Оқиғалар

Автор және көрермендер мен оқырмандар арасындағы көрме мен бірқатар шығармашылық кездесулерді қамтитын Максим Кантордың «Глобус және уақыт» атты ауқымды Халықаралық жобасын ұсынады.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі  автор және көрермендер мен оқырмандар арасындағы көрме мен бірқатар шығармашылық кездесулерді қамтитын Максим Кантордың «Глобус және уақыт» атты ауқымды Халықаралық жобасын ұсынады.

       2024 жылғы 23 ақпанда сағат 16.00-де вернисаж, сағат 15.00-де Максим Кантормен баспасөз конференциясы өтеді.

     25 ақпан күні сағат 14.00-де Максим Кантордың  «Өнер мәңгілікке тиесілі ме» атты дәрісі Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің конференц-залында өтеді.  (кіру билеттері 1500 теңге).

           Көрнекті еуропалық суретші, философ, жазушы, драматург және мәдениеттанушы – Максим Кантордың шығармашылығының феномені теория мен практиканың ажырамас үйлесіміне негізделген. Әлемдік өнер тарихын терең білетін білімдар, классикалық және авангардтық өнердің бірігуінде өзінің көркемдік тұжырымдамасын жасайды. Оның бейнелеу және әдеби шығармашылығының бүкіл әлем бойынша көптеген жанкүйерлері бар.

Суретшінің шығармашылығы Қазақстанда алғаш рет көрермен назарына ұсынылып отыр. Қазақстандық көрермен автордың графика және кескіндемесімен танысып қана қоймай, суретшінің дәрістері мен пікірталастарға қатысу мүмкіндігі бар.

            Көрмеге суретшінің 2000-шы жылдардағы 50-ге жуық кескіндеме және графика туындылары кіреді. Көптеген жұмыстар авторды қызықтыратын тақырыптарды жоспарлы түрде ашатын серияларда біріктіріледі.

          Көрермендердің назарына суретшінің өзіндік визиттік карточкасына айналған көптеген көрнекті туындылар, олардың ішінде: «Ошаған», «География сабағы», «Арлекин», «Мәңгілік», «Әл-Фараби және Платон», «Дон Кихот», «Әкенің портреті» және т.б. ұсынылған. Кескіндемеде экспрессионизмнің әсері жергілікті, қарама-қарсы түс комбинацияларын қолданумен, гротеск тіліне жүгінумен және ерекше асыра сілтеуімен байқалады. Баспа графикасы өнердің осы түріне тән емес монументалдылығымен ерекшеленеді.

            Максим Кантордың көркем әлемінің орталығында әлсіздіктер мен жамандықтарға, азғырулар мен құмарлықтарға бейім адам жатыр. Портреттік бейнелер сыртқы жағдайлар мен ішкі тәжірибелердің қысымымен күрделі ұтқырлықта пайда болады. Өнер шығармаларының контекстінде қазіргі заманғы шынайы прототиптер мифологиялық және библиялық кейіпкерлермен, өткен заманның тарихи тұлғаларымен қатар өмір сүреді.

            Оның «...Бір дәуірдің портретін, бір ғасыр тарихын жазамын» деген сөзін көркем де, әдеби шығармашылыққа да жатқызуға болады.

            Кантордың өнері философияның, өнер тарихының, саясаттың және діннің тоғысқан жерінде жасалған. Максим Кантордың «Глобус және уақыт» көрмесі көрерменді уақыт ағымында жаһандық әлемде адам болмысы туралы ойлауға шақырады.

 

   Екатерина Резникова, өнертану ғылымдарының кандидаты

 

 

Суретшінің өмірбаяны

Максим Карлович Кантор (1957 жылы 22 желтоқсанда Мәскеуде туған) – суретші, жазушы, өнертанушы, эссеші. Философ К.М. Кантордың ұлы, А.А.Зиновьевке жақын, испан тілді драматургінің немересі. Мәскеу полиграфия институтын бітірген (1980). 1983 жылы Мәскеуде «Қызыл үй» андеграунд тобын құрды. 1988 жылдан бастап  туындылары Ресей мен Германияда суретші ретінде белсенді көрмеге қойылды. 1997 жылы Венеция биенналесінің орыс павильонының қатысушысы. 2016 жылы Максим Кантор Германия азаматтығын алып, Ре аралында (Франция), Берлинде және Оксфордта тұрып, жұмыс істейді.

