Оқиғалар

Тұрбай Мұратбектің SÚR-AQ атты жеке көрмесі

2022 жылдың 26 қазан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Тұрбай Мұратбектің SÚR-AQ атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

ТҰРБАЙ Мұратбек 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2006 жылы О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін, 2011 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын тәмамдады. 2012-2016 жылдар Түркияның Анкара қаласында Гази университетінде тағылымдамадан өтті. 2021 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің «станокты кескіндеме» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді. 2009 жылдан республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушы. 2012 жылдан бері О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде ұстаздық қызмет атқарып келеді. Бірнеше оқу құралдарының авторы.

SÚR-AQ – бұл Тұрбай Мұратбектің алғашқы жеке көрмесі. Экспозицияға суретшінің отызға жуық кестелері қойылған. Олар түрлі әдіс-тәсілдерде, бірқатары аралас техникада болса, ал басым бөлігі Мұратбектің инемен кескіндеме жазудың өзі ойлап тапқан жаңаша авторлық тәсілінде орындалған. Кестеленген туындылар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің ерекшеліктерін біріктіре отырып, суретшінің нәзік көркемдік талғамы мен жоғары шеберлігін паш етеді. Автор кесте өнеріне деген қызығушылығының пайда болуы жайлы былай дейді: менің туған әпкем Айжан өнеріме көп әсер етті. Ол тоқыма бөлімін тәмамдаған, Раушан Базарбаеваның шәкірті. Оның шығармашылығын көріп өстім, жіптерді алуан түстерге бояп және оларды орап көп көмектестім. Одан батик жасауды үйрендім. Негізі мен шығармашылық жолын сәндік өнер мен графикадан бастаған едім, бірақ кескіндеме маған әрқашан қызық болғандықтан магистратураға кескіндеме бөліміне түстім. Сол себепті де бүгінгі шығармашылық жұмыстарым кесте мен кескіндеменің бірігуінен туындаған.

Кесте – кескіндемеге жақын өнердің ерекше түрі. Бүгінде ежелгі өркениеттерге белгілі болған кесте тігу жаңа сипатта дами түсіп, салттық-мистикалық емес, эстетикалық функцияны орындайды. Мұратбек кесте тігуді тек қолөнер деп атауға жеткіліксіз, бұл адамзатты түрлендіретін, қуаныш пен шаттық сыйлайтын сиқыр деп санайды. Әрбір кестеленген туынды интерьерге сән беру үшін ғана емес, оның қандай да бір шағын оқиға немесе суретші өмірінің көрінісі болып табылады. Осы орайда автор өзінің рухани әлеміне тән, гармония мен жылулыққа толы отбасы, балалар, табиғат әлемі («Кие», «Ұя», «Самғау», «Киелі ағаш») және күнделікті тыныш өмір («Кір», «Бақташы бала») сюжеттеріне құралған күрделі композицияларды жасайды. «Балмұздақ», «Бастау», «Жаңалық», «Шөбере» және «Таң» туындылары жұмысты орындаудағы дәлдігімен және зергерлік ұқыптылығымен таң қалдырады, тіпті қаншалықты жақын қарасаң да, тігіс іздерін байқай алмайсың. Бейне бір түрлі-түсті жіптермен емес, бояулармен салынған секілді әсер қалдырады.

Көрменің атауы бірнеше мағынаны береді: «SÚR-AQ»  – яғни, сұр және ақ түстердің қосындысы, шартты түрде біздің сұр өмірімізге ақ бояуды қосу болса, екінші жағынан сұрақ-вопрос-question өмірдің өзі жауабы жоқ, құпиясы шешілмейтін сұрақтарға толы.

Көрме 2022 жылдың 24 қарашасына дейін жалғасады.

Көрме кураторы – Мамытова Самал

6-
85-
-
95-
5-

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 16 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылды. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады.

🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді.

🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді.

▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші.

📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–19:00
Демалыс күні: дүйсенбі
📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️2026 жылдың 16 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылды. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады. 🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді. 🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді. ▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші. 📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–19:00 Демалыс күні: дүйсенбі 📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі өтуде. 

🔹Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді.

✨ Сіздерді өнер туындыларымен жүздесіп, әр картинаның астарындағы сезім мен ойды бірге сезінуге, суретшілердің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге шақырамыз!

📍Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00.
Демалыс күні: дүйсенбі

⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит Республиканская выставка «Жанасу II - Соприкосновение II». 

🔹В экспозиции соседствуют камерные натюрморты, городские и степные пейзажи, метафорические сюжетные композиции. Эти работы отражают не просто техническую свободу, а личные поиски художников, их способность уловить сложные и ускользающие состояния окружающего мира.

✨ Приглашаем вас встретиться с искусством, почувствовать эмоции и смыслы, скрытые в каждой работе, и погрузиться в особую атмосферу!

