Оқиғалар

Клара мен Дана Исабаевалардың жеке коллекциясынан «Тәуелсіздік бейнелері» атты көрмесі

2023 жылдың 15 маусымында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Клара мен Дана Исабаевалардың жеке коллекциясынан «Тәуелсіздік бейнелері» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

15:00-де БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-туры өтеді.

 

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен «Экзотика» (Астана) арт-галереясы Клара мен Дана Исабаевалардың жеке коллекциясынан алынған «Тәуелсіздік бейнелері» көрмесін ұсынады. Коллекция ХХ ғасырдың 90-жылдары және екі мыңыншы жылдардың басында қалыптасты. Бұл тәуелсіз Қазақ мемлекеті мен Тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасу және құрылу кезеңі.

Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері, Кеңестік Қазақстан өнері, социалистік реализм, орыс және еуропалық реалистік дәстүрлер, заманауи өнер – контемпорари арт тәуелсіз Қазақстан өнерінің негізі мен алғышарты болды. Бірақ Тәуелсіз Қазақстан өнерінің ең жарқын ерекшеліктерінің бірі суретшілердің өзінің өткен тарихына, еліміздің ежелгі және жуырда өткен тарихына, мыңжылдықтардың тереңіне және ХХ ғасырдың драмалық оқиғаларына деген зор қызығушылығымен көрініс тапқан ұлттық сана-сезімнің оянуы болды. Тоқсаныншы жылдардың аяғы мен екі мыңыншы жылдардың басында қазақстандық музейлерінде өнер туындыларын сатып алуға бөлінетін мемлекеттік қаржыландыру қысқарды, сондықтан бұл кезең көптеген өнертанушылардың мойындауы бойынша музейлерде өнер туындылары өте аз ұсынылған.

Көрмеге қазіргі заманғы қазақстандық және шетелдік суретшілер – Аркадий Горбатов, Нелли Бубэ, Бейсебек Ақанаев, Гүлжамал Тағенова, ГаБо апалы-сіңлілері, Андрей Назаренко, Александр Ермоленко және т.б. бейнелеген еліміздің байырғы бай тарихи мен ғасырлар бойғы дәстүрлерін, ұлы керуен жолдарының жаңғырығын, заман байланысын, туған жерімізді және оның табиғатын жырлайтын, сыртқы әлемнің шекараларын паш ететін және оның ең қолжетпес сұлулығына таңдану мүмкіндігі сыйлайтын 40-тан астам туындылар қойылған. Шетелдік суретшілердің қатарында қырғыздың көрнекті суретшісі Жырғал Матураиымов, Сан-Францискодан келген суретші Карлос Кузма және гаитидің наив стилінде жұмыс істейтін Доминикан Республикасының суретшілері бар. Бұл кескіндеме және графикалық жұмыстар, сондай-ақ аралас рельефтік техникада орындалған картиналар.

Клара Исабаева бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерге 50 жылдан астам уақыт бойы әуестеніп, алдымен маркалар, содан кейін кітаптар, содан кейін төлтума өнер туындыларын жинады. Бай коллекциялары бар әлемдегі ең үздік музейлерге барған Клара коллекция құру үшін бірегей әрі ерекше Қазақстан мен Орталық Азия өнерін таңдады.

Аркадий Горбатовтың «Отырар керамикасы» атты тарихи шығыс натюрморты бізді Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық ең бай қаланың тұрмысын бейнелейді. Суретшінің өзі көптеген археологиялық экспедициялар мен қазбаларға жеке қатысқан, бейнеленген қыш бұйымдардың барлығы қазіргі уақытта Астанадағы Ұлттық музейдің Орта ғасырлар бөлімінде көрмеге қойылған нағыз Отырар тарихи құмыралары мен тостағандары.

Бұрынғы заманға сай стильде салынған Нелли Бубенің «Даланың еркелері» атты топтық портреті киіз үйдің ішіндегі жастық шақтың бейқамдылық және қуаныш сезімін бейнелейді. Суретші қазақ қызының алуан түсті әлемін көптеген көмекші ұлттық элементтер арқылы – әйелдердің әшекей бұйымдарымен және ру таңбаларымен, ыдыс-аяқпен: қазан, саптаяқ, үккіш, қоржынмен, сандықпен, көрпелермен және дастарханмен безендірі отырып шебер жеткізді.