Көркемдік қызметі

 Максим Карлович бірнеше графикалық циклдардың, сондай-ақ көптеген картиналардың авторы болды. Канторға суретші ретінде Микеланджело, Мантенья, Гойя, Брюгель, Ван Гог, Грюневальд және Петров-Водкин үлкен әсер етті. 1980 жылдардан бастап Берлин мен Миланда танымал бола отырып, суретші үнемі еуропалық көрмелерге қатысып, 1988 жылдан бастап жеке көрмелерді ұйымдастыра бастады. Оның жұмыстары Орыс музейі, Третьяков галереясы, Берлин Ұлттық галереясы, Британ және Люксембург музейлерінің коллекцияларында сақтаулы. Максим Кантордың картиналары Брюссель саборында, Париждегі Сент-Мерри шіркеуінде бар. 2014 жылдың қаңтар айынан бастап Ватиканның  ғылым академиясында Кантордың «Әулие Фома» және «Әулие Франциск пен әулие Августин» шығармалары ұсынылды.

Әдеби шығармашылығы

          1993 жылы Кантор өзін суретші ғана емес, сонымен қатар талантты жазушы ретінде көпшілікке таныстыра отырып, «Бос жердегі үй» атты әңгімелер жинағын шығарды.                13 жылдан кейін ол оқырмандар арасында қызу пікірталас тудырған «Сурет оқулығы» (2006) романын шығарды. Сыншылар шығарманы философиялық трактат, саяси сатира, сурет салу құралы, ал кейбіреулері жаңа ғасырдың басты әдеби оқиғасы деп атады. Кейінірек жаңа туындылар пайда болды: «Бабуинмен кеш», «Демократияның баяу жақтары», «Жалғыз темекі шегушінің кеңестері», «Қалақ және сыпырғыш», «Ошаған. Кескіндеме философиясы», «Ошаған және тікенек». Оның «Қызыл жарық» романы «Ұлттық бестселлер» әдеби сыйлығының қысқа тізіміне, сондай-ақ «Үлкен кітап» сыйлығының қысқа тізіміне енді. Ол француз, неміс және басқа тілдерге де аударылды. Дарынды автор, сонымен қатар философия мен өнер тақырыбында публицистикалық мақалалар мен жеке мәтіндер жазады.

 

Іс-шаралар бағдарламасы:

  1. Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ-де вернисаж -23 ақпан сағат 16.00-де, баспасөз конференциясы сағат 15.00-де.
  2. «Art de vivre» клубында Максим Кантормен кездесу – 24 ақпан. Орналасқан жері: «Достық» қонақ үйі (Құрманғазы-Қонаев көшелерінің қиылысы), сағат 13.00-ден 16.30-ға дейін. Бағдарламада ғылыми хатшы, өнертану кандидаты Екатерина Резникованың бейнелеу шығармашылығы туралы презентациясы бар. Модератор – профессор Шалабаева Г.Қ.
  3. Максим Кантордың «Өнерге мәңгілік тиесілі ме» тақырыбындағы дәрісі Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ-де – 25 ақпан сағат 14.00-де өтеді. Кіру билеттері музей кассасында 1500 теңге және жеңілдікпен 500 теңге .
  4. Максим Карловичтің Ұлттық кітапханада оқырмандармен және Пен-клуб мүшелерімен «Сөз белгі ретінде, нышан және бейне» тақырыбында кездесуі – 27 ақпан, сағат 11.00-де. Кіру тегін.
--2
image1
image2
image3

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылу салтанаты өтті.

🔹Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі.

🔸Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады. 

🔺Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады.
 
📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult
Көрме кураторы – Рамина Дембаева ⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылу салтанаты өтті. 🔹Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі. 🔸Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады. 🔺Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады. 📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult Көрме кураторы – Рамина Дембаева ⚜️Домбыра – халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық болмысының ажырамас белгісі. Оның қоңыр үні ғасырлар бойы елдің тарихын, қуанышы мен мұңын, салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.

🔸Осы айтулы мерекеге орай назарларыңызға ұсынылып отырған бейнероликте музейіміздің аға есепшісі, ақын Грибенчикова Зоя Ивановна өзінің жүрек төрінен туған жыр шумақтарын оқиды. Поэзияның әсерлі үнін домбыраның қоңыр сазымен музейіміздің жетекші экскурсоводы, домбырашы Нугуманова Шолпан Мұхаметқалиқызы сүйемелдейді.