📍Выставка продлится до 25 июня 2026 года
Время работы: 10.00 – 19.00. Выходной: понедельник ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі өтуде. 🔹Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді. ✨ Сіздерді өнер туындыларымен жүздесіп, әр картинаның астарындағы сезім мен ойды бірге сезінуге, суретшілердің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге шақырамыз! 📍Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00. Демалыс күні: дүйсенбі ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит Республиканская выставка «Жанасу II - Соприкосновение II». 🔹В экспозиции соседствуют камерные натюрморты, городские и степные пейзажи, метафорические сюжетные композиции. Эти работы отражают не просто техническую свободу, а личные поиски художников, их способность уловить сложные и ускользающие состояния окружающего мира. ✨ Приглашаем вас встретиться с искусством, почувствовать эмоции и смыслы, скрытые в каждой работе, и погрузиться в особую атмосферу! 📍Выставка продлится до 25 июня 2026 года Время работы: 10.00 – 19.00. Выходной: понедельник ⚜️2026 жылдың 12 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
 
🔸Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған.

🔹Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған.

Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтті.
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.
 Куратор – А.Р. Ақылбекова
Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі ⚜️2026 жылдың 12 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. 🔸Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған. 🔹Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған. Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтті. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. Куратор – А.Р. Ақылбекова Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі Instagram жарияланымы ⚜️2026 жылдың 11 маусым күні сағат Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы мен каталогының тұсаукесер рәсімі өтті.

🔹Көрмеде автордың 2000 жылдардан бері орындалған жетпіске жуық таңдаулы кескіндемелік туындылары ұсынылды. Экспозиция суретшінің шығармашылық ізденістерінің ауқымын, жанрлық және тақырып аясының мол қорын жан-жақты таныстырады.

🔹Экспозицияның негізгі бөлігін қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың портреттік галереясы құрайды. Абай Құнанбайұлы (2020), Шәкәрім Құдайбердіұлы (2020), Әлихан Бөкейхан (2021), Бауыржан Момышұлы (2021), Мұхтар Әуезов (2022), Ахмет Байтұрсынұлы (2024) және басқа да ұлт қайраткерлерінің бейнелері арқылы автор олардың ішкі болмысын, азаматтық ұстанымын және халық тағдырындағы орнын ашуға ұмтылады. 

«ҰЛЫ РУХ» көрмесі – суретші Омархан Құмардың 25 жылға жуық шығармашылық жолын қорытындылайтын алғашқы жеке көрмесі. Көрме атауының өзі экспозицияда ұсынылған туындылардың негізгі мазмұны мен идеялық өзегін айқындайды. Ұлт тарихы, елдік рух, ұлы тұлғалар, батырлық дәстүр мен туған жер табиғаты суретшінің шығармаларында көркемдік шешім тауып, қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи жадын бейнелейтін өзіндікобраздар жүйесін құрайды. Бұл көрме автордың ширек ғасырға жуық уақыттағы шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігінің нәтижесін танытатын маңызды мәдени оқиға болып табылады.
 
📌Көрме кураторы: Самал Мамытова ⚜️2026 жылдың 11 маусым күні сағат Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы мен каталогының тұсаукесер рәсімі өтті. 🔹Көрмеде автордың 2000 жылдардан бері орындалған жетпіске жуық таңдаулы кескіндемелік туындылары ұсынылды. Экспозиция суретшінің шығармашылық ізденістерінің ауқымын, жанрлық және тақырып аясының мол қорын жан-жақты таныстырады. 🔹Экспозицияның негізгі бөлігін қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың портреттік галереясы құрайды. Абай Құнанбайұлы (2020), Шәкәрім Құдайбердіұлы (2020), Әлихан Бөкейхан (2021), Бауыржан Момышұлы (2021), Мұхтар Әуезов (2022), Ахмет Байтұрсынұлы (2024) және басқа да ұлт қайраткерлерінің бейнелері арқылы автор олардың ішкі болмысын, азаматтық ұстанымын және халық тағдырындағы орнын ашуға ұмтылады. «ҰЛЫ РУХ» көрмесі – суретші Омархан Құмардың 25 жылға жуық шығармашылық жолын қорытындылайтын алғашқы жеке көрмесі. Көрме атауының өзі экспозицияда ұсынылған туындылардың негізгі мазмұны мен идеялық өзегін айқындайды. Ұлт тарихы, елдік рух, ұлы тұлғалар, батырлық дәстүр мен туған жер табиғаты суретшінің шығармаларында көркемдік шешім тауып, қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи жадын бейнелейтін өзіндікобраздар жүйесін құрайды. Бұл көрме автордың ширек ғасырға жуық уақыттағы шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігінің нәтижесін танытатын маңызды мәдени оқиға болып табылады.   📌Көрме кураторы: Самал Мамытова ⚜️2026 жылдың 10 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Толқынды жырға айналдыру: Цзянсу провинциясының балалар гравюрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті.

