс ретінде танытады. Аруханның өзі қалыптастырған киізді табиғи жолмен ескірту тәсілі материалға уақыттың табын дарытып, оны адамзат тәжірибесі қатталған мұрағатқа айналдырады. Кураторы: Ақжарқын Құмарбаева Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина 📍 Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі 🕓 Ашылуы: 24 шілде,16:00 🗓️2026 жыл 24 шілде – 23 тамыз аралығында
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