🔸Өнердің әр саласын тоғыстырған бұл музыкалық-поэтикалық перформанс ұлттық құндылықтарымызға тағзым етіп, домбыраның мәңгілік рухын, қазақ өнерінің терең тамыры мен рухани сабақтастығын дәріптеуге арналған.

⚜️Домбра — неотъемлемый символ духовного наследия и национальной самобытности казахского народа. Её глубокое, проникновенное звучание на протяжении веков бережно хранит и передаёт историю народа, его радости и печали, традиции и культурные ценности.

🔹В видеоролике, подготовленном к Национальному дню домбры, старший бухгалтер музея, поэтесса Грибенчикова Зоя Ивановна читает проникновенные строки собственного стихотворения. Музыкальное сопровождение на домбре исполняет ведущий экскурсовод музея, домбристка Нугуманова Шолпан Мухаметкалиевна, создавая гармоничное единство поэтического слова и звучания национального инструмента.

🔹Этот музыкально-поэтический перформанс, объединивший разные виды искусства, является данью уважения национальным ценностям и призван прославить вечный дух домбры — одного из главных символов казахской культуры.

@madeniet__aqparat__ministrligi
@aida_balayeva ⚜️Домбыра – халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық болмысының ажырамас белгісі. Оның қоңыр үні ғасырлар бойы елдің тарихын, қуанышы мен мұңын, салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. 🔸Осы айтулы мерекеге орай назарларыңызға ұсынылып отырған бейнероликте музейіміздің аға есепшісі, ақын Грибенчикова Зоя Ивановна өзінің жүрек төрінен туған жыр шумақтарын оқиды. Поэзияның әсерлі үнін домбыраның қоңыр сазымен музейіміздің жетекші экскурсоводы, домбырашы Нугуманова Шолпан Мұхаметқалиқызы сүйемелдейді. 🔸Өнердің әр саласын тоғыстырған бұл музыкалық-поэтикалық перформанс ұлттық құндылықтарымызға тағзым етіп, домбыраның мәңгілік рухын, қазақ өнерінің терең тамыры мен рухани сабақтастығын дәріптеуге арналған. ⚜️Домбра — неотъемлемый символ духовного наследия и национальной самобытности казахского народа. Её глубокое, проникновенное звучание на протяжении веков бережно хранит и передаёт историю народа, его радости и печали, традиции и культурные ценности. 🔹В видеоролике, подготовленном к Национальному дню домбры, старший бухгалтер музея, поэтесса Грибенчикова Зоя Ивановна читает проникновенные строки собственного стихотворения. Музыкальное сопровождение на домбре исполняет ведущий экскурсовод музея, домбристка Нугуманова Шолпан Мухаметкалиевна, создавая гармоничное единство поэтического слова и звучания национального инструмента. 🔹Этот музыкально-поэтический перформанс, объединивший разные виды искусства, является данью уважения национальным ценностям и призван прославить вечный дух домбры — одного из главных символов казахской культуры. @madeniet__aqparat__ministrligi @aida_balayeva ⚜️2026 жылдың 2 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылды.

🔸Қылқалам шеберінің шығармашылығында пейзаж жанры айрықша орын алады. Оның картиналарынан табиғатпен үндескен тыныштық, сыршыл көңіл күй мен терең ой аңғарылады. Әсіресе, қыс мезгіліне арналған пейзаждары көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Суретші табиғат көріністерін қарапайым бейнелеп қана қоймай, оны адамның рухани әлемімен сабақтастыра отырып жеткізеді. Қысқы табиғаттың үнсіздігі мен сұлулығын бейнелей отырып, адамның жан дүниесіндегі тыныштықты, сағыныш пен жылылықты нәзік бере алады. Оның «Қысқы орман» (2000 ж.), «Тыныштық» (2006 ж.) сынды туындыларында табиғаттың сабырлы қалпы мен қыстың ерекше әсемдігі анық байқалады. «Ауылдағы қыс» (2004 ж., 2015 ж.) атты туындылары суретшінің шығармашылық болмысын айқындап, оның өзіндік қолтаңбасын нақты танытады.
Серікбай Әлжан шығармаларының маңызды бөлігі қазақ халқының тарихы мен рухани мұрасына арналған. 

