Оқиғалар

«Қазақстанның бейнелеу өнерінің – өткені, бүгіні, болашағы» атты семинарға шақырамыз.

2023 жылы 20 желтоқсанда сағат 14:30-да Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстанның бейнелеу өнерінің – өткені, бүгіні, болашағы» атты семинарға шақырамыз.

 

Іс-шара бағдарламасында республиканың бейнелеу өнерінің ширек ғасырлық өткен тарихы сараланып, талқыланады және қазіргі жағдайдына талдау жүргізіледі, өткен жолға ой жүгіртіп, болашақтың даму векторлары белгіленеді. Режиссер, Кинематографистер одағының мүшесі Мұрат Мусиннің 1998-2003 жылдар аралығында түсірілген «Галереялар шеруі», «Коллекция өнері», «Улановаға арнау» фильмдері көрсетіледі. Бұл бейнежұмыстар көрермендерді шығармашылық атмосфераға малып, осы кезеңде пайда болған бейнелеу мәнерінің жаңа формаларының бағыттарымен таныстырады.

Сіздерді ынтагерлер дәуіріне сүңгіп, республиканың бейнелеу өнерінің өткені, бүгіні және болашағы туралы ой бөлісуге шақырамыз. Арамызда жоқ, бірақ Қазақстанның өнер тарихында өзінің қайталанбас ізін қалдырған заманымыздың қаһармандарын бірге еске аламыз.

 

Дөңгелек үстел кураторы: Кумарбаева Акжаркын - Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің ғылыми қызметкері

WhatsApp-Image-2023-12-19-at-101945