Бейсебек Ақанаевтың «Петроглифтер әуені» (2001) атты шығармасы және «Қымыз құятын ыдыстардың жиынтығы» (2004) атты натюрморты біздің тарихымыздың маңызды кезеңдерін бейнелейді – жартастарда өзінің тамаша суреттерін қалдырған алғашқы қазақстандық суретші өмір сүріп, туындыларды жаратқан. Осы жартастағы суреттерден біздің кескіндемеміз, өнеріміз бастау алады. Бейсебек ежелгі петроглифтерді бейнелеу арқылы біздің жеріміз байырғы замандардан бері дарында тұлғаларға бай екенін көрсете білді. Суреттің ортасында аты аңызға айналған музыкалық аспап – қобыз тұр. Оны жасаушы – бірнеше түркі халықтарының – қазақтардың, түрікмендердің, әзірбайжандардың, түріктердің бабасы, Сыр-Дарья даласынан шыққан X ғасырдың музыканты және сазгері Қорқыт ата. Ішектері жылқы жалынан жасалған аспаптың ерекше дыбысы бар, аңыз бойынша ол Қорқыт атаға келген өлімді де қорқытқан. Дала болмысының ең айқын көрінісі, қобыз көптеген қасиетті мағыналарға ие – бұл көшпендінің жан дүниесінің және қазақ музыкасының символы, виолончель мен скрипканың түп атасы, ата-бабаларымыздың өсиеті және біздің мәдениетіміздің ежелгі дәуірінің дәлелі.  Бұл ғажап жұмысқа қарап, біз ғасырлар бойы бізге жеткен ата-бабаларымыздың әуендері мен олардың ғибрат сөздерін естігендей боламыз.

Ақанаевтың «Қымыз құятын ыдыстардың жиынтығы» атты натюрморты қазақтың ең жарқын және маңызды өте ежелгі және бізге тәуелсіздікпен оралған Наурыз мерекесін бейнелейді. Суреттің қаныққан жасыл түсі – бұл түрлі-түсті дақтармен көмкерілген гүлденіп, оянған даланың, көктемнің түсі. Жұмыс табиғат пен өмірдің жаңаруын білдіреді.

Клараның қызы Дана Исабаева да коллекциялауға қызығушылық танытты, бірақ оның көңілі әлемнің сұлулығын қалайды – оны Гүлжамал Тагенованың еуропалық пейзаждары – Венеция көріністері, Чех сарайлары, Венаның ерекше үйлері қызықтырады. Сан-Францискода, АҚШ-та оған суретші Карлос Кузьманың қаланың аңызға айналған көрікті жерлерін бейнелеген акварельдері үлкен әсер қалдырды, ол Нью-Йорктен және Майамиден графика суреттерін әкелді. Қазақстандық суретшілердің арасында оған көрмеге қойылған апалы-сіңлі ГаБоның кескіндеме және графикалық жұмыстары қатты әсер қалдырды.

«Өнер адамның ішкі әлемімен байланыстыра отырып, өмірді өзгертетін және эмоционалды әл-ауқатқа ықпал ететін күшке ие», - деп атап өтті Дана Исабаева. Коллекция Қазақстан мен Орталық Азияға деген үлкен сүйіспеншілікке толы.

Экспозицияны шілде айының 10-на дейін тамашалай аласыздар.

 

Көрме жетекшісі – Акбота Алимхожина, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ баспасөз хатшысы.

-------2014
--------2014
---4-2012
----2010
-------
--------
--------

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
«История одного шедевра» продолжает знакомить вас с выдающимися произведениями из собрания Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева.

Героиней второго выпуска стала легендарная Шара Жиенкулова, запечатлённая в картине Гульфайрус Исмаиловой «Казахский вальс». Это не просто портрет выдающейся артистки, а яркий художественный образ, в котором оживают красота казахского танца, национальный колорит и дух целой эпохи.