🔹Суретші портрет жанрында да өзін таныта алды. Автор қазақ зиялыларының бейнелеріне де ерекше көңіл бөлген. Оның қылқаламынан туған Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» желісіндегі портреті, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» тақырыбындағы туындысы, Сәкен Сейфуллин және өзге де тарихи тұлғалардың образдары ұлттық руханияттың көркем шежіресі деуге болады. 2021 жылы ХІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсының «Абай және Жамбыл әлемі жас суретшілер көзімен» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған үздік көркемсурет туынды номинациясы бойынша «Абайдың қара сөздері» туындысы І орынға ие болды.

🔺«Суретшінің толғауы» атты көрмесі  автордың шығармашылық әлеміне терең бойлап, ұлттық өнердің көркемдік қуатын сезінуге мүмкіндік беретін тағылымды мәдени оқиға.

📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады.
Көрме жетекшілері – Алимхожина Ақбота, Әли Ғалия ⚜️2026 жылдың 2 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылды. 🔸Қылқалам шеберінің шығармашылығында пейзаж жанры айрықша орын алады. Оның картиналарынан табиғатпен үндескен тыныштық, сыршыл көңіл күй мен терең ой аңғарылады. Әсіресе, қыс мезгіліне арналған пейзаждары көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Суретші табиғат көріністерін қарапайым бейнелеп қана қоймай, оны адамның рухани әлемімен сабақтастыра отырып жеткізеді. Қысқы табиғаттың үнсіздігі мен сұлулығын бейнелей отырып, адамның жан дүниесіндегі тыныштықты, сағыныш пен жылылықты нәзік бере алады. Оның «Қысқы орман» (2000 ж.), «Тыныштық» (2006 ж.) сынды туындыларында табиғаттың сабырлы қалпы мен қыстың ерекше әсемдігі анық байқалады. «Ауылдағы қыс» (2004 ж., 2015 ж.) атты туындылары суретшінің шығармашылық болмысын айқындап, оның өзіндік қолтаңбасын нақты танытады. Серікбай Әлжан шығармаларының маңызды бөлігі қазақ халқының тарихы мен рухани мұрасына арналған. 🔹Суретші портрет жанрында да өзін таныта алды. Автор қазақ зиялыларының бейнелеріне де ерекше көңіл бөлген. Оның қылқаламынан туған Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» желісіндегі портреті, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» тақырыбындағы туындысы, Сәкен Сейфуллин және өзге де тарихи тұлғалардың образдары ұлттық руханияттың көркем шежіресі деуге болады. 2021 жылы ХІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсының «Абай және Жамбыл әлемі жас суретшілер көзімен» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған үздік көркемсурет туынды номинациясы бойынша «Абайдың қара сөздері» туындысы І орынға ие болды. 🔺«Суретшінің толғауы» атты көрмесі автордың шығармашылық әлеміне терең бойлап, ұлттық өнердің көркемдік қуатын сезінуге мүмкіндік беретін тағылымды мәдени оқиға. 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. Көрме жетекшілері – Алимхожина Ақбота, Әли Ғалия ⚜️2026 жылдың 7–17 шілде күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қабырғасында суретші Александр Дильбазидің «Анар бағы» атты жеке көрмесі өтеді. Бұл – автордың дүниетанымы мен философиялық көзқарасын кескіндеме тілі арқылы танытатын ауқымды халықаралық жоба. Көрменің бас демеушісі – КазКонтракт компаниясы.

🔺«Анар бағы» - жай ғана көрме емес, жылдар бойы өзгеріп, толығып, жаңа сипатқа ие болып келе жатқан, елдер мен мәдениеттерді, сондай-ақ көрермендерді өзара тоғыстыратын нағыз көркемдік жүйе.

🔺Жобаның тарихы 2015 жылы The Ritz-Carlton Moscow қонақүйінде өткен «Анар қашан гүлдейді?» атты топтамадан бастау алады. Сол кезде он бес картинадан тұратын топтама алғаш рет біртұтас көркемдік тұжырым ретінде көпшілік назарына ұсынылды. Өткен он жыл ішінде жоба талай рет түрлі кеңістіктерде таныстырылып, картиналар әлемнің түкпір-түкпірін аралады. Экспозиция үнемі жаңа туындылармен, тың бояулармен, жаңа сюжеттермен және терең философиялық ой-толғамдармен толықтырылып отырды.

