Оқиғалар

Әсем Әлем өнер Академиясы аясындағы - «Әлем музейлері» Авторлық дәрістері

Әсем Әлем өнер Академиясы аясындағы - «Әлем музейлері» Авторлық дәрістері

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіндегі еліміздің жетекші өнертанушылары білімге құштар тыңдармандарды әлемнің бейнелеу  өнері музейлеріне визуалды саяхат жасауға шақырады.

Бейнелеу өнерінің құнды жәдігерлері сақталған әлемдік музейлердің тарихы мен тынысы таусылмас білім көзі. «Әлем музейлері» бағдарламасында дәріскерлер таныстырылатын орталықтардың тарихы, негізгі экспозициялар, атақты жауһарлары мен өзіндік ерекшеліктеріне кеңінен тоқталады.

Баршаңызды «Әлем музейлері» эстетикалық-білім беру бағдарламасының курсынан өтуге шақырамыз!

Дәрістер өткізіледі:

Әр сенбі сайын сағат 14.00-ден 15.30-ға дейін

Ұзақтығы 1,5 сағат  

 

Бір жолғы қатысу құны – 1500 тг

Студенттер, зейнеткерлер мен оқушылар үшін бір жолғы қатысу құны – 500 тг