 #ИсторияОдногоШедевра «История одного шедевра» продолжает знакомить вас с выдающимися произведениями из собрания Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева. Героиней второго выпуска стала легендарная Шара Жиенкулова, запечатлённая в картине Гульфайрус Исмаиловой «Казахский вальс». Это не просто портрет выдающейся артистки, а яркий художественный образ, в котором оживают красота казахского танца, национальный колорит и дух целой эпохи. #ИсторияОдногоШедевра ⚜️2026 жылғы 22-26 маусым аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен «Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту» атты халықаралық семинар өтті.

🔹Бес күнге созылған халықаралық семинар музей ісіндегі заманауи үрдістерді, мәдени мұраны цифрландыру мен басқарудың озық тәжірибелерін талқылауға арналды. Семинар барысында Түркияның музей саласындағы жетекші мамандары музей қорларын цифрландыру, коллекцияларды басқарудың ұлттық жүйелері, виртуалды музейлер, экспозиция және уақытша көрмелерді жобалау, музейдегі әлеуметтік желілер мен мәдени коммуникация, келушілер тәжірибесін жетілдіру, музейлік білім беру бағдарламалары, сондай-ақ халықаралық музей ынтымақтастығын дамыту бағыттары бойынша дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар өткізді.

🔸Бағдарлама аясында қатысушылар музей ісіндегі цифрлық технологияларды енгізу, музей қорларын сақтау мен есепке алу, көрме кеңістігін ұйымдастыру, келушілермен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдері және мәдени мұраны кеңінен қолжетімді етудің тиімді жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар семинар практикалық тапсырмалар, пікірталастар және тәжірибе алмасу форматында өтті.

🔺Халықаралық семинарға Қазақстанның барлық өңірлерінен 90-нан астам музей мамандары қатысты. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің атынан «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің Кескіндеме және театр-декорация өнері секторының жетекшісі Мамытова Самал Мұхтарқызы қатысып, музей ісін цифрландырудың халықаралық тәжірибесімен танысып, кәсіби тәжірибе алмасты. ⚜️2026 жылғы 22-26 маусым аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен «Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту» атты халықаралық семинар өтті. 🔹Бес күнге созылған халықаралық семинар музей ісіндегі заманауи үрдістерді, мәдени мұраны цифрландыру мен басқарудың озық тәжірибелерін талқылауға арналды. Семинар барысында Түркияның музей саласындағы жетекші мамандары музей қорларын цифрландыру, коллекцияларды басқарудың ұлттық жүйелері, виртуалды музейлер, экспозиция және уақытша көрмелерді жобалау, музейдегі әлеуметтік желілер мен мәдени коммуникация, келушілер тәжірибесін жетілдіру, музейлік білім беру бағдарламалары, сондай-ақ халықаралық музей ынтымақтастығын дамыту бағыттары бойынша дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар өткізді. 🔸Бағдарлама аясында қатысушылар музей ісіндегі цифрлық технологияларды енгізу, музей қорларын сақтау мен есепке алу, көрме кеңістігін ұйымдастыру, келушілермен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдері және мәдени мұраны кеңінен қолжетімді етудің тиімді жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар семинар практикалық тапсырмалар, пікірталастар және тәжірибе алмасу форматында өтті. 🔺Халықаралық семинарға Қазақстанның барлық өңірлерінен 90-нан астам музей мамандары қатысты. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің атынан «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің Кескіндеме және театр-декорация өнері секторының жетекшісі Мамытова Самал Мұхтарқызы қатысып, музей ісін цифрландырудың халықаралық тәжірибесімен танысып, кәсіби тәжірибе алмасты. ⚜️2026 жылдың 28 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Негізін қалаушылар музейі» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

🔹Көрмеде 80-нен астам туынды ұсынылды. Олардың қатарында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойған қайраткерлердің портреттері мен Америка мемлекетінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларға қатысты материалдар қойылды. Әрбір туындыға биографиялық карточкада орналастырылған QR-код арқылы қолжетімді интерактивті бейнематериал қоса берілді. Көрменің интерактивті мүмкіндіктері келушілерге тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жаңа қырынан танып, өткен дәуірдің тынысын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Көрменің ашылу салтанатында Аризона штаты Ұлттық гвардиясы оркестрі өнер көрсетіп, аспаптық музыкадан арнайы бағдарлама ұсынды.