🔺Әрбір жаңа көрме өзінің негізгі идеялық өзегін сақтай отырып, көрерменмен сұхбат құрудың өзгеше формасына ие болды. Уақыт өте келе жоба дәстүрлі көрме шеңберінен шығып, кескіндеме, кеңістік пен көрермен біртұтас көркем әрекетке айналатын «көрме-қойылым» сипатына ие болды. Осылайша анар ағаштарының бейнесі біртіндеп «Анар бағына» айналды.

🔺Сондықтан көрменің Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтуі ерекше мәнге ие. Алматыдағы бұл көрме суретшінің осы қаламен байланысқан көпжылдық жеке әрі шығармашылық тарихының заңды жалғасы болып табылады.

🔺Көрмені ұйымдастырушылар барша өнерсүйер қауымды «Анар бағы» көрмесіне келіп, кескіндеме естелікке, ал естелік уақытпен үндескен жанды сұхбатқа айналатын ерекше көркем кеңістіктің бір бөлшегі болуға шақырады.
 
📌Көрме кураторлары -  Екатерина Дильбази, Емангалиева К.А ⚜️2026 жылдың 7–17 шілде күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қабырғасында суретші Александр Дильбазидің «Анар бағы» атты жеке көрмесі өтеді. Бұл – автордың дүниетанымы мен философиялық көзқарасын кескіндеме тілі арқылы танытатын ауқымды халықаралық жоба. Көрменің бас демеушісі – КазКонтракт компаниясы. 🔺«Анар бағы» - жай ғана көрме емес, жылдар бойы өзгеріп, толығып, жаңа сипатқа ие болып келе жатқан, елдер мен мәдениеттерді, сондай-ақ көрермендерді өзара тоғыстыратын нағыз көркемдік жүйе. 🔺Жобаның тарихы 2015 жылы The Ritz-Carlton Moscow қонақүйінде өткен «Анар қашан гүлдейді?» атты топтамадан бастау алады. Сол кезде он бес картинадан тұратын топтама алғаш рет біртұтас көркемдік тұжырым ретінде көпшілік назарына ұсынылды. Өткен он жыл ішінде жоба талай рет түрлі кеңістіктерде таныстырылып, картиналар әлемнің түкпір-түкпірін аралады. Экспозиция үнемі жаңа туындылармен, тың бояулармен, жаңа сюжеттермен және терең философиялық ой-толғамдармен толықтырылып отырды. 🔺Әрбір жаңа көрме өзінің негізгі идеялық өзегін сақтай отырып, көрерменмен сұхбат құрудың өзгеше формасына ие болды. Уақыт өте келе жоба дәстүрлі көрме шеңберінен шығып, кескіндеме, кеңістік пен көрермен біртұтас көркем әрекетке айналатын «көрме-қойылым» сипатына ие болды. Осылайша анар ағаштарының бейнесі біртіндеп «Анар бағына» айналды. 🔺Сондықтан көрменің Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтуі ерекше мәнге ие. Алматыдағы бұл көрме суретшінің осы қаламен байланысқан көпжылдық жеке әрі шығармашылық тарихының заңды жалғасы болып табылады. 🔺Көрмені ұйымдастырушылар барша өнерсүйер қауымды «Анар бағы» көрмесіне келіп, кескіндеме естелікке, ал естелік уақытпен үндескен жанды сұхбатқа айналатын ерекше көркем кеңістіктің бір бөлшегі болуға шақырады. 📌Көрме кураторлары - Екатерина Дильбази, Емангалиева К.А ⚜️2026 жылдың 1 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алтынбек Құмаровтың «Уақыт бедері» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

🔸Көрмеде автордың 40-тан астам туындысы ұсынылды. Экспозицияға кескіндемелік, мүсіндік шығармалар, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі қару-жарақ үлгілері, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар мен ат әбзелдері енді. Бұл Қазақстанның бейнелеу өнерінде сирек кездесетін, бірнеше шығармашылық бағытты қатар меңгерген бесаспап шебердің көпқырлы өнерін танытқан көрме болды.

🔹«Уақыт бедері» көрмесі суретшінің шығармашылық әлемін жан-жақты танытып, оның түрлі әдіс-тәсілдегі туындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Алтынбек Құмаровтың ерекше ден қойып, ыждағатпен айналысқан қолөнер саласының бірі – сирек кездесетін ұлттық музыкалық аспаптар болды. Шебер қазақ мәдениетінде сирек сақталған көне үлгідегі қосарлы аспаптарды қайта жаңғыртып, олардың жаңа тыныс алуына ықпал етті. 