▫️Экспозицияда Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясынан келген 4 пен 16 жас аралығындағы жас суретшілердің шамамен 50 гравюралық туындысы ұсынылды. Жұмыстар балалардың шығармашылық әлеуетін, қоршаған әлемді шынайы қабылдауын, сондай-ақ Қытайдың көркемдік дәстүрлері мен мәдени мұрасының ерекшеліктерін айқын көрсетеді.

🔹Жоба Цзянсу провинциясының мәдениет және туризм департаменті тарапынан ұйымдастырылып, Дунхай ауданы халық үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылуда және Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған. Жұмыстардың авторлары – Цзянсу провинциясындағы білім беру мекемелерінің оқушылары. Жоба Қытайдағы балаларға арналған көркемдік білім беру саласындағы жетекші мамандандырылған мекемелердің бірі – Дунхай балалар гравюрасы орталығының қатысуымен дайындалған.

🔸Экспозиция «Ұлы Жібек жолының рухы және Қытай мен Қазақстан достығы» атты ортақ тақырып аясында біріктірілген және төрт тақырыптық бөлімді қамтиды: «Қытай мен Қазақстан достығы», «Ұлы Жібек жолының мәдениеті», «Спорттық оқиғалар» және «Балалар әлемі мен балалық әсерлер». Жас авторлар өнер тілі арқылы өздерін қоршаған әлем туралы баяндап, достық, мәдениет, тарих және болашақ жөніндегі көзқарастарын білдіреді.

🔺Көрме қазақстандық көрерменге Қытайдағы көркемдік білім беру жетістіктерімен танысуға және балалар көзімен әлемді – ашық, шынайы әрі өзара түсіністікке ұмтылған әлемді көруге мүмкіндік береді. Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтып, мәдени диалогтың дамуына ықпал етеді, сондай-ақ өнердің халықаралық қарым-қатынастың және мәдени өзара байытудың әмбебап тілі ретіндегі ерекше маңызын айқындайды.
 
 📍Көрме 2026 жылдың 17 маусымына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10.00-ден 18.00-ге дейін.
Демалыс: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
📌Көрменің кураторлары: Нұрпеис Д.К., Айдарова М.С. – «Шетел өнері» бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері ⚜️2026 жылдың 10 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Толқынды жырға айналдыру: Цзянсу провинциясының балалар гравюрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті. ▫️Экспозицияда Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясынан келген 4 пен 16 жас аралығындағы жас суретшілердің шамамен 50 гравюралық туындысы ұсынылды. Жұмыстар балалардың шығармашылық әлеуетін, қоршаған әлемді шынайы қабылдауын, сондай-ақ Қытайдың көркемдік дәстүрлері мен мәдени мұрасының ерекшеліктерін айқын көрсетеді. 🔹Жоба Цзянсу провинциясының мәдениет және туризм департаменті тарапынан ұйымдастырылып, Дунхай ауданы халық үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылуда және Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған. Жұмыстардың авторлары – Цзянсу провинциясындағы білім беру мекемелерінің оқушылары. Жоба Қытайдағы балаларға арналған көркемдік білім беру саласындағы жетекші мамандандырылған мекемелердің бірі – Дунхай балалар гравюрасы орталығының қатысуымен дайындалған. 🔸Экспозиция «Ұлы Жібек жолының рухы және Қытай мен Қазақстан достығы» атты ортақ тақырып аясында біріктірілген және төрт тақырыптық бөлімді қамтиды: «Қытай мен Қазақстан достығы», «Ұлы Жібек жолының мәдениеті», «Спорттық оқиғалар» және «Балалар әлемі мен балалық әсерлер». Жас авторлар өнер тілі арқылы өздерін қоршаған әлем туралы баяндап, достық, мәдениет, тарих және болашақ жөніндегі көзқарастарын білдіреді. 🔺Көрме қазақстандық көрерменге Қытайдағы көркемдік білім беру жетістіктерімен танысуға және балалар көзімен әлемді – ашық, шынайы әрі өзара түсіністікке ұмтылған әлемді көруге мүмкіндік береді. Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтып, мәдени диалогтың дамуына ықпал етеді, сондай-ақ өнердің халықаралық қарым-қатынастың және мәдени өзара байытудың әмбебап тілі ретіндегі ерекше маңызын айқындайды. 📍Көрме 2026 жылдың 17 маусымына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10.00-ден 18.00-ге дейін. Демалыс: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні. 📌Көрменің кураторлары: Нұрпеис Д.К., Айдарова М.С. – «Шетел өнері» бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