🔹Жоба екі маңызды мерейтой аясында – Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 250 жылдығына және Қазақстан Республикасы мен Америка Қрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бұл оқиғалар Америка мемлекетінің бай тарихи мұрасын ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы мәдениет, білім, ғылым және қоғамдық дипломатия салаларындағы сындарлы ынтымақтастықтың көпжылдық дамуын да көрсетті.

🔹Көрме қазақстандық көрермендерді әлем тарихындағы маңызды кезеңдердің бірімен таныстырып қана қоймай, музейлердің қоғамдық диалогты дамытудағы, тарихи сананы қалыптастырудағы және мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін айқындай түсті. АҚШ-тың құрылу тарихы арқылы жоба азаматтық жауапкершілік, мемлекет құру ісі, еркіндік, адам құқықтары және тарихи үдерістегі жеке тұлғаның орны сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды назарға ұсынды.

📍Көрме 2026 жылдың 9 шілдесіне дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–18:00.
Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
Кураторлар: Айдарова М.С., Нұрпеис Д.К. – Шетел өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері. ⚜️2026 жылдың 28 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Негізін қалаушылар музейі» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 🔹Көрмеде 80-нен астам туынды ұсынылды. Олардың қатарында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойған қайраткерлердің портреттері мен Америка мемлекетінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларға қатысты материалдар қойылды. Әрбір туындыға биографиялық карточкада орналастырылған QR-код арқылы қолжетімді интерактивті бейнематериал қоса берілді. Көрменің интерактивті мүмкіндіктері келушілерге тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жаңа қырынан танып, өткен дәуірдің тынысын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Көрменің ашылу салтанатында Аризона штаты Ұлттық гвардиясы оркестрі өнер көрсетіп, аспаптық музыкадан арнайы бағдарлама ұсынды. 🔹Жоба екі маңызды мерейтой аясында – Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 250 жылдығына және Қазақстан Республикасы мен Америка Қрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бұл оқиғалар Америка мемлекетінің бай тарихи мұрасын ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы мәдениет, білім, ғылым және қоғамдық дипломатия салаларындағы сындарлы ынтымақтастықтың көпжылдық дамуын да көрсетті. 🔹Көрме қазақстандық көрермендерді әлем тарихындағы маңызды кезеңдердің бірімен таныстырып қана қоймай, музейлердің қоғамдық диалогты дамытудағы, тарихи сананы қалыптастырудағы және мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін айқындай түсті. АҚШ-тың құрылу тарихы арқылы жоба азаматтық жауапкершілік, мемлекет құру ісі, еркіндік, адам құқықтары және тарихи үдерістегі жеке тұлғаның орны сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды назарға ұсынды. 📍Көрме 2026 жылдың 9 шілдесіне дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–18:00. Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні. Кураторлар: Айдарова М.С., Нұрпеис Д.К. – Шетел өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері. ⚜️2026 жылдың 28 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтті.

🔹Іс-шара барысында өнертанушылар, суретшілер, мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік ізденістерін және қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі орнын талқылады. 

🔸Сонымен қатар көрменің негізгі бөлігін құрайтын тарихи тұлғалар портреттерінің көркемдік ерекшеліктері, олардың образдық шешімі мен мазмұндық мәні сөз болды. Сондай-ақ суретшінің ұлттық тарих пен елдік құндылықтарды көркем бейнелеудегі шығармашылық ұстанымы мен өнердегі орны жан-жақты қарастырылды.

⚜️28 июня 2026 года в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоялся круглый стол, организованный в рамках персональной выставки художника, члена Союза художников Казахстана Омархана Кумара «ҰЛЫ РУХ».

🔸В ходе мероприятия искусствоведы, художники, специалисты в сфере культуры и представители интеллигенции обсудили творческий путь автора, его художественные поиски и вклад в развитие современного казахстанского изобразительного искусства. Особое внимание было уделено художественным особенностям портретов исторических личностей, составляющих основную часть экспозиции, их образному решению и смысловому содержанию.