🔺Көшпелі өмір кеңістігінде, жалпы қазақ қоғамында шеберлердің орны айрықша болған. Ағашты, металды, теріні және өзге де қолөнер түрлерін бірдей меңгерген әмбебап шеберлер аса жоғары бағаланған. Киіз үйдің құрылымынан бастап жылқы тағасына дейін өз қолымен жасайтын адам еркін ойлы, дербес тұлға саналған. «Қазақ» атауының түп-төркіні де осындай еркіндік ұғымымен астасып жатқаны айтылды. Ғасырлар бойы екшеліп, кемелденген жасалу дәстүрін игеру, оны өз талғамымен әрлеп, көркем біртұтастыққа айналдырып ұсыну – шынайы шеберліктің көрінісі екені көрме барысында айқын аңғарылды. Алтынбек Мұқамедрахимұлы дәстүрлі өнердің сабақтастығын жалғап тұрған алтын көпір іспетті тұлға ретінде танылып, оның шығармашылық мол мұрасы уақыт бедерінде өшпес із қалдырған асыл қазынаға айналды.

📌Көрме жетекшісі – Ақжігіт Нүсіп ⚜️2026 жылдың 1 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алтынбек Құмаровтың «Уақыт бедері» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 🔸Көрмеде автордың 40-тан астам туындысы ұсынылды. Экспозицияға кескіндемелік, мүсіндік шығармалар, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі қару-жарақ үлгілері, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар мен ат әбзелдері енді. Бұл Қазақстанның бейнелеу өнерінде сирек кездесетін, бірнеше шығармашылық бағытты қатар меңгерген бесаспап шебердің көпқырлы өнерін танытқан көрме болды. 🔹«Уақыт бедері» көрмесі суретшінің шығармашылық әлемін жан-жақты танытып, оның түрлі әдіс-тәсілдегі туындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Алтынбек Құмаровтың ерекше ден қойып, ыждағатпен айналысқан қолөнер саласының бірі – сирек кездесетін ұлттық музыкалық аспаптар болды. Шебер қазақ мәдениетінде сирек сақталған көне үлгідегі қосарлы аспаптарды қайта жаңғыртып, олардың жаңа тыныс алуына ықпал етті. 🔺Көшпелі өмір кеңістігінде, жалпы қазақ қоғамында шеберлердің орны айрықша болған. Ағашты, металды, теріні және өзге де қолөнер түрлерін бірдей меңгерген әмбебап шеберлер аса жоғары бағаланған. Киіз үйдің құрылымынан бастап жылқы тағасына дейін өз қолымен жасайтын адам еркін ойлы, дербес тұлға саналған. «Қазақ» атауының түп-төркіні де осындай еркіндік ұғымымен астасып жатқаны айтылды. Ғасырлар бойы екшеліп, кемелденген жасалу дәстүрін игеру, оны өз талғамымен әрлеп, көркем біртұтастыққа айналдырып ұсыну – шынайы шеберліктің көрінісі екені көрме барысында айқын аңғарылды. Алтынбек Мұқамедрахимұлы дәстүрлі өнердің сабақтастығын жалғап тұрған алтын көпір іспетті тұлға ретінде танылып, оның шығармашылық мол мұрасы уақыт бедерінде өшпес із қалдырған асыл қазынаға айналды. 📌Көрме жетекшісі – Ақжігіт Нүсіп «История одного шедевра» продолжает знакомить вас с выдающимися произведениями из собрания Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева.

Героиней второго выпуска стала легендарная Шара Жиенкулова, запечатлённая в картине Гульфайрус Исмаиловой «Казахский вальс». Это не просто портрет выдающейся артистки, а яркий художественный образ, в котором оживают красота казахского танца, национальный колорит и дух целой эпохи.

 #ИсторияОдногоШедевра «История одного шедевра» продолжает знакомить вас с выдающимися произведениями из собрания Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева. Героиней второго выпуска стала легендарная Шара Жиенкулова, запечатлённая в картине Гульфайрус Исмаиловой «Казахский вальс». Это не просто портрет выдающейся артистки, а яркий художественный образ, в котором оживают красота казахского танца, национальный колорит и дух целой эпохи. #ИсторияОдногоШедевра
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