🔹Также участники рассмотрели творческий подход художника к осмыслению национальной истории и общенациональных ценностей средствами изобразительного искусства, а также отметили его место и роль в современном художественном процессе. ⚜️2026 жылдың 28 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтті. 🔹Іс-шара барысында өнертанушылар, суретшілер, мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік ізденістерін және қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі орнын талқылады. 🔸Сонымен қатар көрменің негізгі бөлігін құрайтын тарихи тұлғалар портреттерінің көркемдік ерекшеліктері, олардың образдық шешімі мен мазмұндық мәні сөз болды. Сондай-ақ суретшінің ұлттық тарих пен елдік құндылықтарды көркем бейнелеудегі шығармашылық ұстанымы мен өнердегі орны жан-жақты қарастырылды. ⚜️28 июня 2026 года в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоялся круглый стол, организованный в рамках персональной выставки художника, члена Союза художников Казахстана Омархана Кумара «ҰЛЫ РУХ». 🔸В ходе мероприятия искусствоведы, художники, специалисты в сфере культуры и представители интеллигенции обсудили творческий путь автора, его художественные поиски и вклад в развитие современного казахстанского изобразительного искусства. Особое внимание было уделено художественным особенностям портретов исторических личностей, составляющих основную часть экспозиции, их образному решению и смысловому содержанию. 🔹Также участники рассмотрели творческий подход художника к осмыслению национальной истории и общенациональных ценностей средствами изобразительного искусства, а также отметили его место и роль в современном художественном процессе. ⚜️2026 жылдың 26 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрменің қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті.

🔸Іс-шара аясында Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың шығармашылық мұрасы кеңінен талқыланды. Қатысушылар суретшілердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесін саралап, олардың туындыларын кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі заман тұрғысынан пайымдау аясында қарастырды. Сонымен қатар бұл көркем мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалына ерекше назар аударылды.

🔹«Естеліктер мекені» атауы өткенді еске алумен ғана  шектелмей, тарихи жады мен рухани құндылықтардың сабақтастығын айшықтайтын маңызды ұғым ретінде көрініс тапты. Басқосу барысында өнер туындыларының ұлттық мәдениетті сақтау мен дәріптеудегі, жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы және көркем өнердің үздік дәстүрлерін жалғастырудағы маңызы ерекше атап өтілді.

🔺Қорытындылай келе, дөңгелек үстел өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты, кескіндеме мен мүсін өнерін өзара сабақтастырған мазмұнды мәдени сұхбат алаңына айналды. ⚜️2026 жылдың 26 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрменің қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті. 🔸Іс-шара аясында Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың шығармашылық мұрасы кеңінен талқыланды. Қатысушылар суретшілердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесін саралап, олардың туындыларын кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі заман тұрғысынан пайымдау аясында қарастырды. Сонымен қатар бұл көркем мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалына ерекше назар аударылды. 🔹«Естеліктер мекені» атауы өткенді еске алумен ғана шектелмей, тарихи жады мен рухани құндылықтардың сабақтастығын айшықтайтын маңызды ұғым ретінде көрініс тапты. Басқосу барысында өнер туындыларының ұлттық мәдениетті сақтау мен дәріптеудегі, жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы және көркем өнердің үздік дәстүрлерін жалғастырудағы маңызы ерекше атап өтілді. 🔺Қорытындылай келе, дөңгелек үстел өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты, кескіндеме мен мүсін өнерін өзара сабақтастырған мазмұнды мәдени сұхбат алаңына айналды. 🎨 «Қылқалам сыры» музей айдарының кезекті қонағы – кәсіби суретші Құмар Омархан.
Бұл сұхбатта суретші Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде ұсынылып  жатқан «Ұлы рух» атты көрмесі туралы, шығармашылық жолы, өнерге келуі және өмірбаяны жайында сыр бөлісті.
Сұхбаттан қылқалам иесінің шығармашылық ұстанымы, өнерге деген көзқарасы мен жаңа көрменің идеялық мазмұны туралы қызықты мәліметтерді біле аласыз. 🎨 «Қылқалам сыры» музей айдарының кезекті қонағы – кәсіби суретші Құмар Омархан. Бұл сұхбатта суретші Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде ұсынылып жатқан «Ұлы рух» атты көрмесі туралы, шығармашылық жолы, өнерге келуі және өмірбаяны жайында сыр бөлісті. Сұхбаттан қылқалам иесінің шығармашылық ұстанымы, өнерге деген көзқарасы мен жаңа көрменің идеялық мазмұны туралы қызықты мәліметтерді біле аласыз.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